Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Ұстаздық ілімін көркейтпей, ұстаздық өнер өрге баспайды

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеркер
Лауазымы: зейнеткер-мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 19.12.2018

Ұстаздық ілімін көркейтпей, ұстаздық өнер өрге баспайды

Мектептану ғылымының іргелі бір салсы-ұстаз ілімі. Ол мектептану ғылымына төмен-дегі проблемаларды шешудің ғылыми негізін анықтап береді.
-Білім саласының менеджментіне сай,профессор-оқытушы андрагог,менеджер-педагог, жетік тәрбиешілер мен маман педагогтардқандай болу керектігін оларды іріктепітаңдап алу көрсеткіштерін әр мемлекеттің даму дәрежесіне лайықты түрде көрсетеді;
-Осы жетік мамандарды дайындап,арықарай оларды жетілдіру жолын көрсетумен қатар әлемдегі бұл құбылыстың даму тенденцисын,кез-келген елдің қолы жеткен табысының сырын ашады,тәжірибесін өз отанында іске асыру мүмкіндігін шешеді.
-Осы жетік мамандарды таңдап дайындаудағы өз мемлекетінің даму тарихына талдау жасап,келешегін философиялық-педагогикалық соны идеялармен жебеп отыруы тиіс.
Қазақ елінде ұстаз ілімінің дамыған дәстүрі де бар, жинақталған тәжірибе,қорытылған тұжырым да бар.Оның ішінде,ұстазға деген жалпақ жұртың оңды көзқарасы,оларды құрметтеп сыйлап,қадірлеп аялайтын ата салтымыз бар.Ондай үрдістің қалыптасу себебі тереңде жатыр. Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы- отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,-топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды.Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыларға (қазақ, қырғыз,монгол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі өнеге көрсе-тетін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайтын,өздеріне ғана тән ОҚУ БІЛІМ жүйесі қалыптасқан.Ал,кеңес дәуірінде бұл үрдіс басқа арнаға түссе дағы дамыстың отырықшы ел жүйесіндегі үлгісіне көшті.Оның да бергені бар болды.Ол шақта қазақтың небір ұлағатты ұстаздары,ұстаздық ілімніңе баға жетпес үлкен үлес қосты.Алайда заман өзгерді,дәуір жаңаланды,ұстаздық ілім де жаңа белеске көтерілуі тиісті болды.Мұны ұстаздар қауымы,қоғам болып түсінгендіктен, тәуелсіздік орнап беки бастаған шағынан қолға алып келеді.
«Шындығында, мұғалімдер – барлық мамандық иесін оқытып, тәрбиелейтін абзал жандар.» «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан дейсің. Ұстаз — әрі актер, әрі философ, әрі шәкіртінің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны,жанашыры.» Талантты, алғыр, еңбеккер, ізденгіш ұстаздар көп.Өз ісін жетік білетін мұғалім ұлтымыздың мақтанышы, ондай мақтанарлық мұғалім қазір әрбір мектепте бар, оған қуанып, олардан тәлім алып, өсіп өрбудеміз.Осылардың қалыптасу, даму,жетілу жолын пайымдасақ:А).Ұстаздық мамандықты,жан-тәнімен жасынан таңдаған,бұл таңдауға әсер етуші жақын ортасы:әке –шешесі,аға –бауыры,оқып білім алған мектебі.тәлім-тәрбие берген ұстазы; Ә).Олардың балалық шағында ұстаздыққа
сәл де болса икемі тума бейімді жеке басының даралығы өзіне де өзгеге де сезіліп белгі берген.Сондықтан,мектептегі балалар ұйымының алғашқы басқышында, «ұйымдастыр-ушы, жетекші» ынталы,белсенділігімен танылып көзге түскендер;
Б).Кездейсоқ болса да,не тағдырдың бұйрығымен,педагог кадірлер дайындайтын арнаулы орта және ЖОО-на оқуға түсіп,оны ел қатарлы оқып бітіріп,ұстаздыққа шыңдаудың шыныққан ордасына тап болып,озық ұстаздар қолында аяланып, дарыны ашылып,таланты жетілген озат ұстаздар да бар.
Қазақ қоғамы алға жылжып ілгерілеп дамып келеді, ал сол қоғаммен бірге біздің жас ұрпақтың сана –сезімі, ой-өрісі де қатар қалыспай даму үстінде. Соның негізінде білім беруші ұстаздар, білім беру барысында жетілген сананың алдына түрлі жаңа заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін ұсынып жаңашыл білім беруді жалғастыруда.
Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Ұстаздың өркениеттілігіне, зиялылығына, парасаттылығына, дарынды-лығына байланысты көп мәселелер бар. «Бала жүрегі мың ішекті аспап, күйлеу оңай іс емес, сондықтан да ұстаздыққа жетік үйрену керек.Тәжірибесіз, жаттығусыз, талдаусыз, рухани дамусыз жақсы ұстаз болу қиын.Адам қасиетін іздеп табу және жетілдіру – ұстаздың ауыр жүгі.Сондықтан, мұғалімді дайындау жаңа талап тілектерге сай болуы міндетті. Мұғалімге жан жақты білім беріп, мемлекет қамқорлықты нақтылап, тұрмыс жағдайына көмектесіп, еңбек ақысын дұрыс төлеп, қоғамға бірден бір керекті адамдар екендігіне көңіл бөлінуі керек. Жағдайы болмаған мұғалім жадырап жұмыс істей алмайды. Мұғалімге қандай қоғамдық қиыншылық болса да, сенім білдіріп, көмек көрсету үкіметтің де, жергілікті басшылардың да , барлық халықтың да парызы.Мұны істемесек, келешек қоғамның азаматтары адамдық қасиеттен айырылып қалуы таңдаңарлық жәйт емес. Олай болса, айтулы (жәй ғана қатардағы ұстаз-заман талабын қанағаттандыра алмай қалғаны түсінікті ғой) педагог кадірлерді;профессор-оқытушы,андрагог,менеджер-педагог,ғалым –ұстаз дарды таңдап тауып,оқытып жетілдіріп,дайындап ұсынудың ғылыми негізін айқындаушы ұстаздық ілімін жетілдірмей,бұл істе өз бағыт-бағдарымызды айқындамай елбасының «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.»-деген айқын мақсатын жүзеге асыра алмаймыз. Маман педагог кадірлерді дайындайтын өзіміздің озық жүйемізді құру ісінде демеу боларлық бірнеше пікір ұсынамын:
1.Келешектің айтулы ұстазын таңдап табу,оның маман ұстаз болуына жол ашатын орда-
оқушының өзі оқыған мектебі.Бұл әлем жұртында орныққан аксиома.Бұл аксиоманы Қазақстанның орта білім беру аумағында қалай жүзеге асыруға болатынын айтып көрелік.
Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесіне енетін мектептердің 70-75%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Соның басым көпшілігі шағын жинақталған мектептер құрамына енеді. Ежелден осы білім мекемелеріндегі білім негізі қаланатын бастауыш білім саласына мамандарды педагогикалық колледждер даярлап келеді. Оған соңғы кездері «Балапан» бағдарламасы аясында барлық ауылдық, селолық, кенттік жерлерде ашылып жатқан шағын орталықтарға мектепке дейінгі тәрбиеші мамандарын даярлау үлесінің артқанын қосыңыз. Осы мектептерді мұғаліммен қанымдау ісі қашаннан актуальді болған кәзіргі кезеңде талантты,дарынды,жетік мамандармен қанымдау тіптен күрделеніп кетті. «Ауылға дипломмен», «Ауылды көркейту елді көркейту» қатарлы іс-шаралар жүзеге асырылды. Олар да белгілі дәреже де нәтиже берді.Алайда,аталмыш мәселені түбегейлі шешпеді.Осы ауылда орналасқан орта білім беретін мектептердің педагогикалық коллеж,педагогикалық ЖОО-ына түспек талапкерлерлерге грантты оқу орындары емес,сол ауылдық мектептер беру қажет.Талапкерлердің білім деңгейі мен ұстаздық өнерге бейімділігін сол мектеп ұжымындай жақсы білетін,толық анықтайтын еш тест, сынақ әлемде жоқ.Келешекте осы ауылға мұғалім болатын ұстаздың озат ұстаз болуын тілемейтін сол ауылда бір жан жоқ. Озат ұстаз,дарынды,талантты оқушыдан шығады.Бұл талапты қанымдайтын оқушы сол ауылдан табылмауы да мүмкін немесе грант санынан артық үміткер болуы да мүмкін.Оны сол аумақтық білім депертаменті реттейді.Өз маманын дайындауға олардың жауап-кершілігін осы әрекет арқылы да арттыруға болады.Шет елде осы бағңыттағы тәжірибе өте мол.Жастар бәсекеге түсіп,ұстаздық мамандығын таңдайтын ел де бар.Біздегі төлем арқылы (кредиттік) ұстаздық мамандығын оқитындарға ешбір шек қоймау керек.Бір ұстаздық маман лауазымына педагогикалық мектептерді бітірген жетік 2-3 мамандар кезекте тұрып,шеберлігі арқылы сыналып қызмет атқаратын оқу орындары бар. Сондықтан,оларда ғалым болу оңай,ұстаз болу қиын деген қағида қалыптасқан.
2.Білім ғылымның қоғамдағы,әлеуметтегі,экономикадағы,өндірістегі,тұрмыстағы,өмірдегі мән мазмұны осы заманда толық айқындалып,қоғамның жетекші күші,дамудың негізгі тірегі,пайда табудың басты көзі екені әбден анықталған.Тіпті, «Білімің болса ақша табу оңай,білікті болсаң пайда табу оңай» -деген ұстаным орныққан.Ал,мұғалім үшін білімнің
бірнеше саласы қатарынан қажет болатыны тіптен ауыр жүк.Мәселен электроник инженерге нанотехнология мен электрониканың сан-саласын жетік біліп,қолданбалы технологияның қыр-сырын түсіне алса талайға қол жеткізіп,арықарай өзін-өзі жетілдіре алады.Ал,мұғалім үшін,пәндік ғылымды игеріп,адамтану мен педагогикканы,методиканы жетік меңгерсе дағы адамның жансарайына үңіліліп,жан сырын аша алатын,баршаға жан жылуын жеткізе алатын қабылет қарым керек.Мұғалім мұның бәрін оқып қана игере қоймайды.Ал,өмір ше? Мұғалімнен осының бәрін игермесең мектеп табалдырығынан аттама дейді.Себебі,сыныпта,бәрін білетін,көзімді зердемді ашатын,көкірегімді кеңейтетін, жанымды танитын періштем келе жатыр деп сәби отыр.Ал,біздің бүгінгі жағдайымызда,
ғылымнан азды –көпті оқып-біліп тоқығаны бар болғанымен ұздаздық шеберлікті игермеген,жан-жағына жаутаңдай қарап, оқушы шәкірттерінен не болмаса әріптестерінен имене басып,жас мұғалім « Мектеп кемесіне» аттап кіреді.Ал,оны оқытып дайындаған, мектебі:« ұстаздық шеберлікті өмірде өзі игереді.» «Көш жүре түзеледі»-бәрімізде солай мұғалім болғамыз»-деп,қол бұлғап алыстай береді.Жас ұстаз бір кемеден екінші кемеге осылай ауысады.Өзінде ұстаздық алғыр қабылет болған соң оның үстіне жас ұстазды жетілдіріп баулып әкететін ұстаздық ұйыған ортаға кезіккен соң ұстаздық шеберлікті игеруі игереді ғой.Алайда,,оның өзіне 3-5 жыл керек.Осы кезде кеше ғана періштедей күткен шәкірт алдында талай ағаттық жіберіп,нелер тосқауылға кезігіпп,көптегенген қиыншылық-тарды басынан кешіреді.Ал,алғашқы шәкірттерінің оқу білім игеруіне,тәлім тәрбие көріуіне белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.Ары алдында,ол өзін-өзі қинап,қиянат жасадым деп сөгеді.Осыдын болып,кейбірі мектепті тастап кетеді.Осының бәріне кім кінәлі?Оны қалай жойюымыз керек?Мұның бәріне Ұстаздық ілімі баяғыда жауап берген еді.Оны тыңдайтын жан жоқ қой.
3. Жетік маман,білікті ұстаз дайындап жетілдірудің негізі оқу білім беру жүйемізге байланысты.Білім беру деген не?Аға ұрпақтың өмірінде жинақтаған білімдерін жаңа ұрпаққа жалғастыру.Бұл үрдіс хат шот танымағандарға қалай беріліп еді.Осы тұрғыда тарихи тәжірибе бар ма? Бар. Оларға,жазу сызуды үйретіп,сауатын ашып,оқып үйренетін мүмкіндік туғызған,тәжірибеміз барма еді?Бар.Тіпті оларға жазу сызу үйретте алмасақ та,олардың көкірек көзін аша алған тәжірибеміз бар ма?Бар. Айталық,күні ертең ақ,латын әліпбиіне көшеміз,соны жас ұрпаққа игертетін әдіс –амалымыз,теориялық және прақти-калық айла тәсіліміз дайынба? Осыларды жүзеге асыратын маманды бүгінгі заман қазақстандық мұғалімі дейміз емес пе? Бүгінгі қазақстандық мұғалім болу үшін сауатымыз жан жақты толық ашылған болу керек.Өткен шақта,жетілген ұстаз дайындауға толық дәрменіміздің жетпеуі осы жан-жақты сауат ашу іс-әрекеті мардымсыз болды.Құзырлы сауаттылық деген не? Ғылым негізін игеруге,мамандық иеленуге негіз боларлық жас ұрпақтың шыққан тегі,сенім-нанымына,әл ауқатына,дарын-талантына тәуелсіз бүгінгі шақта міндетті түрде оқып үйренуге тиісті жалпыға ортақ білім жиынтығы, сауаттылық үлгісі.Бүл үлгі ЮНЕСКО-ның білім беру философисынан бастап,әр елдің білім заңдары мен білім беру саясатында әр қырынан терең талданып нақты көрсетілген.Оны ықшамдап, былай тұжырымдауға болады:-оқып-жазу сауаттылығы;-қарым-қатынас сауаттылығы;
-ойлап –пайымдау сауаттылығы;-есептеу-қаржылық сауаттылығы;-техникалық тұтыну сауаттылығы.Бұл сауаттылықтар тұлға ретінде даму барысында жеке адамда мәдениет дәрежесіне көтерілсе,натылы өмірде кемел кісі болып қалыптасады.Егер келешекте ұстаз болып,педагог мамандығын игеруге ыңғайлы,бейімді жас үшін қарым-қатынас сауаттылығының бір саласы болушы адамтану сауаттылығынан хабардар болуға тиісті.
Өткен шақта осы сауаттылықтарды толық игермеген, «орта сауаттыларды» мұғалімдік мамандықтқа дайындап келдік.Оардың ортасынан жоғарыда көрсетілгендей дарынды, талантты,үлгілі ұстаздардың туып шыққаны рас.Олар аталмыш сауаттылықты игеріп, ұстаздық мамандыққты оқығандар еді.Алайда,кәзіргі таңда жұмыстап жүрген барлық ұстаз бүгінгі заман талабын толық қанағаттырады десек жалғандық болар еді.Ендігі жерде аталмыш сауаттылықтарды игергендер ғана педогог мамандығын алуға болады. Педагог кадр армиясын дайындау әрекеті осы бағытпен құрылуы жөн.Бұл мақсатқа жету үшін ең әуелі ұстаздық ілімін жетілдіруге тиіспіз.

Педагогика
Молдасан Қуаныш Шорманқызы, Білім беруді жаңарту — заман талабы

Мақала авторы: Молдасан Қуаныш Шорманқызы
Жұмыс орны: Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы
Лауазымы: педагогика ғылымының кандидаты, доцент
Порталға жариялану мерзімі: 19.11.2018

Білім беруді жаңарту — заман талабы

           Педагог мамандығы-қазіргі замандағы маңызды мамандықтардың бірі. Адамзат болашақ өркендеуінің осы мамандықтың күш-жігеріне тәуелді. Нағыз маман педагог-уақытының едәуір көп бөлігін бала тәрбиесі мен оқуға жұмсайтын адам. Егер мұғалімнің бала оқыту процесі аяқталса, онда дағдарыс пайда болады. Жаңа ұрпақта білімінің болмауы мәдени, экономикалық және әлеуметтік прогресті ұстап тұра алмайды. Қоғам моральдік жағынан және кәсіби жағынан дайындықсыз қоғамға айналады.  Сондықтан келер ұрпақты біліммен сусындандырып әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке лайықты оқыту мен тәрбиелеу педагог мамандардың алдында тұрған негізгі мақсат. Демек,  жоғары оқу орындарында болашақ педагог мамандарды дайындау˗ күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай болашақ ұстаздарды дайындаудың өзі кәсіби білім берудің міндеттер жүйесін қарастыруды талап етеді.

          Тұлғаны дамытуда заманауи әлем­дік озық үлгілер уақыт талаптарына сай жаңғыруда педагогика саласына да келелі міндеттер жүктейді. Бұл елімізде педагогика пәні мен ғылымын ке­ңінен дамытудың өзектілігін алға тартады. Қашанда жаңаны бастау, бір­ден қалыптастыру қиын.

Тәуелсіздіктің рухы асқақтаған сайын ұлттық бірегейліктің қайта жаңғыруына, қайта түлеуіне және өрістей түсуіне үлес қосуды өзіндік парызына айналдырып келеді. Қоғамымыздың ұлтжанды зиялы қауымы осы қызметте іргелі жауапкершіліктерін терең түйсініп, өзіндік таланты мен ғылыми шығармашылықтарын арнап келеді. Бұл үдеріс қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани саласының әрбір сәттерінен де көрініс тауып отыр. Оның ішінде, білім беру мен ғылым саласының атқарар міндеттері заман талабына сай келетін үлкен жауапкершіліктер артуымен шартталады. Осы орайда, қоғамдық-гуманитарлық білімдердің атқарар міндеті орасан.

Бұл әрбір қоғамның даму келбеті мен үдерістеріне сәйкес, педагог-ғалымдарға үнемі-үздіксіз жаңа міндеттер жүктейді.  Осы жауапкершілікті басқа да ұлтжанды, терең парасатты ғалымдардың топтасқан, бас қосқан ордасы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өзінің қайталанбас ерекшелігі мен кәсіби мәртебесін бекемдей түскен, заман ағымына ілесуге талпынатын, ғылыми дәрежеде негіздейтін, біліктілігі өте жоғары мамандар дайындайтын ғылыми орта бар,  ол «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы болып табылады.

Бүгінде ол педагогика және білім беру менеджменті кафедрасы болып өзгертіліп, педагогикалық бейіндегі мамандарды даярлайтын философия және саясаттану факультетіндегі  кафедраларының бірі.Оның қалыптасу мен дамуы ұзақ мерзімді қамтиды: тарихи-филологиялық факультеттің құрамында ашылып, университеттің педагогикалық мамандықтарын қамтамасыз етуден бастап, «педагогика және психология», «Әлеуметтік педагогика және өзін өзі тану» және білім беру қызметінің «бакалавриат, магистратура, PhD докторантура» үш сатылы жүйесіне өту кезеңіне дейін жұмыс істеп келе жатыр.

«Педагогика және білім беру мене­д­ж­­­­менті кафедрасы»  ұжымы сапалы білім берумен қатар, өзіңді-өзің дамытуға және өз идея­ла­рың­ды іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу ор­­­нында ғы­лыми зерттеу жұмысымен айналысумен  қатар, шығармашылық атмосфера анық байқалады. Оқы­тушылар мен білім алу­шы­лардың қарым-қатынасы барысында өзіңнің бой түзеп, заманауи қоғамға сай өкілі болып қалыптасып жатқаныңды байқайсың. Өйткені біздің кафедра докторанттарға ғана емес, сонымен қатар студенттер мен магис­трант­­тарға да кафедра өмірімен тығыз бай­ла­ныс­ты қам­та­ма­сыз етеді. Мәселен, мем­ле­кет­тік грант ұтыс­тары бойынша жүр­гі­зіліп жат­­­қан жобаларға, мемлекеттік бағдарламалар аясындағы іс-шара­ларға, халықаралық кон­фе­­­­ренциялар мен байқауларға қатысу мүм­кін­дігі бар.

Қазіргі таңда «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасы – заманауи жоғары сұраныстар мен қызығушылық ие, еліміздің тәуелсіздігімен қатар жаңа ғасыр мамандықтарын дайындайды. Бұл мамандықтардың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

Кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар бүгінде еліміздің әр түрлі саласы мен  шет елдерде жұмыс жасап жүр. Кафедраның білім беру бағдарламаларының дамуындағы атаулы жетістіктерімен және университеттің академиялық саясатына белсенді қатысуынан бүгінде мынандай түйін жасауға болады: еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады.

Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби бабамыз айтқандай, «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған  нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген ұлағатты жадында сақтай алған, адам ғұмырын көк тіреген еңсесі көз арбаған алып тауларға теңейтін болсақ, бар ғұмырларын осы ғылымға арнаған ардақты профессорлық оқытушылық құрамы табысты жұмыс атқаруда.

Сонымен қорытындылай келе, педагогика ғылымына деген қызығушылық аталмыш ғылым саласының елі­­­­мізде жедел қарқынмен дамып, осы уақытқа дейін әртүрлі бағыттағы бірқатар мектептердің қалыптасып үлгеруіне әкелді. Кафедра ұжымы  бүгін де жоғары мектеп алдына қойылып отырған заманауи талаптарға сәйкес жоғары білікті, жаңаша көзқараспен жұмыс жасауға бейім жас кадрлармен толығуда. Қазақстанда педагогика ғылымының мектептері мен бағыттарының қалыптасу үдерісіне үлес қосып, шығармашылық шабыт пен ғылыми жасампаздықтың, белсенділік пен қажымас қайраттың үлгісін көрсетіп жүрген ғалымдарды педагогика ғылымының майталмандары деуімізге болады.

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының доценті,     педагогика ғылымының кандидаты Қ.Ш.Молдасан

PhD докторант Ж.О.Әбікенов

PhD докторант С.Е.Құдайбергенов

Педагогика
Түймебай Бұрымды, Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Мақала авторы: Түймебай Бұрымды
Жұмыс орны: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Лауазымы: Педагог-организатор-куратор
Порталға жариялану мерзімі: 21.05.2018

Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі — мектеп оқушыларының бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқытудың инновациялық үлгілерін пайдалана отырып, ауызша сөйлеуді жетілдіру тәрбие мен оқыту процесінде айрықша орын алады. Қазіргі таңда білім саласында оқушыны нақты, таза, айқын сөйлеуге ұмтылдыру міндеті күшеюде. Себебі, сөйлеу мәдениеті ауызша сөйлеудің жалпы тіл мәдениетіне қойылатын талаптармен қатар өзіне тән формалардың сақталуын талап етеді. Ал, болашақтың іргетасы оқушылардың тілдің әлеуметтік, қарым-қатынас рөлін күшейтуде рөлі үлкен. Оқушылардың бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыра отырып, адамгершілік қасиетін арттыруға, жеке бас тұлғасын ізгілендіруге, өзге ортада еркін сөйлеп көшбасшылық қабілетін арттыруға болады. Осы секілді ұстанымдар оқушының дамуы мен жетілуі үшін қажетті. Тәрбие — үздіксіз процес. Ол педагогика мен психологияның негізгі нысаны болып табылады. Мектептің тұтас әлеуметтік құрылымын құрайтын және ұдайы әрекет ететін фактор тәрбие болып табылады. Оқушылар білім алып қана қоймай, алған білімін өмірде ұштастыруы керек. Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуде сөз өнерінің ықпалы әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған емес. Бүгінгі дәуірдің талабына сай оқыта отырып, халқымыздың бойындағы асыл қасиеттерді сіңірту-тәрбиенің басты мақсаты. Оқушы бойында сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін мектеп пен ата-ана, оқушының ықпалы әсер етеді. Тәрбие бастауындағы осы үш ұғым етене байланысып жатыр. Шешен сөйлеу, ойды бұрмаламай, мәдениетті жеткізу адамдармен қарым-қатынасқа түскенде басым рөл атқарады. Сөйлеу қарым-қатынас мақсатында қызмет ететін сөйлеудің бөлігі. Сөйлеу – бұл тілдік құбылыс. Сөйлеу кезінде тілдің барлық бірліктері жұмсалады. Сөйлемнің әр түрі бар. Сөйлеудің дыбыссыз, сөзсіз, интонациясыз жасалмайтыны белгілі. Қарым-қатынастағы жетістік сөйлеумен психологияны, логиканы байланыстырып, тиімді пайдалана білуге байланысты. Тыңдаушыға ақпарат тек тіл арқылы жететіндіктен айтып тұрған адам үнемі жеңіске жете бермейді, берілген ақпаратты тез, әрі дұрыс таңдай алған тыңдаушы ғана дәлелді оймен кері жауап бере алады. Осы орайда көшбасшылық қасиеттерді талдауға зерттеу жүргізген Ицхак Пинтосевичтің «Әсер ет! Жетекшінің 7 өсиеті» атты кітабынан мысал келтіруге болады. Ицхак Пинтосевичтің айтуы бойынша «Шешен сөйлеу көшбасшылық қасиет пен өзіне деген сенімділікпен тура жалғасып жатқан дүние. Халық алдына шығып сөз сөйлеу үшін өзіне деген сенімділікті жоғалтпай, мақсатты жүзеге асыра сөйлеу қажет»[1.126 б.] екен. Сондай-ақ сөйлеу адамдардың басқадан ерекше қасиеті екендігін алға тартып, бала күннен қалыптасатындығын айтады және әдемі сөйлеуге кеңес береді. «Әрбір қарым-қатынастың мақсатына байланысты сөйлесім ерекшеліктері бар. Сөйлеудің негізгі белгілері сөйлеу әрекеті үстінде көрінеді. Оларға: 1) сөйлеуші мен тыңдаушының міндетті қатысы, яғни диалогтік белгі; 2) дайындықсыз еркін түрде жүзеге асуы; 3) тақырыптың әр алуандығы; 4) сөйлеу жағдаятының тәуелділігі; 5) дайын сөйлеу құрылымдарының болуы жатады. Қатысым эмоция мен сезімдерге толы адам қоғамында, адамдар арасында жүзеге асатындықтан, сөйлесімнің тек хабарды жеткізіп, сөйлеуші адаммен байланысты белгілерді жеткізбеуі немесе сөйлесім мазмұнында сөйлеушінің эмоциясы, белгілі құбылысқа қатысты жасалатын қорытындылары, көзқарасы қамтылмауы, берілмеуі мүмкін емес. Адам тілдік таңбаларды өзара түсінісу үшін ғана емес, тыңдаушының қызығушылығын оятып, оны әрекетке итеру үшін де қолданады. Яғни тіл бірліктері хабарды жеткізуші құралдар қызметін атқарып қана қоймай, тыңдаушыға ықпал, әрекетке итеруші құралдар ретінде де жұмсалады» [2, 24 б.] делінген. Сөйлеудің негізгі белгілерін толық сақтай отырып, оқушылардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерді арттыру үшін сөздік қорды көбейтіп, дауысқа, әр дыбыстың функциясына мән беру керек. Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту» бағдарламасында Елбасы: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп айтады. Тіл мәдениетінсіз тұтас халық болып даму мүмкін емес. Біліммен ұштасқан тәрбие мәселесінде оқушылардың сөз саптауы алғаш орында қаралуы тиіс деп есептеймін. Бұл туралы педагогикалық сөздікте мынадай анықтама берілген: «Оқушылардың тіл мәдениеті – оқыту үрдісі мен адамдардың тілдік қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Оған тілдің мағыналылығы, ойлылығы, байлығы, көркемдігі мен жалпытілдік нормалардың сақталуы тән»[3, 26 б.]. Педагогика саласының зерттеушілері оқушының тіл мәдениеті туралы бірнеше пікірлер айтады. Ш.Беркімбаева өз мақаласында былайша тұжырымдайды: «Қазақ мектептерінің өзекті мәселелерінің бірі оқушылардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу…». Педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады»[4,5 б.] — дейді. Тіл мәдениеті дегеніміз – оқыту үрдісінде, отбасында, жалпы адамдардың өзара қарым-қатынасы негізінде жазбаша және ауызша тілді игеру деңгейі. Ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі әдеби тіл нормасын сақтай, тіл тазалығын сақтай жеткізе білу шеберлігі. Сөйлеу өте күрделі, жеке адамдардың арасындағы өзара түсінісу, пікір, хабар, ақпараттармен алмасу мақсатында қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің өмірге, қоғамға деген көзқарасын, білімін, тәжірибесін байытады. Ойдың қаруы-сөз екені белгілі. Сөз арқылы алуан түрлі ойлар туындайды, әрекетке түседі. Сөзді қабылдау мен ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты процесстер. Сөзді дұрыс қабылдау, ұғыну зейінмен, түйсікпен байланысты. Қабылдау мен ұғыну, түсіну мен оны қорытып жеткізуде дауыс сазының өзі әртүрлі қызмет атқарады. Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері: 1. Қоршаған ортаның әсері (Отбасы, мектеп, достар); 2. Жекелеген оқушы тіліндегі кемшілік; 3. Сөйлеу дағдыларының жоқтығы; 4.Өзге ұлт мәдениетіне еліктеуден сөздің бұрмалануы т.б. Сондай-ақ М. Балақаев, Т. Қоңыратбаев, С. Қирабаев, Ш. Беркімбаева, Н. Уәлиев тағы да басқа ғалымдардың зерттеулері бойынша оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытуға мынадай себептер бар: 1. Көркем әдебиет оқуға деген оқушылардың қызығушылығының төмендігі. Тіл мәдениетіне жастарды тәрбиелеу көркем әдеби шығармаларын көптеп оқумен байланысты. Көркем әдебиетті аз оқитын адамның сөздік қоры аз болады, соған орай олардың сөйлеу мәдениеттілігі мен өз ойын логикалық баяндауы да төмен екендігі байқалады; 2. Мәдени орталықтарға бару, ол туралы пікірлесудің өте сирек кездесетіндігі; 3. Ата-аналардың балаларының тіл мәдениетіне жете мән бермеушілігі; 4. Тілдік ортаның әсері; 5. Тіл мәдениетін қалыптастыруды тек тіл сабақтарына міндеттеп, басқа пәндерді бұл мәселеден мүлдем бөліп тастаушылық; 6. Отбасы тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тар шеңберде қолданылуы;
7. Мұғалімдердің көпшілігінің бұл мәселеге арнайы көңіл бөлмеуі т.б. «Тіл мәдениетіне жету жолы ұзақ әрі қиын» [5,27 б.] — дейді ғалым М. Балақаев. Осы айтылған бірнеше қиыншылықтарды төмендету мақсатында оқушылармен тілдік жаттығулар жасауды ұсынуға болады және сыныптан тыс оқылған кітаптарға талқылау жасап, әр оқушылардан өз ойын, пікірін сұрау. Осы жағдайда сыныпта сөйлеуге, анық, нақты айтуға қабілеті төмен оқушыларды сөйлетіп, ойларын сұрау керек. Зерттеуші Рабиға Қаныбаева өз еңбегінде дикцияны, дауысты, тынысты сахнада қолданудың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталып, бірнеше жаттығу түрлерін саралаған. Сөздің анық шығуына тілдің тікелей қатысын айтып, орфоэпиялық норманың бұжылтпай орындалуын қадағалайды. Е фонемасы.
Тіл мен иектің шамалы алға жылжуынан пайда болады.Сөз басында бас буынның бірінші дыбысы боп келгенде е дыбысы айтылуында ие болып естілуі мүмкін.
Жазылуы Айтылуы
ел иел
ертең иертең
Бірінші буын ерін дауыстыларынан келгенде екінші буындағы е айтылуында ө-ге жуықталады.
Жазылуы Айтылуы
күрек күрөк
жүрек жүрөк.
Ы фонемасы.
Екі ерін бір-біріне жуықтап, тіл мен иектің жоғары көтерілісіне пайда болады
О фонемасы.
Ерін дөңгелектену арқылы жасалады. Сөздің сазын келтіріп айту әсіресе шаршы топ адына шыққандарға қойылады. Сөздің жеке тұрғандағы дыбысталуы мен мен сөйлеу үстіндегі айтылуы әрдайым бірдей бола бермейді. Бұл келтірілген мысалдар арқылы әрбір тілдің өзіне тән дыбысталу ерекшелігін аңғарамыз. Ол ерекшелік сақталмайтын болса, сол тілдің табиғаты нұқсан келетіні даусыз. Дыбыстардың жіктелімін көрсетіп, атқаратын қызметіне орай жаттығу түрлерін негізге алады.Ерінді жаттықтыратын жаттығулар: — екі ерінді Ө әрпін айтқандай алға қарай ұмсындырыңыз, бұл жаттығуды жасағанда тіл және тіс өз қалпында болуы керек; — -тісті көрсетпей, езу тартыңыз; — -алдымен тек жоғары тісті көрсетіңіз, төменгі тісті төменгі ерінмен жауып тұрыңыз. Енді осы жаттығуды керісінше жасап көріңіз; — екі еріннің қалыпты жағдайын сақтап тұрыңыз да, сонан соң ерніңізді әуелі сәл жоғары, төмен қозғаңыз; — енді екі ерінді сүйірлеп алып, әуелі оң жаққа, сонан соң сол жаққа бұрып көріңіз. Иек қозғалмасын [6, 43 б.]. Дыбыстау мүшелеріне ерін, тіс, иек, тіл, кішкене көмей, көмей жататынын ескертіп, осы тілдік аппараттарды қолдану арқылы дикцияны тәрбиелеуге болатынын көрсеткен. Жеке тұлғаның сөйлеу әрекеттерінің ерекшеліктері: басқа адамның сөйлеу тілін қабылдауы, өзінің ойын, пікірін, ішкі әсерін, күйзелісін білдіруі, тыңдаушысына табиғи әсер етіп, сендіруге, өзінің туралығын дәлелдеуге ұмтылуы. Бұл іс әрекеттің бойында есте сақтау, ойлау, эмоциялық, еріктік процестері бірге жүреді. Сөйлеу әрекеті адаммен өмір бойы бірге болады. Осы тұрғыда қалыптасушы тұлға ретінде, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында өз ойында еркін әрі тіл тазалығын сақтай отырып мәдениетті жеткізу. Пікір алмасуда тыңдау, есте сақтау қабілеті, қарым-қатынасқа түскен адамға жағымды әсер қалдыру. Жеке тұлғаның қоғамда өз орнын алуында сөйлеу мәдениеті басты орын алады. Ал оның қайнар сөзі сонау ауыз әдебиетінен бастау алады. Мәдениет туралы түсінікке әр ғалым әр түрлі анықтама береді. «Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер т.б. рухани өмір табыстарының жиынтығы»[5, 25 б.], – дейді тілші-ғалым М.Балақаев. Мәдениеттің өзі екіге бөлінеді: материалдық және рухани. Соның ішінде рухани мәдениетке жатады: а) ойлай білу мәдениеті – өмірге талдау жасап қиындықтардан арылу жолын таба білу, ақылға салу, жасампаздыққа жеткізу; ә) педагогикалық мәдениет – ұзақ жылдар бойына жинақталған ең озық іс-әрекет, білім, үйрену нәтижесі; б) тіл мәдениеті – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану; в) сөйлеу мәдениеті – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі. Сөйлеу мәдениеті — үлкен қасиет, мазмұны жағынан терең, ұтымды, әділетті, көркем, ғылыми, бай, халық тілі. Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Сөйлеу мәдениеті жетілмейінше, ақыл-ой мәдениетіне жету қиын. Қандай адам болмасын, ой-өрісінің, білімінің, мәдениеті мен рухани дүниесінің қаншалықты екені оның жазған жазуынан, сөйлеген сөзінен байқалады. «Кісіге қарап сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал»,– деп ұлы Абай тегін айтпаған. Ана тілінің мол байлығын игерген, құдіретін түсінген, күшіне тағзым етіп, бас иген. Мәтінді мәнерлі, әсерлі жеткізу үшін қажетті материал көркем әдебиет болып есептеледі. Сондықтан, оқу техникасы фонетикамен, грамматикамен, орфоэпиямен, орфографиямен, стилистикамен ұштасып жатады. Яғни:
— көркем әдебиетпен жиі шұғылдану;
— шығармаларды, өлеңдерді көп оқу;
— оларды терең таалдау; шығармалар арқылы көрерменмен тілдесіп, сырласу;
— сөз әрекетін ашу;
— сөз туғызу.
Сөйлеу техникасы өз дауысыңды толық меңгеруге байланысты. Сөйлеу шапшаңдығы, интонация, пауза, дикция маңызды рөл атқарады. Сөйлеу мәдениетіне тәрбиеленудің жолға қойылуы – бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талабынан туындап отырған мәселе. Осы орайдағы негізгі шарттар – сабақтарда өзін-өзі дамыта отырып, пікір талас барысында сөз мәдениетін заман талабына сай деңгейде дұрыс қолдана білу іскерліктерін жетілдіру маңызы. Қазіргі таңда сөйлеу мәдениетін оқытуда оқушының өзіндік ізденістеріне негіздей отырып білім алуына және біліктерді меңгеруіне қажетті жағдайларға молырақ мүмкіндік беру мәселесі беріледі. Осы орайда оқушының өздігінен ізденуіне, түрлі жағдаяттарды қарсыласының жауабына сай етіп және оның лингвистикалық дүниетанымының кеңеюіне жол ашатындай оқушының ойлау қабілетін әр қырынан өздік әрекеті арқылы тану жолымен меңгертіледі. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жоғары деңгейге көрсету мақсатында дидактикалық, әдістемелік ұстанымдар арқылы іске асыру қажет. Осы бағыт-бағдар бойынша оқушылардың бойында сөйлеу мәдениетінің бастапқы негізін қалыптастыруға болады. Оқушылардың тіл мәдениетін жақсартуда біржақты ата-ана емес, мұғалім, психологтар, қоршаған ортасы әсер етеді. Мектептегі сыныптан тыс үйірмелер арқылы оқушылардың рухани, мәдени дамуын кұшейтуге болады. Әрбір үйірменің мақсаты ретінде сөйлеу мәдениетін жақсарту дееп қосымша алуға болады. Себебі әрбір үйірмеде оқушы пікір алмасып, сұрақтар қойып талдау жасайды. Көрсетілген бағыттар бойынша мынадай міндеттер жүктеледі: — сөйлеу мәдениетін негіздерін меңгерту; — сөз қолданудың ұлттық дәстүрлерін жаңғырта отырып, сөз әдебінің нормаларын меңгеру; — шешен сөйлеуге төсемді әлеуметтік-тілдік дағдыларын қалыптастыру. Осы міндеттерді орындау арқылы оқушылардың рухани тәрбиесін, ұлттық рухын, тіл мен білімін дамытуға жол ашылмақ. Білім мен тәрбие мәселесі қазіргі күнге дейін өзінің өзектілігін жойған емес, себебі ол үздіксіз процесс. Тәрбие мен білім бірігей жұмыс жасай отырып, көп ізденісті, көп уақытта талап етеді. Бұрынғы мәдениет пен қазіргі мәдениетті салыстырсақ бәрінің аумағында толық тәрбие түсінігі жатыр. Мемлекеттік негізгі бағдарламаларға сәйкес жаңа ақпараттар мен технологияларды пайдалана отырып, оқушы өзінің рухани, ұлттық болмысын жоғалтпауы керек. Қоршаған ортада оқушылар өзін еркін ұстап, айқын пікір алмаса алуы үшін сөйлеуге машықтану, әрбір сөз мәнін түсініп, табиғатын тануға ұмтылу, айтылған әрбір сөзге мән беру, тілдік сөз қорын байыту, мәнерін жетілдіру қажет. Қазіргі таңда оқушылырдың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Тіл дамыту тіл үйретудегі қарым қатынас құралын іске асыру оқушылардың тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады. Сөйлеу үшін жеткілікті, белсенді қоры болуы керек. Себебі сөздік қоры мол адам өз ойын екінші адамға жеткізуге қиындық тудырмайды.
Оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін бағыттармен жұмыс жасап, негізгі тілдік ерекшеліктерді бойына сіңірту, рухани тәрбие мен білімді ұштастыру педагогтың парызы. Қорытындылай келе, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың сөйлеу әуендеріне, сөз нақышына келтіріп сөйлеуіне қатты назар аударуда жоғарыда көрсетілген бағыттардың рөлі үлкен.
Әдебиеттер:
1. Пинтосевич Ицхак. Влияй! 7 заповедей лидера.-Москва: Издательство «Э», 2016. –288 с.
2. Ерназарова З.Ш. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. – Алматы, 2001. -194 б.
3. Педагогический словарь. М.: Изд-во Акад. Пед. Наук, 1960. — 774 с.
4. Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова // Ұлт тағлымы. — 2001. — № 7.- Б.5.
5. М. Балақаев. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. – Алматы, «Мектеп»,1989. -96 б
6. Тұранқұлова Д. Жоғары оқу орындары театр өнері факультеттерінің студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы: “Білім” , 1998. -208 б

Педагогика
Дуйсенбаева Шакизат Сейдуллаевна, Коммуникацияның кең мағынадағы анықтамасы мен мәдениетаралық коммуникация

Мақала авторы: Дуйсенбаева Шакизат Сейдуллаевна
Жұмыс орны: КазНИТУ
Лауазымы: Магистр
Порталға жариялану мерзімі: 05.05.2018

Коммуникацияның кең мағынадағы анықтамасы мен мәдениетаралық коммуникация

Аңдатпа: Әлемдік интеграцияға байланысты елімізде шетел тілін оқыту өзекті мәселеге айналып, білім саласына өзгертулер мен жаңартулар енгізу өмір талабы болып қалмақ. Мақалада коммуникация терминині жан-жақты зерттеріп, оның шықан тарихы мен түрлерін анықтап, шетел тілін оқытуда студенттерге мәдениетаралық коммуникациялық құзіреттілікті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетеді.

Түйінді сөздер: коммуникация, мәдениетаралық коммуникация, мәдениет, үлгі, бейвербалды және вербальды коммуникация, шетел тілі.

Annotation: According to the worldwide integration in our country teaching a foreign language is becoming an actual issue, and implementation of the new teaching method into the education system remains as a require of life. In this article the term communication was investigated broadly, and its types have been distinguished, the importance of formation intercultural communication has been represented as a compulsory discipline for students.

Key words: communication, intercultural communication, culture, model, verbal and non-verbal communication, foreign language.

XIX – ғасырда әлемнің беделді жоғарғы оқу орындарында реторика кафедрасы ашылып, ғалымдар мен қоғамдық қайраткерлер реторика пәні бойынша дәрістер беруді бастады. 1800-1900 жылдар аралығында реторика қоғам өміріне араласатын адамдарды сөйлеу мәнеріне үйретті. Чикаго Университетінде 1900 ж. Коммуникация жеке пән болып қалыптасты. Соңғы ғылыми зерттеулерде коммуникацияның сегіз түрі анықталған [1, 26 б.]:

1. интратұлғалық коммуникация – intrapersonala communication – дегеніміз тұлғаның жеке ойлауы, яғни, адамның өз-өзіне сөйлесуі;

2. тұлғааралық коммуникация – interpersonal communication – екі адам арасындағы әңгіме;

3. топтық коммуникация – group and team communication – шешім қабылдау барысында туындайтын, арасында өздерінің лидері бар шағын топ;

4. қоғамдық коммуникация – public communication – ремти түрде тұлғаның қоғам алдында тұрып сөйлеуі;

5. ұжымдық коммуникация – organizational communication – жұмыс бабына байланысты туындайтын әріптестер арасындағы коммуникация;

6. ақпараттық коммуникация – mass communication – ақпарат құралдары мәдени құндылықтарға қатты әсер етеді, мәселен, қыз балалардың киіну стильдері;

7. тұлғалық және әлеуметтік ақпараттық құралдар — personal and social media – техниканың дамуына байланысты ақпараттық құралдар адамдар арасындағы коммуникацияны одан әрі жақсарта түсті, мәселен, ғаламторда қоғамдық желілерді қолдану арқылы адамдар тез әрі тиіммді түрде коммуникацияға түсе алады;

8. мәдениетаралық коммункация – intercultural communication – екі түрлі мәдениет иесінің арасындағы қатысым.

Коммуникация (лат. Communicatio – ортақ қылам, байланыстырам, қарым-қатынас орнатам) — адамдардың өзара қарым-қатынасының формасы, ой бөлісу түрі. Аристотельдің түсіндіруінше, коммуникация дегеніміз тұлғамен, оның сөйлеу әрекетімен, оны тыңдайтын аудиториямен және оның сөйлеу мақсатымен байланысты процесс [1, 33 б].

Лоретаның тұжырымдауынша, коммуникация символдар жиыны, өйткені біз адамның ойын, сезімін тікелей біле алмаймыз. Мысалы: ғашықтар бір-біріне сезімін білдіру үшін жүзік сыйлайды. Cонымен қатар, Лорета коммуникацияның үш түрлі үлгісін көрсетті:

1. Сызықты үлгі – linear model. 1948 ж. Харолд Ласвел коммуникацияның сызықты түрін анықтады: кім айтты – нені — қандай жолмен – кімге — қандай нәтижемен айтылды? Бірақ 1979 ж. Клаудио Шанон мен Варен Вивер бұл үлгіні өңдеп, дыбыстық коммуникацияны қосты, себебі адам сөйлегенде интонация арқылы адамның ойын түсінуге болатындығын дәлелдеді.

2. Өзара белсенді үлгі – interactive model. 1955 ж. Вилбур Шрам коммуникацияның екінші үлгісін бейнеледі, егер адам коммуникацияға түскенде ақпаратты алып қана қоймай, оған кері жауап қайтарады.

3. Транзакциялық үлгі – transactional model. Коммуникацияның екі үлгісінің болғандығына қарамастан, 1997 ж. Ж. Т. Вууд үшінші үлгіні ойлап тапты. Вуудтың айтуынша коммуникация алма кезек болуы мүмкін емес, яғни бірінші адам сұрап, екінші адам жауап қайтарумен шектелмейді. Сонымен қатар, адам коммуникацияға түскенде бірін бірі күтпей сойлесе береді. Сондай-ақ, мұнда сыртқы дыбыстық әсерлер коммуникацияның мазмұнының өзгеруіне әсер етеді. Демек, коммуникативтік актіде белгілі бір мазмұны бар информацияны тіл арқылы алып-беру әрекеті іске асады, демек, қараым-қатынас барысында информация А есімді коммуниканттан Б-ға көшіп, керісінше, Б А-ға жауап қайтару немесе лебізін айту кезінде ауысып отырады.

Коммуникацияның екі түрі бар [2]: бейвербалды коммуникация – сөйлеусіз іске асады, яғни сөздерсіз қозғалыс арқылы қатысымға түсу; вербалды емес қарым-қатынас — «дене тілі», «ым-шара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-шара, мимика, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция т. б. жатады; ал вербальды коммуникацияда тіл қолданылады, вербалды қарым-қатынас тіл, сөйлеу

арқылы жүзеге асады, демек сөздер арқылы ақпарат беріліп, оған жауап қайтару түрінде жүзеге асады. Коммуникация семиотикалық амалдар арқылы іске асады. Сондықтанда сөйлеу этикетін лингвистикалық мәдениеттану тұрғысынан қарастырған кезде осындай бейвербалды компоненттерге ерекше көңіл аудару қажет. Бейвербалды амал-тәсілдер тілдік қатынаспен қатар мағыналық реңк береді. «Паралингвистика» тіл білімінде тілдік емес, демек, бейвербалды амалдарды қарастыратын бөлім. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты зерттеулерді шетелдік ғалымдардың, Пол Экман, Аллан Пиз, Барбара Пиз, Роджер Акстел, Альбер Мерабян, Альберт Шефлен, В.Б. Шапарь, Э. Холл, Д. Ньюренберг, Г. Калеро, С. Данкелл, А. Штангль, Карстен Нимиц, А.Л. Ярбус, т.б. еңбектерінен көруге болады. Вербалды емес қарым-қатынас ерекшеліктерін білу әңгімелесушіні жақсырақ тануға ғана емес, сондай-ақ айтылған сөздің басқа адамдарға қалай әсер еткенін алдын ала көруге мүмкіндік береді, яғни қажетті нәтижеге жету үшін әрекетті және мінез-құлықты өзгертудің қажеттілігі жайлы білуге болады [2]. Кез келген «жемісті» қатынастың кепілі сенімді контакт болып табылады. Ал мұндай контакт сіздің не айтқаныңызға ғана емес, өзіңізді қалай ұстағаныңызға байланысты, әсіресе іскерлік қарым-қатынаста. Ғылыми ортаға «паралингвистика» терминін алғаш рет американдық зерттеуші А. Хилл ХХ ғасырдың қырқыншы жылдары енгізген. Коммуникациядағы бейвербалды элементтер семиотика ілімінде зерттеледі, осындай ғылыми зерттеулердің бастауында Р. Бердвистелл, Л. Вест, Т. Сибеок, Э. Сепир, В. Стокоу, Дж. Трейгер, Э. Холл т.б. ғалымдар болды. Олар коммуникативтік актіні вербалды және бейвербалды компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырды.

Коммуникативтік актідегі бейвербалды тәсілдерді зерттеу «кинесика» ұғымымен тығыз байланысты. Кинесика – kinesis — грек тілінен аударғанда «қозғалыс» деген мағынаны білдіреді. Тіл білімінде кинесика коммуникацияға енетін және қарым-қатынас барысында қолданылатын кинемалар, мимикалық және пантомикалық қозғалыстар, дене қимылдары сияқты ұғымдардың жиынтығы ретінде анықталады [8. 119-123 б.]. Кинесика паралингвистика, жалпы тіл білім, қарым-қатынас теориясы, лингвоелтану т.б. пәндердің аумағында қарастырылады. Кинемалар қарым-қатынастың ежелгі формаларының рудименті болғандықтан, кез келген этностың ұлттық.-мәдени ерекшеліктерінің белгісі болады, сол себептен бүгінгі күні кинесика ұғымы және оған жататын құбылыстарды лингвистикалық мәдениеттану пәнінің объектісі ретінде зерттеу қажет.

Кинесиканың ерекшеліктері мен функционалдық жүйесін ғылыми тұрғыдан алғаш рет қарастыру белгілі ғалым Ч. Дарвиннің үлесіне тиді. Зерттеуші тілдің шығу тарихы мен дене қимылы, ымның дамуындағы байланыстарды ұштастырды. Лингвистикада осы мәселе ХХ ғасырдың елуінші жылдарының басында АҚШ пен Англияда П. Бэтсон, М. Джос, У. Лабарр, П. Оствальд, Э. Станкевич, Ч. Хукетт т.б. тіл мамандары мен психологтардың жұмыстарында қарастырылды. Ал бұрынғы Кеңес Одағын қамтитын елдерде сонғы қырық.-елу жыл көлемінде осы ұғым сөйлеу әрекетінің элементі ретінде

Б. А. Успенский, Т.М. Николаева, Г. В. Колшанский, А. А. Леонтьев, Е. Ф. Тарасов, Ю. А. Сорокин, В. В. Андриянов, т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Белгілі ғалым Д. Хаймс атап өткендей, тілдердің арасындағы айырмашылық олардың коммуникативтік қызметіне байланысты, сондықтан да кез келген тілде өтетін қарым-қатынас процесінде тілдік және бейвербалды компоненттер ұлттық нышандарға ие. Паралингвистикалық амалдарға фонация (сөйлеу тембрі, дауыс екпіні, мелодиялық құбылыстар, кідірісті толықтырушы элементтер т.б.) және кинесика (ым, дене қимылы мен қалыбы) жатады. Аталған бірліктердің барлығы кез келген тілде кездеседі. Олар — қарым-қатынасқа қосымша мағына береді; кейбір тілдік амалдардың орнына қызмет атқарады; вербалды компоненттермен бірге коммуникативтік процесті жалғастырады;

Р.С. Немов вербалды емес қарым-қатынастың маңызы зор екендігімен келісе отырып, кеңес беру барысында клиенттің психологиялық жағдайы мен жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін белгілерді көрсетті. Олар: мимика, жест, интонация.

· Қолын басына қоюы — өзіне сенімді, өзгелердің алдында жоғары санайтын адамдардың қимылы. · Егер адам қобалжып, сынау немесе қорғаныс позициясын ұстанса – екі қолын көкірегінің алдына жинастырады; · Қолын көкірегіне жинастыруы – қорғанысты қажет ететін жағдайда тығылуға деген ұмтылыстың белгісі; · Егер сізбен әңгімелесуші адам екі қолын көкірегіне жинастырса, ол сіздің дегеніңізбен келіспей тұрғаны; · Өзінің жағымсыз сезімдерін жасыруға деген ұмтылысты иықты қарсы қолдың саусақтарымен қысқаны арқылы байқауға болады; · Егер қолды көкірекее жинастырғанда бас бармақ жоғары қараса, ол адам өзінің дәрежесін жоғары санағаны; · Қолды айқастыру, сондай-ақ, қорқыныш сезімінің туындағанын көрсетеді; Егер адам тамақ астын уқаласа, ол шешім қабылдау үстінде отыр; · Егер адамға өзінің шешімі жайлы айтуды сұрағанда ол аузына бір зат (саусақ, көзілдірік) салса, ол сенімсіз, алаңдауда, оған ойлануға уақыт керек болғаны; Егер адам желкесін алақанымен сипап, көзін шетке тартса, ол адам өтірік айтуда; · Екі қолын беліне қойып, бір қолымен екінші қолының білегін ұстаса, ол адам ашулы, ренжулі күде және өзін «қолға алуға» тырысуда; · Адам ашулы болған сайын, оның арқасындағы қолылы жоғары көтеріле түседі; · Адамның өтірік айтқанын немесе шынайы еместігін көрсететін белгілер: басын, бет бөліктерін қолымен ұстауы, әсіресе, аузын, мұрнын, көзін, құлағын және мойнын; · Саусағын аузына салуы, қолдауды қажет еткені.

· Саусақпен немесе тырнақпен устел бетін тарсылдату шыдамсыздықтың белгісі; · Егер айқасқан қолдару жоғарыда болса, бұл адаммен келісу қиын болады [3].

Қарым-қатынастың бейвербалды түрі көптеген зерттеу жұмыстарының тақырыбына айналған. Ғалымдар паралингвистикалық амалдардың сөйлеу әрекетіндегі маңызын айта келе олардың атқаратын қызметін пайызбен есептеп көрсетті. Мысалы: француз психологы Француа Сюлже және ғалым Альберт Мейербан адамдардың қарым-қатынасы вербалды амалдар (тек сөз арқылы) 7%, интонация, дыбыс және үн арқылы 38%, ал бейвербалды тәсілдердің көмегімен 55% өтеді деп атап көрсетті. Ал профессор Бердвислл сұхбат кезінде тіл 35%, ал бейвербалды амалдар 65% қызмет етеді деген тұжырым жасаған.[4. 162 б]. Паралингвистикалық амалдардың этно-мәдени белгісі ретінде олардың ұлттық мәдениетіне, соның ішінде салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына байланысты туған ерекшеліктерін атау керек. Кез келген лингвомәдени қауымдастық басқа социумдардан кинесикалық жүйесінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарына байланысты өзгешелетіні белгілі. Сол себептен тілдегі паралингвистикалық факторлар белгілі бір этностың ұлттық белгілері тұрғысынан зерттеліп, сол тілді үйренушілерге оқытушы ақпарат беруі қажет.

Коммуникацияның келесі бір түрі вербальды деп аталады. Коммуникациястильдері түрлі мәдениеттерде түрленіп отырады. Мәселен, Т.Г.Грушевская, В.Д.Попков, А.П.Садохин [5. б. 165-169] вербальды коммуникацияның төрт тобын (класын) бөледі:

* тура және тура емес;

* астарлы, дәл және сығымдалған;

* тұлғалық және жағдайлық;

* инструментальды және аффективті.

Вербальды коммуникация стильдерінің арқайсысына кеңірек тоқталайық:

1) Коммуникацияның тура және тура емес стилі. Осы стилдердің арқасында адамның ішкі пайымын және қатынас үрдісіне пиғылын білдіру дәрежесі айқындалады, яғни адамның ашықтығының дәрежесі айқындалады.Тура стиль адамның шынайы пейіл білдіруімен байланысты. Тура емес стиль қатынаста адамның тілегін, сұранысы мен мақсатын жасыруына мүмкіндік береді. Коммуникацияны таңдау түрлі мәдениеттерде қатынастың контекстуальдылығымен байланысты екені сөзсіз. Зерттеушілердің пікірінше, қатынастың тура, қатаң стилі төмен контекстуальды (айтылу контексі маңызды емес мәдениеттер) американдық мәдениетке тән, онда айтылмай қалу аз. Американдықтар сөйлесіп тұрған адамын тура да ашық әңгімеге тартады, оларға „Көңіліңіздегіні айтыңыз“, „Іске көшейік“, „Тура айтыңыз“ сияқты айтылымдар тән.Жоғары контекстуальды (айтылым контесі үлкен роль атқарады) мәдениеттерде тура емес стиль коммуникацияның жетекші стилі болып табылады. Мұндайда тура емес, қос мағыналы коммуникация басым болады, бұл басқа адамды сыйлаудан туған. Бұл көбіне ұжымдық мәдениеттер. Мәселен, „ керегі жоқ“ немесе „сізбен келіспеймін“ деп кесіп айтпайды. Әдетте

олар „негізі сізбен келісемін“ немесе „сізге жаным ашиды“ сияқты жалтарма жауаптар береді. Мұның бас тарту екенін жағдайдың контексінен түсінеміз.

2) Коммуникацияның озат, дәл және сығымды стилі. Бұл стильдер тілдің экпрессивті құралдарын, үзілісті, үнсіздікті қолдану дәрежесін көрсетеді. Озат немесе астарлы стиль қатынаста бай, экпрессивті тілдің қолданылуын қажет етеді. Мәселен, араб мәдениеттерінде сыйдан бас тарқанда, „жоқ“ деп қана қоймай европалықтың немесе американдықтың көзқарасы тұрғысынан мүлде қисынсыз анттар мен сендіру сөздерін қоса айтады. Себебі кейінгілер қысқа айтылымды қажет ететін дәл стильді қолдануға үйренген. Дәл стиль ақпарат беру үшін қажетті және барынша қысқа (қажеттіден көп те емес, аз да емес) айтылуында. Сығымды стильге қысқалықпен қоса жалтару, үзіліс жасау мен мәнерлі үнсіздік те енеді.Көптеген таяу шығыс мәдениеттеріне астарлы, Батыс Европа мен АҚШ үшін дәл, көптеген азиялық мәдениеттер мен американдық үндістердің кейбір мәдениеттеріне сығымды стиль тән.

3) Коммуникацияның тұлғалық және жағдайлық стильдері. Коммуникацияның тұлғалық стилі қатынаста екпінді индивидтің тұлғасына, жағдайлық стилі оның рөліне түсіреді. Вербальды құралдармен тұлғалық стильде мен-ұқсастық, ал жағдайлық стильде рольдік ұқсастық күшейтіледі. Әлеуметтік теңдікті білдіретін тіл тұлғалық стильді пайдаланып, жеке (индивидуальный) мәдениеттерге тән, жағдайлық стиль қоғамдық қатынастардың сатылығын білдіріп, ұжымдық мәдениеттерге тән деуге болады.

Мәселен, американдықтар басқалармен араласқанда мінез-құлықтың формальды кодтарынан, атақ-даңқтан, құрмет көрсету мен салт-дәстүр нақыштарынан қашқақтайды. Ол сөйлесіп отырған адамын атымен атап, вербальды қатынас стилінде жыныстық айырмашылық жасамауға тырысады. Жапондықтар өздерінің адами қатынастарында формальдықты ең басты санайды. Олар қатынастың сыпайы және болжамсыз болуына мүмкіндік береді. Жапон тілі әңгімеге қатысушылар рольдік позицияға қоюға, дәрәжелік сатыда әркімнің орнын айқындауға бейім.

4) Коммуникацияның инструментальды және аффективті стильдері. Бұл стильдер вербальды коммуникацияға қатысушылардың қайсысына бағдарлануымен айрықшаланады. Қатынастың инструментальды стилі сөйлеуші мен коммуникацияның мақсатына, ал аффективті стиль тыңдаушы мен коммуникацияның үрдісіне бағдарланған. Инструментальды стиль айқындылыққа жетісіп, әңгімелеушінің келісімін алу үшін дәл білімге сүйенеді. Инструментальды стиль адамның өзіне сенуіне, бет-бейнесін көрсетуіне, жеке қасиетін білдіруіне және өзгеге тәуелді болмауына мүмкіндік береді. Аффективті стиль, керісінше, қатынас үрдісінің өзіне, әңгімелеушінің сезімі мен сұранысына бейімделуге, топтық үйлесімге жетісуге бағдарланған. Бұл аффективті стиль кезінде адамның байқап сөйлеуіне, оқыс пікір айтудан сақтануына соқтырады. Сол үшін дәлсіздіктерге сүйеніп, тура, кесіп айтудан қашқақтайды. Әңгімелесуші екі жақта осы стильді ұстанса, айтылғанды түсіндіру, оны тексеру проблемасы үнемі туындайды, бұны жанама түрде жүргізуге тура келеді. Мұндай жағдайда не айтылғаны емес, не істелгені маңызды. Сөйлеудің аффективті стилінде қатынас контексі ерекше маңызға ие

болады. Қатынастың жапондық стилі коммуникацияның аффективті стиліне үлгі бола алады. Сөйлеушіден сөздер арасындағы мәнге интуитивті сергектік таныту күтіледі. Сөйлеушілерден бірін бірі түсіну үрдісін өзіне басты мақсат етіп қояды. Сөздердің өзі вербальды айтылымдар нақты мазмұнға шара ретінде ғана қызмет етеді, оларды ақиқатты бейнелейтін нақты фактілер ретінде ешкім қабылдамайды [6, б. 73−75]. Коммуникативтік стильдердің аталған варианттары барлық мәдениеттерде бар, алайда арқайсысы оны өзінше бағалап, оларға өзіндік мән береді. Әр жағдайда коммуникация стилі белгілі бір мәдениеттің негізінде жатқан құндылықтар мен нормаларды, әлемді өзіндік танымын көрсетеді.

Сөйтіп, коммуникация, тіл, қоғам, мәдениет сияқты ұғымдар түрлі мәдениет иелерінің арасындағы қатынаста тілдік сәйкессіздік туу тұрғысынан мәдениетаралық коммуникациясын маңызын ашу үшін теориялық негіз жасауға ықпал етті. Тілдің байлығы мен маңызы жеке халықтың мәдени факторлары арқылы ашылады [7]. Мәдениетаралық коммуникацияны жеке ғылым ретінде де қарастыруға болады.

Әдебиеттер:

1. Loreta Chodzkiene, What every student should know about intercultural communication, Vilnius, 2014

2. Горянина В.А. Психология общения: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений/-3 изд., стер. –Москва: Издательский центр Академия, 2005. -415 б.

3. Zhasiya Urinbaeva, Вербалды коммуникация, 2016, https://prezi.com/g4s7gfq2quvo/presentation/

4. Пиз А. Язык теледвижений. Как читать мысли других по их жестам/Перевод с англ. — Нижний Новгород: Ай Кью, 1992. — 262 с.

5. Грушевицкая Т.Г., Попков В.Д., Садохин А.П. Основы межкультурной коммуникации : учебник для ВУЗов / под ред. Садохина. − М. : Юнити-ДАНА. 2003. − С.165 −169

6. Садохин А.П. Межкультурная коммуникация : учебное пособие. − М. : Альфа-М; ИНФА-М, 2004. − С. 73−75

7. Арзан Жумагулова, Мәдениетаралық коммуникация — түрлі мәдениет иелерінің арасындығы тілдік қатынас құралы,http://group-global.org/ru/publication/24908-mdenietaralyk-kommunikaciya-turli-mdeniet-ielerinin-arasyndygy-tildik-katynas, 08 маусым 2015

8. Сейсенова А. Д., Лингвистикалық мәдениеттану: этикет формаларына салыстырмалы талдау, диссертация, Әл-фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық Университеті, Алматы, 1998 ж.

Педагогика
Қанағатова Мақпал Серікжанқызы, Үштілділік – заман талабы

Мақала авторы: Қанағатова Мақпал Серікжанқызы
Жұмыс орны: «Павлодар технологиялық колледжі» КМҚК
Лауазымы: Оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 25.02.2018

Үштілділік – заман талабы

Үштілділік – заман талабы. Елбасы өзінің «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үштілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақтілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген  болатын.

Бүгінгі таңда Елбасымыздың үш тұғырлы тіл саясаты салиқалы да сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Соның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, техникалық және кәсіптік білім берудегі педагогикалық кадрлар тобы Ұлыбритания мемлекетінде Шетелдік тағылымдамадан өтіп келді.  Аталған тағылымдамаға Павлодар облысынан Павлодар технологиялық колледжінің оқытушысы Қанағатова Мақпал Серікжанқызы қатысты. Тағылымдама Глазго қаласының Глазго Каледониялық  университетінде педагогикалық кадрлардың ағылшын тілі деңгейін арттыру және кәсіби құзіреттіліктерін жетілдіруді көздейді.

Қанағатова М.С. елге оралған соң шет елден үйреніп келген тәжірибесін әріптестеріммен бөлісе отырып, «Үш тілді оқытуды дамыту бойынша кешенді жоспарды жүзеге асыру аясында» атты 22 ақпан күні, Павлодар технологиялық колледжінде  облыстық семинар-тренинг өткізілді.

Семинардың басты мақсаты қазіргі таңда үш тілді дамытудың маңыздылығын насихаттау, жəне біздің жас мамандарымыздың шет елдегі алған тəжірибелерімен бөлісу. Тренинг қонағы ретінде Малайзияда білім алған, Семей қаржы-экономикалық колледжінің информатика пəні мұғалімі Амежанов Жасұлан Жасболатович қатысты. Жас мамандар шет елдерде алған білімдермен қуана қуана бөлісті. Біздің жастар гана шет елге жүре бермейді. Қазіргі таңда еліміз басқа елдердің студенттерін шақыруда. Соның бірі ПМУ студенті Ноа Салако. Ноада семинарға қатысып өз елінің білім беру жүйесі туралы көптеген мəліметтермен бөлісті.

Педагогика
Айнұр Серікқызы, Әулет педагогикасының қағидалары

Мақала авторы: Айнұр Серікқызы
Жұмыс орны:
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 22.01.2018

Әулет педагогикасының қағидалары

Әулет пелагогикасының қағидалары
( Алғашқы әңгіме)
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер-тәрбиелеу санасына,еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі-жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер-бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады, Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен даңғыл жолға-әдіске айналады.Бұл бүгүнгі педагогикаға сүйенген тұжырым.М.Жұмабаев былай дейді. «Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тарбиясы баяғыдан бері сыналып,көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандық-тан,әрбір тарбияшы,сөз жоқ,ұлт тарбиясымен таныс болуға тиісті.Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» Осы кезге дейін Қазақстанда ,ұлттық тәрбиеге қатысты, әжептәуір зерттеу жұмыстары жүріліп,қомақты білім қоры жиналған.Көпшілігі арнаулы педагогикалық орта және жоғарғы мектептерде берілетін этнопедагогикалық білім, пәндік курстар төңірегінде болып келеді. Ал,қалғандарының ішінде,қазақтың белгілі дәуірінде, кезеңінде өмір сүрген ойшылдар мен ақын-жырау, ағартушылардың ой-пікірлері сараланадыЖалпы білім беретін мектептерде 3-4 бағытпен жасалған,ұлттық тәрбиелік- арнаулы бағдарламар мен тереңдетілген сабақтар,факултетивтер оқытылады.(Ұлттық тәрбие ілімін оқыту,білім беру ісі анағұрлым жүйеленген,жолға қойылған.Бұлай деу,бәрі де болды,жетер енді деген тоқмейілсіну бола қоймас)Бүгінгі жастардың тәрбиеленген денгейі, олардың игерген ұлттық әдеп,мінез-құлық,дағды–әдетінің шама-шарқы тіптен төмен жатыр.Мәселен, «иманды ұл,ибалы қыз» тәрбиелеген қазақ жолы дінге қатысты делініп, ескерусіз қалған.Ұлттық тәрбиенің ауданды тәрбие құралы «олар ескі наным-сенімге байланысты туындаған» деген айдар тағылып қолданыстан шығып қалған.
Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы бір сырлы»қазақ азаматын дайындау; адамгершілігі, кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске-шебер,шаңырақ иесін, отағасын, кәсіпшіл-көпшіл ұлттық тұлғаны қалыптастыру екені белгілі.Осы мақсатқа жету үшін,қандай қағидаларды басшылыққа алып,іс-әрекетінде нендей ережелерді ұстанған? Ұлттық тәрбиеде ұстанған қағида жоқ,ол, кездейсоқ іс-қимыл арқылы,болжаусыз түрде, бейберекет жүрілген өмір құбылыстарының реттеусіз әрекеті деп айтушылар бар болғанымен, «міне,мынандай қағидалар болған»деп, ғылыми тұжырым жасап,уәж айтушы да жоққа тән. Сондықтан, бүгінгі ата-аналар,ұстаз-тәрбиешілер ұлттық тәрбие тәжірибе-сіне бет бұрғанымен «дәл осылай»деп,басшылық ететін,есінен шығармай үнемі санасатын қағида қалмаған тәрізді. Олар,амалсыздан «нәтижесін Аллаһ біледі», «кезі келгенде көрерміз», «уақыт көрсетеді», «тисе терекке, тимесе бұтаққа»деп, «әйтеуір зияны жоқ шығар» деп нені ойға алса,соны жүзеге асыратын болған.
Ұлттық тәрбие нәтижесіне негіз болып,оның нәтижелі болуына тура ықпал жасайтын, ауыздан-ауызға тарап, жазылмаған заңдай қалыптасқан,тәлім-тәрбие игерту,қазақ үрдісіне сіңіскен,қалыптар мен ережелер жиынтығын,біз,тәрбиенің қазақи қағидалары деп атадық. Ондай ұғымдарды жалпы және ерекше қағидалар деп екіге топтастыруға болады.
Бірінші.Тәрбие-екі жақты әрекет.Ұрпақты өсіріп,оны айтулы азамат болдырып тәрбиелеу ата-ананың, тәрбиелеуші-ұстаздардың абзал борышы, өмірдің бұлтартпас заңдылығы екенін түсіну.Ұрпақ алдындағы борышын абыроймен атқару саналылығы. Ұрпақ тәрбиелеу: ел алдындағы,Аллаһ алдындағы өлшеусіз қарыз, мойындалған парыз.Атам қазақ ұлым өсіп ер жетсе,есігім жабылмайды,әулетім жалғасады.Қызым бой жетсе ,өрісім кеңейеді, достығым, тірегім нығаяды» дейді. Ал,А.Байтұрсынов:«Балам дейтін жұрт болмаса,жұртым дейтін бала да шықпайды». «Өсетін ел ұрпағын ойлайды.», «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,жақсы –жаман болса да,бала-солардан»,«Ата–ана ақылы сайрап жатқан жолмен тең.»Ал,ұлы педагогтар былай дейді. «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».К.Ушинский «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.»А. Макаренко «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»
Қазақ халқы ұлық педагогтардың өсиет-өнегесін естіп білген-білмегенін айта алмаймын.Алайда,ұрпақ алдындағы тәрбиелеу борышын абыроймен атқарып келгенін
дәлелдей аламын.Кешегі отағасы-әкеде суық қабақ, отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы
қарттарда ақылман абыздық болған. Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары,жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты,дөрекілерді жүндей түтіп, жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған. Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді. «Әке-асқар тау, ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында, әкенің отырар орыны, жатар жайы, ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ. «Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас», «Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ, Айтайын шын жүрекпен.Әке деген ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!»Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес!Ол -олма,әкелер, ұрпағының келешекте жан бағып, тіршілік жасар кәсібін, талғажау ететін «нан-бауырсағын» бала жанқалтасына салып беретін.Иә,біздің аталар-ымыз, «үй-іші әкеге,әлеумет рубасына бағынған,тапқа жікке бөлінбеген қазақ орта-сында туып өсті.» «Әкеге бағыну-Аллаһқа бағыну»- деген екен Пайғампарымыз(с.ғ.с.). Ал,біздер анамыздың:«Әкең келе жатыр!»-деген бір ауыз сөзін естігенде,әке алдында мінез-құлық,іс-әрекетімізден, емтихан тапсыратын шәкірттей дайындалатынбыз. Әкеміз бізге-пайғампар еді. Ата-анаға сәбилері періштелер еді. Айналамыздағы туыстар біз үшін сақабалар болатын. Баршаға жар салып, М.Жұмабаев: «Күн шығыста ақ алтын бір сызық бар:Мен келемін,мен пайғампар-Күн ұлы.»-деді емес пе? Күні бүгін қазақтар өзінен үлкендерді;«Пайғампар-пейілді,пайғампар-ниетті,пайғампар-көңілді,пайғампар жастағы» -деп сыйлап, құрметтеп, сөз тәмсілі етеді. Хазреті Хасан Басри қағбаны тәу етіп жүріп,жүк арқалаған бір жас жігітті көріпті.-Не үшін жүгіңмен бірге тәу етіп жүрсің?-деп сұрапты. Арқалап жүргенім жүк емес, әкем.Қасиетті қағбаға әкемді жетінші рет арқалап әкелдім.Өйткені ол менің бойыма имандылық нұрын септі. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі.-деп жауап беріпті.Сонда хазрет:-Әкеңді осылай қияметке дейін арқалап жүрсең де,бір рет ренжітсең,бұл жақсылықтарыңның барлығы босқа кетеді. Егер әкеңді бір рет қуантсаң,осыншама қызметтің сауабына жолығасың,-деген екен
Қасиетті де,киелі,ардақты да,айбарлы-Қазақ Ана-отбасының берекесі,бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болумен қатар қоғамда үйлесімділік пен қарым-қатынас жарасымды-лығының негігі тірегі болған. Сондықтан, Ана- ұлттың ұлт болып қалып-тасуына, сақталуына,дамуына тура ықпал етуші –қоғам мүшесі.Ол-ата салттың,отбасы тәрбие дәстүрінің сақтаушысы,таратушысы,жаршысы,әулет мектебінің тең дәрежелі-бас ұстазы.Қазақ халқының күллі өнері мен мәдениетінің-падишасы, төл иесі.Қазақтың күрсескерлік, жауынгерлік,ерлік дәстүрлерінің нағыз майталманы,бірегей пайғампары. Ана үйдің шырағы,әке үйдің пырағы. «Ана -сая болар бағың болса,әке-асқар тауың» дейді қазақтар. Отбасының алтын қазығы-Ана.Ана тәрбиесі қызға,әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана-ақылшың,әке-қамқоршың,аға-қорғаушың,інің-сүйенішің,қарындасың-қанатың.Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем,Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ.Ата-ананың борышын орындауда қазаққа тигізген мұсылман өркениетінің ықпалы орасан зор болған.Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен жаралып,күннің нұр шапағынан нәр алып,бүр жаратынын атам қазақ ерте заманнан-ақ білген ғой.Алаш баласының ананы айрықша ардақтап,есімін асқақ ұстайтыны да содан болу керек. Шынында да ел бастаған көсем де,топты жарған шешен де,аузын айға білеген ақын, семсерін көкке суарған батыр да,ой кенін қазған ғалым да,әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған. Туған халқының атақ данқын дәуірлетіп,дүйім дүниеге танытатын аналар емес пе? Иә,олар қазақтың алтын құрсақты,абзал жанды аналары!Атам қазақ осындай аналарды арман етті және сенімді түрде өмірге дайындады.Олардың арман мұраты тамаша табыспен орындалып отырған.Сол бір еңбек пен тәрбие негізінде олар өмірге келді және олардың есімі, өнегесі,ғибратты ғұмыры тарихта қалды.Тіпті Аллаһ тағаланың өзі әз-ананы ерекше жаратты. Аллаһ ананы барлық жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне сыйдырып,жан дүниесі тек мейірімнен суарылған,жан-жағына күннің көзі сияқты нұр-шуақ сеуіп тұратын,көп қырлы жахут гауһардай етіп жаратты. Сулудың сулуы,әсемнің әсемі, асылдың асылы –Ана ғана. Онымен теңдесер жаратылыс жоқ!Ананың алдындағы перзенттік парыздың өтелмейтіні рас.Бірақ өтеу үшін жаныңды да аяма! «Жұмақтың кілті анаңның табанының астында жатыр» деген ұлағатты сөз бар, қазақта.Ананы, барыңды салып бас иіп, алақаныңа салып аяласаң, айтқанын орындап, құрметтеп құлдық ұрсаң, кілтке қолын жетіп қалуы мүмкін.Үмітіңді үзбе, тырысып бақ!Пайғампарымыз (с.ғ.с.)дың өсиетін әсте есіңнен шығарма.Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «бала дүниенің хош иісі»-деген.Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне мусылмандық әдептің орнығуы, біздің дәстүрлі әдептеріміз нығаюына,оны өмірде басшылық етіп ділімізге сіңіруде үлкен әсерін тигізді. Мәселен, Құранда: «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық қылудын ұсқадық», (Ганкабут.с.8)десе, «МенНәбиден(с.ғ.с.): АллаһТағаланың ең жақсы көретін амалы қандай?-деп сұрадым, Ол(с.ғ.с.): «Уақытылы оқылатын намаз», -деді.-Одан кейін ше?—Ата –анаға жақсылық істеу.-Ал,Одан кейін ше?—Аллаһ Тағала жолында арпалысу.» (Абдуллаһ ибн Масьуд)-деп айтты.Ата -анаға жақсылық істеу исламда өте жоғары дәрежеде маңызға ие. Пайғампарымыз(с.ғ.с.): «Аллаһ Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында,ал ашуы ата-ананың ашуында» (Абдуллаһ ибнОмар),-деп көрсеткен. «Пайғам-пардан(с.ғ.с.): Я,Расулуллаһ, жақсылықты алдымен кімге істейміз?-деп сұрағанда. Ол(с.ғ.с.)-«Анаңа!»-деді.Онан кейін ше?-Анаңа!-Ал, онан кейін ше?-Анаңа! Ал,Онан кейін ше? –Әкеңе!(Әбу Һурайра)-деп, анаңа деген сөзді үш рет,ерекше мән беріп қайталаған.Ата-анаға жұмсақ сөйлеу,ата-ананың өсіріп жеткізген қарызын қайтару туралы әдептер хадистерде тым ашық көрсетілген. Егер ата-ананы қадірлемесе тартатын азап, көретін жамандықтарын да, әдепсіздіктің алдын алу және жою жолдарын да нұсқап берген. Мысалы ата-анаға жақсылық істегеннің ғұмыр жасын ұзақ етсе,ата-анасын кәдірлемесе,оның көз жасын төксе,дөң айбат сөз айтса,ата-анаға қарсы келсе, қарттарға қарамай қойса тым ауыр күнәға жазылып, тозаққа кіретіндігі нақты дәлелдермен ұқтырылады. Айталық,«Нәби(с.ғ.с.)үш қайтара; «Қорболсын! Қорболсын! Қорболсын! -деген. Маңайындағылар;«Я,Расулуллаһ (с.ғ.с.), кім?-деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.) «Ата анасы немесе ата-анасының бірі қартайған шағында (оларға қарамаудан) тозаққа кірген адам» Ұрпақ ата-анаға борышты екенін түсініп,ағайын туыс,ата-баба намысына, абырой-атағына кір келтірмей мейлінше оны әспеттеп ардақтау зор міндет,үлкен бақыт.Жақсы бала ата-ананың аңсаған қуанышыШығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар. Бала ата-анасын қуантарлық іс-істеген кезде олардың төбесі көкке жеткендей болады.Ата-ана баласына кішкентай кезінен бар жақсылықты үйіп-төгіп өсіреді. Бала бақыты үшін қолынан келгенін аямайды.Міне,бірінші кезекте бала ата-ананың осы бір еңбегін жете түсінуі керек. Бала дайын тәрбиені үнсіз мәжбүрлі игеруші жасық,әлжуаз, талапсыз, керенау жан емес.Ол өсіп жетіліп келе жатқан,ұшқыр ойлы,терең сезімді, ынталы, дамуға құмар,көруге қырағы, естуге алғыр,жалын атқан жас болғандықтан тәрбиені саналы игеруге тиіс.Ондай қарым-қабылыт барлық балада бар. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес.Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады».( М.Ғабдуллин) Дәлірек айтқанда тәрбие жат жұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес! Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес,көзсіз қабылдар сүйекке сіңірер уыты да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің арымен ақталар қайырымы бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс,басына қонған бақыт.Тәрбие ісінде,мұрат мақсатың орындалса,одан асқан қуаныш болмайды. «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы құлықты, қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ,Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты ,Тәңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін себебі осында.Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жары-майды.Сондықтан,тәрбие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс, жан сезімінің жайдарлану,рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы.Баланың ата-ананы ардақтап,өзінің перзенттік қарызын бір сәт естен шығармауы,тіпті олар келмес сапарға аттанған соң да олардың рухы мен аруағы алдындағы міндетін ұмытпауы-адамгершіліктің белгісі.Бұл- жас болсын, жасамыс болсын баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы, парызы.
Қазақ:-Ей балам!Сен әуелі ата-анаңды құрметтеп,олардың қас-қабағына қара.Оларды шын пейілмен сүйе біл,ренжітпе. Атаң қорғаның,анаң қазығың екенін есіңнен шығарма. «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді.»Ата-анаңның абыройы үшін күрес. Олардың атына кір келтірме.Ал,Киікбай шешен:«Ақылым-атам, білімім-бұрыңғы бабам, салтанатым- сабырым,сүзіп сөйлейтін сөзім.Нан табарым–нарым,жанашырым-анам мен жарым,-деген. Тәрбиеде тәрбиеленуші де,тәрбиелеуші де бірдей міндетті,бірдей жауапты болу керек деген қағида осыдан туындаған.Ата-әже,әке-шеше өз міндетін атқара алатын, бала да тәрбиеленуге келетін,оны саналы түрде бойына сіңіре алатын болуы шарт.Көлгір тәрбие дәру болмайды.
Екінші.Тәрбие нәтижесі ортаға байланысты,орта тәрбиелі болсын Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны алады.Ағаға қарап іні өседі.Алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба соңынан жүреді.Екі қарттың ортасында бір бала дана болады.Екі баланың жанындағы бір қарт бала болады.Қатарына қарап бала өседі.«Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» – Абай.Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру-тәрбиенiң өзегi.Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады. Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап,олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай білген.Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан,ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.Үлгі-өнеге-өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ол сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа»-деген байырғы Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек — ата-ана,тəрбиеші, дос-жаран.Үлгінің психологиялық негізі-еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Жас өспірімдер өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында.Жастар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып,болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару-міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн. Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.Сонымен,сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, ұстаз таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді. Бұл айтып отырғанымыз,бүгінгі педагоги-кадағы нұсқаулар.Осыны Фараби бабамыз былай өрнектеген. «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек,ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп жаңа өмір жолында жасампаз рухани күштердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады». Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Сондықтан да, ата-ананың балаға берер тәрбиесінің рөлі жоғары. Ата-аналар балаларына тәрбиелі болуды үнемі уағыздайды,теріс қылығын көріп қалса, ұрысып жекиді,кей жағдайда қол да тигізіп жатады.Іс жүзінде дұрыс үлгі, жақсы өнеге көрсетуге шамасы жетпей қалады.Ата-ана,ағайын-туыс,ата-әже нағыз тәрбиелі азамат («жақсы ұл,жақсы қыз»)қандай болу керектігін іспен,өнегемен көрсетуі тиіс. «Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.»(Ж. Аймауытов).
Үшінші. «Тәлім мен білім кілті-тіл», «Тәрбие басы-тіл»,«Үлкеннің тілін алған жас,сүрініп қабынбайды.Көрініп тұрғандай тіл мен тәрбие егіз. Ұлт қасиеті тілінде.Тілі өлген ел-тірі өлген ел.Тіл-қай халық үшін өнер, байлық,әдеп, үлгі, өнеге. Ж.Баласағұн(ХІғ.)«Кісіге құт-тілден»-деген А.Йүгінеки(ХІІғ.) «Әдептілік басы-тіл»-деген. Тіл жүйріктен де озар.Сөз адамның айнасы. Өткір сөз-өлмес ерлік,өшпес мұра.Тіл-жаның,діл -арың.Тіл айтуға оңай, естуге қиын.Сөз байлығы -тіл байлығы. Тіл байлығы- ой байлығы Қазақ қоғамы:серт сөзді, семсер тілді, сегіз қырлы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса, «шенді шекпен жаппайтын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын». Қазақтың марапаты да- сөз, жазасы да -сөз. Сол себепті,әулет мектебінде негізгі тәрбие құралының міндетін сөз атқарған. Мысалы,ұлықтау,ардақтау , баға-лау,кешірім ету,тағзым ету, көңіл айту, тыйымдық сөздер,ескертпелік сөздер, естірту, жоқтау, т.б. Тіптен, әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де-«Сөз өнері» болған. Бұл жағдай, қазақ деген халықтың сөзді тыңдау, сөзге тоқтау,сөзде тұру, сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысын,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне, өзгеше мінезіне. айналдыра алған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген. Қазақ тілмен азамат,тұлға тәрбиелеген. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі-сойыл.Тәрбиелеу қазақ ілімінің басты қағидасы-ұлттық тілді жете меңгертіп,сол арқылы тәрбиеле!
Төртінші. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – осы заманғы оқыту және тәрбие беру жүйесіндегі негізгі принциптерінің бірі.Ал,қазақ ілімінде: тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады»,«Балаға үміт арту-әкенің парызы, ақтау-баланың қарызы» деп ой түйіндеген Адамтану қазақ ілімінде бала-ның даму ерекшелігі өте дәл, әрі өте қызықты сараланған.Мысалы; нәрестенің кіндігі түскенге дейін;қырқына дейін;тұсауын қиғанға дейін:жетіге дейін;ұл және қыз жасы;бозбала, бойжеткен жасы:күйеу жігіт,қалыңдық (жар болар жасы) кезеңі т.с.сАл,мұның өзін еңбекке араласуына сай:қозы жас,қой жас,жылқышы жас т.б.),нәресте, сәби, балдырған, жас ұлан,жеткіншек деп,баланың ақыл-ой,денесінің дамуына сай жіктеп қарастырады.Міне осы жас кезеңдерінің жеке өзгешеліктерімен санасып тәрбиелеу қағидаларын қалыптастырған. Мысалы,«Алтыға дейін атаң ды(кей өлкеде ауылыңды таны) таны,жетіге дейін жеріңді таны»,«Жетіге дейін жерден таяқ жейсің!», «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбеске(он үшке) дейін қосшыңдай сана,онбестен асқан соң досыңдай бағала!» Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары екендігін халық ерте ұққан.Жас ұрпақ тәлім тәрбиесінде,қазақ: «Балаға-Тоқта!-деген сөзді дер кезінде айтпаса, кейін кеш болады» деген қағида ұстанған.Басқаша айтқанда:«Балапан басында, тұрымтай тұсында» демекші, әр нәрсе дер кезінде әсерлі,ықпалды болмақ.Уақыт барлық құбылысқа есепші әрі сарапшы. Балаға берілуге тиісті тәлім-тәрбие,білік-дағды оның жас
шағында іргесі қаланбаса,негізі қалыптаспаса,уақыт өткен соң,қисық ағаштай қыңырлық көрсетуі мүмкін. Сондықтан,мына қағида өмірге келген.«Жастай берілген тәрбие, жас шыбықты игендей.»Баланы уыстан шығарып алып, опық жеудің өзі қайғы.Айталық,бес жас ойын баласының жасы екені рас. Алайда,жеті жасқа келсе де, ойын баласының ортасында, тайраңдап жүрген ұланға: «Қойсайшы-ей,…жарбақтамай, балдырған емессің ғой!»-деу арқылы оларды тия қоятын.Қазақ баласының өсіп даму әр кезеңінде оларға арнап жасалатын жол-жора,рәсім тәмсілдер бар.Айталық «Алтыға дейін атаңды таны» деген болғандықтан қазақ баласы бұл міндетін қайткен күнде атқаруға тиіс.Жетіге дейін жеріңді таны дегендіктен қазақ баласы жерін тану дағдысын игеруі парыз.Ата-анасы сол баланың міндетін атқаруына басшы болуы керек,әрі мүмкіндік жасауы қажет. Өмірлік білім беру,тәрбиелеу дегеніміздің өзі-нағызында осы!Ал,ағайын,балаңыздың осы міндеттері орындалып па еді? Еске түсіріп қойғаныңыз жөн ақ.Бұлай деуімнің екінші ұшы,баланы-адам ретінде құрметтеп қадыр-тұтудың, олармен тіл табысып түсінісудің басты шарты осы ғұрыптарды атқару болып табылады Мысалы, атқа мінгізу, тоқым қағу,сүндетке отырғызу, тырнақалдысын белгілеу, тілашарын атап өту т.б.« Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол — кез -келген нәрседе үлгіні қажет етеді Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ.»(Ғ.Мұстафин) ( жалғасы бар)

Айнұр Серіқызы
16 қаңтар 2018

Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Саналы тәрбие қағидаты бұзылғаны несі?

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеткер
Лауазымы: зейнеткер ұстаз
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2018

Саналы тәрбие қағидаты бұзылғаны несі?

Саналы тәрбие,сылдыр сөз,тұлдыр үлгіге неге айналды?Құлақ мұрын,бет –бейнесі анық емес,берері мен көрсетері дүдәмал,,тіпті имани мазмұны,руханы азығы жалаң,ғылыми негізі жұтаң,өсиет-өнегесі нәрсіз ,жасұрпақты жалықтыратын,сағыздай созылған үндеулер мен ұрандарға,орындалуы шүбәлі мақсаттар мен жобаларға малшынған бүгінгі тәрбиелеу тәсілі, кісі қалыптастыру амалы,тұлға тәрбиелеу жол-жорасы,адам жетілдіру, өңдеу әдісі, түр тұлғасы жынойнақ шеңберінде,әдепсіз, түрпайы,тағы, нәпсіқұмар, қатыгез, ашкөз,алаяқтардың туып шығып жатқаны қандай тәрбиенің нәтижесі,нендей үлгі-өнегенің ықпалы?
Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл — парасаты мол, мәдени- ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Саналы ұрпақ-саналы тәрбие нәтижесі.Саналы тәбие дегеніміз не еді?Заманға сай осы ұғымымыз өзгеріп кеткен шығар..Сондығынан болып,қоғамда жүріліп жатқан күллі тәрбиелік іс-әрекеттер бізге «санасыз болып» сезіліп,танылып жүруі де мүмкін ғой!
. Сана — объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана эрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам санасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды. Сана дегеніміз – объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығар-машылық бейне. Сана-қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда да көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер,приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді.Қазақ мұны қолында өсірген жылқысынынан,баулыған құсынан,басқа да жануарлардан көріп,байқап ерте аңғарғаг. Одан кейін жануарлардың өзіндік «моралі», өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі-еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды Бұл материалистік ұғым болғанымен саналы тәрбие мәнін ашуға жеткілікті көзқарас.Адам санасы үш түрлі қызмет атқарады, олар-ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну;ерік арқылы мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу.Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық ұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай рухани қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік. «Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекет-терін жүзеге асыруға көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады».« Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында әл- Фараби өз заманында сирек кездесетін ойлар айтады. Адам өмірін жай ғана сүрмей, үнемі қайырымдылық жасауға, ізгілікке, жақсылыққа қарай ұмтылуға қажеттігін ескертеді ұлы ойшыл, сонымен қатар қоғамдағы ең негізгі рухани құндылықтарға – «өзара көмектесуді» жатқызады. « Қайырымдылық екі түрлі болады, — дейді ғұлама: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық – (жанның) ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық – (жанның) ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді». Бұл жерде этикалық қайырымды-лықтардың нағыз рухани құндылықтар екендігін атап өтуге болады .Сонымен қатар осы қасиеттердің тұрақтануы үшін көп рет қайталануы және соған үйренуі қажет екендігі айтылады. Бұл адамның тұлға болып қалыптасуындағы рухани дамудың ролі зор екендігіне қарай бағыттайды. Тəрбие сөзі араб тіліндегі халаха түбірінен шығады. Мағынасы: мінез, табиғат, жаратылыс, сипат деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасына сай, адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани таңдауларды, мінездер мен қатынас-тардың жиынтығын тәрбие деп атаймыз. Жалпы ислам сөзінің тілдік мағынасы: мойын-сұну, мейірім, шапағат, тәрбие, қабылдау деген мағыналарды береді.Терминдік мағынасы: Пайғамбарлар арқылы жаратушы тарапынан жіберілген әмірлер мен тыйымдардың
жиынтығы. Осы әмірлер мен тыйымдарға мойынсұна отырып тәрбиеленген адамды
«Мұсылман» деп атаймыз. Демек, мұсылман тәрбиелі адам деген сөз екен. Ислам дінін-де ахлақ (тәрбие) екі топқа бөлінеді: 1. Алла тағала алдындағы (тәрбиеміз) немесе міндет-теріміз. Бұған: Намаз, Ораза, т.б. ғибадат құлшылықтарымыз жатады. 2. Жеке тұлға мен
қоғам арасындағы міндеттер, тәрбиелік қарым-қатынастар Бұған: Өмір сүріп . отыр-ған қоғамдағы жеке тұлғалық барлық қарым-қатынастар (әке-шеше, жанұя, Отан, ұстаз, шәкірт, қоғам алдындағы міндеттеріміз т.б) жатады. Ислам дінінің тәрбиеге берген маңызының тағыда бір бұлжымас айғағы-Раббы сөзі тәрбиеші сөзімен тікелей мағыналас. Орыс тілінде “Тәрбие” сөзі асырау, өмірге үйренбеген, көмекті қажет ететін әлсіз, нәрестені тамақтандыру деген мағына береді.Қазақ түсінігі бойынша (шығу тегі көне түрік тілінің иг-ер,иг-дір-іл-ген,баулынған,жігерлендірілген,тәрбиеленген) : «Тәрбие- кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» (М. Жұмабаев)Олай болса саналы тәрбие дегеніміз айтылған ақыл-кеңес,берілген үлгі өнегінің қажеттілігі мен маңызын санаға салып,ойланып –толғанып,жан азығын,жайсаң мінезбен,асқақ көңілмен,шын ниетпен қабыл алып,ұстаздың ықыласына көніп,тілін алуды айтамыз.Тәрбиелеу-тәрбиеші тәрбиеленушінің жан сарайының кілтін тауып,оны жан жылуымен нұрландырып, көкірек көзін аша отырып,айтқанына көндіріп,соңынан ерте білу өнері болмақ.Осы ниеттен, европада пелагог ұғымы пайда болып қалыптасқан.Европа педагогикасының даму көшінде мынандай екі із, екі пікірдің сілемі анық байқалады:Бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта» (tabula raba) немесе «таза парақ».Сондықтан, оның көкейіне
не жазам десең,соны жазуға болады.Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәр-биеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе,
бәрі қолынан келеді.Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп,азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына дәлелге сүйенеді.Ешкім баланың басына өс-иеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайдыБала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды – өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты.Бірақ, бірінші пікірді де жоққа шығаруға болмай-ды.Себебі:тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзініңсөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын бал-аның өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса,онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Себебі,тәрбиелеу қазақ ілімінде ерекше қағидат бар. Ұрпақ ата-анаға борышты екенін түсініп,ағайын туыс,ата-баба намысына,абырой-атағына кір келтірмей мейлінше оны әспеттеп ардақтау зор міндет,үлкен бақыт.Жақсы бала ата-ананың аңсаған қуанышыАта-ана баласына кішкентай кезінен бар жақсылықты үйіп-төгіп өсіреді. Бала бақыты үшін қолынан келгенін аямайды.Міне,бірінші кезекте бала ата-ананың осы бір еңбегін жете түсінуі керек. Бала дайын тәрбиені үнсіз мәжбүрлі игеруші жасық,әлжуаз, талапсыз, керенау жан емес.Ол өсіп жетіліп келе жатқан,ұшқыр ойлы,терең сезімді, ынталы, дамуға құмар,көруге қырағы, естуге алғыр,жалын атқан жас болғандықтан тәрбиені саналы игеруге тиіс.Ондай қарым-қабылыт барлық балада бар. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады».( Мәлік Ғабдуллин) Дәлірек айтқанда тәрбие жат жұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес! Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес,көзсіз қабылдар сүйекке сіңірер уыты да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің арымен ақталар қайырымы бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс,басына қонған бақыт. Сондықтан,тәрбие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп,жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс,жан сезімінің жайдарлану,рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы.Тәрбие ісінде,мұрат мақсатың орындалса,одан асқан қуаныш болмайды. «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы құлықты,қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ,Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты ,Тәңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп,Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін себебі осында.Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды. « Мейірімділік,- деп жазды К.Бови,- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» Осы ұлтанды қағидат бұзылып,мейірім-жәбірлеуге,ақыл қосу-мәжбүрлеуге ауыстырылған. Мәжбүр-леу-оқытып білім-беру барлық саласына кірігіп, билеп-төстеушілік сипат алған. Тәрбие-ленуші мен білім алушы,ата-ана мен жұртшылық пікірін елеп-ескеру осы жүйеден орын иеленбейтін халге жете қабыл болған.Оқыту-тәрбиелеу қағидатын маман-ғалымдар, зерттеушілер емес,ақшасы бар,беделді,билігі барлар қолдан жасап алатын болған.
Халық даналығы адамда үш жұт бар дейді. Оның бірі – өлім, екіншісі – кәрілік, үшіншісі – жаман бала. Кәрілік келмей қоймайды. Өлім алмай қоймайды, ал бала жаман болса, одан құтылу жоқ, адамдықтан шығарады, абыройыңды айрандай төгеді. Шынымен де адам баланы өмірге өзінің артынан ұрпақ, мұра, өзінің жалғасын қалдыру үшін әкеледі. Сондықтан, «атадан жақсы бала туса, есіктегі басын төрге сүйрер, атадан жаман бала туса, төрдегі басын жерге сүйрер» деп тегін айтылмайды Қазақ қатты айтсаса да,жақсы айтатын халық. Әкемін деп қайтесің,тіліңді ұлың алмаса, адаммын деп қайтесің, жүректе жылу болмаса. «Ақылды ұрпақ өсірсең алып шығар құлдықтан, ақылсыз ұрпақ өсірсең, булыққаның булыққан! Балаң жақсы тәрбиелі болса,жер беті жақсы,тәрбиесіз,өнегесіз болса жер асты жақсы!»БҰрпақтың бұлай болуына ата-ананың өзі кінәлі екені баршаға аян болғанымен,олардың еркіне салып,ұрпақ келешегін,жеке әулет шеңберінде қалдырып қоймай,жөнге салатын, оқу-ағарту орны,тәрбие ошақтары бола түра,жүйелі де,пәрменді шаралардың жетіспей жатқаны жасырын емес.Шындығында құлдықтан құтылсақ та,булығудан көз ашпадық.Ең алдымен ешкімге дес бермеген,бар мейірім мен ізеттің ұясы болған,өнер мен салт-дәстүрдің сақтаушы әрі жалғастырушысы,құт береке ошағы қазақ отбасының іргесі сөгіліп,шаңырағы шайқала бастады.Оның өзін жәбірлеу мен зорлық-зомбылық ұялап алды. «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының» мәліметінше, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел ажал құшады екен.Бас прокуратураның 2016 жыл бойынша мәліметіне қарасақ, 36 әйел мерт болған. Тағы бір құқыққорғаушылардың деректеріне қарағанда, былтыр қыз-келіншектерге қатысты 91 631 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 71 965 ауырлығы орташа қылмыс болса, 4 131-і ауыр қылмыстар санатында. Ал, 420-сы аса ауыр қылмыс.
Тәрбиелік қарапайым қағидалар бүзылғандығынан болып,ұлттық санада үлкен ауытқулар көрініс беруде.Тәрбиелеу қазақ ілімінде 7-15 жасқа дейін биязы әдеп,жібек мінез үлгілірі мен қалыптарын жас ұрпаққа игертіп,дағдыландыру тиіс.Егер осы шақта,жас ұрпақ ұлттық дағды- машықтарды игермей қалса,басқа жұрттың әдеп,дағдысын өздігінен игеріп кете барады.Осының салдарынан әдепсіздерді әдейі дайынлағандай,көргенсіздер тым көбейіп кеткен.Әулетте,бала-бақшада,мектепте осы уақытта балалардың басын қатырып, ешкімге түсініксіз пәндерді(өзін-өзі тану,валелогия т.б.) оқытып келеміз. Осының бәрінен бұлтару үшін,баланы тәрбиелеудің 80 пайызы отбасында(6 жастан мектепке барады ) жүзеге асырылуы тиіс деген «данышпандық қағидатты» алға тарта бастадық.Қазақтар өткен шақта 4-7 жас аралығында балаларының тума талант нышандарын анықтату үшін адамтанушылар мен болжағыш тәуіптерге апарып,болмағанда айтулы өнер ғылым иелеріне көрсетіп,сондай болар ма екен деп аузына түкіртіп зыр жүгіргені белгілі. Ал,өркенді елдерде кәзіргі шақта балалрының бейімділігін, икемділігін анықтату үшін 3-7 жас аралығындажалықпай анықтау,жорамалдау орталықтарына апарып жан-жақты сараптама жасатады. Ал,бізде мұның орнына, «шет тілін» оқытып зердесін ашады,өмірге дайындайды. Біздің қоғамда адамдардың талантына,интеллектуальды әлеуітіне сүйенуден гөрі етектей диплом,ат үркерлік атаққа сүйенетіндіктен олардың тума талант,дарынын жастай анықтап дамытудың қажеті жоқ болып тұр.Жалпы оқытып тәрбиелеу іс-әрекетін мәжбүрлеуден, қажеттілікке қарай бет бұратын кез келді.

Педагогика
Жайлаубаева Индира Жубаткановна, Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Мақала авторы: Жайлаубаева Индира Жубаткановна
Жұмыс орны: Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік -гуманитарлық колледжі
Лауазымы: арнайы пәндердің оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 08.01.2018

Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Ахметтей алып, Міржақыптай талантты тұлғалар дүние есігін ашқан киелі Торғай топырағының мақтан тұтар ұлдарының бірі де бірегей қараңғы қазақ даласына рухани сәуле шаша біліп, халықты білім алуға шақырған , жүрегінде жігер оты бар ұрпақты арман еткен ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин. Оның қазақ балалар әдебиетінің атасы, ақын, этнограф, қазақ алфавитін жасаушы жаңашыл педагог ,қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтың негізін қалаушы екендігін , мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушыдан бастап , есейіп , егде тартқан қарттарымыздың да білетіні айдан анық. Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі, надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның шығармашылығының негізгі арқауы десек, сонымен қатар қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің де ең алғашқы негізін салушысы болды. Ыбырай Алтынсарин – жазба әдебиетіміздің төрінен берік орын алатын педагог-жазушы. Ұлтының ұлы ұстазы –бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті,мәдениетті елдердің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің педагогтік, ағартушылық, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен талантын , үміт күттірер жас ұрпақты оқытып , сол заманның озық ғылымымен қаруландыруға белсене ат салысқан. Ұлы ағартушының өмір жолы мен халқына сіңірген адал қызметі мен рухани шығармашылығы жайлы қаламы жүйрік ,озық ойлы ғалымдар жете танысып ,зердеге түйіп зерттеп жүрген жайы бар. Мысалы, Кеңес дәуірінде де Ы.Алтынсаринның өмірбаяны, оның ағартушылық жолындағы жұмыстары, жазушылығы, педагогтік еңбектері, әр мәселеге көзқарастары жайлы жазылған мақала, таныстыру, зерттеулер көп: М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Жолдыбаев, Ғ.Тоғжанов, Ә.Қоңыратбаев, Т.Тәжібаев, Б.Сүлейменов, Қ.Жармағамбетов, тағы басқалардың еңбектері бар. Алтынсаринға әр жағынан келіп, көптеген бағалы пікірлер айтқан — профессор А.Ф.Эфиров («Ыбырай Алтынсаринның педагогикалық қызметі», 1945 жыл)болса , ал Алтынсаринның өмірбаянын, ағартушылық, педагогтік ой-пікір, көзқарастарын молырақ қамтып, тереңірек зерттеген — педагогикалық ғылымдардың кандидаты Ә.Сыдықов болды Оның «Педагогическая идея и просветительство Ибрая Алтынсарина» (1949ж.) атты еңбегі ұлы ағартушының ұлылығын асқақтатып , тәрбиелік мәні зор шығармаларын тануда құнды еңбектердің бірі болып табылады. Бұл авторлардың екеуі де педагогика ғылымдарының маманы. Шындығында да аталмыш ғалымдардың зерттеулері оқырмандардың көңілін аударарлық жақсы еңбектер болып шықты. Жалпы, ғылымда ұлы ағартушының педагогикалық көзқарастары толығымен ашылды деуге негіз бар. Бірақ әлі күнге дейін аз зерттеліп келе жатқан –оның психологиялық көзқарастары жайлы мәселе.Бар өмірін ағарту тәлім тәрбие саласына арнаған осы қызметті өз өмірінің негізгі арқауы деп ойлаған үлкен жүректі ұстаздың адам жанын нәзік сезетін аса сезімтал психолог болғандығы айдан анық. Әйтсе де Ы.Алтынсаринның психологиялық көзқарастары жайлы зерттеу жүргізген ғалымдар қатары сирек. Солардың қатарынан оқ бойы озық тұратын көрнекті ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы болды. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты:Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы,этнопсихология мәселелері. Ол өзінің С.Қалиевпен бірге құрастырып жазған «Қазақ тәлім-тәрбиесі» атты кітабында Ы. Алтынсаринның психологиялық көзқарастарына кеңінен тоқталған болатын. Бірақ Ы.Алтынсарин псхологиядан арнайы тақырып зерттемеген, керісінше оның тәрбиелік мәні зор шығармаларының астарында психологиялық ойдың тамыры тереңге тартқан. Әсіресе, бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық педагогикалық негіздері, ұстаз мәселесі, қоғамдық психология мәселелері сияқты т.б жатқызуға болады.Алтынсаринның айтуынша, адамның сана сезімін негізінде тәрбие билейді де,оның жан-жақты тұлға болып қалыптасуына материалдық өмір жағдайлары емес,ағартушылық әрекетпен тығыз байланысты екенін аңғартады. Оның бір ғана «Бір уыс мақта» деген әңгімесінің көздеген мақсаты жастарды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу болса, ал, «Асыл шөп» деген әңгімесінің мазмұны психологиялық түйінге негізделген. «Сабыр» термині психологиялық процесс болып табылатын еріктің сапаларының бірі ұстамдылыққа синонимдес болып келеді.Өмірде сабырлы бола білген адам , қандай жағдай да болмасын ұстамдылық танытса , қай кез де де ойлаған арманына, діттеген мақсатын жетеді. [3,75-82б]
Психологиялық мәнге толы тәрбиелік маңызы зор әңгімелерінің тағы бірі «Аурудан аяған күштірек».Мұнда жасөспірімінің шыдамдылық,сабырлылық,имандылық, адамгершілік сынды ерік-жігер қасиеттері көркем тілмен баян етіледі.Әңгіме желісінде абайсызда бір баланы арба қағып кетіп, аяғын сындырады.Болған жағдайды көзімен көрген анасы қатты қапаланып,есінен танады. Анасының жылап жатқанын байқаған бала бірден жылағанын қойып,тіпті сынған аяқты салып жатқанның өзінде дымын шығармайды.Ер жігітке тән шыдамдылық, сабырлылық, ұстамдылық таныта білген жас баланың бұл қылығы сынықшыны қайран қалдырады. Сынықшы баладан: «аяғың ауырмай ма, қабағыңды да шытпайсың ғой деп сұрайды.Анасына білдіртпей бала : «Ауырмақ түгіл жаным көзіме көрініп тұр,бірақ менің жанымның қиналғанын көрсе,әжем де қиналып,жүдемесін деп шыдап жатырмын»-депті. Кіп-кішкентай бала түн ұйқысын төрт бөліп тәрбиелеп өсірген анасының қабағына еш кірбің түспегенін қалап отыр. Ағартушының шағын ғана әңгімеде айтар ойы бала жүрегінің аңғарымпаз, сезімтал екендігімен ерекшелеп тұр.
Ы.Алтынсарин әңгімелерінің барлығы да балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жазылған. Тілі жеңіл, мазмұны тартымды. Әңгімелердің негізгі көздеген мақсаты- ұстаз бен ата-ана ынтымақтаса отырып,баланың бойында ең ізгі қасиеттерді қалыптастыру. Сондықтанда болар, ұлы ағартушы жасөспірімдердің терең білім мен өнегелі тәрбиені бойға сіңіруі және де ақыл ой белсенділігін арттыра отырып, жан-дүниесін жақсарту мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті екенін ескертеді.
Ол –маңдай термен ,адал еңбекпен келген еңбек ғана өнімдірек болып адамның өмірге деген көзқарас көкжиегін кеңейтіп, оның бойында кішіпейілділік,мейірімділік, зеректік, әдептілік ,жинақтылық, жомарттық, шыдамдылық, табандылық сынды жақсы қасиеттердің қалыптасуына өздігінше әсері бар ,сондықтан ата-ана отбасында баланы кішкентай күнінен бастап ұғындырып тәрбиелеу қажеттілігін баса ескертеді. Мысалы : »Қыпшақ Сейітқұл»тақырыбындағы әңгімесінде де аянбай еңбек еткен адам ғана,өз мұратына жете алатынын баян еткен. Аталмыш әңгімесінде қазақ ауылының еңбексүйгіш ,отыз үйлі тобырдың басшысы Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын тамаша суреттеген. Ол адал еңбектің нәтижесінде өзіне де, өзгелерге де қол ұшын беріп, қиындықтан шығар жолды оңынан іздестіріп, өзен-сулы Қабырға деген жерге елін көшіріп келіп қоныстандырады.Аз уақытта халықтың еңсесін көтеріп, малды ауылға айналады. Халықтың тұрмыс тіршілігінің жақсарғанын аңғарғандар ойдан-қырдан көшіп келе бастайды. Сөйтіп тынымсыз еңбек , ұстамдылық пен шыдамдылық өз жемісін берді. Ал, кейіпкердің ағасы ұрлықтың жетегінде , ақыр аяғында қолға түсіп мерт болады. Ағартушы өз әңгімесінде « еңбек түбі жеңбек» дегендей, қандай қиындық болса да өз адал еңбегімен үлкен жетістіктерге жетуге болатынына оқушысын сендіре білген. Көркем әңгіменің шебері Ы.Алтынсарин дидактикалық әңгімелерінде кейіпкерлерінің жан сарайын, кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипаттайды. Шағын әңгімелер жастарды еңбексүйгіштікке,ізгілікке,тапқырлық пен әрекетшілдікке ,ізденімпаздылыққа ,дұрыс өмір сүре білуге тәрбиелеуге негіздейді. [2,45б ]
Мектеп білім берудің негізгі буыны ретінде маңызды қызмет атқарады.Сондықтан да болар Ы.Алтынсарин тәрбиеші ,ұстаз , мұғалімдік өнер жөніндегі айтқандарында да психологиялық түйіндер аз емес. Ол оқу тәрбие процесінде мұғалім роліне айрықша маңыз берді, мектеп ісінің сан саласындағы жетістіктерді мұғалімнің білімі мен іскерлігіне ,беделі мен өз қызметін жан тәнімен сүйе білуінде деп түсінді. Ы.Алтынсарин мұғалімдердің оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруын олардың педагогикалық және оқытушылық тәсілдерді меңгеру қажеттілігін баса айтты. Ұлтының ұлы тұлғасы өзінің ұстаздық қызметіне байланысты қазақ жастарын оқытып тәрбиелеу мәселесін ең басты мәселе деп есептей отырып , адам және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық ,педагогикалық негіздері;ұстаз мәселесі, қоғамдық психология мәселелеріне қалам тартқан.Білім беру ісінде ұстаздар қауымы бала жанын дұрыс түсіне алмай асығыс шешім қабылдап жатады. Оның салдары оқушының оқуға деген қызығушылықтың болмауына әкеп соғады .Осы орайда, ұлтының ұлы тұлғасы «Оқушылардың түсінбеушілігін оқытушылардың өз кінәсі деп білмей, оқушылардың зер салмайтандығынан деп білетін мұндай оқытушылардың қатты адасатыны айтпай-ақ түсінікті,-деп орынды айта білген. Бұдан шығатын қорытынды мұғалімнің әр кез жадында жүретін жәйт бала тәрбиесі, ұлт тәрбиесі, себебі бүгінгі мұғалім алдында отырған білімді, тәртіпті бала , елдің келер күнгі сенімі мен нұрлы болашағы. Қорыта келе ,шағын мақалада Ы.Алтынсаринның психологиялық көзқарастарын толық қарастыру мүмкін емес. Жалпы , айтылған ойдын түйіні ұлы ағартушының кез-келге жанрдағы еңбектерінің астарында психологиялық ойдың бар екендігін анықтап бергендей.[1,15-20б ]
Ғылым үздіксіз даму үстінде. Осыған орай, XXI ғ ғалымдары үшін зерттеуге тұрарлық , қаламмен қағазға түсіретін тақырыптар жетерлік Соның бірі Ы.Алтынсаринның психологиялық көзқарастарының өзі бір төбе, ауқымды тақырып .Ол енді уақыт еншісінде. Ұрпақ жалғастығы деген осы болар сірә!Қаншама жылдар, ғасырлар тарлан тарихтың қойнауына енсе де Ыбырай Алтынсарин есімі еш ұмытылмайды. Керісінше, оның тау тұлғасы жылдар өткен сайын биіктей түседі.

Әдебиеттер тізімі:
1. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев «Қазақ тәлім-тәрбиесі» – 1995;
2. Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматы кітап баспасы”, 2009 ;
3. Дербісәлин Ә. Ы., Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы, А., 1965;
4. Тажибаев Т. Развитие просвещения и педагогической мысли в Казахстане во второй половине ХІХ века, А.-А., 1958.
5. Орынбеков М.С.»Ежелгі қазақтың дүниетанымы»А.1996ж