Заманауи сабақты ұйымдастырудағы ерекшеліктер [Педагогика]
Автор статьи : Гульбарша М.
Организация : Павлодар қаласы, Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Должность : Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дата : 17.12.2021
Номер журнала : 01-14-2022
Организация : Павлодар қаласы, Инновациялық үлгідегі гимназиялық сыныптары бар №39 жалпы орта білім беру мектебі
Должность : Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дата : 17.12.2021
Номер журнала : 01-14-2022
Тәуелсіз мемлекетіміздің тұрақты да қарқынды дамуына бірінші үлес қосатын ұстаздар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деген болатын.
Қазір 50 елмен бәсекелестікке жарайтын қабілетті, білімі терең, іскер, шығармашылық белсенділігі жоғары, жан-жақты дамыған болашағы зор ұрпақ дайындап беретін де ұстаздар қауымы.
Мұғалімдерге қойылып отырған талаптар мен міндеттер өте жоғары. Олар оқыту технологиясын шебер меңгеру үшін, оқыту әдістерінің барлық саласындағы (кешегісі мен бүгінгісін) өзгерісті жетік білулері қажет.
Ұстаздық шеберлікті игеру оңай емес, жоғарыда айтқандай, қазақ тілін оқыту әдістемесін жақсы игерумен бірге барлық білім салаларының жетістіктеріне сүйене отырып, ең тиімді деген әдіс-тәсілдер жүйесін шығармашылықпен қолдана отырып жұмыс істегенде ұстаздар мақсатына жетеді.
Қазіргі жаңа талап, жаңа міндет, оқу технологиясында жаңалықтар, оны қалай пайдалану керек деген сұрақтарға жауап берейік.
Білім сала ретінде тұрғындардың білімдегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамның кадрлық әлеуетін жаңғырту мен дамытуға бағытталған білім қызметін жүзеге асыратын мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындардың жиынтығы болып табылады. Білімнің педагогикалық үрдіс ретіндегі басты мақсаты, оның миссиясы азаматтың тұлға, қызметкер, азамат ретіндегі құндылықтарын арттыру болып табылады.
Көптеген дамыған елдерде жалпы білім беретін бағдарламалар заманауи қоғамда адам білімнің нақты деңгейін аяқтағаннан кейін меңгеруі тиіс қасиеттер, құзыреттіліктер тізімін көрсетеді. Мұндай бағдарламалар оқыту үрдісі мақсат қою, яғни жалпы білім беретін бағдарламада көрсетілген мақсаттар негізінде жобаланатын құзыретті педагогика арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаһандану реалдылығымен, жоғары ақпараттық технологиялар уақытымен, ғылыми прогрестің ашықтылығымен талап етіледі.
Өкінішке орай кейбір елдерде жалпы білім беретін пәндер бұрынғысынша қандай да бір мектеп пәні бойынша білім тізімін көрсетеді және білім бағдарламасында оқыту үрдісі көрсетілген мазмұнға негізделетін дәстүрлі педагогика арқылы жүзеге асырылады. Бұл - ескінің жұрнағы, білім – мемлекеттік идеология мен саясаттың құралы болды, болуда, ал білім жүйесі – жабық болды, болуда. Білім саясатында европалық және әлемдік кеңістікке интеграциялауға бағыталған елдер білімдегі түбірлік реформаларды жүзеге асырады.
Білім реформасы көптеген адамдардың өмір сүру салтына өзгерістер әкеледі; ол сонымен қатар біраз уақыттан кейін біздің қоғам басқа адамдардан тұратынын білдіреді: ұрпақ ұрпақпен жалғасып, олар сол ізбен келетіндіктен емес, басқа білім, басқаша білімді, басқа бейнедегі адамдар келеді. Білім жүйесін өзгерте отырып, біз адамдар бейнесі мен қоғамның сипатын өзгертеміз. Реформаға білімнің идеалды бейнесін қоя отырып, біз – ұғынып па немесе жоқ па – оған қоғамның нақты бір бейнесін саламыз.
Реформалар жолында көптеген кедергілер кездеседі, жаңа құндықытарға көшу қиынға соғады, ол мемлекет басшылары, саясаткерлер, білімді басқарушылар деңгейінде де, заманауи мұғалім деңгейінде де терең өзгерістерді қажет етеді.
Педагогикалық қызмет – ересек адамдардың өскелең ұрпақты өздік жұмысқа өз уақытының экономикалық, саяси, адамгершілік және эстетикалық мақсаттарына сәйкес дайындауға саналы бағытталған қоғамдық-пайдалы қызметінің ерекше түрі.
Мұғалім мазмұны емес, мақсат бойынша құрылған заманауи сабақты түсіну, ұғыну және практикаға көшіру мүмкіндігін беру әрекетін жасуы қажет.
Ал сол ұстаз қызмет ететін мектеп – қазыналар қоймасы, олардың қоймада болуына мұғалім жауап береді. Қоймаға кірген оқушы өз қалтасын қазынамен өзі толтырады, мұғалім оқушының қалтасына қазынаны өзі тықпай және шекарашы рөлінде болуы тиіс емес. Оқушының өзі сабақта қанша байлық алып кететінін, қанша алып кете алатынын өзі шешеді және қанша байлық алғанын өзі бағалайды. Осы ретте бір даналықты есімізге түсірейік: атты суатқа әкелудің көптеген әдістері бар, бірақ атты су ішуге мәжбүрлейтін бір де бір әдіс жоқ.
«Білім – тамаша зат, бірақ білу қажеттің ештеңесіне үйретуге болмайтынын ұмытпаған жөн» деген екен Оскар Уайльд.
Сабақты сөз етпес бұрын, мына сұрақтың басын ашып алайық: мақсат дегеніміз не, мұғалім сабақтың қандай мақсаттарын және қашан қояды?
Ғылымда мәлім, мақсат – болжанатын, алдын-ала жоспарланған (ойлы және вербалды) қызметтің қандай да бір нысананы жаңарту бойынша нәтижесі. Педагогикалық қызметте жаңарту нысанасы білім алушының қызметі, ал нәтижесі – білім алушының оқытылу, даму және тәрбиелік деңгейі болып табылады. Сондықтан сабақтың мақсаттары жоғары тәртіптегі жүйе ретінде оқыту мен білімнің мақсаттарына сәйкес қойылады және оқыту сабақта дайын қорытындыларды оқушыларға жай ғана беру кезіндегідей біріктіріле алмайды.
Заманауи мектептегі сабақтың мақсаты нақтылықпен, оған жету құралдарын көрсетумен және оны нақты дағдыларға ауыстырумен ерекшеленуі тиіс. Сабақ мақсаты нақты, көрсетілетін және өлшенетін болуы керек. Сабақтың мақсаты сабақ соңында барлық оқушылар жетуі тиіс мекен екенін есте сақтаған жөн. Заманауи сабақ құзыреттіліктердің (автоматтылыққа дейін жеткен дағдылар) қалыптасуына бағытталған. Сабақты сабақ соңында барлық оқушылар мақсатқа жеткеніне сенімді болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Мұндай мониторингтің нәтижесінде мұғалім сабақтың мақсатты ұстанымдарын орындауды, мазмұнды, сабақтың түрі мен құралдарын таңдаудың дұрыстығын ұғынуына болады. Сабақтың мақсатына барлық оқушы жетпесе, онда өз қатеңді дұрыстауға және барлық оқушыларға мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегияны әзірлеу қажет. Мақсатқа жету «иә» және «жоқ» бағаларымен анықталады. Мақсатқа кішкене жетуге болмайды, оған жетесің немесе жетпейсің! «Біліп қана қойған аз, оны пайдалана білу қажет. Қалап қана қойған аз, жасау қажет» деген И. В. Гете. Көптеген елдерде мектеп бағдарламалары мазмұнды көрсетпейді, сабақта қалыптастыру қажет құзыреттіліктерді көрсетеді. Мектептің есігін мақсаттар педагогикасы мен құзыреттіліктер педагогикасы қағып тұр.
Сабақтың дидактикалық міндеттері реалды педагогикалық шындықта оқу тапсырмалары арқылы (оқушыларға арналған тапсырмалар) жүзеге асырылады. Құлықтық дағдыларды қалыптастыратын тапсырмалар барлық оқушыларға міндетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған. Дамытушы дағдыларды қалыптастыратын міндеттер сабақта әр оқушыға өзінің интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сабақты осындай оқу тапсырмаларымен қамтамасыз етуге болады.
Оқу тапсырмалары анық, нақты және әр оқушыға түсінікті болуы қажет. Егер тапсырма қосымша түсіндіруді талап етсе, онда бұл толыққанды тапсырма емес.
Оқу тапсырмалары үш түрлі болады:
- Репетитивтік құлықтар- мағынасын өзгертусіз алдында алынған немесе жаңа ғана меңгерген ақпаратты қайталау немесе жаңғыртудан тұратын қызметтің түрлері.
- 3. Құлықтық дағдылар – тұлғаның өзін-өзі қабылдауын, қоршағандарды қабылдауын, өзінің жауап беру мен әрекет ету мәнері арқылы түрлі өмірлік жағдайларды қабылдауын көрсететеін құлықтың сыртық және ішкі түрлері.
- Қалиева Ж. Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жетілдірудің өзекті мәселелері// Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде журналы. – 3.2003 жыл.
- Құлмағанбетова Б., Исанова А., Есенғалина М., Құрманғалиева Р. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, Білім баспасы, 2000.
- Рудик Г.А. «Ойлау еңбегінің мәдениеті және оқытудың 101 техникасы» – Қостанай,2010