Мектеп жасына дейінгі баланың қауіпсіздігі [Эссе]
Автор статьи : Арайлым Р.
Организация : Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Салқынтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Должность : кіші орталық тәрбиешісі
Дата : 24.03.2022
Номер журнала : 01-14-2022
Организация : Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы білім бөлімінің «Салқынтөбе негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Должность : кіші орталық тәрбиешісі
Дата : 24.03.2022
Номер журнала : 01-14-2022
Біз өзімізді және қоршаған ортаны сыртқы жағымсыздық пен қауіптен қорғауға тырысып, қауіпсіздік туралы көп айтамыз. Бірақ бұған қарағанда балалар қауіпсіздігі үлкен назар аударуды қажет етеді. Бүлдіршіндерді қараусыз қалдырған әлдеқайда қауіпті. Сондықтан ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер барлығымыздың басты міндетіміздің бірі - балалар қауіпсіздігі үшін жауапкер болу және қиын жағдайда баланың мінез-құлқын бейімдеп соны үйрету болып табылады. Қазіргі шынайы заманда әрбір мектеп жасына дейінгі баладан, өз іс-әрекеттері мен елдің болашағы үшін жауапты бола білетін, болашақ азаматты барынша тәрбиелеуге тырысу қажет. Өйткені, тәрбиешінің сөзімен себілген тұқым, бүкіл ұрпаққа сабақ береді. Болашақ ұрпақ қандай мақсатпен өсіп, қалай жетілетіні және олардың қауіпсіз жағдайда дамуы біз үшін маңызды сұрақтардың бірі болуы тиіс. Балаларымызды үйде, көшеде, мектепте қалай қауіпсіздендіруіміз керек? Дәл осы сұрақтар ауқымында келесі әдістермен бөліскім келеді.
Бірінші, қауіп туғызатын мүмкіндіктерді, қауіп блоктарына бөліп, оларға атау берейік. Мысалы: үйдегі қауіп, көшеде және жолдағы қауіп көздері, табиғи қауіптер, бейтаныс және бөгде адам қауіптері. Негізі бұл мысалды кеңінен талқылай беретін болсақ, тізімді жалғастыра беруге болады. Дегенмен, білім орталығының аясында әңгіме көтеріп отырғандықтан, біздің мысалдарымыз осы аяда шектелетін болады. Шағын орталық тобында осындай блоктармен жұмыс істеу өте тиімді. Мета-пән, көрнекілік, функционалдық, рөлдік ойындар сияқты басқа да шаралар арқылы бұл тәрбиелік маңызды сұрақтарды іске асыруға болады.
Үйдегі қауіп. Бұл блогқа балаларды қауіпті құрылғылармен және қауіпті заттармен таныстыру қажет. Балаларға «өткір-қауіпті», «менің гаджет-достарым», «барлық дәрі-дәрмектерді жеуге болмайды» деген басты кілт сөз тіркестерін айта отырып, естерінде жақсы сақтату үшін, ұсынылған сюжеттік суреттер бойынша ұқсас жағдайларға сипаттама жасау. Сонымен қатар келеңсіз қауіпсіздікке жол бермеуді алдын-алатын тәжірибелермен бөлісу қажет. Үйдегі қауіп-қатермен тікелей байланысты мысалдарды сурет сияқты басқа да бейне материалдармен көрнекілік жасау арқылы таныстырған абзал. Өрт сөндіру қызметімен хабарласып, өрт сөндірушілермен кездесу және экскурсия сияқты шаралар балаларға үлкен әсер беретіні сөзсіз. Сондықтан бұл жағдайға да мән берген дұрыс. Мектеп жасына дейінгі балалар өртті сөндіру көрінісінің куәгерлері болып, өрт сөндіру көлігінің дыбысты шырағы мен қуатын тамашаласа, өрт сөндірушілерге таңырқай қарап, өрт қауіпсіздігі кеңестерін мұқият тыңдайтыны анық болады. Топқа шақырылған үй шаруасындағы ата-ана, балаларға ас үйдегі және жуыну бөлмесіндегі қауіпсіздік туралы айтып, пайдалы және қауіпті гаджеттермен таныстырады. Әр сәтте ойланып, талқылап, балалармен бірге қауіпсіздік ережесін шығару керек. Осы жағдайда ғана балдырғандардың жадында жақсы сақталады.
Бейтаныс адамдар. Бұл блогтық тақырыптың ашылуында балаларға бейтаныс адамдар мен заттар туралы және олардан қауіп туындау мүмкіндігі туралы түсінік беріледі. «Үйде жалғыз», «Бауырсақ», «Кішкентай қызыл телпек» ойын түріндегі көріністерді қауіпті жағдайлармен байланыстыру арқылы балалармен ойнап, бейтаныс адамдар мен қарым-қатынаста және кездейсоқ затпен кездескенде не істеу керектігі туралы дұрыс әрекетті айқынап, қажетті әрекетті қалыптастыру маңызды. «Менің телефоным шырылдады» - атты ойыны арқылы балаларға телефонмен сөйлесу ережелерін таныстыруға болады. Телефон бұзақылары туралы ескертулерді жеткізу нақты осы ойын аясында іске асырылады. «Сиқырлы телефон», «Ақылды смартфон», «Алло» ойындары арқылы балаларды жедел-жәрдем нөмірлерімен таныстыруға болады. Бұл нөмірлер қатарына 101, 102, 103, 104, 112 комбинацияларын енгізіп, және қауіпті жағдайда телефонмен қалай дұрыс сөйлесу керектігін айтамыз. Алдын-ала арнайы көрнекілік құралдары даярланып, әр балаға ата-анасы мен шұғыл қызметтердің нөмірлері жазылған капсулалар таратылады.
Жолдағы қауіптер. Жолдағы және көшедегі қауіпті зерттеу үшін топқа учаскелік инспектор шақырылады. Инспектор мырза балаларға жол ережелері мен көшедегі жүріс-тұрыс қағидаларын ойын алаңында олармен бірге ойнап түсіндіреді. Қуыршақтарға жол жүруге көмектеседі. Біз бұл шара барысында «Жолда ең маңызды не?» тақырыбы бойынша интерактивті әдіспен қызықты ойын өткіздік. Балалар картоннан жасалған көліктерді пайдаланып, жолдағы ең басты реттеуші - бағдаршам екенін анықтады. Нәтижесінде ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен топта «Көліктер» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Табиғи қауіптер. Табиғаттағы экскурсиялар мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда өте тиімді. Балалар өзара көмек пен тәуелсіздікке үйренеді, зейіндерін дамытып, көкжиектерін кеңейтеді. Тәрбиеші, балаларға табиғаттағы қауіп түрлері туралы мүмкіндігінше терең түсіндіруі керек. Кенеден қалай құтқарылуға болады, найзағай кезінде не істеу керек, мұздарды жеуге бола ма, тағы басқа осы сынды сұрақтарды тәрбиеші ескертіп, қызықты түрде балаларға жауаптар береді. Мультфильмдер көру, рөлдік ойындар өткізу, қуыршақ, саусақ, көлеңке театры, құмға сурет салу сияқты көптеген формалар тәрбиешінің қиялына және шеберлігіне байланысты болатыны сөзсіз. Сондықтан, әр тәрбиеші өзінің білімін жетілдіруді ешқашан тоқтатпауы тиіс. Білімді тәрбиеші болса болашақ ұрпақ білімге құштарланатыны да анық.
Менің жүргізген жұмысым нәтижелі болды деп есептеймін. Өйткені, балалар тіршілік қауіпсіздігі бойынша сауалнамалық сынақ кезінде оң нәтиже алды. Денсаулық сақтау технологиялары әрқашан тәрбиешінің жұмысында алдыңғы қатарда болады. Балалармен жұмыс қызықты және мазмұнды өтуі тиіс. Ата-аналар мен жұртшылық арасында бірігіп жұмыс істеу нәтижесі балаларға көп пайдасын тигізеді. Өйткені, бәрінде бір қамқорлық бар - ол біздің балаларымыздың қауіпсіздігі. Бұл даналықты бізге өзіміздің балаларымыз үйрететіні сөзсіз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- "Безопасность школьника - обучение с увлечением" Гришаева Э.В. Дошколёнок.ру
- Квартира и её опасности. Правила безопасного поведения в быту. | Консультация по ОБЖ (старшая группа) по теме: | Образовательная социальная сеть (nsportal.ru)
- Памятка для воспитателя. Специфика организации прогулки с детьми раннего возраста в ДОУ | Статья: | Образовательная социальная сеть (nsportal.ru)