Жаңартылған оқу бағдарламасына пікір [Педагогика]

Автор статьи : Бахтжан Ж.
Организация : "Мамлют санаторлық орта мектеп интернаты"
Должность : қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Дата : 13.12.2016
Издатель : Бахтжан Ж., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

«Заманына қарай адамы» (Қазақ даналығы) Уақыт тоқтаусыз – толассыз алға зырылдайды. Өмір өрге жүзеді. Даму дамылсыз, адам тынымсыз. Көктем сайын қырларда жаңа гүлдер шешек атады. Көктем сайын жаңа бұлбұлдар сайрайды. Нақ сол сияқты білім және ғылым саласынада өзгерістерді өрбітеді. Уақыт – ұқыпты сұрыптаушы: шөп- шалам, кәкір шүкірді желге ұшырады, таза маржан, таңдаулы дәндерді іріктеп алады. Қазынаға қазына үстеледі. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасын меңгере отырып, бірінші бетпе-бет кезеңінде алған теориямызды мектеп тәжірибесінде өткіземіз. «Маған айтсаң – ұмытып қаламын, көрсетсең – есімде қалады, өзіме істетсең – сонда мен түсінемін» деген қытай даналығын басшылыққа ала отырып, теориялық білімді өзіміздің меңгеруіміз, барлық тәжірибелік тапсырмаларды тренеріміздің басшылығымен, бағыттауымен орындауымыз арқылы әрқайсымызда түсінік қалыптасты. Шынында да, біз өзіміз оқушының ролінде отырып сол оқушыға бағыттай отырып, көздеген мақсатымызға жетуімізге нұсқау алдық. Теория мен тәжірибені ұштастыра ең бірінші біз өзімізді-өзіміз реттеп, өзімізге-өзіміз сеніп, ойлана алатынымызды білдік. Өзін-өзі реттеген, өзіне-өзі сенген адам алға ұмтылады, алға ұмтылуына мақсат қоя алады. Нақты мақсат қойып, сол мақсатты көре алған адам нәтижеге жетеді. Мен осы бағдарламаға дейін өзіме - өзім есеп беріп көрмеппін. Мұғалімге арналған нұсқаулықты талдай отырып, өзімнің кемшіліктерімді көре алдым. Сол кемшілікті көру мені ойлантуға мүмкіндік берді Әр тапсырманың нақты не жайында жазу керектігі түрлі ойларды жаза ала отырып, мен өзімнің сөздік қорларымның көбейе бастағанын байқадым. Курстың құрылымының өзі американдық психолог Б.Блумның адамның танымдық ойлауының алты деңгейіне негізделген. Бірінші кезеңінде бағдарлама идеясын түсіну, еске сақтау, ал мектептегі тәжірибе кезеңінде қолдану, талдау, екінші кезеңінде жинақтау, қорыту, соңғы кезеңінде бағалау бойынша ұйымдастырылуы менің алғашқы күннен зерттеушілік қабілетімді жетілдірді.Жалпы, жаңа бұрын-соңды мен қолданбаған жаңа тәсілдің бірі – критерий бойынша бағалау. Критериалды бағалауды сабағымда қолданамын . Сабаққа мақсат қойғаннан кейін күтілетін нәтижеге жету үшін табыс критерийлерін құра аламыз. Яғни, бағалау парақтары арқылы өзін-өзі, жұптық, топтық бағалау,мадақтап қолпаштау, «екі жұлдыз, бір ұсыныс», әсіресе смайликтер арқылы бағалау балаларға ұнайды. Қорытынды кезінде «Нені білемін, нені білдім, нені білгім келеді?» кестесін қолдану түсіну дәрежесін бағалауға көмектесті.Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату, оларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру, оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату - бағалау арқылы оқу үдерісін жақсартуға ықпал ететін қарапайым факторлар.Оқушылардың сөздік қорларының аздығы, өз ойын жетік жеткізуе алмауы тапсырмаларды орындағанда көрінді. Мұғалім оқушыларға білім беру ортасын құра отырып, тапсырманы бергеннің өзінде де көп ойлану қажет. «Бірге ойлаймыз» дегендей әр оқушыны бірге ойланатындай бір-біріне ықпал етіп сабақты түсінетіндей жағдай жасау керек. Сонда менің ұққаным, тапсырманы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай, бір топта отырған оқушылар бірге талдап, зертейтіндей, оқушылардың шығармашылығын ашатындай түрде болу керек. Осындай тапсырмаларды орындаған оқушы сыни ойлана алады, кез-келген жерде өз жауабын бере алады деп ойлаймын. Сонда мұғалім әр сабақтың басынан аяғына дейін жүйелі дайындалып, тапсырмалардың барлығын оқушыға бағыттауға көп іздену керек. Бүгін қандай болдым? Курсқа келген соң… Жан-жақтан келген әріптестеріммен пікірлесуім, тақырыпты талқылауымыз маған әр түрлі ой салды. Күндегі әр өткен сабақ, одан туындайтын әр алуан проблемалар, әркімнің әр түрлі көзқарастары көп ойларға жетеледі. Әрине, өмірде әр алуан жағдай, түрліше тағдыр болатынын білемін. Білгенмен терең бойлап, ой елегінен өткізіп, олардың жан жарасына қайтіп көмектесуге болады дегенді ойламаған екенмін. Бұл курсқа келгеннен кейін жеткен табысым – тәжірибесі мол, өмір көрген, үлгі алатын, білікті- білімді, өз ісінің шебері деген адамдармен пікірлескенім. Оқытудың әр сатысында мұғалім мен оқушының іс – әрекеті бір-бірімен үйлесімін табу керек. Мұғалім оқыту процесін жоғары деңгейде ұйымдастырып, шеберлікпен тиімді пайдалана білсе, оқыту барысында алдына қойған мақсатына жетіп, нәтижесі де жоғары болмақ.