Ұстаздық еткен жалықпас [Эссе]

Автор статьи : Алмагуль А.
Организация : ЖОББ Семиглавый Мар мектебі
Должность : мұғалім
Дата : 19.11.2016
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген
«Ұстаз жан-жақты түсінігі мол,
 қандай істі болса да тез шешіп,
 тұжырымдай алатын, ұшқыр ойлы, көреген,
 батыл Һәм шешен болуы керек.
 Және де ұстаз шындық пен әділдіктің қажымас жақтаушысы,
 қайратты күрескері болуы тиіс»
Әбу Насыр Әл – Фараби

Ұстаз- ең алдымен, оқушы үшін білім нәрін құюшы ізгілік иесі, өмірлік тәжірибелерді үйретуші тәлімгер, адамгершілікке баулитын тәрбиеші психолог екені сөзсіз. Ұстаз әрқашан шәкірттеріне бүгінгі алған білімінің ертеңгі күні қажеттілігіен сездіре алатындай қасиеті бар, мектеп табалдырығын аттаған әрбір жас өреннің болашақтағы көздеген мақсаттарына қол жеткізуіне бағыт бере алатын үлкен тұлға. Иә, халқымыздың, ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан өмірлік тәжірибесін, салт- дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, жақсы қасиеттерін, бүгінгі заманның озық жетістіктерін жас ұрпақ ұстаз арқылы, оның айтқан тәлімді сөздері мен өнегелі істері арқылы үйренеді. Ал, бұл міндет қашанда қиын жауапты екені белгілі.

Сол міндетті ұзақ жылдар бойы ұстаздық еңбек еткен Болғанай Сагиқызының алға қойған мақсаты – оқушыға терең білім, іскерлік дағды қалыптастыра отырып, жеке тұлға тәрбиеледі. Өзінің әрбір сабағына тыңғылықты даярланып, кәсіби шеберлігін қолдана отырып өткізеді. Әр өткен сабағы барысында ол жаңа технологияларды пайдалана отырып,оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда жұмыстанады. Болғанай Сағиқызы - үнемі ізденісте жұмыстанатын ұстаздардың бірі, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, өзіндік әрекетке бағыттайтын жұмысқа көп көңіл бөледі. Білімді арттыру үшін сабақта ойындар, логикалық тапсырмалар, әр түрлі диктанттар мен тесттер өткізеді.

Әр түрлі әдіс – тәсілдерді пайдалану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятады. Оқу – тәрбие үрдісінде үнемі жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады. Соның ішінде жиі қолданатыны «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, интерактивті тақтамен жұмыс. Ақпараттық технологияны пайдалану барысында математика пәнінен «Санды өрнек және әріпті өрнек» (1-сынып), «Дара және күрденлі етістіктер» (2-сынып), «Жай сөйлем және құрмалас сөйлем» (4-сынып) «Білімді тиянақтау» (4-сынып) тақырыптарына ашық сабақтар өткізді.

Әдістеме бірлестігі жетекшісі ретінде бастауыш сынып мұғалімдері арасында әдістемелік жұмыс ұйымдастырып, көмек беріп отырады.

Сынып жетекшісінің міндетін атқару кезінде ата – анамен бірігіп, жас жеткіншектерді әдептілікке, мәдениеттілікке, адамгершілікке баулиды, ата – аналарды сынып өміріне белсенді қатыстырады. «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» (1-сынып), «Еліме арнаймын» (2-сынып), «Темекіден қашық бол» (3-сынып) тақырыптарына тәрбие сағаттары оздырылды.

Болганай Сагиевна - бүгінгі күрделі кезенде өмірді терең, дұрыс түсініп, талдау жасап, тәжірибе жинақтаудан жалықпаған шығармашыл ұстаз. Аудандық семинарларда «Берік білім - бірлікте» , «Сабақта дидактикалық ойындардың түрлерін ұйымдастыру ерекшеліктері» және педагогикалық кеңестерде «12 жылдық жалпы білім берудің мақсаты мен күтілетін нәтижелері» тақырыптарына баяндамалар оқыды.  «Жайық ұстазы» газетінде «Оқулықтағы олқылықтар» атты мақаласы жарияланды.

Білім беріп келе жатқан 1 – сынып оқушыларының білім сапасы 87,5%. Оқытқан оқушылары мынадай жетістіктерге қол жеткізді: аудандық пәндер олимпиадасында  Гилман Н.( ІІІ орын), Киясова Г. ( І орын), Ержанова А. (І орын), Ғазизов Ж. ( ІІ орын), Шүнрекова Н.( ІІІ орын). Аудандық конференцияларда, ғылыми жобалар, шығарма, мәнерлеп оқу сайыстарында Киясова Д.( ІІ орын), Киясова Г. (ІІІ орын), Ержанова А.(ІІІ орын), Шүнірекова Н (ІІ орын) сынды оқушылары жақсы нәтижеге жетті. «Ақ бота», «Зерде» интеллектуалдық ойындарына оқушыларым Гилман Н., Кенжиғулов Д., Киясова Динара белсенді қатысып, мақтау қағаздарынмен және сыйлықтармен марапатталды . Ойымды Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу –өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі осы ұстазға арналғандай. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Бойда бар күш-қуаттарын, Алла сыйлаған таланттарын ұлт ұрпағының білім алуына, таным көкжиегінің кеңи беруіне, егемен еліміздің өсіп-өркендеу жолына арнап келе жатқан ұстазымыз зейнет жасына да жетті, алдағы ғұмыры ұзақ болып тек қана денсаулық тілейміз.