Туристік арқандар мен байлаулардың жалпы түсінігі [Физическое воспитание]
Организация : Теректі ауданы балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
Должность : Қосымша білім беру педагогы
Дата : 19.11.2021
Номер журнала : 20-2025
Аннотация. Мақала туристік туризмде қолданылатын арқандар мен байлаулардың жалпы сипаттамасын, түрлері мен қолдану ерекшеліктерін талдайды. Зерттеу мақсаты – туристік операцияларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арқан мен байлаудың қасиеттерін, дұрыс таңдалуы мен байлану техникасын көрсету. Мақалада аналитикалық әдіс, салыстыру және әдебиетке сілтеме жасау арқылы негізгі тұжырымдар берілген. Нәтижесінде әртүрлі арқан түрлері мен байлаулардың беріктігіне әсер ететін факторлар, дұрыс сақтау және пайдалану шарттары, негізгі және қосымша арқан түрлері анықталды. Зерттеу туристік туризмде қауіпсіздік пен тиімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Туризмде арқандар мен байлаулар қауіпсіздіктің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Дұрыс таңдалған және дұрыс байланған арқан туристтің өмірін сақтауда маңызды рөл атқарады. Арқан мен байлаудың сапасы, түрлері және қолдану ерекшеліктері туристік операциялардың тиімділігі мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, климаттық жағдайлар, арқанның материалдық сапасы және байлау техникасы оның беріктігіне айтарлықтай әсер етеді. Осыған байланысты туристік арқандар мен байлауларды ғылыми негізделген және жүйелі түрде қолдану мәселесі өзекті болып табылады. Туристік байлаулар қарапайым болып көрінгенімен, оларды дұрыс таңдау және байлау техникасын меңгеру өте маңызды. Байлаулар арқылы жасанды өткелден өту, құтқару жұмыстары, жеке және топтық сақтандыру сияқты операциялар жүргізіледі. Байлаулардың дұрыс байланбауы немесе сәйкес келмеуі қауіпсіздікке қатер төндіреді.
Туризмде байлауларға мынадай талаптар қойылады:
- Оңай әрі тез байлануы
- Салмақ түскенде өздігінен ағытылмауы
- Операция кезінде сырғып, жылжымай қалуы
- Кейін ағытылмастай бекіп қалмауы
- Кез келген операцияға лайықты таңдалуы
Арқандардың жеке қасиеттері де олардың беріктігіне әсер етеді. Мысалы, аязды күндерде арқанның беріктігі 30%-ға, дымқыл немесе суда қалған арқанның беріктігі 25-35%-ға төмендеуі мүмкін. Әр түрлі байлаулар да осындай жағдайда өз қасиеттерін жоғалтады, сондықтан оларды дұрыс таңдау және пайдалану маңызды.
Туристік арқандар түрлері
Спорттық туризмде қолданылатын арқандар сапасы мен дайындалу технологиясына қарай ерекшеленеді. Арқанның салмаққа төзімділігі, диаметрі және материалы (нейлон, капрон, полимедті волокон) арқанның қолданылу тиімділігін анықтайды. Туристік арқандар негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі арқан – қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін операцияның қауіпті тұстарында қолданылады, диаметрі 10-18 мм. Қосымша арқан – топты сақтандыру немесе құрал-жабдықтарды көтеру үшін қолданылады, диаметрі 3-8 мм репшнурлардан жасалады. Арқандардың беріктігі қолдану жағдайына байланысты төмендеуі мүмкін: иілген тұстарда, үнемі орындалған байлауларда, ылғалды ауа райында, сыр немесе ерітінді тиген жағдайда 2-4 есеге дейін төмендейді. Сондықтан арқанды бухталанған немесе маркировкаланған күйінде салқын жерде сақтау ұсынылады, тікелей күн сәулесінен қорғау керек. 11 мм арқанның нормативті сақталу уақыты – 2 жыл. Туризмдегі байлаулар орындайтын операцияларға байланысты негізгі, қосымша және бақылау байлауларына бөлінеді. Орындалатын операцияға қарай байлаулар: диаметрі бірдей немесе әртүрлі арқандарды жалғау, көмекші байлаулар, бақылау байлаулары және академиялық байлаулар сияқты түрлерге жіктеледі. Әр байлаудың қолдану ерекшеліктері мен қауіпсіздік талаптары нақты анықталған.
Қорытынды
Туристік туризмде арқандар мен байлаулардың дұрыс таңдалуы, дұрыс байлануы және сапалы қолданылуы қауіпсіздіктің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Арқанның материалдық қасиеттері, диаметрі, сақтау жағдайлары және қолдану әдістері оның беріктігіне әсер етеді. Зерттеу көрсеткендей, негізгі және қосымша арқандардың әрқайсысының нақты қолдану саласы бар. Туристік байлауларды дұрыс қолдану туристік операциялардың тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады, сонымен қатар қатысушылардың өмірін қорғауға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер тізімі
- Основные требования к публикации статей в журнале [Электронды ресурс] – https://adisteme.kz/rules.html