Журналға білім беру саласына қатысты кез-келген мақала журнал айдарларына сәйкес қабылданады. Журналға жариялау үшін ұсынылатын материалдар келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- мақала көлемі 400 таңбадан кем болмауы тиіс және 2000 таңбадан аспағаны жөн. А4 форматымен есептегенде мөлшермен 1-5 бет мәтінге тең.
- мақала журнал порталының ішкі редакторында жарияланады.
- мақала авторы міндетті түрде пайдаланылған әдебиеттің тізімін көрсетеді.
- интернет желісіндегі жүйелерден алынған ақпарат болса, мұндай жүйенің атауы және тиісті тарауы көрсетілуі қажет.
- бұқаралық ресурстардан алынған мәліметтерге де сілтемелер қолданылған ақпарат көрі ретінде жазылады.
- мәтінде тыныс белгілерінің (нүкте, үтір, қос нүкте, нүкте үтірмен) жазылу ережелері сақталуы тиіс;
- мақалалар мәтін күйінде ғана қабылданады;
- кестелі түрде құрастылырған сабақ жоспарлары қабылданбайды.
- көшірілген мақалалар «плагиат» мөрімен белгіленеді.
- сөйлемінде мәні және мағынасы жоқ материалдар жарияланбайды.
Редакцияға келген материалдар түзетілуі және толық өзгертілуі мүмкін. Автор мақаласын ұсына отырып, барлық авторлық құқығын редакцияға береді. Мақала жариялағаны үшін авторлық гонорар төленбейді.