Тарих төңірегіндегі тұғырлы тұлға - Әлихан Бөкейхан [История Казахстана]
Автор статьи : Аятбек О.
Организация : Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Должность : Магистрант
Дата : 16.11.2021
Издатель : Гульмира М., Автор
Номер журнала : 01-14-2022
Организация : Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Должность : Магистрант
Дата : 16.11.2021
Издатель : Гульмира М., Автор
Номер журнала : 01-14-2022
История Казахстана
Жетекшісі: профессор, доцент Жанатаев Данат Жанатайұлы
Биыл тәуелсіздік алғанымызға отыз жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында атқарылған жұмыстарда аз емес. Тәуелсіздік таңы арқасында қанша ақтаңдақтарымыз ақталып, олар туралы зерттеулер, ғылыми мақалалар мен тұжырымы тұшымды кітаптар басылып шықты. Қазақ елінің тәуелсіздігін о бастан-ақ аңсаған ұлт зиялылары кем болмады. Сондай біртуар азаматтардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы және алты Алаштың ардақтысы, қазақтың қамын жеп өткен Әлихан Бөкейхановта бар. Қазақ елінің болашағы үшін тынбай еңбек етіп, Алаш зиялыларының басын қосып, қазақ жастары мен келешегіне біршама ықпал етерлік істерді амалға асырды. Елдің ертеңі үшін білім мен ғылым жолында да із қалдырды. Ә. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылы 5 маусымындағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда экономикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Әлихан Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жазаға – ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барды. Онда орман шаруашылық училищесіне математика пәнінен оқытушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край » газетіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді [1. 36-б.]. Әлихан Бөкейханов студенттік кезеңдерінен ақ өзін шыңдап біршама іргелі әрекеттерге етене араласып, саяси қозғалыстарға белсенділік таныта білген. Қаншама қиын кезеңдерде аянбай еңбектеніп, әлеуметтік проблемаларды көтеріп, сондай проблемалардың шешу тетіктерін ақтарып отырды. Әлихан Бөкейхановтың ел үшін айтқан мына сөзінде: Бостандыққа қуансаңдар, мені басшымыз деп айтқандарың шын болса, міне, мен – өле өлгенше сендерге қызмет қылуға уәде беремін, сендер уәде бересіңдер ме бостандықтың жолымен болуға? Бостандықтың жолымен болсаңдар: баршаны жемеуге, бірігуге, бас пайдасы мен жұрт пайдасын бірдей көруге, барлық күштеріңді ғылым жолына, бостандық арқасымен көгеру жолына жұмсауға керек. Міне, бостандық болғалы осыларды қылып отырған шығарсыңдар. Осыларды қылмасаңдар, бостандықтың өзінен-өзі сендерге түк әкеп бермейді . Әлихан Бөкейхановтың жайылған жұрттың бір болмай, ойы мен ісі түзелмейінше бостандық үшін еткен еңбектің еш кететінін, өзіме деп емес ортақ елім деп еңбектенуге, ғылымсыз, білімсіз жарқын болашақтың болмауын нақты көрсетіп берген. Бостандықтың беріктігі білім мен бірлікті тең ұстау арқасында тұрақты болатынын меңзегендей. Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш – Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау . Зиялы ғалым, зерттеуші, тарихшы, экономист, аудармашы Ә. Бөкейхан ұлтын сүйген ұлы тұлға ретінде, қазақ халқына деген шексіз құрметі, елінің ірі тұлғаларын әлемге таныту үшін туған осы мақсатынан байқауға болады. Еркіндік үшін ерен еңбек еткен Ә. Бөкейханның идеялары мен ойлары өз заманынан ерте өткен ұлы тұлғалардың ойларымен дәлме-дәл келіп, тарихпен байланысқан позициясы бойынша әрекет етті. Абай заманында қара сөзге қосып халықты білімге шақырған болса, Исатай мен Кенесарыдай батырлардың бір болып еркіндік үшін еткен әрекеттерінен құралған сан ғасырлық идеологияларды Әлихан өз кезегінде қазақ жастарын ағарту жұмысына атсалысуынан, халықтың бостандығы үшін тер төгуінен байқауға болады. Әлихан Бөкейханның руханият саласындағы тарихи қызметі ең бірінші кезекте «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасындағы «Ғылым-білім үйрету» әрі Жалпы қазақ-қырғыз сиезінің оқу мәселесіне қатысты қаулысындағы- Ұлт мектептеріне программа жасау.
- Мұғалімдерге қалай оқыту тәртіптерін үйрететін жолбасшы кітаптар жазу.
- Тәрбие жайынан кітаптар жазу.
- Бүкіл қазақ-қырғызға оқу ісін қалай жүргізу туралы жоба шығару.
- «Қазақ» емлесін тексеріп, түзету.
- Қазақ-қырғыз тіліне пайдалы кітаптарды тәржімә ету» сипатындағы күн тәртібіне өткір қойылған мәселелердің оңтайлы шешім табуына бағытталды. Әлихан Бөкейхановтың ғылым жолындағы дара жолын жоғарыда айтылған сыни проблемаларды көтеруінен аңғарамыз. Жылдардан асып, ғасырларға ұласқан проблемалардың негізгілерін қазақ халқының болмысын қалыптастыру жолында атқарылуы керек істерді тізгіндеп берді.