Сыныптан тыс шараның рөлі [Эссе]

Автор статьи : Айнур И.
Организация : Өскемен қаласы, ШҚО ШҚО БМ «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ
Должность : қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Дата : 17.02.2020
Номер журнала : 01-10-2020
«Мектеп» сөзін ойға алсақ, ол оқу үрдісі, мұғалімдер, оқушылар, сыныптар, тақта, бор, үй жұмысы, сабақ, бақылау сынақ деген сөздерді елестетеді. Ағылшын тілінде «school» сөзін қарастырсақ, көне грек сөзінен scole – бос уақыт, демалу деген мағынаны білдіреді. Қазіргі таңда бұл мағына теріс берілгендей болып тұр. Мектеп өмірі қаныққан, мектеп оқушыларымыз 7-9 сабақ бойы мектеп қабырғасында білім алып отырады. Сондықтан біздің, мұғалімдердің міндеті – оқушының мектептегі өмірін қызықтыру, қызықтыра отырып білім алуға шақыру. Онымен бірге балалар мектепте жүріп бір-бірімен, ұстаздарымен араласады, араласып отырып бір-бірінен білімін толықтырады. Әр баланың жеке жеке басы, оның моральдік дамуы үшін қамқорлық жасау – бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. Білім саласында өзгерістер енгізілуімен жаңа технологиялар қолданылып жатқанмен түрлі қызықты әдістер енгізілуде. Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы сабақтан тыс шарасына дайындалу кезінде іске асады. Қатынасудың тәжірибесінде жеке тұлғаның дамуына ұстаз әсер ете алады. «Адамға ең алдымен білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деп Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз тайға таңба басқандай жол көрсетіп, жөн сілтепайтып кеткен болатын. Осы ғұламаның айтқан сөзімен келісе отырып, мектеп оқушыларын сыныптан тыс жұмыстары ақылы тәрбиелейік деп айқып келіп отыр. Әр қазақстандық мектептерінде оқу жыл сайын пәндік апталық немесе айлық өтуде. Осындай кездерде мұғалім өз көрсеткіш сабақтарын, сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларын көрсетіп, әріптестерімен өздік қодданатын әдістерімен бөліседі, жас мамандар мұндай жағдайларда керекті нәрселерді өздеріне түртіп алатындай. Біздің мектепте қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі айлығы өтеді. Балалар тілді қызыға үйрену үшін сыныптан тыс шара өткізу керектігін айтқым келеді. Тек осындай шараларда балалар өздерін еркін ұстап олардың білуге деген белсенділігі артатыны байқалады. Тәрбиелік іс-шаралардың түрлері жеткілікті, олар – тренигтер, дискуссия, сайыс, дөңгелек үстел, іскерлік ойындар, конференция, шоу, кездесулер, ақпараттық бюро, ашық микрофон, киноклуб және т.б. Тәрбиелік іс-шаралар оқушылар тарапынан  қызығушылық туғызады, себебі ол әлеуметтік мүмкіндіктерін, қабілеттерін, ынталарын дамытады, мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге қажетті салаларды тәрбиелейді, сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандырады, бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі. Өзім жыл сайын сыныптан тыс шаралардың ішінен сайыс түрін таңдап құрастырамын. Сайыс сыныптар немесе бір сыныптан топтар арасында ұйымдастырылады. Неге сайыс деп сұрасаңыздар, себебі бұл әдіс оқушыларды тыныс алғызып, бәсекеге дайындық, жылдамдылық, ұстамдылыққа, жолдастық қарым-қатынасқа, тыңдау, сыйластық деген қасиеттерге үйретеді, бейімқабілетін тынықтырып, қызығушылықтарын оятады. Ең маңызы – оқушыларымызға мемлекеттік тілінің қажеттілігін, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, рухани байлығын білуі. Шара үрдісінде ойлану мен қимылды асулар кезектеседі. Сайысқа қызықты, құштарлық, жарқын көріністі, жан тәнімен өтетін келесі асуларды кіргізіп отырамын. Бірі «Білгіш» немесе «Ел аузынан» деп атауға болатын асу. Қазіргі заман талабы бойынша оқытудың басты мақсаты - өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан оқушылар өз бетімен белгілі тақырыпқа мақал-мәтелдер, қанатты сөздер дайындап, ізденушілікпен айналысады, есте сақтау, тілдерін рухани байлығымен толтырады. Асудың тақырыбы бойынша мақал- мәтелдерді тауып, жаттап, аудармаларын білуі тиіс. Шара өту кезінде әр топ басқа қарсылас топпен кезектеп мақалын айтады, шарт, айтылған мақал қайталанбау керек. Осы жаттап алған мағыналы мақал-мәтелдерді өмірлерінде де қолдана алады. Екіншісі - «Қолтырауын» ойыны, бұл ойын балалардың көбіне танымал, бұл асуда мектеп оқушысының әртістігі, шығармашылығы байқалады. Ұсынылған қима қағазда жазылған сөзді өз тобына қимылмен көрсетуге тырысады, ал топтастары оның мағынасын түсініп, сөзді қазақ тілінде атау керек. Үшіншісі – қазақи нысандарды тану. Интербелсенді тақтада қазақ ойынының немесе дәстүрінің, ырымының суретін көрсете отырып, оны атау. Бұның нәтижесі – оқушылардың қазақ ойындарын, дәстүрлерін, ырымдарын тану, ажырата білу, өмірге қажетті сапаларды тәрбиелейді. Төртіншісі - «Мерген» сайысы, қазақ халқының «Жамбы ату» ойын дәстүрі қолданылады,  ол көздің көруін жақсартады, мергендігін дамытады. Нөлден – үшке дейін сандарға шықса, бүкіл топқа автоматпен 5 ұпай қосылады, ал басқа сандарға оғын тигізсе, ұсынылған сұраққа жауап беру қажет. Бұл кезенде топтас оқушылары бір-бірі үшін уайымдап, бір-бірін қолдап отырады, ынтымақтастығы дамиды. Бесіншісі – сөзжұмбақ шешу, асуды «Сөздер сыры» немесе «Сөздер қиылысы» деп атауға болады. Интербелсенді тақтада сөзжұмбақ ұсынылып, дұрыс шешілген сөз анимация арқылы шыға келетіндей болуы қажет. Қарсылас топтар кезектеп сөздердің шешімін айтып отырады. Ал қай топ бірінші немесе екінші болатынын асық алу арқылы шешуге болады. Аталған асудың маңызы үлкен, өйткені ол оқушыларды зеректікке тәрбиелейді, дүниетанымын қалыптастырыды, білім деңгейін кеңейтеді.   Осындай шарада міндетті түрде көрермендер болады, сондықтан көрермендермен ойын өткізіледі. Ойынның түрі алуан түрлі бола береді. Бірақ ескеруім: жұмыс жалпылау, барлық аудитория еститін болуы қажет. Жеңімпаздар мадақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталанады. Көрермендермен жұмысты сайыс қатысушылары жазба тапсырманы орындап жатқан мерзімде өткізген дұрыс. Жазба жұмысқа «Әріптер қозғалысы», «Сөзбен ойын» деп аталатын асуды жатқызуға болады. Топтарға бір ұзын сөз беріліп, олар белгіленген уақыттың ішінде сол сөзге қатысты әріптерді қолданып басқа сөздер қатарын жазады. Бұл жұмыс барысында топ арасында қарсылас топқа атаған сөздер естілмейтіндей тыныштық болу қажет, себебі топтарға бірдей сөз беріледі. Сәтте ұймшылдық, уақытты үнемдей білу, бір-бірін тыңдай білу қабілеттірі арттырады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа – адамгершілік рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Баланың бойында жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеу ата-анамен қоса педагогтар да атқарады. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойындағы жақсы қасиеттердің болуы, оның жан-жақты дамыған рухани бай тұлға етіп қалыптастыра білу – біздің басты міндетіміз. Пайдаланылған әдебиеттер:
  1. Айтмамбетова Б. Оқыту процесін ұйымдастыру, Алматы, 1991.
  2. Адамбаев Б. Қазақ шешендік сөздерінің халықтық сипаты, Алматы, 1990.
  3. Сыптаева К. Рухани тәрбиенің маңыздығы – адамгершілік. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар № 6, 2019.