Сын тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі [Педагогика]

Автор статьи : Жаныл С.
Организация : Ақтау қаласы №22 орта мектеп
Должность : Мұғалім
Дата : 08.01.2017
Номер журнала : 02-15-2022
ХХI ғасыр- қатаң бәсеке ғасыры. Елбасымыз халыққа арналған  жолдауында «ХХI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда жаңаша ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деген болатын. Қашанда білімді ұрпақ – болашағымыздың кепілі. Егеменді еліміздің тағдыры – жас ұрпақтың қолында болса, ал жас ұрпақтың тағдыры – бүгінгі ұстаздардың қолында. Ендеше, мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіре отырып , балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу- тәрбие үрдісінде жоғары нәтижеге жету біздің басты мақсатымыз. Мұғалім бағыт беріп, қадағалайды, оқушының ойлау қабілеттерін арттырып, белсенділігін дамыта түседі, ол үшін мұғалім көп ізденуі тиіс. Бүгінгі таңда оқытудың мәңгілік сауалы: «Нені оқыту? Қалай оқыту?» күрделеніп барады. Себебі білім ауқымы адам айтқысыз кеңейді. Модульдің басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде сын тұрғысынан ойлау арқылы ойлау мен пікірталасу қабілеттілігін дамыту, балаларға терең білім беру.  Жаңа технология ретінде сын тұрғысынан ойлау, ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау өзіндік және жеке ойлау болып табылады (тәуелсіз ойлау);   Жобаның негізі – оқушы. Ол басты тұлға, әрекет етуші. Мұғалім – бағыттаушы. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт: 1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек; 2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру; 3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау; 4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау; Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану,ой толғаныс кезеңдерінен тұрады. Осы кезеңдердің мақсат мен міндеттері: 1.Қызығушылығын ояту-үйрену процесі –бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқушыларға жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып,кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі,не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау,ояту,ми қыртысына әсер ету жүзеге асады.Осы кезеңге қызмет ететін «Топтау», «Ойлау», «Жұпта талқылау»және т.б. әдістер жинақталған.Сонымен қатар үйренушінің белсенділігін арттыру.Өйткені,үйрену-енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс—әрекет.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, қасындағы оқушымен бөліседі,тобында талқылайды.Яғни, айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады.Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте бағытталады.Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап,оны байырғы біліммен ұштастырады. Мысалы жаңа тақырпты ашу  үшін оқушы зейінін жаңа тақырыпқа аудару.Мысалы: «Атмосфералық қысым» деген тақырыпты өткен кезде тәжірибе жасау арқылы тақырыпты оқушылардың өздеріне ашқызуға тырыстым.Үстелдің үстіне шетін онымен бірдей етіп газет жаздық.Оның астына орта тұсына келетіндей етіп ағаш сызғыш қоямыз.Сызғыш ұзындығының  3/2-газеттің астына, 3/1 үстелдің шетіне шығып тұрсын.Енді сызғыштың шетіне үстінен жұдырықпен қойып қалсаңдар қағаздың ортасының қозғалмағанын байқайсыңыз.Неліктен? Оқушылар әртүрлі жауаптар айтады, ойланады.Көп оқушылар газет кедергі жасайды деп түсіндіреді.Себебі ауаның салмағы бар екенін оқушылар біле бермейді.Себебі ауа көзге көрінбейді.Ауаның адамның салмағы сияқты ауаның да салмағы  бар екенін қарапайым мысалдармен түсіндіру арқылы жеткізуге болады. Нәтижесінде қағаз орнынан қозғалмайды.Себебі газеттің салмағынынан басқа бұл жерде ауаныңда салмағы бар екенін айта отырып ауаның жер бетіне түсіретін салмағын ауа қысымы деп айтамыз деп  жаңа тақырыпты ашамыз.Кез келген тақырыпты өткен кезде тек тәжірибе арқылы емес,қарапайым сұрақтар қою арқылы немесе күнделікті өмірмен байланыстыру арқылы ашуға болады. 2.Мағынаны тану (түсіне білу)-ойлау мен үйренуге бағытталған кезеңі.Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды. Оның өзін жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту әдістері бар.. Инсерт (түртіп алу) жүйесі. Бұл тәсіл бойынша оқу материалы дайын күйінде беріледі, мәтінді оқып отырып оның бір жақ шетіне немесе кесте түрінде жазылады: «V» — білемін «+» мен үшін жаңа «-» басқаша ойлаймын «?» — түсінбедім, тереңірек білгім келеді Оқушы оқу, тақырыппен танысу барысында – «білемін», «мен үшін түсініксіз», «мен үшін жаңа ақпарат», «мені таң қалдырады»белгілері арқылы оқу тапсырылады. Оқығанын түсінуге, өз ойын басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау,мазмұнын жете түсіну-күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мысалы оқушы үшін жаңа терминдерге «атмосфералық қысым» «барометр»  т.б сөздер оқушы үшін жаңа сөздер болып табылады.Мағынаны тану кезеңінде білімге сүйене отырып, бұрын және сабақ барысында не үйренгенін салыстырады. — Қарастырған тақырыптың мәнін толық түсіну және өзіне қойылған мақсатты іске асыру үшін жаңа тақырыпты талдайды, қажеттісін іріктеп алады. — өзіне қойған сұрақтарға мағыналы жауап алғандарын бағалайды. — Алған білімдерін өмірмен байланыстырады, қорытынды нәтиже шығарады, өз бетімен жаңа идеяларды ойластырады. — әртүрлі кезеңдегі ақпараттардың өзара қатынасын сипаттайтын кестелер толтырады. — түйін сөздерге қайта оралу. —есептер шығару. — рефлексивті сұрақтар — пікір алмасу. — шығармашылық жұмыстар жазу (синквейн, эссе) және т. б. Оқылған ақпаратты талдау, түсіндіру, шығарманы өңдеу жұмысы топ бойынша жүргізіледі Мысалы:Оқушылар атмосфералық қысым деген тақырыпты өздері оқып меңгереді.Биіктеген сайын қысымның азаятындығын түсінеді.Мысалы адам 3000мбиік тауға шықса басы айналып өзін өте әлсіз сезінсе 4000м қан тамыры жарылып мұрыннан қан кете бастайды.Неліктен ?- деп проблемалық сұрақ қою арқылы оқушыдан себебін сұрау керек . Оқушы әр түрлі жауаптар айтады. Мұғалім жауаптарын тыңдап себебін сабақпен байланыстыра отырып түсідіреді.  Қысымды өлшейтін құрал барометр анероид екенін айтып құрылысымен таныстырады.Сынап бағанасының 760мм биіктігіне тең қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.  10м биіктікке көтерілгенде 1мм-ге төмендейді.100 м биіктікке көтерілгенде қысым шамамен 10мм-ге кемиді.Жаңа тақырып бойынша көптеген мәліметтер алады.Барометр,циклон,антициклон.изобара т.б 3.Ой-толғаныс-тақырып туралы кезеңі.   Күнделікті сабақ барысында оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айтып берулері тиіс.Бұл кезеңде оқушылар бір-бірлерімен ой алмастырады, ой түйістіреді,өз кестелерін жасап, басқалардың да кестелерін үйреніп алуға тырысады.Нәтижесінде бұл,үйрену сатысы – ойды қайта түйіп,жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып саналады.Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңде тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «синквеин құрастыру» «есептер шығару» және т.б. әдістер әр сабақтың ерекшелігіне қарай қолданады. Венн диаграммасы арқылы циклон антициклон ұқсастығы  мен айырмашылығын талдау.                                                                                                                                                    Осы сабақтан алған білімдерін шыңдау мақсатында есептер шығару арқылы қызығушылығын арттыруға болады.                                                                                                                             Мысалы: 1-есеп.Барометр тау етегінде 740 мм,ал тау басында 440 мм көрсетсе таудың биіктігі қанша метрге тең болады? Жауабы:(740-440)х10 3000м  (100м биіктеген сайын қысым 10мм-ге кемиді.) 2-есеп Мәскеу қаласының атмосфералық  қысымы748мм болса, мұхит деңгейімен салыстырғанда оның биіктігі қанша метр болады?                                                                                                 Жауабы : (760-748) =12    12х10=120м 3-есепҰшақ 3 км  биіктікке көтерілді.Егер жер бетіндегі атмосфералық қысым 750мм, ал ұшақ көтерілген биіктікте атмосфералық қысым қандай? Жауабы: 3км-3000м 750-(3000м:10)= 750-300=450мм 4-есеп  Төбенің басында атмосфералық қысым 453 мм сынап бағаны,ал төбенің етегінде 758 мм сынап бағанасына тең. Төбенің биіктігін анықтаңдар:                                                         Жауабы:758-453 =305     305х10=3050м Міне осы тәріздес есептер беру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға болады. Содан кейін есептерді күрделендіруге болады.   Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында: -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды: -   мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; -   бір-біріне құрметпен қарауға; - бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды; -өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; -   өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; -   өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; -   достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; Сонымен, сабақтың ең маңызы – оқушының рефлексия жасауы. Рефлексиялық тәсіл – кәсіби қалыптасу барысында туындаған қарама –қайшылықтарды анықтауға, өзін - өзі тану мен өзіндік қадағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Мысалы сабақты қорытындылау мақсатында кері байланыс болуы қажет.Осы тақырыптан алған оқушының әсерін біліп отыру үшін қажет.оқулықпен шектелмей қосымша тапсырмалар мен интернет желісін қолдануға жағдай жасап , біліктілігін арттыру керек. Ендеше, жаңашыл әдістерді оқыту жағдайында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруда мынадай мәселелер ескерілу қажет деген ойдамын. Оқу тәрбие үдерісіне жүргізіп отырған бақылау нәтижелері қандай да бір білім технологиясын пайдалануға толықтай енгізу үшін оған жоспарлы, мақсатты дайындық қажет екендігін көрсетеді. Сонымен, сын тұрғысынан ойлау оқушылардың білім алуда қандай нәтижеге алып келеді деген сұраққа былай жауап беруді ұйғарып тұрмын: География пәнінде сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың стратегиялары оқушылардың   танымдық белсенділігін арттырды, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етті. Балалар сабақтардың қызықты, жеңіл өтетіндігін, топта бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын сезіне білді. Сонымен қатар, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, ұстаздың шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігіне сенімім кәміл. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының тиімді жақтары:                                           Оқушылардың өздігінен жан-жақты білім алуға жағдай жасалады.                                             Сабақ кезінде уақытты ұтымды пайдалану мүмкіншілігі молаяды.                                       Оқушылардың өзара пікір алмасуына мүмкіндік туғызылады.                                            Мұғалім мен оқушы арасында ізгілік қарым-қатынас орнайды. Қолданылған әдебиеттер: 1.География Биология Экология журналы№5 2011жыл 2.Мұғалімге  арналған НҰСҚАУЛЫҚ. 3.Мектептегі тәжірібе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар