Салауатты өмір салтын сақтаймыз [Эссе]

Автор статьи : Құралай Т.
Организация : Алматы қаласы Щаңырақ шағын ауданындағы "Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп - интернат - колледжі"
Должность : Информатика пәні мұғалімі
Дата : 11.11.2016
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Сыныптан тыс жұмыс Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салтын сақтаймыз!» 8 – сынып арасында Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жақсы мен жаманды ажырата білуге, ішімдіктен және де басқа да зиянды әдеттерден сақтандыру. Адам ағзасына темекінің, ішімдіктің , есірткінің зиянды тұстарын айтып түсіндіру Сабақтың әдістері: Баяндау, пікір алысу, әңгімелесу Сабақта қолданылатын тәсілдер: ұжымдық, жеке-дара   Мұғалім сөзі : Бүгінгі сабағымызды Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағым келіп тұр: «Дені сау сәби әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі.» Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда көптеген заңдылықтарға сыймайтын жат қылықтар көптеп кездеседі. Әрине, мұндай жат қылықтармен отбасынан бастап білім мекемелерінде, қоғамдық ұйымдар мен құзырлы құқық қорғау мекемелерінде күрес жүргізу қажет. Елбасының         « Қазақстан-2030» жолдауының төртінші тарауында «жат қылықтарға қарсы күрес және темекі мен ішімдікті қысқарту, денсаулықты жақсарту» деп көрсетілген. Олай болса бүгінгі сабағымызда салауатты өмір салты туралы пікір алысамыз.   Мұғалім сөзі: Салауатты өмір –жоғары саналы адамгершілік өмір, салауатты салт - жоғары сананың көрінісі. Салауаттылық –адам тіршілігіндегі, күнделікті өмір тынысындағы қимыл -әрекет, тамақтану, ойлау, қызмет, әдет, құмарлық, тұрмыстық қарым- қатынас жүйелерінің жиынтығы. Бейнеролик  Ал енді балаллар салауатты өмір салты дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? Оқушылар пікірлері тыңдалып, талданады. СЛАЙД 1 Мұғалім сөзі:  Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Қазіргі мәліметтер бойынша денсаулық 53-55%- ға салауатты өмір салтына тәуелді болады екен. Бұдан салауатты өмір салтын ұстанудың қаншалықты маңызды екендігі айқын. Бейнеролик (темекінің зияны) «Темекінің зияны» Статистикалық мәлімет беру .Жер шарында жыл сайын темекі уынан 3 млн. адам өледі екен, темекі шегетіндер стенокардиямен 13 есе, миокардинфактімен 12 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Оқушылар пікірлері тыңдалып, талданады. Түйін: Никотин – және басқа да химиялық заттар( улы газ, қара май және т.б) бұлар ағзаны улайтын у, оны жасөспірім өз еркімен қабылдайды. Никотиннің қауіптілігі бұның есірткі екендігі, яғни ағза тез бейімделетін зат. Сондықтан темекі шегуді оңай, ал оны тастау қиын, бірақ тастауға болады. Темекі шегу – зиян әдет. Ол өмірді қысқартады. Қазіргі кезде темекіден бүкіл әлем бас тартуда. Темекіні таста! «Адамның тән сұлулығы мен жан сұлулығының байланысы» жайында мектебіміздің психологы Абдрешева Асемнің пікірін тындап көрейік. Бейнеролик психолог Оқушылар пікірлері тыңдалып, талданады Мұғалім сөзі:Денсаулық дегенді қалай түсінесіңдер? Денсаулық дегеніміз - адам өміріндегі ең үлкен байлықтың бірі, денсаулықтың арқасында адам еңбек етіп, жетістікке жетеді және жақсы өмір сүреді. Денсаулықты сақтап, оны нығайтуға әрбір адамның өзіңе ғана байланысты. Денсаулық салауатты өмір салты туралы ғылым. 2. Денсаулықты сақтау үшін қандай ережелерді орындау керек? Жеке бас гигиенасын сақтау күн тәртібін орындау. Дене шынықтырумен шұғылдану, дұрыс тамақтану, организмді шыңдау, белсенді, қайырымды және ақжарқын болу. 3. Біз не үшін тамақтанамыз? Адам үнемі күш қуатты жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтана білу тиіс. Дұрыс тамақтану - денсаулық негізі. Өмір сүру үшін тамақтанамыз.

Денсаулық – зор байлық. Денсаулық – адам өмірінің бағалы заты. Сондықтан, адам күнделікті өзін – өзі күту, дұрыс тамақтану, тыныға отырып қажетті дене жаттығуларын жасап, дене тұлғасының дұрыс жетілуін қадағалау қажет. Сонда ғана сұлу да сымбатты болып өсесіңдер. «Президентіміз Н.Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауынан: Жастар біздің болашағымыздың тірегі. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашып отыр. Біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш – жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» - деген болатын. Денсаулықтың қадірін ауырмай тұрып бағалай білейік. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымының деректері бойынша, денсаулыққа әсер ететін факторлардың 50 - 60 % өмір тіршілігіне, 20 % - тұқым қуалаушылыққа, 20 % - сыртқы ортаның жағдайына, 8 - 10 % - дәрігерлік көмектің деңгейіне байланысты. Бұл деректер денсаулық үшін күрестің негізгі бағыты – салауатты өмір салтын қалыптастыруға, оны насихаттауға бағытталған шаралар екенін дәлелдейді. Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.  Жағдаяттарды талдау. Слайд Алма ағашы өсіп дұрыс жеміс шығуы үшін ықпал «эксперимент»

Қорытынды Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. Есірткі құрысын, Ішімдік жойылсын. Дені сау қазақтың, Ұрпағы көбейсін. Мәдениет өркендеп, Табиғат көркейіп, Қазақтың сымбатты, Ұл - қызы көбейсін! деген сөзбен сабагымды аяктагым келеді. Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар. Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Сондықтан жаман әдеттерден аулақ болып төзім, табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер.