Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері [Эссе]
Организация : Ш. Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті
Должность : "Халықаралық қатынастар және туризм" кафедрасы аға оқытушысы
Дата : 19.05.2020
Номер журнала : 01-10-2020
Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ[1]. Бүгінгі әлемде, бәсекеге қабілетті елде, елдің сауатты болуы мемлекет үшін маңызды болып табылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында: «Білім реформасының табысты жүзеге асуының негізгі белгісі- біздің еліміздің азаматы жоғарғы санатты білімді ала отырып, кез-келген елде сұранысқа ие болуында»[2]. Білім реформасы- бұл Қазақстанның бәсекелестік қабілетін арттыратын маңызды құралдарының бірі. Білім беруді дамытудың идеясы-білім алудағы басты жауапкершілік студенттің өзіне жүктелуінде. Осыған байланысты қазіргі мамандар дайындаудағы негізгі талаптар мынадай: - алған білімін өз мақсатына жұмсай білу және кеңейту; - өзгермелі ортада өзінше дамыта түсу; - жауапкершілік пен қабілетін қалыптастыру, өз көзқарасын білдіре алуы; Қоғамдық-гуманитарлық пәндерді өткізу кезіндегі кеңінен қолданылатын және студенттердің тапсырмаларды орындаудағы маңызды құралдарының бірі-студенттің өзіндік жұмысы. Талап бойынша, білім алушының өзіндік жұмысы (БОӨЖ) оқытушының қатысуымен белгіленген уақытта және оқытушының қатысуынсыз (БОӨЖ) да берілген тапсырмаларға сәйкес орындалады. Студенттің әрбір өзіндік жұмысы пән бойынша жоспарланған жұмыс бағдарламаларымен ұйымдастырылады. Білім алушының өзіндік жұмысы пәннің концепциясымен, ЖОО-ң, колледждің техникалық мүмкіндіктері мен және кітапхананың оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуімен де анықталады. БОӨЖ -дің аудиториялық формасы оқулықтарды пайдалана отырып, топпен тапсырмаларды жүзеге асыруды көздесе, БӨЖ әрбір пәннен жоспар бойынша мерзімі мен уақыты белгіленген күні барлық академиялық кезеңнің ішінде тапсырылады. БОӨЖ шеңберіндегі сабақтар сондай-ақ, пән бойынша тапсырмаларды орындау қиынға соғатын және ағымдық рейтингісі төмен студенттерге де қосымша тапсырма алуға да арналған. БӨЖ-ді өткізудің шеңберінде оқу материалдарын кітапхана, компьютер сыныптары мен медиатека жағдайында өзінше игеру қарастырылған. БӨЖ-ді өткізу библиографиялық мәліметтерді өңдеумен (картотека құрастырумен), жазба жұмыстарын дайындаумен(реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары), ғылыми жобаларды өңдеумен(курстық, диплом, статьялар), ғаламтор арқылы мәліметтер іздеумен байланысты болуы мүмкін[3]. БӨЖ-ді дұрыс және тиімді өткізу үшін: - студенттің өзіндік жұмысына қажетті оқу-әдістемелік нұсқау беру; - БӨЖ тапсырмаларын оқу жылының басында беру; - ағымдық және аралық бақылау түрлерін өңдеу; - БӨЖ бойынша консультациялар күнін белгілеу Өзіндік жұмыс барысында студент: - берілген пән бойынша теоретикалық материалдарды игере алады(кез-келген тақырыптар,кез- келген тақырып сұрақтары); - керекті құрал –жабдықтар арқылы тәжірибе жолымен, теоретикалық материалдарды бекіте алады(бақылау жұмыстары мен өзін-өзі бақылауға арналған тесттік сұрақтармен жұмыс жасау); - игерген білім мен тәжірибесін өзіндік позициясына қолдана білу (курстық, дипломдық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуда); Студенттің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар пәннің тақырыптары бойынша дұрыс жасақталып, мұқият жоспарлануы және оқу бағдарламасында көрсетілгендей оның көлемі сағаттарға бөлінуі тиіс. Студенттің өзіндік жұмысының қорытындысы оқытушының бақылауында болуы керек. Осы қорытындылар студенттің оқып жатқан пәнінен қорытынды аттестация кезінде бағаланып, ескерілуі тиіс. Студенттің жұмысын бағалаудың тиімді түрлері болып мыналар табылады: - интерактивті тақтаны пайдалану арқылы топтық жұмыс; - тестілеу; - тақырып бойынша реферат дайындау; - жеделдетілген сұрақ – жауап өткізу; Соның ішінде кең таралған түрі - интеракивті өзіндік жұмыс орындау. Бұл әдістің тиімділігі сол, студенттер топпен жұмыс жасай отырып белгілі бір тақырыпты талдайды. Сондай-ақ,топ алдында шығуға қымсынатын немесе үлгерімі төмен студентер үшін қолайлы әдіс болып табылады. Өзіндік жұмысты орындау кезінде студенттер өзінің шығармашылық қызметін арттырады. Үлгерімі төмен студентпен жұмыс жасай отырып, үлгерімі бар студент бағаланады. Өзіндік жұмыс студенттің шығармашылық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Бұдан басқа студенттің өзіндік жұмысының үш деңгейін бөліп қарастырады: репродуктивті(жаттығу), реконструктивті және шығармашылық (ізденімпаздық). Көбінесе тиімді қолданылатыны студенттің репродуктивті деңгейі. Өзіндік жаттығу жұмыстары кестелер мен схемалар толтырумен, сөзкестелер құрастыру, т.б. үлгісінде орындалады. Студенттің танымдық қызметі танудан, ойлап, қорытындылаудан, есте сақтау қабілетінен көрінеді. Мұндай жұмыстардың мақсаты- білімін бекіту, қабілетін арттыру. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда барлық курстарда орындалатын рефераттар ерекше орын алады. Реферат, алдын-ала берілген тақырыптар бойынша дайындалады. Реферат тақырыпты анализдеуден өткізіп, жазбаша жазылады. Рефераттың тақырыбы кең болғандықтан оны ашу үшін көптеген статьялар мен деректер пайдаланылады. Әдетте реферат дайындау біршама уақытты қажет етеді. Рефератты дайындау барысында студент тақырыпқа сәйкес жоспар құруда , оған байланысты әдебиеттер мен материалдарды қолдануда кеңесіп отырады. Рефератты таныстырудан кейін оны талқылап, сұрақтар қойылады. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша дайындалған рефераттардың әдістемелік маңыздылығы сонда, олар ең алдымен, өзіндік қабілетке негізделген: студент өзінше арнайы әдебиетпен, мерзімді басылымдармен танысып, жинақтап және қорытындылай алады. Бұдан басқа өзіндік жұмыстарды орындауда студент ойлауға, қорытындылауға, жағдайларды ескеруге, мақсат-міндеттерін қоюға, туындаған мәселерді шешуге, т.б., өзіндік жұмыс процесі біртіндеп шығармашылыққа ауысуы керек. Іздену барысында ол пәннің мәнін түсініп, әдебиеттерді қолданып, игереді. Студенттер өз бетінше жұмыс жасай алады және оны керек етеді. Оны ұйымдастыру және бақылап отыру оқытушының міндеті. Еңбек жолымның он бес жылында өзіндік жұмысты ұйымдастырудың оң нәтижелерін берген түрлері қолданылды. Мұндай жұмыстар бірінші курстар арасында жүргізіліп, студенттерге өзіндік жұмыстың әртүрлі тәсілдері - монографиялар бойынша конспектілер, эссе жазу, тестілеу, кестелер құрастыру, терминдік сөздермен, анықтамалармен жұмыс, рефераттар дайындау ұсынылды. Тапсырмалардың мұндай түрлері тексеріліп, бағаланып отырады. Қазіргі таңда оқытушының міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар студенттің танымдық қызметін тиімді түрде ұйымдастыру болып табылады. Студенттің өзіндік жұмысы оқу процесінің барлық түрін қамтиды. Өз алдына жұмыстана алмаған студент болашақта өзінше қызмет атқара алмайды. Одан басқа өзіндік жұмыстың сипаты тәрбиелік мәнге ие: ол студенттің қабілетінің жиынтығын,болашақ жоғарғы санаттағы маманның тұлғасы мен мінез-құлқын қалыптастырады. Әдебиеттер: 1. 31.01. 2017ж. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы. 2. Назарбаев Н. Ә. Мәңгілік ел Жолдауы. 17.01.2014ж. 3. С.Б. Абдығаппарова, Г.К. Ахметова, С.М. Ибатуллин, А.А.Құсайынов, Б.А. Мырзалиев,С.М. Өмірбаев. Кредиттік оқыту жүйесінің негіздері. -Алматы, 2004. - 51 б.