Пернетақта [Информатика]
Сабақтын тақырыбы: §6.Пернетақта Сабақтын мақсаты: Пернетақта және пернелердің бөліктерін, бас әріппен жазу, тілді ауыстыруғ көшіру, қою, т.б командаларды үйрету. Білімділік: Оқушыларды пернетақтамен, оның негізгі бөліктерімен, және олардың міндетімен таныстыру.Пернетақтаның мүмкіндіктерін көрсету. Компьтердің Тәрбиелік: Оқышылардың тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың өту барысы:Оқушыларды ұйымдастыру.
- Үйге берілген тапсырманы тексеру.
 - Жаңа тақырыпты тексеру.
 - Тапсырмаларды орындау.
 - сабақты бекіту.
 - Үйге тапсырма беру.
 
Жаңа түсініктер: Пернетақта (Клавиатура)
Пернетақта - компютерге ақпарат енгізетін құрылғы. Онда 101 немесе 105 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады. Пернетақтаның әрекетерінің прициптері: 1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі.
- Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді.
 - Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады.
 - Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады.
 - Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады.
 
| Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады: -басу пернетақтасы (алфавитті- цифрлық және таңбалық ернелер) -функционал пернелер: F1-F12 -арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace -меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада. -сандық пернетақта. Функционалдық пернелер- Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады. Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған. Цифрлық-қосыма NumLock пернетақта арқылы қосылып ажыратылады. Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады. Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады. ← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді. Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады. Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі. Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді. кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt Пернелер комбинациясы Ctrl + ↑ | Меңзерді бір абзацқа жоғары жылжытады | 
| Ctrl + ↓ | Меңзерді бір абзацқа төмен жылжытады | 
| Ctrl + ← | Меңзерді бір сөзге солға жылжытады | 
| Ctrl + → | Меңзерді бір сөзге оңға жылжытады | 
| Ctrl + Home | Меңзерді құжаттың басына жылжытады | 
| Ctrl + End | Меңзерді құжаттың соңына жылжытады | 
| Shift + Ctrl немесе Shift + Alt | Мәтінді енгізген кезде бір тілден екінші тілге ауысады. Мысалы, орыс тілінен қазақ тіліне, т.с.с. | 
| Пернелердің қызметі Page Up | Меңзерді бір бетке жоғары жылжытады | 
| Page Down | Меңзерді бір бетке төмен жылжытады | 
| Home | Меңзерді ағымдағы жолдың басына жылжытады | 
| End | Меңзерді ағымдағы жолдың соңына жылжытады | 
| Delete | Меңзердің оң жағында тұрған әріпті өшіреді | 
| Backspace | Меңзердің сол жағында тұрған әріпті өшіреді | 
| Tab | Меңзерді белгілі аралыққа оңға жылжытады | 
| Caps Lock | Әріптерді тек бас әрпімен жазады | 
Үйге тапсырма: Дербес компьютермен. Компьютермен танысу. Компьютердің құрылымы.