Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілетін дамытудың заманауи әдістері [Английский язык]
Автор статьи : Дана К.
Организация : №96 жалпы білім беретін мектеп, Алматы
Должность : ағылшын тілі мұғалімі
Дата : 08.04.2022
Номер журнала : 01-14-2022
Организация : №96 жалпы білім беретін мектеп, Алматы
Должность : ағылшын тілі мұғалімі
Дата : 08.04.2022
Номер журнала : 01-14-2022
Английский язык
Қaзіргі уaқыттa жaс ұрпaққa өнегелі тәрбие беріп, терең білім нәрімен сусындaтaтын мұғaлімдер қaуымынa мемлекет тaрaпынaн елеулі қолдaу көрсетіліп отыр. Джеймс «Оқушы табысты білім алуы үшін мұғалімнің де оқуын жалғастыруы негізгі болып табылады» деп атап көрсеткендей, мұғалімдер білім алатын кәсіби мәдениетті жүйелі түрде дамытуға кірісіп кетті. Тәжірибенің өзгеруі-бұл білімнің өзгеруі. Сапалы дамыту жұмысына жаңа технологияларды енгізгенде ғана өзгертушілік әсері болады деп мен өз сабақтарымда бар үйренгенімді тәжірибие барысында өткізгім келді. Іс-тәжірибемді жүргізер aлдындa кәсіби мaқсaтымның мәні жaйлы терең ойлaндым. Мен нaқты нені өзгертемін? Өзгерісті қaлaй жетілдіру керек? Тәжірибемде нені жақсарта аламын? Осы жaңa тәсілдерді әрі қaрaй қaлaй жүзеге aсырaмын, қaлaй дaмытaмын? деген сұрақтардың төңірегінде көп ойлaндым.
Өз тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның бастысы оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу үрдісінде бірлесе әрекет ету. Осы арада, инновациялық технологиялардың бәрі - Lesson Study зерттеуіне қатты қызығып және өз тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологияларын қолданамын деп шештім. Lesson Study циклі мен үшін өте жаңа әдіс, атап айтқанда, мұғалімдер зерттеуге алынған оқушылардың іс-әрекеттерін алдын ала айқындауы тиіс және зерттеуге алынған оқушылардың қалай жауап бере алуын болжамдап білуі керек. Lesson Study мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі болып табылады және де іс-әрекеттегі зерттеу сияқты бірқатар циклдерді қамтиды. Бұл ең бастысы «сабақты зерттеу» немесе «сабақты зерделеу» үдерісі болып табылады. Зерттеу барысында барлық топ мүшелері толық көлемде және бірдей дәрежеде үдеріске тартылады. Тек бір мұғалім ғана сабақ беретініне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады және оқыту мен сабаққа берілген кез келген баға жеке мұғалімге емес, тұтастай барлық топтың жұмысына қатысты беріледі.
Lesson Study бірінші түрінде мұғалімдер бірге жұмыс істеп, бірыңғай зерттеу тақырыбын таңдайды. Олар бірге ақпарат жинап, Lesson Study-ді соның негізінде өткізеді. Бұл жағдайда, сабақ жоспарын талқылау әсіресе маңызды. Әрбір Lesson Study зерттеу тақырыбына байланысты болуы керек. Әрбір Lesson Study циклын өткізгеннен кейін мұғалімдер зерттеу нәтижелерін бірыңғай тақырыпқа байланыстыруға тырысады. Lesson Study-дың екінші түрін де мұғалім өз еркімен өткізеді. Мұғалім өзінің таңдаған зерттеу тақырыбын саралап, өзінің оқыту әдісін дамытуға тырысады. Ол өзінің сабақ жоспарын зерттеу тақырыбына байланысты жазып, зерттеу сабағын өзі жүргізеді. Ол сабақты бірнеше мұғалімдер тобы бақылайды. Бақылаушылар сабақты талқылап, оның нәтижесінде мұғалім сабақ жоспарын қайта жазып, екінші зерттеу сабағын ашады. Мұғалім Lesson study циклы барысында кері байланыс алып, өзінің оқыту дағдыларын дамытады.
Lesson Study-дың үшінші түрінде барлық мұғалімдер зерттеу сабағын өткізіп, сонымен қатар әріптестерінің зерттеу сабағын бақылайды. Сабақты бақылаған кезде, мұғалімдер жақсы әдіс-тәсілдермен бөлісіп, өздерінің оқыту және бақылау дағдыларын дамыта алады. Lesson Study-дың бұл түрінде мұғалімдер өздерінің зерттеу тақырыбын таңдай алады, бірақ бірыңғай тақырыпты беру оларға көбірек пайда келтіреді. Lesson Study-дың бұл түрінде әрбір мұғалім бақылау процесіне көбірек назар аударады. Өзімнің педагогикалық тәжірибемде, интерактивті әдістер сияқты оқыту формаларын пайдалана келе, көп жағдайда сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологияларымен жұмыс жасағанды жөн көрдім. Мен өзімнің сабақтарымда оқушылардың сыни ойлауларын дамыту мақсатында «Аралас, жұптас, қозғалма, ой бөліс», «Ой шақыру», «Миға шабуыл», «Венн диаграммасы», «Кластер», «Бес жол өлең» стратегияларын қолдандым. Студенттердің топта бір-бірін, өзін-өзі және топтардың өзара бірін-бірі сыни тұрғыдан бағалауы кезінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Стикердегі диалог», «Білемін. Білдім. Білгім келеді» әдістерін қолдандым.
Lesson Study бойынша № 1 сабақ. Сабақтың тақырыбы: «London». Мақсаты: сөйлеу дағдысын жетілдіру: проблема бойынша жұп болып әңгімелесе білу, есту арқылы түсіну , мәтіндегі маңызды ақпаратты табып, түсіндіру. Қолданылған модульдер: «Білім берудегі жаңа тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету». Қолданылған стратегиялар: «Ой қозғау», «Сәйкестендіру», «Кластер», «Болжау». Тәжірибемнің 1-ші сабағына «Лондонға қош келдіңіздер!» деген тақырыпты алдым. Жетекшімнің көмегімен бірге сабақ жоспарын жоспарлап, зерттеуге алатын оқушыларды таңдап алдық. Lesson Study циклдерінде зерттеуге алынған оқушыларды А, В, С деп үш деңгеймен белгілейміз. Олар Чернявская Арина (А), Сартаков Виктор (В), Лопухин Егор (С). А деңгей өте жақсы оқиды,бірақ стандарттан тыс тапсырманы өз бетінше орындамайды, В деңгей жақсы оқиды ашық, С орташа оқиды жасқаншақ, қызығуы төмен. Lesson Studyдің ең басты мақсаты, балалардың қабілеттерін ескеріп, талдай отырып «С» деңгейіндегі оқушыны «В» деңгейіне, «В» деңгейіндегі оқушыны «А» деңгейіне, «А» деңгейіндегі оқушынының қызығушылықтарын одан да арттырып, ынталандыру. Мысалы, ашық сабақта бейнебаянды, үнтаспаны тиімді пайдаландым. Мәтінді үнтаспадан тыңдау оның әсерлілігін күшейтті және оқушының мәнерлеп оқи білуге ынтасын арттырды. Бейнебаяннан үзінді көрген оқушы жаңа ақпарат ала отырып, осы ақпаратты толық алу үшін ізденуге талпынады.
Сабақтың басында видео сюжетті көру арқылы, оқушылардың сезіміне әсерін тигізіп және сабақтың тақырыбын анықтау үшін, сыни тұрғысынан ойлау қабылеттеріндамыту үшін «Кинометафора», «Болжау» әдістерін қолдандым. Оқушылар сабақ барысында топпен жумыс жасайтындықтан, оларды Лондонның атақты «Big Ben» және «A big red bus» мүсініндегі пазлдар арқылы топқа бөлдім. Әр топ өздері ақылдаса отырып, топ басшыларын сайладық және топ басшыларына бағалау парағын беріп, бағалау критерийлерімен таныстырдым. Бірлесе отырып топ ережелерін құрдық. Оқушылардың белсенді білім алуына әсер етіп, олардың ойлауына барынша ықпал жасайтын жұмыстың түрлеріне топтық жұмыс, жұптық жұмыс, оқулықпен жұмыс түрлерін, «ой қозғау», «ойлан, бірік, бөліс», «құрастыр, одан кейін жауап бер», «инсерт» , «кластер» әдістері қолданылып, деңгейлік тапсырмалар берілді. Оқушыларға білім алуға көмектесу үшін бағалауда мадақтау, өзін-өзі бағалау, жұптарда өзара бағалау, топтарда өзара бағалауды қолдандым. Сыныптағы барлық оқушыларды жұмысқа тарту мақсатында қалың, жұқа сұрақтар, кеңейтілген тапсырмалар берілді. Оқушылар үйренеді деп жоспарлаған нәрселердің барлығын олардың үйренгенін байқау үшін сабақтың соңында оларға өздері қол жеткізген мақсатқа сәйкес келетін үш смайлдың біреуімен бағалауды ұсындым. Тәжірибемнің барысында топ мүшелерімен бірігіп, ағылшын тілі мұғалімдері де зерттеп, бақылаудағы үш оқушыны назарға алып, сабақты қадағалап, қажет жерлерін түртіп алып отырды. Топ зерттеу сабағы аяқталысымен бірден оқушылардан сұхбат алынды және талқылау жүргізілді. Lesson Study-дің №1 сабағының нәтижесінде, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінің көрсеткіштері А деңгейі – 80%, В деңгейі – 70% ал С деңгейі – 65% деп айқындалды.
Талқылау төмендегі құрылым бойынша жүргізілді:
- жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;
- сыныптың тұтастай оқытылуы;
- зерттеу сабағының барысы және оқу үдерісі;
- белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу;
- топпен келесі Lesson Study-ді жоспарлау.
- жоспарлау үдерісінде жасалған алдын ала болжамдарды салыстыра отырып, «бақылаудағы оқушылардың» оқуын қадағалау және болған айырмашылықтардың себебін белгілеу;
- сыныптың тұтастай оқытылуы;
- зерттеу сабағының барысы және оқу үдерісі;
- белгіленген және зерделенген негізге сәйкес келесі зерттеу сабағының мақсатын белгілеу;
- топпен келесі Lesson Study-ді жоспарлау.
- сабақ жоспарлауда Блум таксаномиясына сүйене әр кезеңіне сұрақтарды дайындау;
- оқушыларға қоятын сұрақтардың бағытына, сапасына ерекше мән беру;
- төмен дәрежелі сұрақтардың орнына жоғары дәрежелі сұрақтарды қолдану;
- сұрақ қоюдың түрткі болуы, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сияқты техникаларын пайдалану;
- оқушыларды сөйлеуге бағыттау үшін ойын жинақтауға мүмкіндік беру;
- оқушыларға сұрақ қоя және олардан ала білу.
- Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы пәнге деген қызығушылығы артады;
- Мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болуына жағдай жасайды;
- Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді.