Оқушылардың өзіндік жұмыстарының ерекшеліктері және түрлері [Педагогика]

Автор статьи : Аскар А.
Организация : СҚО Ақжар ауданы Қазан орта мектебі
Должность : мұғалім
Дата : 12.01.2018
Номер журнала : 01-09-2018

Бүгінгі таңда ғылым мен техника қарқындап өсіп отырған шақта мектеп бағдарламасы мен оқулықтарына, олардың барлық жетістіктерін еңгізу мүмкін емес. Осы себептен де мектеп ертеңгі білімнің негізін қалап, оқушылардың өздігінен ізденіп, білім алуларына мүмкіндік жасауы тиіс. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығуға болады. Осыған орай, мектеп бітіруші әрбір оқушы ғылым негіздерінің жаңалықтарымен хабардар болып, кейін сол алған білім мен іскерлігін одан әрі дамытуға тиіс. Бұл өскелең өмір талабы.

Қазіргі кезде Қазақстан мектептерінде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі жинақталып келеді. Солардың бірі педагогикалық үрдісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру. А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімнің, шеберлігі ұзақ жолды қысқарту үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап,беру мен бетік белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру керек. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының мән-мағынасын ұйымдастырудың тәсіл-амалдарын бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс. Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді. Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек: 1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек; 2.Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс; 3.Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек; 3.Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек. Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: -мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі; -жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; -мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі; -оған әсер ететін мотивтер. Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері: а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену). ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар). Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады: 1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек. 2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды). 3) Міндетті түрде тексерілуі керек. 4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады. 5) Өздік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс. 6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек. 7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушылардың өздігіне атқаратын жұмыстары олардың ой еңбегін қалыпқа келтіруге бағытталған және мұғалімнің берген тапсырмаларын орындаудың ең тиімді тәсілдерін өздеріне іздестіруге көзделген. Математика сабақтарында оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстарды былай жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралымен, анықтама әдебиетпен, есептер жинағымен, әр түрлі үлестірмелі материалмен, жеке және топтық тапсырмаларды орындау. Мұғалім оқу процесінде өзігінен орындайтын жұмыстың әр түрін және олардың үйлесімділерін қолдануды жоспарлайды. Математикадан өздігінен орындауға берілетін тапсырмалар айқын мақсатты көздеуі және оқушылардың ынтасын арттыру үшін берілетін тапсырмалардың мазмұны терең, практикалық қолдануы анық зерттеу сипатында болғаны орынды. Сонымен бірге, оқушыларға тапсырма бергенде материалды біртіндеп күрделендіру, олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктеріне назар аударған дұрыс. Өз бетімен жұмыс тапсырылғанда оның ауыр –жеңілдігі, қанша уақыт орындалатынына көңіл бөлу керек. Өз бетімен жұмыс сабақтың кез келген уақытында беруге болады. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады. Математикадан мынадай тапсырмалар жазуға болады: мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша орындалатын; -мұғалімнен алған білім, білік, дағдыларын өз бетімен пайдалануды талап ететін, бірақ мұғалімнің басқаруын пайдаланған жағдайда; -алған білім, біліктерін басқа жағдайда пайдаланғанда; -оқушыдан ойлауды, шығармашылықты талап ететін байқау, талдау арқылы жаңа қорытынды, анықтамаға шығаруға болатын тапсырмалар. -арифметикалық амалдар кестесін есте сақтауға арналған; -есептеу тәсілдерін игеруге арналған: -ұқсастық пен айырмашылықты ажырату, талдауға арналған; -белгілі бір түсініктемелердің арифметикалық амалдармен байланысына арналған; -байқау негізінде қандай да бір заңдылықты айыру; -дидактикалық ойындар, қызықты тапсырмалар. Оқушылар өздігінен жұмыс істей білуі үшін, алдымен, мұғалімнің берген үлгісіне қарай еліктеу негізінде қарапайым тапсырмалар орындайды. Мұндайда жұмыстың мазмұнын жасау әдістерінің бәрін мұғалімнің өзі айтып береді, ал оқушы тек орындаушы ғана. Ал егер мұғалім оқушыға бәрін өзі айтпай, бұрын алған білімдерін қолдануға лайықты жағдайлар туғызатын болса, сол кезде оқушы өздігінен ізденіп, жаңа міндеттерді шешуге тырысады. Сондықтан мұғалім оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастырғанда, алдымен оларды өздігінен жұмыс істеуге дайындайтын жаттығулардан бастап, кейін мұғалімнің көмегімен жасайтын жартылай дербес, ең соңында толық өздігінен жасайтын жұмыстарға үйрету қажет. Мұғалім оқушыларға шамалары келетіндей тапсырмалар ұсынады, онда жұмыстың мақсаты, оны бөлімдер бойынша орындау реті (өзін-өзі бақылау); мұғалім тексеру үшін алынған нәтижелерді әзірлеу, реттеу (кері информация) тәсілдері, жұмысты орындау мерзімі келтіріледі. Мұғалім тапсырманың дұрыстығын, оқушылардың оның мазмұны мен нәтижесін қаншалықты түсініп меңгергенін анықтайды: Демек, мұғалім бақылаушы ғана емес, ұйымдастырушы да, оқушының өздік жұмысын тексеруші де. Мұғалім тапсырма арқылы олардың таным қабілетін бағдарламалайды, оны бір мақсатқа бағыттап, сапасын анықтайды. Оқушылар тапсырма алады, меңгерген білім қорына сүйене отырып, оның мақсаты мен орындау тәсілдерін ойластырады және ең маңыздысы – жұмысты өздігінен орындау барысында алынуға тиісті нәтижелерді дағдарламалайды. Содан соң істелген жұмыстың дұрыстығын үнемі тексере отырып, тапсырманы бөлімдері бойынша орындайды. Алынған нәтижелерді реттеп әзірлейді (өзін-өзі бақылайды) және жазу жұмысы, цифрлар, сызулар, суреттер, модельдер т.б. тексеру үшін мұғалімге тапсырады. Оқушылардың оқу жұмысын, оқу әрекетінің жемісті болуы – оқу жұмысын тәсілдерін менгеруге байланысты.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Математика» 2015ж.
  2. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Математика және физика» 2014ж.