Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары [Эссе]

Автор статьи : Бахыткуль К.
Организация : СҚО, Ақжар ауданы, "Айсары негізгі мектебі" КММ
Должность : оқу ісінің меңгерушісі
Дата : 19.11.2020
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі – мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі «дайын» білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс - әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет. Ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден–бір жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін–өзі тануына өзіндік «менің» қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау әр мұғалімнің міндеті. Шығармашылық тапсырмалардың өзін оқушылардың қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады. Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге, ата-анаға және қоғам қауымдастығына жүргізілген жұмыстарға, ізденісіне байланысты. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы реттен оқушыларға да белгілі бір талаптар мен міндеттер қоя білуіміз керек: Оқушыларға қойылатын талап:  Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу;  Қорытынды жасап отыру.  Қосымша материалдар табу, іздену.  Өзін - өзі талдауды, өзін - өзі бағалай білуді меңгеру; Оқушының болашақта мамандық таңдау, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы мұғалімге байланысты. Бұл мақсатта жаңашыл педагогтердің инновациялық тәжірибесін шығармашылық ынтамен меңгеру және пайдалану қажет. Жаңашыл педагогтер оқушының жеке тұлғалық абройын барынша құрметтеуге, оның шығармашылық қабілеттері мен бейімділіктерін, өздігімен ойлау қабілетін дамытуға, жағымды эмоциональдық педагогикалық үрдісті қалыптастыру. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақты, білімі қажет. Қазіргі мұғалім:

  1. Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;
  2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;
  3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  4. Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;
  5. Білімді, іскер, шебер болу керек
  6. Қажыр, қайраты мықты болу керек.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Жаңашыл педагогтардың тәжірибесі мына ережелерге негізделеді:  Оқытуды мұғалім мен оқушының өзара шығармашылық қарым-қатынасы ретінде қабылдау.  Күрделі мақсат идеясы (оқушының алдына барынша күрделі мақсат қойылып, оны орындай алатындығына сенімін нығайту);  Өзіндік талдау (оқушылардың жұмыс нәтижелерін жеке және ұжымдық талдау);  Ерікті таңдау (мұғалімнің оқу материалының жақсы меңгерілуі мақсатында сабақ уақытын өз бетінше пайдалануы);  Оқушылардың өзін-өзі шығармашылық басқаруы;  Тәрбиеге жеке тұлға тұрғысынан қарау;  Ата-аналармен ынтымақтастық құру; Сонымен, осы қасиеттер толық болған жағдайда ғана тұлғаны дамытуда ізгілік және шығармашылық көзқарасқа негізделген әдістер мен жүйесін құрайды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:

  1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
  2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
  3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
  4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
  5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілікті оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттері оқу әрекетінде көрінеді. Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата - ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең жоғарғы бедел иесі – мұғалім. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Оқу мен оқытушы ол үшін бөліп – жарғысыз нәрсе. Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тұрақтанған қалпы бар сала- бастауыш мектеп. Әйтсе де соңғы уақыттарға дейін бастауыш мектеп балаларды оқу, жазуға, есептеуге ғана үйрететін, қоршаған орта, қарапайым дүниетанымға жалпы түсініктер беретін білім ошағы болып саналады. Қазіргі кезде бастауыш мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылып бір жүйеге келді. Жеті модульді сабаққа қолдануда жететін жетістіктерімізге тоқталайын. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер Сыныпта « оқуды үйрететін » орта қалыптастырып, жаңа нәрсені сынақтан өткізуге уақыт беріп, бірін-бірі оқытуға аса мән беру. Кері байланыстың болуы маңызды екенін түсіне отырып, түсіндіре алдым ба, әлде көмек қажет пе деген сұрақтарды әр сабақтан соң өзіме сұрақ қойып талдаудан өткізіп отыру. Топтық жұмыс жалпы тапсырманы орындау барысында өзара рөлдерін өзіндік дұрыс реттеуге үйрету,өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға топтық қызметте балаларды басшы,хатшы,тәлімгер,репортер болуға үйрету яғни өзара жұмыстың таңдаған ережелеріне бағыну - бір-бірімен тіл табысу, өзара іскерлік қарым-қатынас орнату және қолдау; - оқушылар өзара пікірталас өткізуге, өз ойын жеткізуге және басқаны тыңдауға, өзінің шындығын дәлелдеу және басқа балалар көзқарасының дұрыстығын қабылдау. -топтық жұмыста әр оқушының қатысуға мүмкіндігі бар -топ құрамында рөлдер ауысып отырады -әр топтың теңдік қарым -қатынастары мен өзара әрекеттесу дағдылары қалыптасады. Уақытты тиімді пайдаланасың және төмен оқитын оқушылар топпен бірлесіп сабақ айтуға ұмтылады. Нәтижесінде оқушылардың барлығы сабаққа қатысады. Қатыспайтын оқушы болмайды. Оқушылар өздері ізденіп,сұраққа жауап береді.  Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

  1. Сұрақтың дұрыс қойылуы
  2. Сыныптасын және өзін – өзі бағалау
  3. Оқушылармен бірге критерийлерді талдау.

Оқушыларға орындалған тапсырмаларын бағалау үшін оларға бағалау критерийлерін шығаруға, сол сияқты бағалаудың формативті түрі арқылы өзара және өзіндік бағалауға мүмкіндік беріп отыру. Әр түрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критерийлерін құрастыру. Формативті бағалау кезінде оқушылар өз ойларын еркін айтуға үйрене бастайды. Бағалаудың оқушылар үшін маңыздылығы туралы оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» - жаңаны білу жолындағы кезекті қадам – деп көрсетілгендей – ақ оқушылар өздеріне қиындық келтірген сұрақтарды құрдастарынан сұрау арқылы жағдайдан шығуға ұмтылады деген. Себебі оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің қорытынды бөлімінде – бағалау арқылы оқытуды жақсарту бір қарағанда қарапайым болып көрінетін бес басты фактордан тұрады ол:

  1. Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.
  2. Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы.
  3. Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту.
  4. Бағалаудың оқушылардың өзін – өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал

ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға ықпал етеді.

  1. Оқушылардың өздерін – өздері бағалай алуы және өздерінің оқуын қалай жақсартуға

болатындығын түсінудің қажеттілгін баса көрсеткен.

  1. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (АКТ)

Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, уақытты үнемдедім. АКТ-мен жүргізілген сабақ оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятуымен қатар уақыт үшін өте тиімді. Бір сабақта оқушылармен біршама жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Сондай-ақ оқушының өз бетімен ізденуіне, қателерін өздері тауып түзетуге, көру арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауларына жағдай жасалады. Жоғарыда аталғандармен қатар компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындатуға болады.Менің тәжірибемде өз пәнімнен оқушылармен онлайн тест жүргізудің артықшылығы көп деп айтуға болады. Бір жағынан уақыт үнемдейсіз,екінші жағынан қағаз бастылықтан арыласыз. Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:

  1. Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген пән бойынша электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу ;

АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру; Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу; Әр оқушының ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру.

  1. Талантты және дарынды балаларды оқыту

«Дарынды тұлға– халқымыздың ең қымбат байлығы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күнде өте қажет, себебі дарынды адам қоғамға көп пайда әкеледі. Адамның дарындылығы оның туа біткен қасиетімен тығыз байланысты.