Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің мұғалімдер тәжірибесіне ықпалы [Всемирная история]

Автор статьи : Гүлсовет Т.
Организация : "№6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен" КММ
Должность : тарих пәні мұғалімі
Дата : 09.01.2017
Номер журнала : 01-14-2022

Білім — адам сапаларының өзгеруін басқаратын үдеріс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі күнделікті педагогикалық қызметте әр түрлі танылады және әр түрлі жүзеге асады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі деп өзара байланысты үш компоненттен тұратын тұлғаның қасиеттерін түсінеміз: ол- педагогикалық қызметте жүзеге асатын кәсіби білім, кәсіби біліктілік, мұғалімнің кәсіби құнды қасиеттері. Мектептегі көшбасшылық арқылы мұғалімдер жетекшілік, бағыт берушілік, ұйымдастырушылық, түзетушілік әрекеттерді атқаруы керек. Оқудағы көшбасшы мен бірлескен мұғалімнің өзі де бойындағы бар білімін көрсете байланыс жасағанда ғана сапалы нәтижеге жетуге болады деп ойлаймыз. Мұғалімдердің өз білімдерін жүйелі көтеріп отырулары — олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ететін негізгі фактор. Еліміздің білім беру саясатындағы көкейтесті мәселелердің бірі де осы мұғалімдердің біліктіліктерін жүйелі арттыру болып табылады. Мен мектеп әкімшілігіне коучинг өткізу арқылы мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесіне оң ықпал ету қажеттігін айтып едім, барлық мектеп әкімшілігі мен әдістемелік бірлестік комиссияларына өткізуімді сұрады. Сөйтіп коучинг тақырыбына «Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен оқу» модулін алып, бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру арқылы мұғалімдерге «Жас ерекшеліктерін» тиімді деп табылатын бірнеше түрлерін ұсынуды жөн деп санадым. Сондықтан коучингімді «Жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту мен оқу» тақырыбы бойынша өткіздім. Алайда мен жұмыс атқаратын мектеп аудан бойынша алдыңғы қатардан саналатын тірек мектептердің біріне жатады. Сондықтан болу керек коучингке оқу ісінің меңгерушілерімен бірге тәрбие ісінің меңгерушілері, әдістемелік бірлестік комиссиялары да қатысты. Балалардың жас ерекшеліктерінің түрлерін көрсету– мен үшін маңызды мәселе.

Осы тақырыпты таңдауымның себебі, мұғалімдерге жас ерекшеліктерінің түрлері және оқу үрдісінде оларды қолдау қалыптастыруына көмек көрсету болды. Сол себепті мен  оқыту мен оқудың осы аспектісіне көңіл аударуды ұйғардым. Курстан алған білімімді ортаға  салу, көрсету, бағыт-бағдар беру арқылы әріптестерімнің тәжірибесін одан әрі жетілдіруді өзіме мақсат еттім. Бұл тақырып менің мектебімнің мәнмәтінінде де маңызды рөл атқарды. Себебі мектеп мұғалімдері осы коучингте ұсынылған инновациялық әдістерді меңгерді, мұғалімдердің бойынан сенімділікті, бірін-бірі, өзін-өзі бағалауда шыншылдықты анықтайды, шығармашылықтарын шыңдайды. Коучингте дәл осы мұғалімдермен жұмыс істеуді ұйғарғанымды мен былай түсіндіремін. Сауалнама жүргізген кезде әкімшілік мүшелері коучингке қатысуға өздері тілек білдірген еді. Әрине,мұның бәрі коуч сәтті ұйымдастырып, дұрыс жеткізген кезде ғана жүзеге асады. Жаңа ғасырдың жаңа талаптарына бағыттау үшін мектебімде әріптестеріммен «Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің мұғалімдер тәжірибесіне ықпалы» тақырыбы аясында белсенді жұмыс жасауды жоспарладым.

Бұл коучингтен әріптестерім  сабақтың басында, ортасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру қажеттігін түсінді, топтасып жұмыс жасағанда ынтымақтастықтың артатынын, еркін сөйлеуге дағдыланатынын, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын дәлелдей білуге, бәрінен де мұғалімнің аз сөйлеп, керісінше, оқушылардың сөйлеуіне мүмкіндік беру қажеттігін ұғынды деп ойлаймын. Менің мектебімдегі мұғалімдер мен өткізген коучингімнен жақсы әсер алып шыққан еді. Бұлай дейтін себебім, қатысқан әріптестерімнің «Коучингің тамаша өтті, жақсы демалдық, көңіл-күйіміз бір көтеріліп қалды ғой, тағы коучинг өткізесің бе, міндетті түрде қатысамыз...» деген ізгі тілектері маған қанат бітіргендей болды, әрі бастаған істің сәтті өткізетіндігімізге сенімім мол болды. Сөйтіп екінші коучингімнің тақырыбын тәлім алушы А. О- мен келісе отырып «Диалогтік оқыту» деп алдық. Тәлім алушы А.О. көңілді күймен әріптестерді коучингке бағыттай білді.Түрлі ойындар ұйымдастыру арқылы мұғалімдердің диалогтың түрлерін қолдануына жағдай туғызды. «Ақылдың алты қалпағы» арқылы коучингті қорытындылады. Коучингке қатысқан мұғалімдер пікірлері жағымды болды. Олар алған әсерлерімен бөлісіп, өздерінің оқыту тәжірибесіне үйренген әдіс - тәсілдерін қолданатынын айтып тарқасты. Оқыту мен оқудың озық тәсілдерін меңгермей оқушыға сапалы білім беру мүмкін еместігі дәлелденуде. Бастауыш класс мұғалімі М. Р. С- ның айқандары: менің сіздермен бөлісетін ойым сабақтарымның негізігі сәттері, мысалы диалогтік оқытуды кез - келген ұстаз өз сабағында осы уақытқа дейін де қолданып жүргені сөзсіз. Бірақ, соны өз дәрежесінде қолданып, диалогтік оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді қолданып жүрміз бе? Біз көп жағдайда кластағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап, соңынан мадақтап отыратын кластағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды деп ойлаған жоқпыз. Осындай сұхбатты дәстүрлі сабақтарымыздың бәрінде қолданып келдік. Курстан кейінгі іс-тәжірибемді жүргізген кезде осы жоғарыда айтылғандардың маңыздылығы жаңа бір қырынан ашыла түскендей. Мен іс тәжірибе жүргізу кезінде Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деген тұжырымдамасын басшылыққа алдым. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады,- деген Мерсер пікірі мен үшін іс -тәжірибемде басшылыққа алған негізгі қағида болды. Диалогтың мен үшін маңызды болғаны соншалық тәлім алушылармен, мектеп әкімшілігімен, ата-аналармен, оқушылармен де сұхбат жүргізу барысында және ашық сұрақтар мен тыңдалымның да өзіндік рөлі болғандығын атап айтқым келеді.