Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау түрлері [Педагогика]
Бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан «Бағалау» сөзі мен үшін және менің алдымнан білім алып отырған әрбір қаракөз қазақ балалары үшін маңызды деп білемін. Кез-келген оқушы алған бағасының әділ болғанын қалайды. Өзімізге белгілі оқушылардың оқу жетістіктерін дұрыс бағаламаудың салдарынан, бала психикасына жазылмас жара салған ұстаздар қаншама. Біздің ата-аналарымыз білім алған Кеңестік білім беру кезіндегі бағалау жүйесі әлі күнге жалғасуда. Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен,баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік бермейтінін түсіндім. Теориялық білімімді тәжірибемен ұштастыру барысында түйген ойым, оқушының өзін және өзгені бағалауы үлкен оқушыға артылған жауапкершілік, сенім. Сондықтан да, оқушы өз міндетін жақсы атқарудың жолдарын қарастыруға талпынады және қызығады.
Еліміз егемендік алып дамыған, руханиятты елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек екенін түсіндім.
Модульдер кіріктірілген, шебер құрастырылған сабақтардың нәтижесінде білім алған оқушы өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасатынына күмәніміз болмайды. Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.
Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау — оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Бұл жерде оқушылар өзін-өзі бағалау, бірін-бірі бағалау, топтық бағалауда оқу үдерісінің белсенді қатысушысы бола алады. Өйткені, дәстүрлі бағалау процесінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей қалады, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдеуі мүмкін
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оқушылардың білімін бағалау, оқушыларды алға ұмтылуға ынталандыру орталығы болып табылады. Ал, оқушының дұрыс қалыптасуындағы шешуші рөлді бағалау атқарады деп ойлаймын. Оқушылардың сабаққа даярлығының, қабілеттінің көрінісі бағамен есептеді. Кейде оқушылар және мұғалімдер арасында "баға үшін оқисың ба" деген сияқты сөздерді естеп қаламын. Бұл дұрыс түсінік емес, баға ол білімнің, жұмыстың нәтижесінің көрінісі, алған білімінің дәрежесін көрсетеді. Сонымен бағалау дегеніміз -одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (мұғалімге арналған нұсқаулық 56–бет). «Бағалау» термині жақын отыру дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет (мұғалімге арналған нұсқаулық 57-бет). Кембридждік оқыту тәсілі бойынша бағалаудың екі түрі бар: формативті (оқыту үшін бағалау) және суммативті (оқуды бағалау). Жиынтық бағалаудың немесе Оқытуды бағалаудың мақсаты оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады. Формативті бағалау әр сабақта және күнде жүргізіліп тұрады. Оқыту үшін бағалау бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді ідеу және түсіндіру үдерісі. Бұл ретте мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Оқушылар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, мұғалімнің байқамай төмен немесе жоғары бағалаған бағалау шешіміне де өз әсерлерін тигізе алады. Формативті бағалау мұғалімдерге сыныптағы оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, фишкалар, жұлдызшалар, тілек, смайликтер [6,www. bilim.idhost.kz].Мұғалімнің бағалауы, яғни мадақтау, ынталандыру оқушылардың көңіл күйін көтеріп, өздерінде сенімділікті тудырады. Бүгінгі таңда бағалау барысында критерийлік және өзін-өзі бағалау жүйесін қолдануды өзекті деп санаймыз. Формативті бағалау ата-аналар, мұғалім және оқушыларға ашық, түсінікті және нақты болады. Өзін-өзі бағалаумен қатар оқушылардың бірін-бірін бағалауды жүргізуге болады.Оқушы өзін-өзі бағалаған кезде өздері нәтижеге мүдделі болады. Енді мен бастауыш сыныпта сабақ беру барысында өзім қолданаған бағалау түрлерімен таныстырығым келеді.
Оқушылардың өздерін-өздері көшбасшы ретінде көрсете алулары үшін әдебиеттік оқыту пәнінде Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» тақырыбында сабақ өткенде әр оқушының алдына оюлы қоржындар қойдым. Сабақ барысында ат салысқан әр оқушы тақтаның жанындағы үлкен қоржыннан бір асықтан алып отырды. Сабақтың бағалау кезеңінде оқушылар өз асықтарын санағанда оннан астам асық алған Саяна,Жансулу, Ержасын сынды оқушыларды көшбасшылар ретінде анықтауға болады. Ал бірде-бір асық алмаған Ермухан, Исламия сияқты оқушыларды келесі сабақта топтық жұмысқа міндетті түрде тарту керек.
Ғаламтор жаулап алған қазіргі заманда әрбір мектеп оқушылары өз көңіл күйлерін смайликтер арқылы жақсы көрсете алады. Мен де сол смайликтерді сабақты бағалауда тиімді қолдана алатын болдым. Мысалы «Өте көңілді», «жақсы», «көңілсіз» смайликтерді алып сабақтың соңында «Өзіме өте жақсы баға беремін», «Сабаққа жақсы қатыстым», «Орташа қатыстым» деген смайликтермен өздерін-өздері бағалайды.
Оқушыларға бірін-бірі бағалату үшін әр топтан сабақ барысында бағалаушы сайлап алуға болады. Қазақ тілі пәнінен «Зат есім» тақырыбын өткенде үш топқа бағалау парақшасы таратылды. Бағалау парақшасы төмендегідей үлгіде жасалды.
«Бағалау парағы»
1-топ Бағалаушы:_________
№ | Оқушының аты-жөні | Үй тапсырмасы | Қызығушылықты ояту кезеңі | Мағынаны ажырату | Сөз таптары патшалығы | Адасқан сөйлемдер | Семантикалық карта | Қорытынды баға |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 |
Кері байланыс
Топ_________
Оқушының аты-жөні______________________________________________
- Топта жұмыс істеген оңай ма? ______________________________________
- Кім өзін еркін сезінбеді, неге? ______________________________________
- 3. Бірлескен жұмыстан не алдың? _____________________________________
Сонымен қатар дүние тану пәнінен «Ауа райын бақылау» тақырыбында өткен сабақта қолданған бағалау парақшасына назар адарайық.
Өзіме қоятын бағам | Тақырыпты меңгеруім | «Аспан» аялдамасының тапсырмалары | «Бұлттар» аялдамасының тапсырмалары | «Найзағай» аялдамасының тапсырмалары | «Жаңбыр» аялдамасының тапсырмалары | «кемпірқосақ» аялдамасының тапсырмалары | Жиынтық бағасы |
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек.
Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап, бағалай алады. Ең бастысы, алдағы жұмысын бағытын анықтай алады. Оқушының жұмысын өлшемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға, не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе, жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету бойына сенім ұялатады. Өз сабақтарымда бағалауды пайдаланғанымды талдай келе оқыту үшін және оқу үшін бағалай тиімді екен деп айта аламын. Сонымен қатар ішкі, сыртқы және мұғалімнің бағалауы бар. Мұғалімнің бағалау (мадақтау, ынталандыру, тілек айту және смайликтерді беру) оқушының көңіл-күйіне әсер етіп қана қоймай,оны алдыға жетелейді деп толық айта аламын.
Пайдаланған әдебиеттер
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 12-б. 2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 56-б. 3. www. nisa.edu.kz 4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 2012ж, 58-б. 5. Мұғалімге арналған нұсқаулық,2012ж, 58-б. 6. www.bilim.idhost.kz8, нұсқаулық,2012ж, 58-б.
Әділ баға
Талай шәкірт әділдіктің ақ туын,
Аңсағаны бүгінгі күн белгілі.
Әділ баға арманына жеткізіп
Шексіз күліп шәкірттерім жүр бүгін.
Әділдікті ата-бабам аңсаған,
Мен де осы туралыққа жол салам.
Шын қойылса баға,шығар атымыз
Өз ісінің шебері боп әр маман.
Әділ баға шәкірттердің сенімі,
Болашағы шындықтың дәл негізі.
Әділдіктен,тазалықтан нәр алса
Сонда болмақ тамырдың да берігі.
Білім болса елімнің зор ертеңі,
Нағыз білім,осы болар көркемі.
Әжем айтқан қиялменен ұштасқан
Шындыққа әлі айналады ертегі.