Мобильді қосымшалар құру [Информатика]

Автор статьи : Ақерке Х.
Организация : "Түркістан Ахмет Ясауи" кәсіби колледжі
Должность : Информатика пәнінің оқытушысы
Дата : 12.04.2023
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Мобильді қосымша бүгінгі таңда адамға көптеген мүмкіндік береді. Бірі ғаламтор арқылы қаржыны басқарса, енді бірі салауатты өмір салтын ұстануға көмектеседі. Мобильді қосымша көмегімен жұмыстың жартысын аяқтап үлгереміз. Олардың саны көп. Бірақ көпшілігі білмейтін қосымшалар жеткілікті. Бұл қосымшалар өмірдің барлық жағдайына қажетті. Пайдасы да көп. Мобильді қосымша – бұл операциялық жүйемен жабдықталған мобильді құрылғыларда қолдануға арналған бағдарламалық өнім. Құрылғыда мобильді қосымшалар өндірушінің құрылғысынан орнатылуы немесе флэш – медиадан жүктелуі немесе онлайн-дүкендерден жүктелуі және де ақылы немесе ақысыз қол жетімді болуы мүмкін. Бұл мақалада біз мобильді құрылғылар мен технологиялардың дамуының қысқаша тарихын, мобильді қосымшалардың жіктелуін қарастырамыз. Мобильді қосымша (ағылш. «Mobile app») - бұл белгілі бір платформада орнатылған және белгілі бір функционалдылыққа ие планшеттер мен смартфондарға (iOS, Android, Windows Phone және т.б.) арналған әзірленген бағдарлама. Қарапайым сөзбен айтқанда, ол белгілі бір әрекеттерді орындайды және берілген мәселелерді шешуге арналған құрал. Алдын мобильді қосымшалар жай ғана ойын болды. Бірақ кейіннен кәсіпкерлер қосымшаның бизнесті жүргізуге көмектесетінін түсінді. Сонымен қатар сіз өзіңіздің брендіңізді хабарлап, сенімін арттыруға, жарнамалық науқандар жүргізуге және клиенттердің пікірлерін білуге мүмкіндік беретін мықты маркетингтік құралға айналдыруға болады. Мобильді қосымшалардың санаттары:Бағдарламалар оқиғалар;

  1. Қызмет бағдарламалары;
  2. Ойын-сауық қосымшалары;
  3. Интернет-дүкендер;
  4. Бизнес-қосымшалар;
  5. Контенттік қолданбалар;
  6. Қарым-қатынас қосымшалары;
  7. Жүйелік қосымшалар және т. б.


Мобильді қосымшаларды жасауға арналған платформалар функциялардың жиынтығы, бағалары, сондай-ақ қосымшаны жасауға болатын тәсілдері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Қосымшаны жасау тәсілі бойынша олар былай бөлінеді:

  1. Генераторлар. Бұл – қолданыстағы web-беттердің негізінде мобильді қосымшаны жасайтын платформалар. Генераторға өз сайтыңның URL-ін бересің, ол автоматты түрде сенің сайтыңдағыдай бөлімдер мен контенті бар мобильді қосымшаны жасайды.
  2. Конструкторлар. Бұл – дайын элементтерден өзіңе қосымшаны жинауға мүмкіндік беретін платформалар. Оның контентін болашақ қолданушыларың жасайды. Сенің қарамағыңда дайын үлгілер мен интерфейс элементтері, сондайақ функционалдылықтың бөліктері, мысалы, геопозициялау, хабарламаларды жіберу, банк карталарымен жұмыс істеу, т.б. болады. Осы платформаларды жасай алатын екі түрлі қосымша бар:
  3. Гибридті (PWA). Бұл, шын мәнінде, web-ке ұқсас, мобильді құрылғы экранына бейімделген web-қосымшалар. Олар смартфонда браузердің көмегімен ашылады.
  4. Нативті. Бұл – мобильді құрылғының операциялық жүйесіне орнатылатын қосымшалар. Нативті қосымшалар қолданушыға әлдеқайда ыңғайлы және кәсіпкерлер үшін тиімді.


Қосымшаны жасау тегін болуы мүмкін, есесіне одан кейін сенде екі жол бар. Біріншіден, сервистен оның түпнұсқасын сатып алып, оларды өз бетіңше сүйемелдеп, қосымшаны тарата аласың. Сонымен қатар ақылы негізде жазыла аласың. Содан кейін сайт командасы қосымшаны App Store/Google Play-де өзі жариялап, онымен қолдау жұмысын жүргізеді. Қолдау төлемінен басқа, App Store немесе Google Play-де аккаунт сатып алуға тура келеді. Шығыныңның орнын өтеу үшін, көптеген платформалардың текқосымшаны жасауға ғана емес, сондай-ақ жарнамаларды қосу арқылы ақша табуға мүмкіндік беретін міндетті программалары бар. Мобильді қосымша жасау үшін MIT App Inventor бұлттық бағдарламалау тілін қолдануымызға болады. MIT App Inventor-де программалау үшін, графикалық интерфейс Scratch пен StarLogo TNG тіліне өте ұқсас визуалды программалау тілі қолданылады. MIT App Inventor-ды қолдана бастау үшін мыналар қажет:

  1. Интернетке қосылған компьютер мен браузер (мысалы, Google Chrome, Mozilla Firefox немесе Safari). Браузерде қосымшаны жасайсың.
  2. Android 4.0 немесе одан да жоғары операциялық жүйесі бар смартфон немесе планшеттік компьютер.
  3. Google немесе Google Apps аккаунты MIT App Inventor сайтында авторизациядан өту үшін қажет болады. MIT App Inventor ресми сайты – ai2.appinventor.mit.edu. Сайтта өз аккаунтыңа кіргеннен кейін өзіңде бар жобаны ашуға немесе жаңасын жасауға мүмкіндігің бар. Қажетті нұсқаны таңдағаннан кейін, әзірлеу ортасы көрсетіледі. MIT App Inventor программалау тілінің интерфейсі дизайнер мен блоктар редакторы деген екі негізгі бөліктен тұрады.

MIT App Inventor-дағы дизайнер мен блоктар редакторы. MIT App Inventor интерфейсі MIT App Inventor интерфейсінің негізгі элементтерін қарастырайық:

  1. 1 – сенің жобаңның атауы;
  2. 2 – жобалармен жұмыс мәзірі;
  3. 3 – жасалған қосымшаны іске қосу әдісін таңдау;
  4. 4 – Дизайнер және Блок режімдерінің ауысуы.


«Дизайнер» режимі – қосымшаның интерфейсі жасалатын режім. Бұл режим қосымшаның әртүрлі құрауыштарын таңдау мен орналастыру үшін қолданылады: олар – қосымшаны іске қосқан кезде құрылғы экранында көрсетілетін батырмалар, мәтіндік өрістер, суреттер, т.б. Мәтінді, датаны енгізу өрістері, Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылуға арналған интерфейстер (акселерометр, GPS, деректер қоры, т.б.) сияқты қосымшаның функционалдық элементтері компоненттер деп аталады. Кейбір компоненттер – графикалық дизайнның бөлігі, мысалы, батырмалар, ал кейбіреулері – таймер, сенсор немесе бейнеплейер сияқты экранда көрінбейтін компоненттер. Жоба дизайнын әзірлеуге арналған интерфейс келесі негізгі элементтерден тұрады: Палитра – оған болашақ қосымшаның компонентінің жиынтықтары (топтары) кіреді. Көру – сенің қосымшаңның экраны. Дәлірек айтқанда, экрандардың бірі. Қосымшада түрлі әрекеттер жасалатын бірнеше экранды қолдануға болады. Мысалы, бірінші экранда қосымшаға нұсқаулық, ал екінші экранда қосымшаның өзі – оның функционалдық бөлігі бар. Компоненттер – мұнда өз жобаңда қолданып отырған компоненттер тізімі бар. Қорыта айтқанда мобильді құрылғыларға арналған операциялық жүйелердің әлемде алатын маңызы зор. Заман жаһандануы арқасында дербес компьютерлегі операциялық жүйе эволюциядан өте келе жаңа мобильді операциялық жүйені дүниеге әкелді. Мобильді операциялық жүйе ыңғайлылығымен, жылдамдығымен және өнімділігімен көзге түсіп келеді. Осының арқасындағы мобильді операциялық жүйенің қоғамда алатын рөлі орасан зор.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Хашими С., Коматинени С., Маклин Д., Android үшін қосымша жасау. – СПб: «Питер», 2011г.
  2. Голощапов А. Google Android: программирование для мобильных устройств.
  3. Роджерс Р., Ломбардо Д. Android. Разработка приложений. М.: ЭКОМ Паблишерз, 2010г.
  4. Донн Фелкер. Android: разработка приложений для чайников = Android Application Development For Dummies. М.: Диалектика, 2011г.
  5. Маклин Д., Хэшими С. Google Android: программирование для мобильных устройств 2012 г.
  6. https://studref.com/384493/informatika/klassifikatsiya_mobilnyh_ prilozheniy
  7. https://lifehacker.ru/business-apps/
  8. http://bourabai.kz/einf/bluetooth.htm