Мен XXI ғасыр педагогымын [Информатика]

Автор статьи : Гульжанар С.
Организация : Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті, №163 қазақ орта мектебі
Должность : информатика пән мұғалімі
Дата : 11.03.2017
Редакционная коллегия: разрешена только онлайн публикация
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» француз ойшылы Жан Жак Руссо
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» Ыбырай Алтынсарин


Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Мен 2004 жылы Қорқыт ата атындағы ҚМУ-де физика –математика факультетінің информатика мамандығын бітіріп, осы жылы №163 орта мектебіне информатика пән мұғалімі болып қабылданғаныма қуанамын. Өзімді 21 ғасыр педагогімін деп санаймын. Мұғалім барлық мамандық  иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді абзал жан. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні  темір  балқытқан  жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып  терін  төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті - ұс­таздардың қолында. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. «Нашар мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» А.Дистерверг айтқандай «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиялармен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»-деп елбасымыз өз жолдауында айтып қана қоймай, әр мектепті түрлі ақпаратты техногиялармен қамтамасыз етуде.

Ақпараттық технологиялардың білім берудегі пайдасы алыстағы ақпарат көздерін пайдалану, түрлі жүйелерге ену арқылы өз бетімен іздену, сұраныс бойынша ақпарат алу, интернет тарапында берілген тапсырмалар мен жаттығуларды орындау, ақпаратты кез-келген арақашықтықта тез арада жеткізу, өзі оқып отырған тілде электронды пошта арқылы хат алмасу, ақпараттың қажетті түпнұсқасына қосылу. Интернет арқылы ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отырып, оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы дидактикалық мәселелердің келесі жолдарын тиімді шешуге болады. «XXI ғасыр –ақпарат заманы»  болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Компьютер-әмбебап құрал. Ал бұл сауаттылық алғашқы рет мектептен басталады. Онымен жұмыс істеу кезінде программалық оқытудың барлық тәсілдерін пайдалануға болады, мысалы, ол теледидар мен кинопроектор мүмкіндіктерін көрсетіп, кестелер, көрнекі материалдар, калькуляторды,т.с.с. алмастыра алады. Компьютерді білім беру мақсатында пайдаланудың ең кең таралған тәсілдерінің бірі-оқыту программаларын қолдану. Осы заманға лайық жаңа дәуір, жаңа заман ағымынан кешеуілдеп қалған жаңа ғасырдың лебімен оятып, ертеңнің тұтастығын еркін ұстап, озық технологиялы елдермен терезесін тең тұту. Бүгінгі таңда қазақтың сана, білім, ой қабілеті жағынан кемде емес екендігін айтайық. Педагогикалық амалдардың  бірі –жаңа білімді технологияны, яғни компьютерді болашақта кең таралуы көзделгендіктен, қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында: «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. Бүгінгі білім мазмұны мұғалім мен оқушының арасындағы байланысты субъективті деңгейде көтерудегі демократиялық бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі мұғалімге тек пән мұғалімі ретінде қабылдау олқылық көрсетеді. Мұғалім қоғам айнасы. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. , тіркестермен тығыз байланысты. Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Инновациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Инновациялық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты: үйренушінің шығармашылық әлеуметін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге қабілетті болуды қамту; сараптамалық – зерттеу қызметі дағдыларын қалыптастыру; оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін жеделдету, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; . Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам - ақпараттың қажет кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дәстүрлі және автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Жаңа мыңжылдық – бұл күнтізбедегі жаңа уақыт өткелі емес. Ол- өткенді таразылап, өмірдің мәнін жаңаша түсінуге, болашақты барынша жете дұрыс анықтайтын уақыт. Қоғамның қарқынды дамуы, көбіне оның білімімен және мәдениетімен анықталады. Сондықтан, біздің ойымызша, білім жүйесін құру, қоғамды мына күнде дамып отырған әлемге дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі және өзекті мәселесі. Қазіргі білім жүйесінің ерекшелігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Қорытындысында білім беру – адамға үздіксіз оқуға, білім алуға жан-жақты білім қызметін ұсынатын әлеуметтік институт болуы керек. Бүгінгі  біздің  жаңа сабағымызды игеру қиынға соқпайды, өйткені технологияның, әсіресе компьютердің  дамыған кезінде барлығыңызда компьютер бар деп ойлаймын. Ойлау сипатымен даму үрдісі, оқушының шеберлігін, шығармашылық ойлауын және әлемдік кеңістікте заман ағымына  сай  дағдыларының деңгейлері төңірегінде жұмыс істейді. Компьютерлік техниканы , интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру міндеттерін  шешу көзделіп отыр. Мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зертеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің жаңа пролемалары әлі толық шешілмей отыр. Ақпараттандыру және бұхаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпаратты нақты тұтынушының ұсыныстары мен  қызығуына сай ақпарат ағымының қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шексіз қол жеткізеді. Сондай-ақ кез-келген қашықтықтағы ақпарат көзіне , оның ішіндегі оқу ақпаратына және өскелең ұрпаққа – қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды. Нарықтық заманда жан-жақты білімді,өмір танымы кең,таңдалған салада жұмыс істеуге дағдыланған кәсіби даярланған педагогтар қажет. Ол технологиялардың жан дүниесін жақсы тани білуге, көп тілді және алдыңғы қатарлы ақпараттық технологияларды ж ете меңгерген болуы тиіс»(2).Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар (АКТ) негізінде білім саласын жүйелі дамыту –ұлтымыздың ең басты тапсырмасы. АКТ-ларды қолдану әлемдік білім беру кеңістігінде кіру жолында,бәсекеге ұлттық жүйені қалыптастыруда шешуші маңызды орын алады. Елбасы: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек ». Информатика пәнін 5-сыныптан емес, 2-сыныптардан бастаса нәтижелі болар еді, бірақ мектеп компьютер мәселесін толықтай шешу керек. Себебі: Елбасының «Қазақстан- 2050»стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауында латын әліпбиіне  көшу жөнінде 2025 жылы жүзеге асатыны айтылған. Қазіргі таңда компьютерді білетін пернетақтадан латын қарпін жақсы үйренуге қиындық тудырмайды. Ия, әліде ойлануға , толғануға уақыт бар. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы - ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Осы мақсатқа жетудің бірден бір оңтайлы жолы - Кембридж бағдарламасының біліктілік арттыру бойынша «Деңгейлік оқу» деп тұжырым жасап, теңдесі жоқ бағдарлама деп өз басым баға беремін. Ендеше, бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек. Өйткені мен өз ұлымнан байқап отырмын, дегенмен қазіргі бүлдіршіндер алғырлығына көзім анық жетті. Ол қалай? Тілі шыққанда бірінші бір әріптен (а..., деген сияқты) бастайды, одан екі әріп (ма...,па...деген сияқты), одан мам, пап, апа деп енді сөйлеп бастағанда, мен күшік әу-әу-әу дейді деп айтып алдым. Содан баламнан сұрадым күшік қайтеді? – деп 11 айлық сәбиім жауап берді. Ол қазір ауыз қайсы, көз қайсы дегенді білмейді. Мен таң қалдым. Сонда болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, ХХІ ғасыр заманауи оқушылары, яғни Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болатынын өз сөзіммен қорытындылаймын.