Латын алфавитіне көшудің техникалық аспектілері [Информатика]

Автор статьи : Алмас О.
Организация : Зияткерлік технологиялар институты
Должность : профессор
Дата : 16.11.2017
Номер журнала : 02-08-2017

Жаңа алфавитке көшудің техникалық аспектілерін зерттеу мақсатында Зияткерлік технологиялар институтының мамандары апробациялық тәжірибе жүргізу мақсатында https://adisteme.kz порталына мәтінді латын алфавитіне автоматты түрде аударатын бағдарлама жасап, зертханалық жұмыстарын жүргізу үстінде. Кез-келген педагог ұсынылған портал адресіне кіріп, мақаласын жариялап, оны латын әріпіне ауыстыра алады.

Сонымен қатар, техникалық интеграция жұмыстарын жүргізу барысында туындаған мәселелерді шешу әрекеттері келесі тізбекке жинақталды:

  1. Апострофтарды (') қолдану тіл мамандары үшін қолайлы шешім. Дегенмен, программалау тілінде апостроф белгісіне көптеген маңызды рольдер жүктелген. Мысалы: Программалау тілдеріде сан-алуан. Осы тілдерді бір-бірімен байланыстыру барысында апостроф белгісі қолданылады. Ал, осы жерге сөз жазатын болсақ, программа бізді түсінбей қалады. Әрине, бұл мәселе программистер күшімен шешіледі. Дегенмен, жоқ жерден жұмыс табылайын деп тұр.
  2. Қазақ тілінде басқа тілдерден келген сөздер аз емес, оларды жазу барысында қолданылатын әріптердің кейбірі жаңа алфавитте қарастырылмаған. Мысалы: автоматты аудармашы бағдарламасын жасау барысында "Ц" әріпін "Ts" осылай жазуға тура келді.
  3. Жаңа алфавитте жуан және жіңішкелік белгілері қысқарып қалған. Бұл әріптерді автоматты аудару бағдарламасына бос орынмен ауыстыратындай етіліп жасалды.

Қосымша мәселелер туындап жатса, тізімге қосып жазып отырамыз. Әзірше мемлекеттің педагогтары мен мамандары ұсынылған портал арқылы өзінің көз-қарастарын комментария ретінде жаза беруді сұраймыз. Біздің мамандармен жасалған Wordpress плагиндері:

  1. Кирилицамен жазылған қазақ веб-сайт мәтінін автоматты түрде жаңа қазақ алфавитіне ауыстыру бағдарламасы - QAZAQLAT плагині.
  2. Қазақша жүктелген жазбалардың ғаламторлық сілтемесін латын әріпіне ауыстыру. Бұл технология қазақ тіліндегі ғаламтор материалдарын қысқа және түсінікті сілтемемен ауыстыруға мүмкіндік береді. QAZLAT плагині.