Көптілді оқыту - қабілетті тануға мүмкіншілік беретін басты қажеттілік [Педагогика]
Жаһанданудың қазіргі үдерісі, отандық білім берудің әлімдік білім кеңістігіне енуі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы жеке тұлғаның жалпы коммуникативті мәдениеті болашақ маманның шет тілінде коммуникативті құзырлығының қалыптасуы білімнің халықаралық дәрежесінің жоғарылауына мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықта жедел қарқынмен даму кезеңінде әлімдік экономикаға жан-жанты ену кезеңінде, шет тілін терең меңгерген, күнделікті және кәсіби салада оны тиімді пайдалана алатын мамандарға деген сұраныс көбеюде. Қазақстан Республикасының тіл саясатының концепциясында орыс тілі ғылым мен техниканың әр түрлі саласында негізгі ақпарат көзі, алыс және жақын шет елдермен қатынас құралы ретінде айқындалады. Алайда, әлем тілдерін, оынң ішінде ағылшын тілін білмей тұрып әлеуметтік экономикалық кеңістікке ену мүмкін емес. Осыған байланысты ағылшын тілін жедел қарқынмен оқыту Қазақстанда қоғамдағы тіл мәселесіндегі көп тілділік деп қарауға болады. Яғни, Қазақстан қоғамына тән екі тілділіктен көп тілділікке көшу бүгінгі күннің заңды шындығы болып табылады. Мемлекеттегі тіл туралы осы мәселелерді шешудегі білім беру жүйесінің ролі де осы құжаттарда қарастырылады. Бұл рольдің мәні жоғары деңгейдегі сапаға, халықаралық стандарттарға негізделген, ең маңызды элементтердің бірі тілдік дайындық болып табылатын білім беру үдерісіндегі үздіксіз принципі болып табылады. Олай болса орта мектепте өтетін пәндерді үш тілде үштастыра оқыту шарт. Қазақстанның жедел дамып отырған азамзат қоғамының көшінен қалмай, қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі, ұлтымыздың бәсекеге қабілеттілігі мемлекет басшысының «Жаңа Қазақсан – Жаңа әлімде» атты жолдауында атап көрсетілгендей, тікелей оның білімберу деңгейімен анықталады. Жобада елдің және оның азаматтарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру ұсынылған. Бұл жобаға сәйкес үш тілді дамыту дегеніміз мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, халықаралық қатынас құралы ретінде орыс тілін және әлемдік экономикаға кіру тілі ретінде ағылшын тілдерін оқытуды дамыту қарастырылған. Бүкіл дүние жүзінде интеграциялық прогрестер бел алып келе жатқан қазіргі кезде ендігі жаңа буын, жас ұрпақтың мелекеттік тілді, сонымен бірге шетел тілдері мен орыс тілі жақсы білу–өмір талабы. «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыру елімізде, орта мектепте үш тілде білімді дамытудың басым бағыттарының бірі. Осыған орай Қазақстанда көп тілді білім беруді дамыту басты назарда. Жоғарыда аталған жағдайларды жүзеге асыру көп тілді білімді дамытуға, қоғамды экономикалық және әлеуметтік жағынан модернизациялаудың басты факторы ретінде бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға мүмкіндік беретіне сөзсіз.Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Қазақстанда біліи саласында қазақ, орыс, ағылшын тілдері оқу тілі ретінде және пән ретінде де қолданылады.Қоғам дамуының бастаушы тенденциялары: адамгершілік болмысының эпицентрінде әртүрлі мәдениеттердің араласуы, әртүрлі мәдениеттердің өз аар белсенді қарым-қатынаста болуы, барша мәдениетке ортақ коммуникациялық мағыналы өрістің пайда болуы адамның белсенділігіне әсер етеді. Осы орайда бұл тенденциялар адамнан көптілді қоғамда өзара әрекеттесуі үшін қажетті мәдениетті құзыреттілікті талап етеді. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады.Ата заңымызда әлімдік тілдердің қай-қайсысын да тануға ерік берілген. Мемлекетіміз саяси, экономикалық, мәдени байланыстары бірнеше тілде білім алуды қажет етеді.Көптілді білім беру дегеніміз-оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тіде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.Тілдерді дамыту-еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу-ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады. Қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл-қазақ тілі, ұлтаралық қарым-қатынас тілі-орыс тілі мен жаһандық экономикаға кірігу тілі-ағылшын тілі болуы тиіс.Қазіргі уақытта өмірдің барлық салаларында қазақ тілін мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде оры тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр. Осы ретте қазақ тілінің қолдану аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті барлық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға аса көңіл бөлінуі керек. Елімізде қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалған. Бұл еліміздің әлімдік бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Көптілділік-заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқа халық мәдениетімен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді оқыту-жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі кунгі ең басты қажеттілік. Әр адамның рухани адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жанты болу қажет. Замана ағымына лайықты қазіргі алдамызда тұрған міндет халқымызыдң ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосы. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін- мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндеі жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлаты алатын рухани дүниесі бай білімді, білікті болуы шарт.