Жігіт сұлтаны [Эссе]

Автор статьи : Дамеш А.
Организация : Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қапай батыр ауылында "Васильковка негізгі мектебі" КММ
Должность : Бастауыш сынып мұғалімі
Дата : 20.11.2021
Издатель : Индира Т., корреспондент
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Тақырыбы: «Жігіт сұлтаны»

Мақсаты: Болашаққа сеніммен қадам басқан халқымыздың салт - дәстүрі, әдет - ғұрпы, жөн - жоралғыларын оқушылардың бойына сіңіру, батыл, намысты ұлдарды тәрбиелеу.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Сіздер бүгін жігітке жеті өнер де аз дегендей 1 «Ә» сынып оқушыларының «Жігіт сұлтаны» сайысына қош келіпсіздер.

Уа, халайық, халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін қорғамақ.

Жігіттер шықсын ортаға,

Бүгін сұлтан атанбақ.

Құрметті көрермен қауым, ендеше сайысқа түсетін жігіттерімізді қол соғып қарсы алайық. Бүгін міне төрт жігіт өз өнерлерін көрсетпек. Сайысымызды бастамас бұрын, бүгінгі сайысымызды саралап, таразылап жігіттеріміздің өнерін тамашалап, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысайық.

Жүргізуші: Жігіттер келіп жетті танысуға,

Бойындағы бар дарынды дамытуға,

Жігерленіп келіп жетті,

Әдеппен, ізетпен табысуға.

  1. Қуантады білімімен бізді Әлихан

Қол соғып қарсы алайық, енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.

 

  1. Спортпенен білім жағын бір қосқан

Кем калмаған талантпенен табысқан

Қараңыздар Ерлік ортада

Тауды бұзар шын кіріссе намыстан 

  1. Біледі ол жақсы менен жаманды
  2. Өнерімен тамсандырған адамды
  3. Қошеметпен шақыралық ортаға
  4. Сұлтан атты жігіт болған сарбазды
  5. Еңбексүйгіш, таудай талап бойында,

Барлық істі тыңдау бар ойында

Рахымқожа Әлижандай жігітті

Шақыралық қошеметпен ортаға

І бөлім: «Таныстыру»

Жігіттер өздерін таныстырып өтеді.

2 бөлім: «Жігітке жеті өнер де аз» (өз өнерін көрсету )

Ал, кәнеки қырандар

Босқа қарап тұрмаңдар.

Бастап жігіт өнерін

Алыстарға самғаңдар деп жігіттеріміз өнерлерін ортаға салады.

3 - бөлім «Бәрекелді, сайыпқыран» (мәнерлеп оқу сайысы )

4 - бөлім. Үй тапсырмасы

5-бөлім «Қол күрес»     

Достарым, түсініңдер сөздің нарқын,

Әр кезде бола берсін жүздер жарқын.

Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың,

Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.деп бүгінгі

«Жігіт сұлтаны» сайысымызда аяқталып келеді.

Енді сөз кезегін әділ қазыларға берейік.