Юсуф Хас Хаджибтың өмір жолы [Эссе]

Автор статьи : Надира А.
Организация : "Сайрам" жалпы орта мектебі
Должность : өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дата : 18.04.2023
Номер журнала : 01-16-2023

Юсуф Хас Хаджиб XI ғасырдың атақты ақыны, данышпаны және мемлекет қайраткері. Одан бізге дейін жеті келген бірыңғай әдеби мұра «Құтадғу білік» дастаны. «Құтадғу білік»XI ғасыр әдебиеті және әдеби тілдің құнды мұрасы болып өз заманында өркениетті әлеуметтік-саяси және әдеби-ғылыми көзқарастарын бейнелейді. Тарих, ғылым, этнография және басқа ғылым салаларына тән қымбатты мәліметтер береді. Жүсіп Хас Хаджиб өмір жолы туралы бірыңғай мәлімет оның «Қутадғу білік» (Ізгілікке жетелеуші білім) дастанында жазылған. Бұл дастан Хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1069-70 жылда жазылған. Автордың алғы сөзінде жасы елуден озғаны айтылады. Соған байланысты Жүсіп Хас Хаджиб XI ғасырдың 20-шы жылдары қарсаңында туылған деп айтуға болады. Жүсіп Хас Хаджибтің отаны – Баласағұн (Куз орда) XI-XII ғасырлардың ірі сауда-саттық және мәдени орталықтардың бірі. Бұл қала екі рет қараханидтердің астанасы болған. Жан-жақты білім алған Жүсіп Хас Хаджиб өз заманының көшбасшы данышпаны болып жетілді. Ол парсы-тәжік және араб тілдерінің көркем әдебиетін, тарих, астрономия, геометрия, математика, география және басқа пәндерді зерттеген ғалым. Ол атақты ғалымдардың кейбір әдеби және философиялық көзқарастарын, медицинаға қатысты өз пікірлерін білдірді, замандастарын геометрия сияқты пәндерді үйренуге шақырды. Сонымен бірге Жүсіп Хас Хаджиб өз отандасы Махмұт Қашқари сияқты түркі тайпасы мен халықтарының тілін үйренді. Әдебиеттің дамуына ықпал етіп, түркі халықтарының мәдени өмірінде кеңірек орын алу үшін күресті. Халық ауыз және жазба әдебиетінің озық тәжірибиелі дәстүрлерінен тағлым алып, құнды «Құтадғу білік» дастанын жаратты. Бұл дастан түркі тілдегі жазба әдебиетінің бірінші ірі туындысы еді. Юсуф Хас Хаджиб «Құтадғу білік» дастанын Баласағұн қаласында жаза бастап, оны Қашқар қаласында жазып бітіріп, Қарахандар мемлекетінің падишасы Табғаш Боғраханға сыйлық етеді. Боғрахан дастанның иесін марапаттап, оған «Хас Хаджиб» («есік ағасы» «хас хажиб» - «бас уәзір») атағын береді. Содан бері ол «Юсуф Хас Хаджиб» атағымен танылды. Юсуф Хас Хаджиб «Құтадғу білік» дастанын жаза отырып, ол қараханидтер мемлекеті әкімшілігін бекіту, нығайту, Табғашхандар мен Илекхандар арасындағы келіспеушіліктерді жоққа шығару, билік шеңберінің түрлі әлеуметтік орталарға көзқарасын белгілеу, ағарту және көркейту үшін күрес, жақсы әдеп-құлықты жаратып, дәріптеу сияқты мақсаттарды өз алдына қойған еді. Бұл ісімен Юсуф Хас Хаджиб өз дәурінің ірі ағартушылары және данышпаны ретінде танылады. «Құтадғу білік» дастанында Күнтуды деген әділ патша болып оның атағы және мансабы жақын және ұзақ өлкелерге жайылған еді. Айтолды деген бір әділ кісі оның қол астында қызмет етуге келеді. Ол жол азабы мен мүсәпірлік азабын тарту мен бірге көптеген достар арттырады. Айтолды Көсеміш деген достына мүсәпір болып Күнтудының еліне келуінің себебтерін айтып береді. Көсеміш оған жігер беріп Кунтудының қызметкері Хас Хаджиппен таныстырады. Айтолды Күнтудының сарайына барып онымен сөйлеседі. Айтолдыны сухбатынан жақтырған Күнтуды оны сарай қызметкері етіп алады. Айтолдының атағы күннен-күнге артып, соңында уәзір болып тағайындалады. Ол сарайда ұзақ уақыт қызмет етіп, ақылы, біліктілігі және данышпандығы мен Күнтудыны қуантады, бірақ елі мен отбасын сағынып Айтолды патшадан рұқсат алып, өз жүртына қайтады, және көп өтпей сол жерде қаза табады. Айтолдының Өгдүлміш деген ұлы болған еді. Ол әкесінің сөзіне кіріп, Күнтудының сарайына келіп жұмысқа тұрады. Өгдүлміш әкесінің ізімен барып, мемлекет жұмыстарында даналығы мен ақылдылығын таныту арқылы Күнтудыны қуантады. Күнтуды мен Өгдүлміш арасында түрлі мәселелерге қатысты сұхбаттар болады. Әділ және ғалым кісілердің мемлекет істерінде үлкен пайда әкеліп жатқанын көрген Күнтуды данышпан Ұйғармышты сарайға шақырады. Ұйғармыш бүкіл бала-шаға, мал-дүниеден бас тартып, адамдар арасынан шығып кеткен еді. Ол бір неше хат-хабарлар және Өгдүлмішпен болған сухбаттардан соң Күнтудының шақыртуын қабылдап, сарайға келеді. Ұйғармыш пен Күнтуды мемлекетті басқару істері, әдеп-ғұрып және басқа мәселелер бойынша келіссөздер орнатады. Ұйғармыш Күнтудыға көп насихаттар береді.

Дастанның қысқаша мазмұны: «Құтадғу білік» дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. «Құтадғу білік» дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-даулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшінші, Өгдүлміш – білге данышпан, оның міндеті-ақылдың жолын көрсету.Ұйғармыш болса – дәруіш, оның міндеті – ақыретті, дүниенің фәни екендігін еске салу. Билеушінің «Күнтуды» атауы Көктүріктердің мемлекеттілік түсінігін еске түсіреді. Олардың түсінігінде көкте бір тәңір, жерде де бір қаған болады. Қаған бірліктің белгісі. Күн де жалғыз. Күнде бірліктің белгісі. Билеушінің негізі міндеті әділдікті орнату болуында түрік мемлекет басқаруының басты ерекшелігі екендігін белгілейді. Түрік билеушілері тек өз елінде ғана емес, бүкіл әлемде әділдікті орнатуды өзіне мақсат қойған. Түріктер әділдіктің орнаған жерін «ел» деп айтатын. Қарахандар кезінде осы «ел» ұғымы Ислам дінінің әділет ұғымымен әдемі үйлесімін тапты. Айдын өз нұрын күннен алатыны секілді Айтолды уәзір ретінде өз күшін Күнтудыдан алады. Қазіргі тілмен айтқанда атқарушы билік өз күшін елбасыдан алады. Айтолдының міндеті байлық пен бақытты қамтамасыз ету. Көктүріктерде билеушінің міндеті аш халықты тойдыру, жалаңаш халықты киіндіру еді. Бұл жерде де сол түсініктің жалғасын көреміз. Қысқаша айтқанда, түрік мемлекетінің міндеті халқына қызмет ету болып табылады. Билеуші халқының қызметшісі болып есептеледі. Өгдүлміш ақыл мен қисынның белгісі. Түріктер көне заманнан ақылға, қисынды сөзге мән беретін еді. Бұны көне түрекшеде «ес» деп айтады. Түрік-Ислам өркениетінде «ес» ұғымы бірте-бірте «ақыл» сөзімен алмастырылды. Есті адамды түріктер «білге» деп атайтын. «Білге» сөзі де уақыт өте келе ұмытылып, орнына парсы тіліндегі «данышпан» сөзі келді. Түркілер «кеңеске» яғни ақылдасуға ертеден көп көңіл беретін. Құтадғу білікте де кеңесудің небір керемет мысалдарына куә боламыз. Ұйғармыш түріктердің уақыт түсінігін жақсы жеткезеді. Бұл жерде «ажун» сөзі «дүние» сөзімен, «жалған» сөзі «фәни» сөзімен алмаса бастады. Қорыта айтқанда, Юсуф Хас Хажибтің «Құтадғу білік» яғни, «Ел билеу білімі, Мемлекет басқару ілімі» кітабы түріктердің мемлекет басқаруын тарих белестеріне жақсы түсіріп берді. Осы еңбектің арқасында біз Исламнан бұрынғы түріктердің мемлекет түсінігі мен Түркі-Ислам өркениеті кезіндегі мемлекет түсінігі арасында сабақтастық көреміз. Міне, сондықтан Юсуф Хас Хаджиб Баласағұни Түркі өркениетінің ұлы тұлғасы болып саналады.

Пайдалынылған әдебиеттер:

  1. Маллаев Н.М. «Ўзбек адабиёти тарихи» бірінші кітап Тошкент«Ўқитувчи» 1976 жыл.
  2. Укипедия жобасынан Жүсіп Баласағұни өмірбаяны. «Қүтті білік» дастаны.
  3. Хасанбоев О. «Педагогика тарихидан хрестоматия» Тошкент «Ўқитувчи» 1993 жыл.