Интерактивті SMART - технологиялардың оқыту үрдісіне енгізілуі [Информатика]

Автор статьи : Жанат Т.
Организация : Атырау облысы, Индер ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектеп
Должность : информатика пәнінің мұғалімі
Дата : 25.03.2016
Редакционная коллегия: Мақала авторына редакцияға хабарласып, авторлық құқығыңыз туралы дәлелдемелерді жіберуді өтінеміз. Бұл мақала басқа педагогтармен басқа журналдарда жарияланыпты.

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сәйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, әлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдардың бірі-адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде тану және оның рухани жан-дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық әлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мәдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау. Осыған байланысты қоғамның дамуы бүгінгі таңдағы білім беру процесінде дамыған елдер стандартына деген ұмтылысты қажет етуде. Ал әлемдік білім кеңістігіне ену, әрине, бәсекеге қабілеттілік ұғымымен байланысты. Дана халқымыздың «Біліксіз қалар жырақта, білімді жетер мұратқа» - деген өсиетінің өзектілігі күннен күнге өсе түсуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деген еңбегінде: «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін қадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» [1], – деп ел қоғамы алдына үлкен міндет жүктеді. «Оқытудың қазіргі заманғы жаңа технологиясы оқу үдерісіне педагогикалық-психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Бұл технологияны оқу-тәрбие жұмысының бір-бірімен тығыз байланысқан білімгерлерді (оқушы, курсант, студент т.б.) дамытуға бағытталған әдістері мен түрлерінің кешенді жиынтық жүйесі деп қарайтын болсақ, онда ол білім құрылымы мен мазмұнын жетілдіру ісінің басты бағыты, яғни оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан да оқу-танымдық, оқу-тәрбиелік, оқу-әдістемелік, педагогика-психологиялық, ақпараттық-коммуникациялық жаңа технологияға бетбұрыс әлемдік білім кеңістігіне талпынған қазақстандық ғылыми-әдіснамалық жүйені мазмұны жағынан ғана байытып қоймай, құрылымын да өзгертіп, бағыты жағынан да жетілдіре түседі» [2,38]. Бүгін кез келген мұғалім қайда жұмыс жасайтынына, қандай пәнді жүргізетініне қарамастан, ол интерактивті технологияларды пайдалану саласында құзыретті болуы қажет. Шынында да, интерактивті технологиялар ақпаратты ұсыну, мұғалімнің жұмысын жеңілдететін құрал ғана емес, сондай-ақ кәсіби міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін бүкіл білім беру үрдісін өзгерту құралы болып табылады.

АКТ дамуының қазіргі кезеңінде классикалық білім беру технологияларын ғана емес, электрондық оқыту технологияларын (e-learning) қанағаттандыратын қажеттіліктер жиі туындауда. Қазіргі уақытта e-learning электрондық оқытудан Smart - білімге (ақылды білім беру) көшу жүруде. [3]. Мектептерді ақпараттандыру мәселесін шешуде мұғалім мен оқушының негізгі құралдары туралы (тақта, бор, қалам, дәптер) туралы ұмытуға болмайды. Бірақ бүгін осы дәстүрлі құралдар жаңа сипатта пайда болады. Оларды интерактивті SMART-тақта сияқты ұтымды компьютерлік оқыту құралдары ауыстырып жатыр. Оқыту құралы ретінде электрондық тақтаның педагогикалық мүмкіндіктері, көрсеткіштердің саны жағынан, оқу процесін жүзеге асырудың дәстүрлі құралдарынан әлдеқайда асып түседі. Қазіргі кезде әлемнің түкпір-түкпіріне SMART Technologies компаниялары инновациялық құралдарын ұсынып, жұмыс пен оқытуға деген адамның көзқарасын түбірімен өзгертті. Бұл компанияның жұмыс нәтижесін тапсырыс берушілер: бұлар мұғалімдер, оқушылар және де іскер адамдар SMART құрылғыларының оқытуда жаңа тәсілдер енгізуге, бірлескен жұмыстың жаңа тәсілін ойлап табуға және жаңа идеялар тудыруға мол көмегі тигендігі жөнінде пікірлерімен анықтауда. SMART құрылғыларының ең танымалы 1991 жылы қолданысқа енген интерактивті тақталарды ерекше атап өтуге болады. SMART құрылғылары білім беру жүйесінде де, жоғары білім беру жүйесінде де, бизнес саласында да, әкімшілік пен қарулы күштер саласында да сұранысқа ие. SMART өнімдерін әлемнің 175 елі кең қолдануда. SMART құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз "грифельді" тақталар, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді. [4]. Интерактивті SMART тақтасы барлық жастағы балаларды оқыту бағдарламасымен үйлесіп оқытудың әр түрлі стильдерін қолдануға мүмкіндік береді. Оқушылар визуальды материалдарды жақсы қабылдайды, карталарды үйренуде, суреттер мен схемалар – тақтадағы берілген көрініске кез-келген көшірме қоса отырып, жылжыта, көлемі мен формасын өзгерте осының барлығын тақтада көрсетуге болады. Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақта жаңа мәселелерді бірігіп шешіп, талқылауға болады [5]. Әрине, интерактивті SMART тақтасын тиімді пайдалану үшін оқытушыларға жағдай кеңінен жасай отырып және мұғалімнің сабаққа дайындалуына, интерактивті тақтамен жұмыс істеуде өзара тәжірибелерді жинақтауына уақыт қажет. Интерактивті тақтамен жұмыс жасаудың маңызды бөлімі сабақ беруді жоспарлаудан тұрады: интерактивті тақта материалдарды анық құру бағдарламасымен қамтылған. Сабақтарды сақтау, толықтыру оның қызметін жақсарта түседі. Мұғалімдердің сабақ барысын жақсы, тиімді, қызықты өткізуіне толық мүмкіндік бар. Әрине, ең алдымен мұғалімдер арнайы бағдарламамен қамтылған интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін толық игеруі тиіс. Сонымен бірге, интерактивті тақтамен жұмыс барысында пайдаланатын ресурстарды анықтай білуі маңызды [6]. Сабақтан соң файлдарды (бастапқы немесе толықтырылған түрде) оқушылар желісінде сақтауға болады, сонда оқушылар қалаған кезінде оған кіре алады. Сондай-ақ, оларды оқушылардың білім деңгейін тексеру барысында келесі сабақтарда да пайдалануға болады. Жоғарыда аталғандай, интерактивті тақта, компьютер дисплейі, яғни, компьютердегінің бәрін SMART тақтасында көрсетуге болады [7]. Бұл мұғалімдерге оқытудың көлемді ресурс спектрлерін пайдалануға жол ашады. Атап айтқанда:

  1. презентациялық бағдарламамен қамтамасыз ету;
  2. мәтін редакторлары;
  3. CD-ROM-дар;
  4. интернет;
  5. көріністер (экрандағы көріністер, диаграммалар, суреттер,фотолар);
  6. бейнефайлдар (теледидарлық бағдарламалардан көрініс, VHS видеокассеталар немесе сандық видеокөріністер);
  7. дыбыстық файлдар (басқа да мұғалімдер немесе оқушылар жасаған көшірмелер, кассетадан немесе радиодан үзінді). Тақтаға колонка қосылса, CD-ROM-дағы немесе интернет-парақтарындағы кез-келген дыбыс естіледі;
  8. интерактивті тақтаны бағдарламамен қамтамасыз ету;
  9. әр түрлі пәндерге қатысты бағдарламамен қамтамасыз ету [8].


Мұғалімдерге экранда қажетті ақпараттарды белгілеуге және зейіндерін аударуға, барлық идеяларды байланыстырып немесе олардың айырмашылықтарын ойластырып талқылауда, әр түрлі түстер интерактивті тақтаға қолайлы. Мысалға, географиялық картамен жұмыс істеуде немесе адам ағзасындағы асқорыту жүйесінің схемасын көрсетуде [9]. SMART қандай да бір қызмет түрі үшін қоршаған ортаны қалыптастыру үшін интеллектуалдық құрылғылар деңгейін көтеру дегенді білдіреді. Соңғы онжылдықта жаңа технологиялардың пайда болу жылдамдығы жыл сайын айтарлықтай өсуде, өндірушілер кәсіби қызмет және байланыс саласына жаңа құрылғыларды ұсынуда. Жаңа интеллектуалды SMART- технологиялар білім беруде пайдаланылатын SMART- құрылғылардың платформаларын өзгертуді және оларды кеңінен қолдануды талап етеді. Осының айғағындай, қазір мектептерге де жыл сайын жаңа платформадағы тақталар келуде. Оқушылар үшін интерактивті тақтаны пайдалану артықшылықтары: • интерактивті тақта сабақты қызықты етеді; • мотивацияларын дамытады; • ынтымақтастық үшін көбірек мүмкіндіктер пайда болады; • нәтижесінде оқушылар анығырақ және неғұрлым серпінді берілген күрделі идеяларды түсіне бастайды; Мұғалім үшін интерактивті тақтаны пайдалану артықшылықтары: • Мұғалімге кез келген қосымшалардың және веб-ресурстардың үстінде сызбалар жасау мен жазу мүмкіндіктерін береді; • Сабақ материалын беру сапасын арттырып, тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді; • Мұғалімдердің бір-бірімен материалдарымен бөлісуіне мүмкіндік береді. Интерактивті тақтамен жұмыс істеу кезінде мұғалім мынадай ресурстарды пайдалануына болады: • презентациялар. • модельдер. • бейнеүзінділер. • Өзінің мультимедиалық өнімдері. Сонымен бірге, сабақтарда оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында интерактивтік тапсырмаларды пайдалануға болады. Ол өз бетімен жасалатын тәжірибелік жұмыстар немесе жобалау тапсырмалары, тақырып бойынша интерактивті сөзжұмбақтар, интерактивті тестілеу болуы мүмкін. Интерактивтік тапсырмаларды басқару жүйесі бірден жауаптарын тексеруге және бағалалау ұпайларын есептеу мүмкіндігін береді.

Интерактивті SMART - технологиялардың оқыту үрдісіне енгізілуі оған сапалы өзгерістерге әкеледі және оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырады. Менің ойымша, интерактивті тақтаның дидактикалық әлеуеті әлі де толық көлемде ашылмаған және шексіз, ол білім беру үрдісін жетілдіру үшін мұғалімдерге кеңінен жол ашады. Осылайша, SMART-технологияларды пайдалана отырып материалды түсіндіру мұғалімге жеңілірек және қызықты болып табылады. Тақтадағы мұғалімнің іс-әрекеті тіпті сабаққа деген ынтасы төмен оқушылардың өзін тартып әкетеді, мұндай сабақтарда олар ештемеге алаңдауға шамасы келмейді. Интерактивті тақта сабақтың қарқынын жеделдетуге және бүкіл сыныптың зейінін аударуға мүмкіндік береді. Қорыта келе, бүгінде әлемдік озық технологиялар мен жаңашыл ізденістер отандық білім жүйесінде кең қолданысқа ие болып отыр. Соның ішінде, интерактивті тақтаны пайдалану сабақты өткізуге жеңілдік береді, жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау не бекіту кезінде пайдалану әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға қызықты, жалықтырмай игеруге және сабақтың қарқыны мен барысын жақсартуға көмектеседі. Оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияларды меңгеруі өмірге жаңа көзқарасын қалыптастырып, ой-өрісін жетілдіреді, шығармашылық белсенділігін, ізденімпаздығын, сабаққа араласу белсенділігін арттырады. Оқушының жігерлілігін, өзіне деген сенімділігін және пәнге қызығушылық әрекеттерін қалыптастырады. «Ел ертеңі – білімді ұрпақ» демекші, оқушыны білімді,адамгершілігі мол, мәдениетті етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісінде әрбір ұстаз тынбай еңбек етіп, үнемі ізденісте болу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында»«Айқын», 2005 жылғы 19 ақпан.
  2. Пірәлиев С.Ж., Даутов С.Б., Симтиков Ж.Қ. «Елбасы және отандық білім жүйесі»Алматы, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Ұлағат», 2011 жыл.
  3. Использование интерактивных досок по предметам [Электронный ресурс]. URL:http://www.smartboard.ru/ view.pl?mid=1131617522
  4. Құлқараев А. ««E-learning» электронды оқыту жүйесі және оның мүмкіндіктері./ /Электрондық мектеп. - №2 - 2013.
  5. http://partavl.ru/interwrite_board
  6. http://www.classic-s.ru/?id_razd=28
  7. http://www.m-port.ru/catalog-documents/interaktivnaja-doska-s-proektorom.html
  8. http://lj.mhi.edu.mhost.ru/news/719-interaktivnaja-doska-instrument-sovremennogo.html
  9. http://gomulina.narod.ru/Interactiv_Board.doc