Оқытудың интербелсенді әдістерін сабақта пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту [Педагогика]

Автор статьи : Севара А.
Организация : О.Қ.О., Түркістан қаласы, № 20 жалпы орта мектеп
Должность : Ұстаз
Дата : 23.09.2016
Издатель : Жахонгир А., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

«Шығармашылық» ұғымы жөнінде Қазақстан Республикасы орта білімді дамыту тұжырымдамасында: «Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түюі, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 5 - тарауындағы 41 - баптың 1 - бөліміндегі “Педагог қызметкерлер өз біліктілігін артыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен достық қарым - қатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында “Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту” өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп басшысы, ұжымдағы мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін дамытуға аса мән беру қажет.

Кез - келген дамыған өндіріс қазіргі таңда шығармашылықпен жұмыс жасауды талап ететін адамды қажет етеді. Шығармашылықпен жұмыс жасайтын адамның негізгі іс - әрекеті ақыл - ойға, әрі алған білімді басқа таныс емес іс - әрекетте тасымалдай алуға негіздейді.

Шығармашылық дегеніміз-адамның өмір шындығына,өзін-өзі тануға ұмтылуы,ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін,дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы,дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

Оқушылардың белсенділігімен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту,қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау,осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептерінің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын.

Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек. Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек. Оқушының шығармашылықпен айналасуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, спапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.   Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарма-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді. Мұғалім сабақтарда ойын түрлерінен пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсілімен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дағдысын,оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылып отыру әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өсуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі таныуына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп,  қабілетін ояту жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып танылады.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатын болғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Бұл мақсатқа жетуде ұстаздар терең білімді, әдістемелік жағынан толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс.Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек. Ертеңіне лайық ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол ұрпақты тәрбиелеудегі ұстаз еңбегі – ұлы еңбек. «Ұстазын сыйламаған елдің ұрпағы азады», — дейді халық даналығы. Осыған байланысты шығармашылық, ізденіс деген әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын.

Сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрлымының ұйымдастырылуы, сыныптағы оқушылардың іс-әрекетін бақылауға қолайлылық, оқу-танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқу уақытының үнемделуі.

Шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс-әрекет тәсілдерімен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет білігін ұштай түседі.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Сондықтан қазіргі таңдағы педагогика жаңалықтарын, қазіргі қолданып жүрген пән ерекшеліктеріне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден-бір жолы.

Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы жүзеге асады. Мұғалім ұйымдастырушы, бағыт беруші. Оқушылардың дербес ізденісі жаңа білімді өз белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін үйымдастыруға көмектеседі. Оқытудың интербелсенді әдістерін сабақ барысында пайдалану арқылы сабақтың сапалы,қызықты өтетіндігін байқадым.

Білім беру процесінде ізденістің алар орны ерекше. Құр дайынды көшіру оқушының шығармашылық ойлау қабілетін, талабын өшіреді. Сондықтан әр түрлі әдіс-тәсілдерді оқыту барысында жиі қолдануға тырысамын

«Көкірегі сезімді,көңілі ойлыға,

Бәрі де анық тұрмай ма ойлағанда»,-деп ұлы Абай атамыз сөзімен қарар болсақ білімді баланың көкірегі сезімді,көңілі ояу боларына дау жоқ. Шығармашылық – әдімілік пен әсімдіктің әліппесі.

Ұлы адамның осы сөзі мұғалімнің қазығы,бағыты болуы керек екенін аңғартады.Оқушының білімін нығайтып,шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын былай іске асырамын.

1-кезең. Шығармашылық – ой-талдауға бейімділік,ішкі сезім дүниесіне үңілу, сезімталдық қасиетті оята білу. Бұл тақырыптық,еркін тақырыпқа шығарма,эссе,мақала,хат сынды жұмыстар арқылы орындалады. Белгілі тақырыптарды өткеннен кейін төмендегідей талаптар бойынша жұмыстар жүргіземін.

-       Шығарманың мазмұны,тақырыбы жайында пікір жазу,

-       Кейіпкер тобын ажыратып,олардың арасындағы шиеленісті талдау;

-       Шығарманы тарауларға бөліп тақырып қою,жоспар құрғызу;

-       Өзара талқылау, сұрақтар қою.

2-кезең. Қиял, ұшқыр ой, ой қызметінің батылдық ерекшелігі қалыптасады. Бұл кезеңде оқушының көркемдік шешім табуға жетелеу үшін ой ұшқырлығы тууы қажет.Мұнда оқушының өзіндік ізденісі,пікірі,айтары байқалады.Бұл оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі,әңгіме, оқиға тізгінін өз қолына беру,қиялына мүмкіндік туғызу мұғалімнің назарынан тыс қалмауы тиіс. Анығырақ айтқанда, әдеби шығармашылық тапсырманы өздері ұсынып,өздері қорытынды пікірін, көркемдік ой-пікірін өздерй айтып, өздері талдайды.

3-кезең. Талант пен талап шеберлікті ұштайды. Мұнда өзіндік сын,бастаған ісін аяқтау,дәлелдеуге талап қояды. Бұл мәтіндерді өңдеу,материалды сұрыптау, рецензия, талдау, кіші ғылыми жұмыстар арқылы іске асады.

Осындай талап-тілектерден кейін оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады. Ол өзгелерден өз күшіне сенімділігі мен сезімнің ұшқырлығымен ерекшеленеді. Оқушы көпшілікте сөйлеу,тыңдау мәдениетін,ұстазбен сырласудың қажет екенін түсінеді. Оқушының көркем сөйлей білуін қалыптастыру – менің алға қойған мақсаттарымның қазығы.