Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. "Clever Library" ата-аналар мен педагогтарға арналған кітапхана - http://w.zti.kz/crviy
  3. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  4. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  5. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  6. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  7. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  8. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  9. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  10. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  11. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  12. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz
  13. Менің психологиям - http://w.zti.kz/oqvmc

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Инновациялық оқыту технологиялары

Қашықтықтан білім беру
Инновациялық оқыту технологиялары

Мақала авторы: Жамаладин Қымбат Қыдырқызы
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы №14 ЖББОМ
Лауазымы: информатика пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 06.05.2020
Журнал қорына жариялаған: Ж.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуде,

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады.

Елімізде енгізілген төтенше жағдайға байланысты, қашықтан оқытуды 4 тоқсанның алғашқы күнінен ақ бастап кеттік. Білім басқармасы, мектеп әкімшіліктері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар білім беру саласында бұрын-соңды болып көрмеген жаңа оқыту жүйесіне көшу үшін оқушылардың көктемгі демалысында үздіксіз дайындық жұмыстарын жүргізді. Білім саласы түрлі платформаларды електен өткізді. «Bilimland.kz», «Kundelik.kz, «Daryn.online»-мен бұрыннан таныспыз.  Бұған қоса, біз Google Classroom, Zoom, Skype, Moodle, Opiq.kz, ClassDojo сынды  жаңа платформаларды да зерттеп де, тәжірибе жасап та көрді. Бұған қоса, «Еларна», «Балапан» телеарналарында да аптасына 5 күн  бейнесабақтар көрсетіледі.

Онлайн оқыту бұл білім беру жүйесінің ғаламдық жаңа беталысы. Оны әлемнің үздік деген жоғары оқу орындары дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. Жалпы еліміздеі бұл төтенше жағдай біз үшін үшін сынақтан өтудің де, әрі осы бағыттағы жетістіктерді көрсетудің де жақсы мүмкіндігі болуға тиіс деп ойлаймын.

Осы сәтті пайдалана отырып, барша  ата-аналарға да үндеу айтқым келеді. Бала – барлығымзға  ортақ. Оқушылардың өздігінен үйде білім алуына, жауапкершілікті сезінуіне, оқуға ынтасының төмендеп кетпеуіне, үйде отырғанын ескеріп сабаққа немқұрайлы қарамауына бірлесіп мүмкіндік жасайық.
             Аса құрметті мұғалімдер  мен ата-аналар, бұл қиындықтан ауызбіршіліктің, ынтымағы жарасқан еліміздің азаматтары арқамында бірлесе шығамыз деп сенемін.

Шәкіртсіз ұстаз тұл демекші, артымыздан ерген ұрпақ тағдырына, ел болашағының азаматтарына  бей-жай қарамайтын ұстаздар қауымының бұл қиындықты да еңсеретініне кәміл сенімдімін. Себебі біз, ұстаздар – мықтылардың мықтысымыз.