Информатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру [Информатика]
Автор статьи : Алия С.
Организация : Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
Должность : "Техникалық пәндер" кафедрасының доценті, техникалық ғылымдарының магистрі
Дата : 05.02.2019
Номер журнала : 01-10-2020
Организация : Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
Должность : "Техникалық пәндер" кафедрасының доценті, техникалық ғылымдарының магистрі
Дата : 05.02.2019
Номер журнала : 01-10-2020
Информатика
XX-шы ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында алдыңғы қатарлы елдер ғылыми техникалық прогресс қоғам мен жеке тұлғаның маңызды мәселелерін толық шеше алмады деген қорытынды жасаған болатын. Себебі, олардың арасында қайшылық туындап отырды, мысалы, өндіргіш күштердің керемет дамуы, ол миллиондаған адамның тіршілік күйі деңгейіне қажетті жағдай жасай алмады. Осыған байланысты соңғы уақытта адамзатты тек экономикалық және техникалық деңгейді көтеру арқылы дамыту мүмкін еместігі және даму болашағы адамның мәдениеті мен түсіну деңгейінен ақылына тәуелділігі мойындалады. Эрих Фромның сөзімен айтқанда, даму- адамның кім екендігінен және өзінде бар байлығымен не істей алатындығымен анықталады. Осы айтқандардың бәрі өзекті өркениеттік мәселелерді шешу барысында білім берудің маңызды рөл атқаруға тиіс екендігін білдіреді. Аталған мәселелерге орай әлемнің барлық дамыған елдері ұлттық білім беру жүйесіне әртүрлі масштабтағы және деңгейдегі реформаларын жүргізді. Білім реформасы мемлекеттік саясат статусын алып, елдің білім деңгейі оның болашағын анықтайтындығын сезіне басталды. Соған байланысты оқушылар контингенті мен оқу орындарының саны, білім сапасын арттыру туралы ақпараттар мөлшері өсуі мен жаңа ақпараттық технологияларды тарату мәселесі шешілуде.
Ал білім беруді гуманитаризациялаудың мағынасы- ойлау мәдениетін қалыптастыру, яғни ғаламдану мен мәдениет тарихын терең түсіну негізінде оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау, дамыту.
Қоғамның дамуымен қатар, оның ақпараттық мәдениеттілік деңгейінің өсуі талап етіледі, себебі қоғам мүшесінің іс әрекетіне және өмірге ақпаратты өңдеудегі техникалық және программалық жабдықтар кеңінен енгізілуде. Сондықтан информатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру жүйесіне көбірек көңіл бөлуде. Соның ішінде қоғамды ақпараттандыру үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру негізгі орынды иеленді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру идеялары А.П. Ершов, И.Н. Антипов, В.М. Монахов, И.П. Лапчик т.б. жұмыстарында негізделген болатын. Білім беру саласын ақпараттандыру 1985 жылдан бергі мерзімде жүргізілді және орта мектептерде жолға қойыла бастады.
Информатика әлеміне ену бағыты үш деңгейлі анықталып жүр:
А) компьютерлік хабардар болу;
Ә) компьютерлік сауаттылық
Б) ақпараттық мәдениет
Біріншісі компьютерлік сауаттылық дегеніміз –ақпаратты іздеу, оқу, санау, баспаға шығару мүмкіндіктерін білу және дербес компьютерлерде бағдарламалармен жұмыс жасай білу. Қазіргі таңда білім беру жүйесі алғашқы екі деңгейді қанағаттандырып келеді. Ал үшінші ақпараттық мәдениетті қалыптастыру толық мүмкін болмай отыр. Оны қалыптастыру оқушылардың ақпараттық мәдениеті қалыптасқан жағдайда мүмкін болатын болар. Олай болса, ақпараттық мәдениет дегеніміз не? С.Д.Қаракөзовтың еңбектерінде сипатталған анықтамасы бойынша «жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті- адамның жүйелі сипаты тұрғысынан базистік мәдениетінің құрамдас бөлігі».
Адамның ақпараттық мәдениеттілігі мынадай қасиеттері мен біліктіліктерінен танылады:
1) Ақпараттық үдеріс табиғатын түсінуі.
2) Жеке тұлғаның гуманистік бағытталған ақпараттық құнды- мағыналы ортасы (мотивтер, қажеттіліктер, мақсаттары ұмтылысы) болуы.
3) Ақпараттық мәдениетінің қалыптасуына байланысты адамның ішкі өзгерісін көріп реттеуі
4) Ақпараттық әрекетті орындауда шығармашылық және екпінділік таныту.
Сонымен, ақпараттық мәдениет дегеніміз- ақпараттарды өңдеу үдерісіне ену.
Ақпараттық мәдениеті қалыптасқан адам төмендегідей әрекеттерді орындай алуы тиіс:
- есептің қойылымын анықтау, мақсатын таңдау және құру;
- компьютерде әртүрлі есепте кез келген сауатты адам оқып жаза білетіні секілді тез әрі жеңіл шеше білу;
-әртүрлі ақпаратты таба білу, ақпаратты өңдеуге және сақтауға, іздеуге арналған автоматтандырылған жүйелерді қолдана алу;
-ақпараттың негізгісі мен қосалқысын ажырата білу: мәліметті реттеу, жүйелеу, құрылымын анықтау;
-ақпаратты тұтас көре білу: ақпараттық хабарламалар арасында ассоциативті байланыс орнату;
-ақпаратты интерпретациялау: визуалды ақпаратты вербальды таңбаларға және керісінше ауыстыру;
-ақпаратты топтастырудың әртүрлі тәсілдерін қолдану: зерттелетін үдеріс пен құбылысты талдау үшін білім қорын, интеллекті және т.б. ақпараттық технологияларды қолдану;
-ақпараттық модельдерді талдау;
-оларды компьютерге жүзеге асыру;
-алынған нәтижелерді талдау және оның қорытындысын жасау.
Осындай талаптарды орындай алатын білім беру салаларында оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдері зерттеліп келеді.
Сондықтан оқу үдерісінің қарқынын күшейту және сапасын мейлінше арттыру шарт. Яғни, оқушы өзін өзі дамыту әдістемесін көтеріп және меңгеріп, жаңаша ойлау қабілетін және кәсіби мәселелерді шешудің жаңа тәсілдерін таба білетін дәрежеге жетуі тиіс.
Жоғары білік жүйесіндегі мәселелердің бірі-іргелі пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, оқушылар алған білімдері мен дағдылары оқытудың ғылыми және әдістемелік ұйымдастырылуымен қатар ұштасуы қажет. Пәнді оқытудың екі жағы бар: процессуалдық және мазмұндық. Оқытудың процессуалдық бөлігі білім беруден және оқытудан тұрады. Ал бұл өз кезегінде оқыту әдістемесі, оқушының іс әрекеті, оқытудың әдістері мен мотиві болып бөлінеді. Мазмұндық жағы оқыту мазмұны мен оқу курсының құрылымынан тұрады. Ғалым әдіскерлердің зерттеулеріндегі оқыту мәселесінің талдамасынан байқайтынымыз-оқытудың процессуалдық бөлігі толық орындалмайтын тәрізді, сол секілд мазмұндық бөлігі кемелденген деу де қиын. Жекелеп айтқанда іргелі пәндерді оқыту барысында кездесетін жайтттар да бар. Мысалы, оқытудың қолданбалы және кәсіби–педагогикалық бағытталуы толық қамтылмайды, қосымша толықтыруларды қажет етеді. Оған қоса пәнаралық байланыс тиімді қолданылмайды. оқушылардың өзіндік жұмыстары ғылыми әдістемелік негізде ұйымдастырылу деңгейі төмен.
Сонымен қатар, пәнді оқыту барысында бағдарламаға сәйкес материалдарды сапалы түрде жеткізуге көп көңіл бөлінеді де, кәсіби бағдар берілуі, мотивация және т.б. дидактикалық мәселелер жүзеге асырылмай қалады. Сондықтан, мұндай кемшіліктердің бірбен бір жолы дәріс практика лабораториялық сабақтарды оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, бақылауларды өткізу барысын ұйымдастыруға арналған әдістемелік жүйесін құру, олардың әрқайсысының функцияларын айқындау, оларға нақты бір талаптар қою болып табылады.
Информатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастырудағы басты талап-оқушы жан-жақты және маңызды білімге жетуі үшін оқу материалдарының меңгеруде өз бетінше еңбектенуін, меңгеруін қадағалау болу шарт. Сондықтан қазіргі информатиканы оқыту әдістемесі оқушыға білім беру ғана емес іс әрекетін үйретуді- оқытуды бірінші орынға шығарып отыр. Демек, бұл бағыттағы жұмыс пәндік бағытталған ғана емес, жеке тұлғалық бағытталған. Яғни, оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытуға, қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.
Информатиканы оқыту үдерісінде оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда мейлінше тиімді жаңа әдістерді табуға ұмтылыстар жасалуда.
Олай болса, білім беру саласында шешілуі тиіс мәселелердің бірі өмір талабына сәйкес оқыту әдістерін анықтау болады. Себебі, оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыруда қойылатын талаптардың бірі нақты бір мәселені шешу барысында өз біліктілігі мен икемділігі болуы шарт. Ал, оқыту барысында шынайы нысандар моделін қолдану маңызды. Осы тұрғыдан жобалау әдісі және мәліметтер қоры арқылы оқыту әдісі маңызды болып саналып келеді. Жобалау әдісін қолданып, оқыту мәселелері соңғы жылдары негізінен шетелдік ғалымдар зерттеулерінде қарастырылуда: Н.Ю. Пазомова арнайы мектептерде информатика бойынша факультативтік сабақтар барысында қолдану мүмкіндіктерін, Д.А. Слинкин жалпы білім беретін мектептердің жоғары кластарында мәліметтер қорын жобалау әдісін оқушылар деңгейлеріне қарай пайдаланып оқыту мәселесін зерттеп, жобалау әдісі арқылы оқыту мәселелерін педагогикалық практиканы жобалау әдісін қолдану негізінде жүргізуге арналған әдістемелік құралдар дайындауды, оқыту барысында жобалау әдісін- олардың танымдық қызығушылығын дамыту құралы ретінде қарастырады.
Енді, жұмыстың негізгі мәселелеріне көшпей тұрып, еліміздің білім беру жүйесінде информатиканы оқыту барысында қолданылып келе жатқан оқытудың жалпы дидактикалық әдістеріне, олардың қолдану негіздері мен ерекшеліктеріне қысқаша талдау жасаған жөн.
Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте оқушының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, оны ізгілікті адамгершілікке даярлау басты нысанаға айналды.
Оқушылардың жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысындағы негізгі діңі жалпы білім беретін мектептегі информатика курсынан басталады. Алғашында ол тек компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру үшін ғана оқытылса, кейін оның мазмұны өзгерді. Қазіргі кезде ол қоғамға лайық жекетұлғаны қалыптастыру және дамыту үшін қажетті негізгі пәндердің бірі болып табылады. Жалпы ғылыми-әдістемелік, дидактикалық, ұйымдастырушылық, педагогикалық, психологиялық мәселелерін жан-жақты қарастыратын сала болып қалыптасады.
Қазіргі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі даму үстінде.
Дегенмен оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Информатика ғылымының жалпы білім берудегі рөлі жоғары.
Информатикалық білім негіздерін меңгеру оқушылардың ой-өрісін дамытуға олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға бірден бір әсер етеді.
Информатика өз алдына жеке пән болғандықтан оны оқытудың мақсаты, мазмұны әдіс-тәсілдері болуы заңды.
Информатиканы оқыту әдістеріне келетін болсақ, оның меншікті оқыту әдістері жоқ: оқыту үдерісінде жалпы педагогикалық әдістерді барлығы да пайдаланады. Оқыту әдісі дегеніміз- оқытушы мен оқушының білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеруіне дамуына бағытталған бірлескен әрекеттерін айқындайтын тәсіл екендігі және дидактикада оқытушының іс әрекеті оқушының іс әрекеті және олардың бірлескен іс әрекеті деп бөлінетіндігіне сәйкес информатикаға қатысты анықтаулар: мысалы, оқушыларға арналған инструкцияны жасау- оқытушының іс әрекеті; инструкция бойынша жұмыс істеу-оқушының іс әрекеті; оқушының орындалған жұмысының нәтижесін қорғауы-олардың бірлескен әрекеті.
Оқыту әдістері нақты: ынталандыру, іс- әрекетін ұйымдастыру және жүзеге асыру, бақылау және өзін өзі бақылау тәсілдері.
Қандай әдіс болмасын белгілі бір оқу құралдарын пайдалануды талап етеді. Әрі оқу үдерісін барлық компоненттерімен (мақсаты, міндеті, түрлері, ұйымдастыру формасы, құралдары) байланысты қарастырылады. Оқыту әдістерінің басты белгілеріне қарай топтастыруға болады. Топтастыру негізіне сәйкес әдістердің бірнеше жіктемесі бар.
Сөз жүзіндегі әдістерге әңгімелесу, дәріс, оқулықпен жұмыс жасау жатады. Классикалық педагогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіздігін мойындаған болатын. Сондай ақ, Я. Каменский ақпараттық кітаптан, дәрістен алудың жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен. Іс тәжірибелік әдістерге жаттығу, жазба жұмыстары, сызба, график тұрғызу жұмыстары жатады. Қарастырылып отырған жағдайда тәжірибе оқушының іс әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика білім беру мен үш қайнар көзін үйлесімді түрде біріктіреді. Сөз, бақылау және іс әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып, мұғалімнің іс әрекеті мен ЭЕМ жұмысын бақылай отырып, оқушылар компьютер көмегімен тәжірибелік іс әрекетті орындай бастайды. Бұл жағдайда әдістер бірін бірі толықтырады.
Түсіндірме- иллюстративтік әдіс. оқушы білімді дәріс тыңдау барысында оқу немесе әдістемелік әдебиеттерден, экрандық құралдардан «дайын» күйінде алады. Берілген фактіларды бағаларды, қорытындыларды қабылдау және мағынасына бойлдау барысында оқушылар репродуктивті ойлау күйіне енеді. Бұл әдіс жоғары оқу орындарында жиі қолданылады.
Репродуктивті әдіс. Зерттелгендерді үлгі немесе ережелер негізінде қабылдау әдісі. Оқушылардың іс әрекеттері инструкция ережелеріне сәйкес реттелген түрде орындалады.
Мәселемен байланыстырылып баяндау әдісі. Педагог әртүрлі (метод проблемного изложения) құралдарды қолданып, ең алдымен мәселені проблемалық сипатта, танымдық тұрғыда қояды. Әртүрлі дәлелдеулер жүйесін келтіріп, жекеленген көзқарастарды, тәсілдерді салыстырады, қойылған мәселеленің шешу жолын көрсетеді. оқушылар ғылыми зерттеу үдерісінде ізденудің куәсі, серіктестігі күйінде болады.
Ішінара – ізденушілік немесе эвристикалық әдіс. Танымдық есептің шешу жолдары іздеуді педагогтың басшылығымен немесе эвристикалық бағдарламамен нұсқаулар негізінде екпінді түрде ұйымдастыру әдісі. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру үшін семиинарлар мен коллоквиумдар қолданылды.
Зерттеушілік әдіс. Қойылған мәселені шешіп, әдістемелік нұсқаулар мен қосымша материалдарды талдаған соң оқушы өз бетінше әдебиеттерді оқып, байқаулар мен салыстырулар т.б. ізденушілік, іс әрекеттер арқылы орындайды. Бұл көбінесе зерттеу жұмыстарында қолданылады. Бұл аталған әдістердің қайсысын қолдану жөнінде Ю.К. Бабанский ұсынған «оқыту әдісін тиімді таңдау алгоритмі» бар. Ол негізгі жеті қадамнан тұрады:
- Қарастырылатын материалдарды оқушы өз бетінше немесе педагогтың көмегімен меңгеретіндігін анықтау.
- Репродуктивті (қайта жаңғырту) және продуктивті (шығармашылық) әдістердің өзара салыстырмалы қатынасын анықтау.
- Танымның аналитикалық және синтетикалық жолдарын, индуктивті және дедуктивті логикалардың салыстырмалы қатынасын анықтау;
- Егер, дедукцияның эмпирикалық қоры дайындалған болса, онда дедуктивті және синтетикалық әдістер үлкен адамдар үшін жарамды.
- Сөздік, бейнелік, практикалық әдістердің үйлесімілдік мөлшері мен тәсілдері
- Оқушының іс әрекеттерін ынталандыру тәсілдерін қолдану қажеттілігі туралы шешім қабылдау.
- Қанша уақыттан соң бақылау жүргізілетіндігін және бақылау түрін анықтау; Нақты үдеріс барысында жоспарланған оқыту үдерісінен ауытқу болған жағдайда орындалған нұсқасын құру.