ХХІ-ғасыр жаратылыстану ғылымдарының дәуірі

ХХІ-ғасыр жаратылыстану ғылымдарының дәуірі [Информатика]

Автор статьи : Мархабат Т.
Организация : №128 негізгі орта мектебі
Должность : Информатика пәні мұғалімі
Дата : 07.03.2025
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінде жаратылыстану пәндерінің ерекшелігі – ғылыми зерттеушілік, шығармашылық немесе тәжірибиелік сипаттағы мәселелерді шешуге бағытталған. Жаратылыстану ғылымдары қазіргі ғылыми-техникалық прогресті жеделдетудің және цифрландырудың негізі болып табылады. Қазіргі қоғамда цифрлық сауаттылықты іске асыру өскелең ұрпақтың құзіреттіліктерін жүйелі дамытуға және цифрлық экономиканы жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осы орайда, әр педагог заман ағымына сай өз сауаттылығын арттырып, жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, тәжірибеден өткізіп, ізденіс үстінде болуы қажет. Мұғалім үшін оқу процессін ұйымдастырудың негізгі көзі - тәжірбиелік жұмыс болып табылады. Осы орайда мұғалімнің шеберлігі «ХХІ-ғасыр жаратылыстану ғылымдарының дәуірі» атты математика, информатика, физика пәндері апталығы аясында жүзеге асты.

Шара барсындағы басты мақсатымыз – білім алушылардың техникалық ойлау қабілетін дамыту, роботатехникаға деген қызығушылықтарын арттыру, ғылыми-инновациялық істерге тарту арқылы олардың шығармашылық қабілеттері мен әлеуетін ашу және жүзеге асыруды басты міндетіміз болды. Аталған шара аясында, жаратылыстану ғылымдарының цифрлық әлеммен тікелей байланысты екендігін АКТ құралдарын тиімді қолдануда, білім алушылардың ізденімпаздығы, еңбекқорлығы және заманауи көзқарасы бір-бірімен ұштастыра алуы, физика және информатика пәндері бойынша «Бұл фокус емес, бұл ғылым» атты тақырыбында өткізілген тәжірибелер алаңында көрініс тапты. Білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты міндетіміз деп, 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен “Қызықты математика” атты сайыс өткізіліп, білім алушылар өз белсенділігін танытып жаратылыстану ғылымдарының талабын орындағандығы айқындалды.

Білім алушылардың шын білімділігі бәйгеде сыналады демекші - ауылдық жерлердегі мектептерінің 9-сынып оқушылары үшін математика пәнінен қала деңгейіндегі олимпиада ұйымдастырылып, мықтылар алға суырылып шығып І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталып, жаратылыстану ғылымының тағыда бір мықтылығын дәлелдегендей болды.

Қорыта айтқанда, жаратылыстану ғылымында, мұғалімге және білім алушыларға «жаңа мүмкіндіктер» өз есігін айқара ашқандай болды. Бүгінгі күннің талабы білімді, білікті, өмірге икемді тұлғаны қалыптастыру. Ал сол мүмкіндіктерді мейлінше пайдаланып, замана көкжиегінде биікке қанат қағатын білімді ұрпақтың артында білікті ұстаз тұрғаны сөзсіз.

«Білімді болсаң мыңды жығарсың» дегендей, жарқын болашағымыздың білікті де білімді жеткіншектеріміз көбейіп, ел мұратын асқақтата жүретін жас ұрпақ өсе берсін.