Ертегі кітаптары арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту

Ертегі кітаптары арқылы балалардың танымдық қабілетін дамыту [Дошкольное образование]

Автор статьи : Кулжамал Б.
Организация : МКҚК"Таңжарық"бөбекжай-балабақшасы
Должность : Тәрбиеші
Дата : 29.03.2023
Издатель : Амангуль М., корреспондент
Номер журнала : 17-2023

Аннотация. Мақалада ертегі кітаптары арқылы балалардың таным қабілеттерінің негізі болатын түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау сынды танымдық процестердің ерекшеліктері сипатталады. Кітаптағы ертегі мазмұны мен кейіпкерлері арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілетінің дамуына әсер ететін ойын, әңгіме, сурет салу, қарым-қатынас факторлары тұжырымдалады [1, б. 45].

Кіріспе. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың сыртқы дүниені танып білуі – олардың сыртқы әлемді түйсінуі, қабылдауы, зейін қоюы, есте сақтауы, ойлауы және қиялы арқылы жүзеге асады. Сондықтан балалардың осындай таным қабілеттерін дамыту өзекті мәселе болып табылады. В.С. Мухинаның айтуы бойынша, мектеп жасына дейінгі балаларда танымдық мотивтер мен қажеттіліктер көлемі ұлғаяды, рухани және материалдық қажеттіліктер сферасы кеңейеді, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, жетістікке жету, басқарушылыққа қажеттілік сияқты әлеуметтік қажеттіліктер нығая түседі [1, б. 57].

Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. В.С. Мухина бойынша, мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою, материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б. ой желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің, естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.

Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады. Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауысады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі.

Мысалы, мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады. Сенсорлық даму бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске түсіру қабілеттілігі пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.

Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне, іс-әрекет процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар болады, ал осы суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне, қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде жақсы сақтайды. Еріксіз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.

Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды. Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6 жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады. Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды. Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты болады.

Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Бала ойлауын дамыту үшіін тәрбиеші тиісті жұмыстар жүргізіп отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп тәрбиелеумен ұштасып жатады. Таным әрекетінің бірі — қабылдау. Әдетте бала заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің көрінуімен ұштасады. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе жатқандығының көрінісі. Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты.

О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда баланың осындай танымдық қабілеттерінің дамуына баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстарын танымдық қабілеттері арқылы меңгеретіні бәрімізге белгілі.

Ертегілер, танымдық қабілетті дамытуда ғана емес, сонымен қатар баланың кейіпкерлік тұрақтылығы, моральдық бағдары, әлеуметтік интуициясын қалыптастыруда маңызды орын алады. Ертегілер баланың эмоционалдық фонды жағымды әрі қауіпсіз әлемде қалыптастыруына көмектеседі, ақыл-ой өркенін ынталандырады. Бұл құбылысты ғаламтор арқылы алынған зерттеулер де растайды [4]. Әрбір ертегінің мазмұны, баланың тұжырымдай алмайтын проблемаларға жауап беруге көмектеседі, әділдік пен кәріп, достық пен жауыздықты ажыратуға үйретеді. Ертегілер баланың ойлау сферасына емес, әлеуметтік дамуына да тікелей әсер етеді. Ертегі кейіпкерлерінің әрекеттерін талдай отырып, бала қоғамдық нормалар мен мәдени ерекшеліктерді меңгереді. Бұл құбылыс әдебиеттер тізімінде көрсетілген шетелдік зерттеулермен де қолдау табады [3, p. 81].

Қорытынды. Ертегі кітаптары балалардың танымдық қабілетін дамытудың тиімді құралы болып табылады. Олардың мазмұны арқылы балалардың зейіні, есі, қиялы, ойлауы, қабылдауы дамиды. Ертегілер арқылы бала әлемді түсінеді, қоғамдық нормаларды үйренеді. Педагогтар мен ата-аналар ертегілерді дұрыс пайдалану арқылы баланың тұлғалық, интеллектуалдық дамуына үлкен үлес қоса алады. Балаларға рухани азық беретін ертегілер ретінде «Алаш ертегілері» жинағын ұсынамыз. Кітап үш тілге аударылған, оқуға ыңғайлы және балаларға қызық.

Әдебиеттер тізімі

  1. Абраменкова, В.В. Психология детства в контексте развития отношений ребенка с миром / В.В. Абраменкова // Вопросы психологии. — 2000. — № 1.
  2. Алябьева, Е.А. Коррекционно-развивающие занятия для детей старшего дошкольного возраста / Е.А. Алябьева. — М.: ТЦ Сфера, 2004.
  3. Гризик, Т.И. Познаю мир / Т.И. Гризик. — М.: Издательский центр «Воспитание дошкольника», 2004. — 128 с.
  4. Bettelheim, B. The Uses of Enchantment: The Meaning and Importance of Fairy Tales / B. Bettelheim. — New York: Vintage Books, 1976. — 328 p.
  5. Zipes, J. Fairy Tales and the Art of Subversion / J. Zipes. — New York: Routledge, 2006. — 256 p.
  6. Өскенбай, А.Ә. Алаш ертегілері - Алматы: Зияткерлік технологиялар институты, 2025 - 178 б.
  7. Әдістемелік журналға мақала жариялаудың негізгі талаптары [Электронды ресурс] – https://adisteme.kz/rules.html