Attention: Information about the quality of the article, certificate, reference and journal types are available only to the author of the article or correspondent of the journal.

Мықты отбасы-мықты мемлекет

Educational Hour
Мықты отбасы-мықты мемлекет

Author: Жалекенова Гулсауле Кайргалиевна
Job: БҚО Сырым ауданы,Бұлан орта жалпы білім беретін мектебі
Position: Ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші
Date of publish: 07.09.2022
Publisher: Гулсауле Ж.


Тақырыбы: «Мықты отбасы-мықты мемлекет» 

Мақсаты:   Оқушыларға отбасының қоғамдағы алатын орны, отбасы мүшелерінің жауапкершілігі туралы терең ұғындыру, бірлігі жарасқан жанұя мен дұрыс қалыптасқан тұлғаның мемлекет дамуына қосатын үлесі, Отанына деген сүйіспеншілік алдымен жанұяда, ата-ана ықпалымен тәрбиеленіп бала дамуына маңызды  әсер ететінін түсіндіру,  әркез отбасының көз қуанышы болып, өз елінің білімді, рухы биік азаматы болуға  тәрбиелеу;

1.Кіріспе

Мықты отбасы – мықты мемлекет

2.Шығармашылық кезең

«Бірлігі жарасқан бақытты отбасы

Құрайтын қуатты тәуелсіз елім бар»

3.«Сиқырлы сөздер сыр шертеді»

Оқушылардың ой толғанысы

4.Қорытынды

1. Ұлы елім, мықты болсын тұғырың!

 От, отбасы, Отан деген сөздер терең мағыналы киелі ұғымдар деуге болады. От бар жерде өмір, жылу, береке бар. Отбасы-әр адамның шағын Отаны. Әркімнің бір ғана туған жері Отаны болады.

Асқар тауы- сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ-тіреуіші анасы

Жасыл құрақ- келешегі баласы,

Біріге олар болар мықты отбасы.

Бүкіл әлем ата-ананың нұрынан

Шуақ алып келешекке жол салған

Мықты болсын отбасы деп толғанам,

Сырын ашып ұрпаққа тура жол салам.

Ал енді біздің мемлекетіміз – Қазақстан  республикасының 19 облысын мықты отбасы моделімен белгілесек, сөз жоқ Қазақстан мықты мемлекетке айналады. Нәтижесінде мемлекеттің еңсесі биік, тұғыры берік, дамыған ел болуы үшін әр адам, әр отбасы, әрбір елді мекен өз үлесін қосу керектігіне көзіміз жетеді. Интерактивті тақтадағы Қазақстан картасында  облыс орталықтары осындай сөздермен ашылады.

  • Бауырмал
  • Сыйласты
  • Тату
  • Балалы
  • Ұйымшыл т.б

    Отбасы – шағын мемлекет. Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжоловтың  «Отбасы – шағын мемлекет, сен – премьер, мен – президент» дегені бар. Шынында, дәл солай екен. Ендеше, отбасы мен мемлекеттің құрылымын қарастырайық.

Т кестесі

  • Отбасы                                                                           
  • Тегі
  • Үйі
  • Жеті атасы
  • Күн тәртібі
  • Отағасы
  • Отанасы
  • Отбасы мүшелері
  • Отбасы қоры
  • Кіріс-шығыс
  • Тұрмыстық жағдайы
  • Отбасы дәстүрі (тілі, діні)
  • Өзара және туған – туыстарымен
  • қарым-қатынасы (қонақ шақыру,
  • той жасау т.б.)

9. Бала саны

10. Ата-баба өсиеті (ата-ана кеңесі)

  • Мемлекет
  • Атауы
  • Жер көлемі
  • Ата Заңы
  • Рәміздері
  • Елбасы
  • Премьер
  • Үкімет
  • Экономикасы
  • (Кіріс – шығыс)
  • Әлеуметтік жағдайы
  • Мәдениет
  • Сыртқы – ішкі саясаты
  • Халық саны
  • Елбасы жолдауы
  • «Сиқырлы  сөздер сыр шертеді»
  • Оқушылардың ой толғанысы
  • Сен отбасыңның «мықты отбасы» формуласы бойынша қандай қасиеттерін басымырақ деп атай аласың?
  • Отбасыңның материалдық немесе рухани деңгейінің жоғары болғанын қалайсың ба?
  • «Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді» деген нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесің?
  • «Отбасы тәрбиесі – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бір саласы» дегенге өз көзқарасыңды білдірсең?
  • «Әкеңнің төріне сенбе, маңдайыңның теріне сен» дегенді қалай түсінесің?
  • «Балаң өзіңе тартса –  жұбан, қоғамға тартса – қуан» дегенге көзқарасың қандай?

Ағаштар сөйлейді.

Әрине, қисайып қатайып өсіп кеткен ағашты біз қанша су құйып

баптасақ та, ол түзелмейді. Бұдан шығатын қорытынды, Мағжан Жұмабаевтың сөзімен айтсақ бала 5 жасына дейін қалыптасып, тәрбиеленіп болады. Сондықтан бала жас кезінен отбасының дұрыс тәлім-тәрбиесін сіңіріп өсу керек екен. Ағашты еккен күннен бастап мәпелеп, тамырына үздіксіз нәр беру керек. Өскен ағаштың «қисық ауруын» оны қанша емдеп күтсек те айықтыра алмаймыз.Ал түзу ағаш, су құйып баптап күткен сайын жайқалып, құлпырып өседі. Яғни, бала мықты отбасында тәрбиеленіп өссе, ол болашақта мықты мемлекеттің іргесін қалаушы азамат болып, өзі де берік отбасының иесі бола алады.

    Отбасын мемлекетіміздің бір кірпіші деп алатын болсақ, сол кірпішіміз неғұрлым берік, мінсіз болса, мемлекетіміз де соғұрлым қуатты, мықты, әлем мойындаған алып елге айналады.

Қазақтың әлемге танылған даңқы бар,

Пәк көңіл, ақ пейіл, мерейлі халқы бар.

Бірлігі жарасқан бақытты отбасы,

Құрайтын қуатты тәуелсіз елім бар.

 Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!

List of portals for teachers and students

  1. Linguistic Olympiads - https://wonder.zti.kz
  2. Olympiads on the basics of primary education - https://kokon.kz
  3. Cyber Olympiad in Italian drafts - https://doiby.zti.kz
  4. Intellectual Cyber Chess Olympiads - https://chess.zti.kz
  5. Competitions, conferences, olympiads - https://kzu.kz
  6. Republican competitions, courses, conferences, and olympiads, and courses - https://ukz.kz
  7. Intellectual competitions, conferences, and olympiads - https://tarim.kz
  8. The methodical journal for teachers - https://adisteme.kz
  9. Republican Distance Olympiads – https://clever.zti.kz
  10. Competitions, conferences, olympiads - https://talimger.kz
  11. Smart Library - http://w.zti.kz/crviy