Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыны өзіндік әрекетке дайындау [Педагогика]

Автор статьи : Қымбат Т.
Организация : И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі
Должность : Арнайы пәндер оқытушысы
Дата : 20.12.2022
Издатель : Гульмира М., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

         Әлемдік  білім  беру  жүйесі жеке тұлғаны  қалыптастыруға  негізделген. Бұл негіздеме   Қазақстан Республикасының  Білім   туралы  заңында  жан-жақты  айқындалған: “Білім беру жүйесінің  басты   міндеті – ұлттық  және жалпы адамзаттық  құндылықтар, ғылым мен  практика  жетістіктері негізінде    жеке  адамды  қалыптастыруға    және кәсіби   шыңдауға   бағытталған білім алу  үшін   қажетті  жағдайлар жасау,  оқытудың  жаңа   технологияларын енгізу, білім беруді  ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық желілерге  шығу.” 

               Бүгінгі  таңда    білім  берудің    мемлекеттік  стандартына    сай  білім беру ұйымдарында тәрбиелеу  және    оқыту    нақты  өзгеріп, білім алушыны пәндік білім,білікті  және   дағдылар жиынтығымен дәріс беру ғана  емес, оқушының  оқу- танымдық  әрекетін  дұрыс    ұйымдастыру   негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыру    мақсаты  қойылып  отыр.

Ұстаздың  ең басты міндеті -  білім алушыларға   кез- келген  білім  саласын  меңгертудің   тиімді  жеңіл  жолдарын  қарастырып, шығармашылық   жұмыс  істеуге   дағдыландыру.Білімді дайын  қалпында   қабылдамай, өздігімен  құрастырылған білімнің    ұзақ  есте  сақталатындығы бүгінгі күні  дәлелденіп  отырғаны  белгілі.

            Жеке  тұлғаның   тек  ғана  білімді  болуы  жеткіліксіз болуы қақ нәрсе.Білім  беру мен  алу жүйесіндегі басты  қағида- өз-өзіне  есеп беру, ой- әрекеттерін  саралай білу, өзін-өзімен  өзгені бағалай білетін, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге  асыратын,өз  өмірін,іс-әрекеттерін нақтылай отырып жоғары жауапкершілігі бар  жеке тұлға    қалыптасуына    мүмкіндігінше     тиімді жағдай жасау.

          Қазіргі ғылыми техникалық  прогресс  заманындағы  нарықтық      қатынастардың талабына  сай бизнес пен коммерцияның,  кооператив  пен жеке  кәсіпорынның  әртүрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттілігі  болашақ  кадрлардан жаңаша  ойлауға бейімділікті, тапқырлық пен   ізденімпаздықты, шеберлік пен  іскерлік    қасиеттерді  талап етеді.

        Мұндай экономикалық  және  әлеуметтік   маңызы зор істі мектептен бастап, жас  өрендерге     өнертапқыштық   шығармашылықтың  негізін   үйретуіміз   қажет.

Білім беру ұйымдарындағы оқыту  үрдісінің жаңаша  дамуы оқушының білімінің,дағдысының  көтеру қажеттілігімен ғана емес,оқушының танымдық әрекетінің көтерілуіне байланысты.

Білім алушылардың өз бетінше  білім алып,өз білімін бағалауға, өзіндік әрекетке бейімдеу болып   саналады.Танымдық  әрекет өзіндік әрекеттің   бір   құрамы ретінде ерекшеленеді.Өзіндік  әрекетті жүзеге асыруға қажетті тәсіл – әдістерді таныстыру және  оны  игеру үшін  дербес тапсырмаларды  орындату  қажет.Бұл міндетті  мұғалім  жүзеге асырады.Ол үшін   мұғалім  білім алушы өзіндік   әрекеттердің нақты  мақсаттарын қалыптастыруы қажет.Сондықтан оқу тәрбие үрдісінде саналы түрде   ретімен    қолдануға болатындай   мақсаттар   жүйесінің   негіздемесі  қажет   болады.

Мұндай  мәселелерді   шешуде   мұғалім   өте  жоғары дәрежелі психологиялық – педагогикалық құзырлы  дайындықпен келуі қажет.Білім беру  саласының   алдына   қойған   міндеттерді    шешудің жолы- оқушылардың   нақты  оқу әрекеті    арқылы өз оқу үрдісін  жетілдіру болып табылады. Сондықтан  өзіндік    жұмыстарды   орындау өте маңызды.   

Кембридж   бағдарламасының  оқыту   жүйесінің  негізгі жеті  бағыты   бойынша балаларды  жаңа әдіс тәсілдерді қолдану негізінде   дамыта оқытуға  үлкен  мән  берілуде.

Жүргізілген бақылауларым менің мақсаттарым мен міндеттерімнің орындалуы үшін жаңа тәсілдердің маңыздылығы айқындадым. Білімді  білім алушылардың    қабылдап  меңгеруі   олардың  өзінің   оқуы  үшін   жауапты   екенін  ұғындырды.

 Бұндай үлкен жауапкершілікті оқушы мұғалімнің сабақ беру барысында жасайтын ортадағы  іс-әрекеттерінен қабылдайды. Жеке тұлғаның    жан –жақты  дамуы үшін әрдайым мұғалім ретінде өз шеберліктерімді   шыңдап дамытып  отыру  қажеттілігін  ұғындым.

Қазіргі заманауи оқыту жүйесінде сыни тұрғыдан ойлау мұғалімге арналған нұсқаулықта «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады (1,43).

ХХ ғасырда сыни әлеуметтік теорияның мектебін Франкфурт қалады. Білім беру саласындағы осындай зерттеуді бастаған Джон Дьюи алғашқылардың бірі болды.

Өз  практикамда ойлау  дағдысын  қолдану  себебім   осы  уақытқа дейін  балаларға   тек  дайын  күйінде  білім  беріп  ойлануына   жағдай  жасамағандықтан.Ол ойлау дағдыларын қалыптастыру тек оқушы үшін ғана емес, демократиялық қоғамдық құрылыс үшін де тиімді жолын бағыттау екенін сендірді.

Жүргізілген бақылауларым менің мақсаттарым мен міндеттерімнің орындалуы үшін жаңа тәсілдердің маңыздылығы айқындадым. Білімді  білім алушылардың    қабылдап  меңгеруі   олардың  өзінің   оқуы  үшін   жауапты   екенін  ұғындырды.

Сыни тұрғыдан ойлау ақпартты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге арналған тәсіл деп ойлаймын. Одан әрі әрекет жасауға негіз болатындығына  сендім.

 Оған қадағалау, интерпретация, талдау қорытынды жасау , бағалау, түсіндіру метатану жатады. Сыни тұрғыдан ойлау негізінде адамнын өз ойын бағалауы, оны жүзеге асыруы, өз мен өзінің пікіріне сеніммен қарауы, және шешім қабылдауы қажет екенін  түсіндім

Сын тұрғысынан ойлаудың осы әрекеттерін ұстанбайтындар жалқау, немқұрайлы, тәкәппар, өзгенің пікіріне сенбейтін адамдар. Ойлаудың бұл әрекеті тығырыққа тіреуі мүмкін.

Әрине, білім алушының дербес іс-әрекеті білімді өз ізденістерімен алу қажеттілігін түсіндім.Сабақтарда мына  талаптарды ескерілуіне  толық қосыламын.Ол сабақ  мақсатының болуы.Мақсатының  түгел орындалуы,сабақтың ұғымдылығы, пән аралық байланыстың болуы, сабақта  туындайтын проблемалар,білім алушының  танымдық   дамуы, білім алушының  жеке ерекшелік  қасиетін  ескеру, өз беттерімен орындайтын   тапсырмаларды ұғындыру, білімді бағалау жинақтау қажеттілігі ескеріледі.

   Білім мен білік дағдысын механикалық түрде өзгерте салу емес, танымдық қабілетпен іс-әрекет арқылы жеке тұлға бойындағы қасиетті ескере отырып, ақыл-ойын кеңейту арқылы оқыту.