Балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу маңызы [Эссе]

Автор статьи : Айман Ш.
Организация : Астана қаласы "Айналайын" балабақшасының әдіскері
Должность : Әдіскер
Дата : 29.06.2022
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Мектепке дейінгі кезең - баланың қоршаған әлемді, адамдардың қарым- қатнасын, белсенді танып білуі, болашақ азаматтың жеке тұлға ретінде қалыптасуының негізі қаланатын кезеңі екенін ескере отырып, баланы шынайы өмірге этнос бейімдейтінін ұмытпаған жөн.

Ананың әлдиі, ертегі мен мақал мәтел, жұмбақтар, қазақ халқының мінез-құлық ерекшеліктерінің сипаттары баланың көре жүріп, ести жүріп, ұлттық болмысының қалыптасуына себепкер болатын күшті құралдар. 

 Әр адамның Отан туралы түсінігі ұсақ та әдемі образды дүниелерден құралып, бірте-бірте Отанына деген терең деңгейдегі азаматтық сүйіспеншілікке айналады. Балалардың бойында азаматтық, ұлтжандылық, рухани адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу бала тәрбиесіне қатысы бар барлық адамдардың кейінгі күнге қалтырылмай, бүгінгі күні жұртшылық болып шешілуге тиісті өзекті және күрделі мәселесі.

Бала бойына бүгін сіңдірілген дүние ертең оның және барлығымыздың өмірімізді айқындайды. Сондықтан, балаларды ұлттық құндылықтарға баулудың түрлі жолдарын ойластырып, тәжірибеге енгізу уақтылы көтерлген әрекет деп санаймыз.

Ал, әлемдегі ең құнды байлықтың бірі – көңілдің гүлі, көздің нұры – бала. Оның жан-жақты үйлесімді жетілуі, өз ата тегі, ата мекені, тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті, өнері, мінез-құлық сапаларын бойына сіңдіріп өсіру басты мүддеміз.       

Бұлай деуге себеп, барлық педагогтар қауымы балаларды тәрбиелеудің Ресейлік, Европалық технологияларын іздеп, зерттеп жатқан мезгілде өзімізге түсінікті, ұлттық құндылықтарға баулу қарапайым көрінуі мүмкін. Бұл қате пікір. Тәжірибеге сүйене отырып байқағанымыз:

  1. Нақтылы, мектепке дейінгі балалардың әр жас кезең ерекшелігіне сай  ұлттық құндылықтар жайлы қарапайым түсінік беруге бағытталған әдістемелік құралдардың аздығы немесе, күрделілігі ;
  2. Қалаларда тұратын заманауи отбасында ата-аналардың ана тіліне, ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуге деген немқұрайлылығы ;
  3. Балалармен ана тілінде қарым-қатнас жасауды қиынсынып, орыс тілінде сөйлесуге бейімділігі;
  4. Балаларға орыс тілді ақпараттық құралдар ықпалы басым болып, ата-аналар тарапынан сол басымдылыққа бой ұсынып кеткендігі қатты толғандырды.                                        

Ұсынып отырылған баяндамада тәрбиелік іс шаралар балалардың ұлттық құндылықтар жайлы түсінігі мен қарапайым тәжірибелік дағдыларының  қалыптасуына ата-аналармен бірлесе отырып ықпал ету жолдарына көңіл бөліну қажеттілігі басым.

Стандарт бойынша ересек, дайындық топтарда инвариативті оқытудың  кестесі өте тығыз . Осыған орай, «Мектепке дейінгі балаларды ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу заманауи жолдары» тақырыбы төңірегінде зерттеу жұмысын жүргізіп, тәжірибеге тартымды жұмыс формаларын ойластырудың   ықпалды көмегін ойластыру қажеттілігі туады. Бұл жан-жақты дайындықты талап ететін ауқымды үрдіс. Сондықтан, педагогикалық ұжым, теориялық әдістемелік ізденіс, дидактикалық материалдарды топтастыру, ата-аналар мен балалардың бұл проблема төңірегіндегі деңгейін анықтай отырып, тәрбиелеу мен оқыту үрдісінің тиімді, әсерлі, түрлері мен формаларын ойластыру жоспарланып жүзеге асыру ойластырылуы қажет. Олар: ата-аналарға арналған ұлттық тәрбие бағытындағы онлайн-студиялар, видео-сабақтар, балалардың әр жас кезеңіне сай ұлттық ойындар іріктеу, ұсыну, ашық есік күнер арқылы ата-аналардың балабақшасындағы конкурстарға тарту, отбасылық тәжірибе тарату т.б.і-шаралардың ықпалды жүйесін тәжірибеге енгізу.

«Біз, жаһанданған қоғамда өмір сүріп отырмыз. Осы қоғамға жұтылып кетпеуіміз үшін ұлттық тамырдан нәр алуымыз қажет» деген ойдың айтылуы осыдан да болар.