Әл-фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мүмкіндіктер мекені [Эссе]
Қазақстан бүгінгі таңда сапалы білімімен көзге түскен елдердің бірі болып табылады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білімге көп көңіл бөлуде. Біз оны салынып жатқан әлемдік стандартқа сай түрлі мектептер мен жоғарғы оқу орындарынан байқаймыз. Сондай университеттердің бірі Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті. ҚазҰУ әлемнің ең үздік 300 университеттерінің қатарында. Ғылыми зерттеулер мен әдістемелерді жүргізуде жоғары деңгейдегі технологияларды пайдаланатын, оны қоғамда және экономикада ұтымды жүзеге асыратын алдыңғы қатарлы заманауи ЖОО болып табылады. Болашақта ҚазҰУ тек республикалық ғана емес, халықаралық білім беру орталығына айналмақ.
Шығыстың атақты философы Әбу Насыр ибн әл-Фарабидың есімімен аталған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті – Қазақстан ЖОО Басты рейтингісі бойынша көшбасшы, мемлекетіміздің тарихында бірінші болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының лауреаты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Қызметтер мен өнім сапасы саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының дипломанты атанды. Білім ордасында 16 факультет, 2000-нан астам профессор, доктор және ғылым кандидаты бар. Сондай-ақ, университетте 25 мыңнан астам студент білім алады. Әр факультетте жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар мен профессорлер білім беруде.
Университеттің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Университет жоғарғы білікті мамандарды даярлауға, әлемдік білім кеңістігінде интеграциялауға, өндіріске енгізілетін фундаменталды және қолданбалы зерттеулерді дамытуға бағытталатын кең көлемдегі білім, ғылыми, рухани-тәрбиелік, инновациялық және өндіруші негізге ие. Қала ішіндегі «Казгуград» қалашығы деп аталып кеткен құтты мекенде студенттердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалған. Соған бірден бір мысал ретінде ҚазҰУ қалашығында орналасқан «Керемет» комплексін айтуға болады. Бұл жерде стунденттерге арналған барлық жағдай жасалған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Керемет» Студенттерге Қызмет Орталығы (бұдан әрі – «Керемет» СҚКО) ірі университеттік қызмет көрсету орталығы болып табылады, өзінің құрылымы және функционалдық қызметі бойынша, «бір терезе» және «бірыңғай кеңсе» қағидаты негізінде қызмет түрлерін көрсететін және әлемдік кеңістікте толыққанды аналогы жоқ орталық болып табылады. Орталықты құру идеясы, университет ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа тиесілі.
«Аl-Farabi university smart city» «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы – оқу-ағартушылық, медициналық, заңгерлік, қаржылық және мәдени-көңіл-көтеру қызметтерін бір терезе қағидасы бойынша ұсынушы студенттерге арналған жастар ресурсты орталығы.
ҚазҰУ – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен, сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ғашықтардың мекені. ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, мен өзімнің ҚазҰУ-да білім алып жүргенім өмірімдегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.
Мен сияқты мыңдаған жастардың арманына айналған бұл оқу орны- бүгінгі таңда Қазақстандағы ғана емес, сонымен бірге, Орталық Азиядағы жетекші университеттердің бірі де бірегейі. Қазақ Ұлттық Университеті- республикадағы барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі және білікті мамандар мен білімді студенттердің ордасы. 1934 жылы іргесі қаланған білім ордасы күннен- күнге әлемдік білім беру жүйесінде өзіндік орнын айқындап келеді. Оның дәлелі ретінде, белгілі QS World University Ranking халықаралық рейтинг агенттігінің 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті әлемдегі үздік 800 университет арасында 236-орынды иемденіп, ең үздік 250 университет қатарынан тағы да көрінді.
Басқа факультеттерді былай қойғанда, өзім оқып жатқан физика және техникалық факультетінің өзінде халқымыздың қаншама зиялы өкілдері, елдің дамуына өз үлесін қосқан алдыңғы қатарлы азаматтап білім алған. ҚазҰУ құрылған уақыттағы бірінші есігін ашқан факультеттердің ішінде физика-математика, дәстүрдің жарқын жалғастырушысы физика-техникалық факультеті - қазіргі физика-техникалық кластердің орталығы болып табылады.
Соңғы жылдары факультет қарқынды дамып келеді, барлық оқу сатысындағы студенттер саны үнемі артып келеді, ғылыми-техникалық жобалар саны тұрақты өсіп келеді, ескі зертханалар жаңғыртылып, техниканың ең соңғы сөзіне сай жабдықталған жаңа зертханалар құрылуда. Жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамының басшылығымен талантты студенттер үш тілде, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде іргелі білім алады және ерте курстардан қазіргі заманғы физика мен техниканың өзекті мәселелері бойынша қалыптасқан ғылыми мектептер шеңберінде зерттеулерге белсенді түрде тартылады. Нәтижесінде-Физика-техникалық факультетінің түлектері. әл-Фараби еліміздің еңбек нарығында өте жоғары баға алады, білім мен технологиялардың кез келген жаңа салаларын белсенді меңгеруге, өмірде өз орнын табуға мүмкіндік беретін іргелі білім мен практикалық дағдыларға ие. Қол жеткізген жетістіктеріне қарамастан, физика-техникалық факультеті өз болашағын алдағы, Үшінші индустриялық революциямен байланыстыра отырып, өзінің дамуын ұзақ жылдарға жоспарлап отыр. Инновациялық экономиканы құру қазіргі заманғы білімсіз және ғылымды дамытусыз, оның нәтижелерін өндіріске кеңінен енгізусіз мүмкін емес. Осы мақсатта факультетте әлемнің жетекші университеттерінің бағдарламаларына сәйкес келетін жаңа оқу бағдарламалары әзірленді, ғылыми-техникалық зерттеулерді идеялардан оларды енгізуге дейін дамытуға мүмкіндік беретін инновациялық тізбек енгізілді.
Халықаралық QS агенттігінің мәліметі бойынша әлемдегі үздік ЖОО-лар рейтингінде ҚазҰУ 220 орынға ие. «UI Green Metric Ranking of World Universities» ғаламдық рейтингінде ҚазҰУ 172 орынды бағындырып, үздік экологиялық университеттер 200-топ қатарында өзінің позициясын нағайтты. «Times Higher Education» британдық агенттіктің зерттеу нәтижелері негізінде ҚазҰУ Орта Азия университеттері арасында бірінші болып әлемнің үздік ЖОО-лары қатарына енді. ARES (Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палата) еуропалық рейтингінде ҚазҰУ «АА» бағасын алды және жетекші еуропалық университеттер санатына кірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық әріптестікті белсенді дамытуда, осымен үшінші жыл қатарынан 2020 жылға дейін «Академиялық ықпал» Біріккен Ұлттар Ұйымы Жаһандық Хабын басқарады.
Бір сөзбен айтқанда, осында білім алып жатқан барша жастардың жарқын болашағына жол сілтеген ҚазҰУ-дың студенті екенімді айрықша мақтан тұтамын.