Жүз жылдық тарихы бар газет [Эссе]
Организация : ҚАЗҰУ, Журналистика факультеті
Должность : Студент
Дата : 30.03.2024
Номер журнала : 18-2024
Технологияның дамыған заманында адамдардың руханиятын сақтап қалу үшін газет пен журналдарды оқу мәдениетінің ролі зор. Газет пен журналдардан адам іздегенін тауып, рухани азық алады. Газет бар жерде сауаттылық, әрі білім мен ғылым болады. Ал, ғылымы бар елдер міндетті түрде дамиды. Дәл, осы тұжырымға лайықты болу үшін не қажет? Қазіргі газет пен журналдардың ресми сайттары заман талабына сәйкес екі жақты интерактивті болуы тиіс. Бұған үлгі ретінде осы «Әдістеме» журналының порталын келтіруге болады [1]. Мақаланы жариялап, оны бірден Google Play арнасы арқылы «Clever Library» кітапханасынан көре аласыз [2]. Журналды АҚШ-тың технологияларымен әлемдік деңгейде ұштастыра білген біздің ҚАЗҰУ түлектері. Ал, оның қазіргі функционалдық кескінін қалыптастырып, заманауи үлгісін жасауға ықпал еткен оның белсенді авторлары мен корреспонденттері. Авторлар құрамының тоқсан пайызын нәзік жанды журналистер мен педагогтар құрайтыны жасырын емес. Сондықтан, қазіргі журналдар мен газеттердің заман талабына сай бейнесін қалыптастыратын біздер - болашақ журналистика саласының мамандарымыз.
Ал, бүгінгі негізгі әңгіме біздің сүйікті «Егемен Қазақстан» газеті туралы болады [3]. Қоғамдық саяси газет еліміздегі ең көне және ең танымал басылымдардың бірі. Осы газеттің шығу тарихына үңіліп қарасақ, талай қиындықты бастан өткергеніне куә боламыз.
Газеттің бірінші нөмірі 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор қаласында «Ұшқын» атауымен жарық көрген. Басылымның алғашқы басшылары – Халел Есенбаев, Әмірғали Мәнеуов, Ешмұхаммед Бегалиев аталарымыз болған. Ұшқын газетінде жер, су, елді басқару, азық-түлік мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар әйел мәселесі де қалыс қалмады. Оған 1920 жылы жарық көрген «Әйелдерге ерік» мақаласы дәлел. Бұл мақалада әйелдердің еркіндігі айтыла отырып, бұрыңғыдай күңдік дәрежесінде езіліп жүрмей, адамгершілік міндетін алып, заманың келгенде тіршілігіңе лайық ерлермен қол ұстасып, солардың істегеніндей басқа халықтың бостандықта жүрген әйелдері қандай болса сондай болып іске кірісу керектігін айтады. Сол замандағы аштық мәселесін көтере отырып, 1917-1918 жылдарда бүкіл Түркістанда болған ашаршылық ауру Ақмешіт, Қазалы үйездеріне де болып, бейшара жарлы қазақтар наны көп, тырыса көп жерге жетіп қалайық деп ауып келген елдер көп болғандығы жайлы айта отырып, халықтың хәл-жағдайы нашар, әрі күрделі қиын кезең болғандығын осы мақалада айқын жазылады.
«Ұшқын» газетінің заңды жалғасы «Еңбек туы» 1920 жылдың 13 қараша күні Орынбор қаласында жарыққа шығады. Негізгі ұйымдастырушысы Сәкен Сейфуллин. «Манап –Шамиль» деген бүркеншек деген атпен бас мақалаларын жазып отырған. 1921 жылдың 21 ақпанынан газетке басшылық жасаған.
1921 жылы 7 қарашада Орынбор қаласында «Еңбекші қазақ» газеті жарық көрді. Газетті 1921 жылы қараша айынан бастап. 1922 жылдың тамыз айына дейін редакция алқасын шығарған. 1922 жылдың тамызынан бастап редакция бас редактор болып С.Сейфуллин тағайынданған. 1925 жылдан бастап «Еңбекші қазақ» деген атпен шығып, газет редакторы Смағұл Садуақасов болған. Қызылордада төрт жыл шыққан «Еңбекшіл қазақ» 1929 жылы мамырда Алматыға қоныс аударды.
1932 жылдан бастап «Еңбекшіл қазақ» атауы «Социалды Қазақстан» болып өзгертіліп газеттің редакторлығына Әйтеки Мусин бекітілді. Ал, 1937 жылы газет атауы «Социалистік Қазақстан» болып өзгертілді. Осы газет атауы 1937 жылдан 1991 жылға дейін 54 жыл бойы қолданған ең ұзақ атауы. Алғашқы редоктары - Жүсіпбек Аймауытов. Ж.Аймауытовтан Ш.Мұртазаға дейінгі аралықта 12 редактор басқарған.
1991 жылы маусымда басылымның аты «Егемен Қазақстан» болып өзгереді. Осы атауымен ең тәуелсіздігін қарсы алып 1993 жылдың соңына дейін жарық көріп тұрды. Бұл кезде оның бас редакторы белгілі жазушы, публицист Ш.Мұртаза еді.
1993 жылдың 1 қаңтардан «Егемен Қазақстан» болып біржолата орнықты. Лингсвиттердің пікірлерінен кейін сол кездегі газеттің бас редакторы Әбіш Кекілбаевтың ұсынысымен «ді» жұрнағы алынып, «Егемен Қазақстан» болып бүгінгі дейін осы атпен шығып келеді. Қарап отырсақ, басылымға Алаш отырыстардың еңбегі мол сіңген. 100 жылда баспасөзді 18 редактор басқарған.18 азаматтың 15-і репрессия жылдары атылып кеткені жаныңды ауыртады. А.Байтұрсыновтың «Газет-халықтың көзі құлағы, һәм тілі» деген сөзі бүгінде өзектілігін жойған жоқ.
«Егемен Қазақстан» газеті-тарихы, беделді қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы бойынша Қазақстандағы номер 1 қазақ тілді басылым саналады. Тұрақты оқырмандар санының 3 милионға жетуі де соның айғағы. Бейресми түрде газет елдің бас газеті деп аталады. «Егемен Қазақстан» газетінің беделді болуы - оның шындықты айта алуына деп ойлаймын. Газет - тұңған тарих, құнды құжат. Әр заманда бұл газеттің орны айрықша болды. Әр замандағы мәселелерді көтере отырып,халықтың көзін ашуға, рухани азығы болуға тырысты. «Егемен Қазақстан» газетін қолына ұстаған кез келген жан мұндағы әрбір ақпараттың шынайлығына, сенімділігіне, тақырыптың маңыздылығына сенеді деп білемін. Өйткені, газеттің кәсіби деңгейі, ұстанған бағыты өзгерген емес. Сондай-ақ, басылым парақтарында жаңашылдық пен ұрпақтар сабақтастығының ізі сайрап жатқаны байқамау мүмкін емес. Сүйікті газетіміздің асыға күтіп оқитын оқырмандары көп болсын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- «Әдістеме» журналы // https://adisteme.kz
- «Clever Library» кітапханасы // https://play.google.com/store/apps/details?id=com.app.zticleverlibrary
- «Егемен Қазақстан» газеті // https://egemen.kz