Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану [Технологий образования]

Автор статьи : Шолпан К.
Организация : "Астана" көпсалалы колледжі
Должность : Оқытушы
Дата : 16.04.2017
Номер журнала : 01-07-2017

Технология кез келген ғылымның (оның ішінде химия пәнінің де) ажырамас бір бөлігі. Алдымен технология сөзінің мағынасын айқындап алайық. Бұл ұғым 1872 жылы әлемдік техника мен ғылым жетістіктерінің алғаш өркен жая бастаған кезеңдерінде ендірілді. Латын тілінен аудармасы «технос»-кәсіп, өнер, шеберлік; «логос»-«ілім», «ғылым», «пән» деген түсініктерді аңғартады. Білім беру жүйесінде де кезінде жаңа технология түрінде қабылданып, өз дәуірінде барлық ғылымға елеулі үлес қосқан.Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі. Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды. М.Жалдак бұл терминнің неғұрлым кеңірек анықтамасын береді: Ол «Жаңа ақпараттық технология – адамдардың білімін кеңейтіп, олардың техникалық және әлеуметтік үрдістерді басқару мүмкіндігін дамытатын, ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау, өңдеу, тасымалдау және жеткізудің техникалық құралдары мен әдістерінің жиынтығы» дейді. Білім берудегі тез қарқынмен компьютерлендіру өзектілігі мына факторлармен түсіндіріледі. – Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. – Оқушылардың коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру. – Оқушылардың шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.

  1. Компьютер жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалана отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату.

Қазіргі кезде танымдық қажетсіну ол- жаңа ақпаратты қажетсіну дейміз. Ендеше компьютерлік, ақпараттық техника мен технологиялар ақпараттандыру мен жаһандау кезенінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің артуына, білім мазмұнындағы негізгі компонент оқу пәнін тереңірек меңгеруге себін тигізеді. Компьютер – оқу ісін жекелендіруге мүмкіндік бере отырып, яғни адамның психикалық, педагогикалық, жеке, жас ерекшеліктерін, оның іс - әрекетке даярлығын ескере отырып, соларға сәйкес жұмыстың мақсатын, жоспарын, әдіс - тәсілдерін белгілеп оқыту. Компьютер - әр оқушының психологиялық ерекшеліктерін ескеруге мүмкіндік беретін құрал. Өйткені әр оқушы өз қабілетіне сай жылдамдықта жұмыс істей алады. Сонымен бұл техникалық оқу құралы оқушылардың жас және жеке психологиялық ерекшеліктерінің жақсы жағынан қапыптасуына ықпал етеді. Жалпы техникалық оқу құралдарын қолдану дидактикалық көрнекілік, оқу материалын саналы меңгерту, жүйелілік пен жалғастық, оқу мен тәрбие ісінің бірлігі, т.б. принциптерге негізделеді. Адамның компьютердің көмегімен атқаратын оқу іс - әрекеттері өте көп, күрделі, әртүрлі. Компьютерлік технологияны қолдану арқылы өмірге келген оқыту тәжірибесі ғылыми - практикалық мәнге ие. Оқытудың компьютерлік технологиясын құру стратегиясы – бүгінгі таңда ең тиімді әдіс. Бұл әдіс – қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін оқытудың формалары, әдіс -  тәсілдері мен құралдарының жүйесі. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімді және тимісіз жақтарына 1- кестеден көруге болады. Кесте-1 Ақпараттык технологияның тиімді-тиімсіз жақтары. 

                    Тиімді жақтары                    Тиімсіз жақтары
·       Көзге көрінбейтін химиялық құбылыстарды компьютер арқылы бейнелеп көрсетуге болады; ·       Заттың ішінде болып жататын химиялық құбылыстарды модельдеп көрсетуге болады; ·       Химиялық құралдарға мұқтаждықты азайтады; ·       Алған білімді тәжірибеде қолдануға үйренеді; ·       Жаңа материалды игеруге уақыт қысқарады; ·       Зерттеушілік қабілеті қалыптасқан тұлға қалыптасады; ·       Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады; ·       Оқушының ой-өрісін , дүниетанымын кеңейтуге, тану процесіне қызығушылығын арттыруда зор; ·       Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі жетілдіруі олардың таралу мен сапасын артырады; ·       Оқушыға тақырып шеңберінде және белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтің көлемін ұлғайтады; ·       Оқушының бағыттылық (бағытталу) рефлексінің төмендеуі (ориентировочный рефлекс); ·       Танымдық эмоцияларының мәнінің төмендеуі, оқушы қызығушылығы білім мазмұнына емес, экрандағы өзгеріске ғана ауып отырады; ·       Көрнекілік принципінің гипербализациясы, яғни тым артық болуы; ·       Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы; ·       Ақыл-ой дамуын қадағаламай, есте сақтау ойлау жұмысын төмендетеді; ·       Оқытуға айқын сипат беріп, оқу материалын меңгеруді кемітеді; ·       Шынай өмірден кетушілік, оны анық байқамау немесе аутизация; ·       Жаппай химиялық құбылыстарды модельдеу – химиялық (классикалық) экспериментке зияның тигізеді. 


Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс бергім келеді. 1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану. 2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау. 3. Компьютерді пайдалану қауіпсіздік техника ережесін сақтау. 4. Кітаппен жұмыс. 5. Классикалық «тірі» тәжірибелерді орындау қажет. Студенттердің болашақ педагогикалық қызметтеріне қажетті болатын білімділігі мен іскерлікті игеруге үйрету керек. Т.А.Сергееваның және т.б. ойларынша, нақты жағдайда химия, физика пәндерінің келешек мұғалімдері біріншіден: компьютерді қажетті жағдайларда қолдану: яғни тәжірибе жүргізгенде есептеуге қажетті уақытты азайтуға, есептерді тексеруді, нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді; екіншіден – оларды типтік біліктіліктерді өңдеуде қолдану, яғни валенттілік бойынша формула құру, күрделі заттарды искеу, химиялық элементтер электрондарын атомдарға тарату, әр түрлі типтегі химиялық теңдеулерді құру, көміртектік қаңқасы бойынша теңдеулер құру т.б. физикадан типтік біліктіліктерді дамыту. Мұндай жұмыстарды біз студенттерді жаңа ақпараттық технологияны оқу саласында қолдануға дайындау процесінде жүргіздік. Компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану нәтижесінде компьютермен жұмыс істей білу біліктілігін дұрыс меңгермеумен үйлеспейтін, ал оқушының тұтас тұлғасын сипаттайтын, оның компьютерләк бағыттылығын, сәйкес білім мен біліктілікті меңгеруге мотивациалы, компьютерлік техника көмегімен оқу және кәсіби іс-әрекетте ой есептерін шешу қабілеттерін, компьютерлік ойлау тәсілдерін меңгеруінің ақпараттық-технологиялық құзіреттілігі қалыптасуы керек. Қоғам сұранысына сай, жоғары сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесі үшін химия сабақтарында олардың танымдық ізденімпаздылығын дамытуға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар жүйесін жасаудың мәні зор. Химия сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту, танымдық біліктерін дамыту арқылы ізденімпаздығын қалыптастыру оқыту үрдісін жетілдіруде маңызды. Оқушылардың танымдық ізденімпаздылығын қалыптастыратын оқытуды ұйымдастыру түрлеріне: дәріс, семинар, сарамандық және зертханалық сабақтар, конференция, пәндік үйірмелер, оқу экскурсиялары, шығармашылық жұмыстар, т.б.жатады. Жалпы орта білім беру мектептерінде реформа жүргізудің маңызды бағыты оқушыларға жаңа ақпараттық технологияны пайдалануды үйрету болып табылады. Бұл мәселені информатика сабағында ғана шешу мүмкін емес. Химия сабақтарында компьютер химиялық білімді жетілдіруге арналған педагогикалық процессті күшейтуші құралы қызметін атқаруы керек. Компьютер дидактикалық мүмкіндіктердің кең спектріне ие болғандықтан, оны химия пәнінде барлық типтегі сабақ өткізуде және әртүрлі есептер шығаруда қолдануға болады. Химия экспериментальды-теориялық оқу пәні ретінде тәжірибеге негізделеді және негізгі химиялық түсініктерді оқытуда комплексті ыңғайлығын қажет етеді.Сонымен, компьютерді пайдалана отырып, оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы мәселенің бірі екені баршамызға аян. Оның себебі, оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген, сол үшін де оқушының сезімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әртүрлі, жанжақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі.Ұстаздың әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көптүрлі оқыту әдістемесімен, ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Нұғыманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. Оқу құралы. – Алматы: Print –S, 2005. – 354 бет.
  2. Чернобельская Г.М. Методика обучения химии в средней школе. – Москва: Владос, 2000 г. – 246 с.
  3. Кирюшкин Д.М., Полосин В.С. Химияны оқыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 2003ж. – 295 б.