Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі [Гостиничное хозяйство]

Автор статьи : Жулдуз Н.
Организация : YESSENOV UNIVERSITY
Должность : «ХҚ және туризм» кафедрасының аға оқытушысы
Дата : 13.04.2023
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Бүгінде «YESSENOV UNIVERSITY» брендімен «ашықтық, ықыластылық, креативтілік» сынды құндылықтарды ұлықтап, қазақстандық жоғары білім саласында өзіндік орнын айқындай алған Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті бүгінде Маңғыстау облысындағы жоғары білім мен ғылымның, мәдениеттің орталығына айналып отыр. Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы қонақжайлылық индустриясы саласын тереңдетіп оқытатын, тұрақты экономикалық және аймақтық дамуға ықпал ететін қызметтер саласында жоғары білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін бағдарлама жолға қойылған. Перспективада туризм саласын дамытудың оң үрдістері Қазақстан Республикасын әлемнің неғұрлым дамыған елдерінің қатарына шығаруы мүмкін. Бүгінгі таңда туризм саласы еліміздің перспективалы энергетикалық емес секторларының жетілігіне кіреді және қонақжайлылық индустриясы ҚР-дағы туристік қызметтер нарығын тиімді дамытудың шешуші бөлігі болып табылатынын атап өткен жөн. Каспий теңізінің жағалауында Ақтау қаласынан Құрық портына дейінгі учаскеде теңіз курортын дамыту туризмнің перспективалы бағыты болып айқындалды. Жылы жағажай аймағында Ақтау көпфункционалды қонақ үй кешенін салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осылайша, қазіргі кезеңде қонақ үй және мейрамхана бизнесі үшін мамандар даярлау мәселелері өзекті бола түсуде, қоршаған ортаға тез бейімделе алатын, практикалық қызметке дайын кәсіби мамандарға деген сұраныс артып келеді. Қазірдің өзінде осы мамандықты таңдаған студенттер өздеріне тәжірибе жинап, кәсіби шеберлігін шыңдап жатыр. «6В11103-Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасының ерекшелігі:

  1. Rixos Water World Aktau, Renaissance Aktau Hotel, Holiday Inn Aktau өндірістік кәсіпорындарында дуальді оқытудың болуы (пәндердің 60 % );
  2. Көптілді білім беру бағдарламасы (30% пән ағылшын тілінде);
  3. Antalya Bilim University және AlmaU студенттерінің академиялық ұтқырлығы бойынша серіктестер;
  4. Әзірбайжан мемлекеттік технологиялық университеті (Uteca);
  5. Түркияда ABU TELP жазғы мектебі (Antalya Bilim University-де Tourism Experiential Learning Programme бағдарламасы бойынша-30 кредит, сертификат және транскрипт бере отырып);
  6. Инфлюенсерлер (қонақ үйлердің бас менеджерлері);
  7. Rixos Water World Aktau, Renaissance Aktau Hotel, Holiday Inn Aktau сияқты ірі бизнес серіктестердің болуы;
  8. Жаңа бірегей пәндер: қазақ қонақжайлылығының негіздері, сәнді қонақжайлылықтың брендингі және жоғары сапалы қызмет көрсету;

Дуалды оқыту базасын ұйымдастыру үшін және өндірістік практикадан өту үшін Ақтау қаласында орналасқан жетекші халықаралық қонақ үй желілерімен және қонақжайлылық пен мейрамхана ісі мекемелерімен келісім-шарттар жасалды: «Rixos Water World Aktau», «Holiday Inn Aktau», «Renaissance Aktau Hotel», «Caspian Riviera Grand Palace». Білім беру бағдарламасы студенттердің жеке қасиеттерін дамытуға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған, бұл университет миссиясына сай келеді. Аталған білім беру бағдарламасының мақсаты-Қонақжайлылық саласындағы халықаралық стандарттарға сай келетін терең білім, дағдылар мен практикалық дағдылар; Тілдік, аналитикалық, басқарушылық, сандық білім қабілеттер мен дағдылар; Инновациялық және жаһандық ойлау, жеке және рухани-адамгершілік қасиеттер; Қонақжайлық индустриясында және мейрамхана ісінде жеке бизнесті ұйымдастыру мақсатында кәсіби дағдыларды одан әрі жетілдіру қабілеті. Қойылған мақсатқа жету үшін білім алушыларға арналған білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

  1. тамақтану кәсіпорындары мен қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындарының жұмыс істеуінің негізгі принциптерін анықтау;
  2. қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда еңбек ресурстарын басқару жүйесін анықтау;
  3. туристік қызметтерді ұйымдастыру принциптері, қызметті оқыту және бақылау әдістері;
  4. мейрамханаларда, қонақ үйлерде және туристік кешендерде қызмет көрсетудің нысандары мен әдістерін анықтау;
  5. мейрамхана және қонақ үй қызметінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды әзірлеу және пайдалану мүмкіндігі;
  6. мейрамхана мен қонақ үй жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  7. мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі саласындағы кәсіпкерлік дағдыларды дамыту;