ҰБТ – үкім бе, әлде мүмкіндік пе?

ҰБТ – үкім бе, әлде мүмкіндік пе? [Технологий образования]

Автор статьи : Айжархын Б.
Организация : Макинск қаласы мектеп-лицейінің 11 "А" сынып оқушысы
Должность : Жас түлек, талапкер
Дата : 27.09.2025
Научный руководитель : Шерияздан Р., Макинск қаласы мектеп-лицей қазақ тілі-әдебиеті пәні мұғалімі
Номер журнала : 20-2025

Қазіргі таңда Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) – мектеп бітіруші түлектер үшін өте маңызды кезең болып табылады. Бұл 140 баллдық жүйеде өткізілетін тест арқылы оқушылардың білім деңгейі бағаланып, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі анықталады. Алайда, ҰБТ тек білімді ғана емес, сонымен қатар төзімділікті, шыдамдылықты және жоғары деңгейдегі өзін-өзі ұйымдастыру қабілетін де талап етеді.

Кейбір түлектер үшін бұл сынақ шынында да қиындық тудырады. Қорқыныш, күйзеліс, өзіне сенімділіктің жетіспеушілігі – бұлардың бәрі дайындық кезінде және өзінде тест тапсыру барысында кездесуі мүмкін. Дегенмен, маңыздысы – ҰБТ-ны қалай қабылдау. Оны «үкім» деп қарастырса, бұл тек бір ғана жол деп сезім туындайды. Ал шындығында, өмірде көптеген мүмкіндіктер бар, тек оларды көре білу қажет.

ҰБТ – болашаққа жасалған бір қадам, жыл бойы еңбек еткен білімнің нәтижесін көрсететін мүмкіндік. Бұл сынақ арқылы жас тұлға өзінің қабілетін, білімін және рухани қалыптасуын дәлелдей алады. Ол – тек мамандық таңдау ғана емес, сонымен қатар өмір бойы үйренуге, өзін дамытуға деген ынтасын көрсететін кезең.

Бірақ дайындық кезеңінде қиындықтар болуы табиғи. Сондықтан да заманауи технологиялар мен қолайлы құралдарды пайдалану арқылы дайындықты тиімді ұйымдастыруға болады. Мысалы, Clever Quizzes (https://quiz.zti.kz/cleverquizzes) сияқты қосымшалар арқылы оқушылар өз білім деңгейін нақты анықтап, әр пән бойынша қажетті тақырыптарды қайталауға мүмкіндік алады. Бұл қосымша – тек жаттығу ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, уақытты басқару және тест форматына үйрену құралы ретінде де пайдалы.

Қорытындылай келе, ҰБТ – үкім емес, керісінше, мүмкіндік. Оның нәтижесі өмірдің соңы емес, жаңа бастау болып табылады. Еңбек ешқашан зая кетпейді – бұл қағида әрбір түлектің жүрегінде болуы керек. Ал дайындықтың тиімділігін арттыру үшін заманауи әдістер мен құралдарды пайдалану – ақылға қонымды шешім.

Әрбір мектеп бітіруші түлектің алдында жарқын болашақ күтіп тұр. Ол болашаққа жету жолында ҰБТ – бірінші, бірақ ең маңыздысы – әділ баспалдақ.