Тіл - өлшеусіз қазына [Казахский язык]
Организация : БҚО Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы
Должность : мұғалім
Дата : 13.12.2016
Номер журнала : 02-12-2021
Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде! «Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін!» Н.Ә. Назарбаев.
Аталарымыз жаратқаннан жалғыз нәрсені ғана сұраған - «Малымды алсаң ал, құдай, пейілімді алма». Ол – арың, ожданың, намысың. Қазақстан ғасыр сынағынан ойдағыдай өтті. Ендігі қолға алатын мәселенің де ең бастысы осы тіл болуы керек шығар. Сондықтан Президент ел зиялыларынан үміт күтіп, салмақ салды. Әр адамның шамасы жететін қарапайым ғана қағиданы ұсынады. Бар болғаны үш-ақ сөз. «Қазақпен қазақша сөйлес». Әр отбасы осы сөздерді шаңырағының төріне жазып, іліп қойса, ерсі түгі жоқ. - Қазақпысың? - Иә. - Онда менімен қазақша сөйлес. Мен де сенімен осы тілде сөйлесейін. Сөйтсек қана ана тіліңді үйренесің. Әркім орысша шүлдірлеген қазақтарға осылай десінші. Мұнысын ол қамқорлық ретінде қабылдайтын болады. Тілге, бір-бірімізге қамқорлық танытайық. Сонда көсегеміз көгереді. «Егеменді Қазақстан» 2001ж 29 мамыр. Дауға салса, алмастай қиған, сезімге салса, қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі. «Тарих толқынында» Н.Ә.Назарбаев. Жасыратыны жоқ, кешегі кеңестік дәуірде шетқақпай болған тілімізге ілесе халқымыздың ұлттық рух, дәстүр – салтының ұмытыла бастағаны өтірік емес. Ең жаманы еліміздің бүгіні-ертеңі жастары ғана емес, егде адамдарымызда орыс тілінде сөйлеп, ана тілін жатырқауды шығарды. Қазіргі жастардың бір қатары ана тілін білмейді, құрметтемейді. Ал кейбіреулері бірінші орынға шет тілдерін қойып қазақ тілі қазағымыздың байлығы екенін білмейді. Сол үшін біз қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек, басқа ұлттарға үлгі көрсетуіміз керек. Тілсіз білім жоқ, ал білім - өмірдің шырағы. Менің өзекті мәселем: жаңа оқыту әдіс-тәсілдері арқылы қазақ тілін меңгерту. Менің ұстанымым: «Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында,ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында» деп елбасымыз атап айтқандай,оқушылардың талантын ашу ,тілді меңгерту.Осы мақсатта «Махамбет, Абай ,Шәкәрім оқуларынан» «Жарқын болашақ», «Қазақшаңыз қалай?» байқауларынан оқушыларым жақсы жетістіктерге жетуде.Қазақ тілінен аудандық кіші олимпиададан оқушым Ниталиева Карина 3-орынға ие болды.Осы бағытта оқушыларды аудандық оқуларға» баулып,қазіргі таңда алдын-ала тапсырмалар беріліп қойылды. Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге әлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін.Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту,диалогтік оқыту,сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, Блум таксономиясы,сатылай кешенді талдау әдістерін қолданамын.Белсенді оқытуда қысқа әңгіме,ойын түрлері,сөздік ойыны т .б атауға болады.Өзім сабақ беретін 4,7,8,9,-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың оқылым,тыңдалым,айтылым,жазылым дағдыларын дамытудамын.Көбінесе топтық жұмыс жасап,достық қарым-қатынасты нығайта отырып,ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын. Өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум жүйесін қолданып келемін.Блумның анализ,синтез,бағалау тараулары арқылы кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап,пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап.баға бере алатын,жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны дайындау үстіндемін. Бұл технологиялардың қазіргі таңдағы тиімді жақтары:
- Оқушыларға теориялық білім береді
- ҰБТ-ке оқушы дайын болады
- Тілін дамытады
- Ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеуге үйретеді
- Ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастырады.
- Оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.
Оқушыларды сабақтың басынан бастап сөйлесім әрекетіне баулу,тілді үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру,сабақты практикалық жағынан жан-жақты қамтамасыз ету ескеріліп отырады.Өйткені кез-келген тақырыптағы тілдесім үдерісі сөйлеу,жазу,оқу,тыңдау әрекеттері арқылы іске асады.Рөлдік ойын әдісі арқылы оқушылар тез тілдеседі,образға енеді,оқушы өзін танытады,достарының пікірімен санасады,дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіреді,жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.Сонымен қатар сұрақ-жауап әдісін оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту мақсатында оқытудың барлық кезеңдері мен түрлерінде жиі қолданамын Блум жүйесі арқылы оқушылардың алға қойған мақсатына жету жолдарын,өз ойың еркін жеткізе алатын жеткіншек дайындау үстіндемін.Сатылай кешенді талдау арқылы қазақ тілінің грамматикасын жете меңгеретін оқушы оқытудамын. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасын сусындау арқылы туған халқының тарихымен,мәдениетімен жете танысып,білімін кеңейтеді.Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез-келген саласында қиналмай жұмыс істеп,өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. «Қаз.т.әд.»журналы №6 Қазіргі таңда “Тіл тағдыры – ел тағдыры” деп те айтып жүрміз. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз, салт - санамыз бен дініміз де осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отан сүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Ендігі мақсатымыз –ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің. Елімізде ауызекі сөйлесу тілі болып әлі күнге дейін орыс тілі үстемдік құруда. Өз отбасында ана тілінде сөйлейтін отбасылардың саны азайды. Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да жиі көріп, естуге болады Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бірдей. Келешегінің кемелді болуы үшін қазақ тілін де үйренулері қажет. Ана тілінде таза сөйлеу, оған деген оң көзқарас ең зор адамдық, мәдениеттілік, тәрбиелілік болып саналады. Тіл мен қарым қатынас біріккенде ғана сыйластық, достық, адамгершілік пайда болады. Мемлекеттік тілді меңгеру елдің бірлігін білдіреді. Сонда мемлекеттік тіл – татулық тірегі болды деп айтамыз. Қазір тілдің тағдырын шешпесек, оның тізгінін қолымызда ұстамасақ, еліміз мемлекет бола алмайды, ол ол ма, келешек ұрпақ – біздің балаларымыз, немерелеріміз тілді білмей қалады, мәңгүрттенеді. Бүгінгі күні біздің елімізде тілдердің үш тұғырлығы деген жаңа термин де пайда болды. Әлемдік өркениетке қадам басу үшін қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерінде жетік білуді талап етуде. Жас ұрпақтың осыған орай шет тілін меңгеру үшін білім алып жатқаны да қуантады. Әрине, әлемдік даму үрдістерінен кейін қалып қоюға болмайды. Бірақ онсыз да өз елінде еркін өркендей алмаған қазақ тілін кейінгі орынға ысыру қисынсыз деп ойлаймын. Мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілі-әлемдегі барлық мемлекеттік тіл сияқты өзінің егемендігін алған тіл. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем танитын ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуіміз қажет. Ата-бабаларымыздың тарихы мен шежіресі, түрлі әдеби мұралары бүгінгі ұрпаққа өзіміздің ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Ана тілін дамыту үшін әркім өз ана тілінде таза сөйлеуі тиіс. Себебі, жүйелі тіл жүйелі ойды құрайды. Бүгінгі қазақ қоғамындағы тіл мәселесінің басы да өз тілін білмеуден басталады. Менің терім «туған тілім» сен үшін ғана төгілсін, сен үшін ғана өрілсін. Тіл мәселесі ұлтым, тілім деген азаматтарға ауыр болған, айтпасаң тағы болмайтын, қазіргі таңда айтқанмен кейбір адамдардың көкейіне қонбайтын мәселелердің ең маңыздысы болып тұр. Өрнектелер тілмен өткен-кеткені, Жанға батар мәңгүрт өсіп-жеткені. Жанға батар өзге тілде шүлдірлеп. Өз балаңның өзегіңнен тепкені-деп ақын ағаларымыз қынжыла жырға қосты. Мұның бəрі тілдік ортаның жойылуына, ұлттық салт-дəстүрлердің ұмыт болуына, ана тілін білмейтін, рухани қазыналардан шеттетілген жаңа ұрпақтың пайда болуына əкеп соқты. Тіпті, немересі əжесін түсінбейтін халге жеттік. Мұның бəрі – өзекті өртер шыңдық жəне оның себептері де жеткілікті. Қазір «Не істеу керек?» деген сұраққа толық жауап таба білу, болашақтың негізін қайта бұзбайтындай етіп қалау – аса маңызды іс. Ұлттың ертеңін ойласақ, бүгінгі бүлдіршіндердің жайын бір сəт те естен шығармауымыз керек. Ұлтымыздың рухани тірегі болған Бауыржан Момышұлы: «Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды», – деген еді. Байыптап қарасақ,бұл тұжырым бүгінгі күн талабымен тығыз қабысып жатқанын байқау қиын емес. Шын мəнінде ұлтын сыйлаған адам ата-салтын, əдеп-ғұрпын, тарихын, тілін ата-баба қалдырған аманат деп сақтайды, дамытады. Еш уақытта жоғалтып алмайды. Міржақып ақын айтқандай, «алыстан алаш десе, аттанамын, қазақты қазақ десе, мақтанамын» дейтін қазақ азаматтарының қатары егемендік алғанымызға 24 жылдан асса да, тым көбейе қойған жоқ. Қазақтың əрбір азаматы ұлттық намыстың нан табудың төңірегінде емес, одан анағұрлым терең екеніне əлі жете мəн бермейді. Нəтижесінде өз ана тілімізде, қазақ тілімізде таза сөйлеп кете алмай отырмыз. Ана тіліміздің қолдану өрісі əлі биікте емес. Бұл – «Мен – Қазақстан азаматымын» деген адамның бəріне сын. Ертеңіміз – жастар. Жастар – жас шыбық, қалай исең, солай иілуге əзір. Сол себептен жастардың ойын да, бойын да түзу өсіруге атсалысу – парызымыз. Жастар – жердің иегесі, елдің иесі, қазақ елінің рухани тəуелсіздігінің биік тұғыры. Сол келешек ұрпақ өзінің туған Отаны – тəуелсіз Қазақстанын сүйіп, танып, табынып өсу үшін оларға өз халқының тілін білу ауадай қажет. Бұл тұста əр отбасы ұл -қызын ана тілінің ақ уызымен ауыздандыруы тиіс. Өкінішке қарай, олай болмай тұр. Əлі де балаларын қазақ мектебін аттап өтіп, бірінші сыныптан бастап басқа ұлт мектептерінде оқытып жатқан, қай мектепте ағылшын тілі саналы оқытылады деп балаларын жетектеп жүрген ата-аналар баршылық! Тілді үйретуге жол ашық. Демек, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мəртебесін көтеруге əбден болады. Бір қарағанда солай болып та жатыр, іс қағаздары екі тілде жүргізіледі. Алайда қазақ тілін қажет деп сол тілде сөйлеу керек екенін сезіне бермейді. Дегенмен, ешкімді мəжбүр етіп қазақша сөйлете алмаймыз. Сондықтан қазақ тілінің қажеттілігі өмірден көрініс табуы керек. Ендігі жерде қазақ тілін кері ысыра беруге жол бермеген абзал. Терминдердің аударылмағандығын сылтауратып, техникалық, медициналық, қаржы жəне басқа сала қызметкерлерін теріс айналып өтсек, қазақ тілі кімге керек. Нағыз қайнаған халықтың ортасында тіл қолданылмаса, қалайша қазақ тілінің қажеттілігі туады. Егер халық қазақ тілінің керек екенін түсінсе, тілді үйрету əлдеқайда алға жылжыған болар еді. Қазақ тілі ұлттық тілге, нағыз мағынасындағы мемлекеттік тілге, ғылым, білім, саясат, қаржы тіліне айналуы керек. «Мемлекеттік тіліңді мемлекеттік шекараңды қорғағандай қорға!» деген ежелден келе жатқан қағида бар. «Өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметте!», – деп Қадір ағамыз айтқандай, еліміздің келешегі мен болашағын ойлайтын болсақ, өз атауын берген мемлекеттік тілдің деңгейін, жоғарылатып, қадірлеп-қастерлей білейік. Пайдаланған әдебиеттер:
- «Қазақстан 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауынан.
- «Егемен Қазақстан» газеті 2001ж . 29 мамыр
- «Тарих толқынында» Н.Ә.Назарбаев.
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №6, 12б