Спорттық бағдарлау [Физическое воспитание]

Автор статьи : Надежда С.
Организация : Теректі ауданы балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
Должность : қосымша білім беру педагогы
Дата : 19.11.2021
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген.

Спорттық бағдарлау – белсенді спорттың бір түрі. Қатысушылар құбылнама мен спорттық картаның көмегімен картада белгіленген жергілікті жердегі барлық бағдарлау пункттерін қолындағы чипке белгілеп алуы керек. Жарыстың нәтижесін команданың дистанцияны өткен уақыты мен ұпайлары шығарады. Жарыс көбіне тау шатқалы мен орманды жерлерде, табигат аясында,су астында, саябақтарда немесе бос ғимараттарда өткізіледі.

Спортшыларға жарыс жолы белгіленген карта сөре алдында бірнеше секундтар алдында таратылып беріледі. Әр катысушыда озімен бирге чибы мен , қашықтық туріне байланысты құралы мен спорттық киімде болуы шарт(қуралдар компас,кыскы мезгиле шангы,планшет, керек кезде велосипед,таулы жерде шиповкалар, легендница,тунги бағдарлауға шамдар,т,б) Қашықтық жер жағдайына, орманның қою, сиректігіне, жарысқа қатысушылардың жас ерекшелігіне байланысты берледі. Мәре мен жол бойындағы бағдарлау пункттері жалаумен белгіленсе бақылау пукттарында призма ілулі тұрады.

Қысқаша тарихка көз жүгіртсек 1960 жылдан Бағдарлау спорты жеке спорт түрі болып туризмнен бөлініп шықты. Қазақстанда тұнғыш рет 1963 ж. жарыс өкізілді. Ал біздің өңірде 2013 жылдың қазан айына дейін спорттық бағдарлау туризм бөлімінің бір саласы ретінде қызмет етіп сол жылы қазан айнан спорттық бағдарлау бөлім болып құрылып қазірде белсене жұмыс жасап облыстық республикалық деңгейдегі жарыстар өткізуде.

Жабдықтау

Спортшының кеудесіне бекітілген картасы бар Планшет

  1. • Компас (арнайы);
  2. • Карта ;
  3. • Түсініктеме — бағдарлау пункттері туралы арнайы символдар қолданып салынған сипаттама;
  4. • Белгілеу чиптері (SFR, SportIdent, Emit);
  5. • Шиповкалар;
  6. • Қол шамы;
  7. • Планшет ;
  8. • Шаңғы (керек болса);
  9. • Велосипед (керек болса);
  10. • Спорт киімі.


Спорттық бағдарлау жарысының түрлері

Жүгіру бойынша бағдарлау көптеген қашықтықтарда өткізіледі:

  1. • Белгіленген бағыт бойынша: ұзақ,орта, спринт, ультраспринт т б қашықтығында
  2. • Таңдау қашықтығы : бағдарлау қашықтықты еркін түрде өту болып таылады. Мұндай сайыс түрін өткізудің екі түрі бар: Сәреден мәреге дейінгі қажетті бақылау пунктын жинап, мейлінше аз уақытта жүріп өту.Берілген уақытка неғұрлым көп бақылау пуктін жинау.
  3. • Түңгі бағдарлау :кеш бата қараңғы уақытта кол шамы не басқышам көмегімен орындалса,
  4. • Лабиринт: жазық алаңқайда да спорт зал мен тіпті 2-3 оданда көп қабатты гимараттарды да қамтитын қашықтықтары болады
  5. • Эстафета аралас 4 катысушы кұрамнан және ерлер немесе тек әйелер курамынан турады
  6. • Бұл спорт түрі тіпті мүмкіндігі шектеулі жандарды да спорттан қапысыз қалдырмай олар үшінде жарыстар ұйымдастырылып тұрады.
  7. • Қыста шаңғы жазда велосипедпен де спорттық жарыстар ұйымдастырылады
  8. • Сөре масстар түрінде жалпы және жеке де беріледі.


Спорттык бағдарлау теория жүзінен көрі қолыңа карта ұстап жүгірген сезім бөлек болады айта берсең қызықты сәттері мен ерекшеліктері өте көп.