Шебер – кәсіпке үйретуші негізгі ұстаз [Технология для мальчиков]
Өндірістік оқыту шебері – кәсіптік оқу мекемелеріндегі ерекше тұлға, оның қызметтік міндеттері мен мақсаттары көп қырлы және күрделі. Өндірістік оқыту шеберінің білім алушының тәрбиелеудегі рөлі маңызды. Бұл тек білім алушының тиімді тәрбиелік ықпалымен қатар, тәрбие жұмыстарын өткізу мен ұйымдастыру және оқу процестерінің әдістемесі және орынды ұйымдасуы арқылы да жетістікке жетеді. Өндірістік оқыту шебері бастауыш кәсіптік білім беру жүйесінің педагогі ретінде көптеген іс-әрекет түрлерін меңгереді, олардың негізгісіне мыналар жатады: өндірістік оқыту, тәрбие жұмысы, оқу-әдістемелік, ұйымдастыру қызметі және т.б. Өндірістік оқыту сабақтарының негізгі мақсаты – оқушылардың теориялық сабақтардан алған білімдерін тәжірибеде бекіту, оларға компьютерлік бағдарламалармен таныстырып, сол бағдарламалармен жұмыс істеу әдістерін үйрету. Әрбір сабақты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың мамандыққа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын тәрбиелеуді көздейді. Шебер өз пәнін жан-жақты меңгерген жағдайда ғана өз жұмысын дұрыс атқара алады. Білім алушы үлгерімінің жақсы болуы өндірістік оқыту шеберінің сабаққа дайындығына байланысты. Шебер мен білім алушының түсіністікпен жұмыс жасауы, білім беруі және қабылдауы дидактикалық үдеріс болады. Сондықтан оқытудың дидактикалық қағидалары, яғни тәрбие, теория мен тәжірибенің байланысы, көрнекілік, оның ғылымилығы, жүйелілігі және саналылығы есепке алынғанда ғана, оқыту үдерісі тиімді болады. Оқыту кезінде шебер білім алушыларды еңбекке баулып, берілген техниканы күтіп ұстауға, еңбек мәдениетіне үйретеді. Білім алушылардың алған теориялық білімдерін өндірістік оқыту кезінде қолдана алады. Олар әртүрлі бағдарламалармен жұмыс істеу, игеру, сонымен бірге техника қауіпсіздік ережелерін сақтап үйренеді. Егер шебер тек үйретуші деп қарастырылып, оның нұсқауларын білім алушылар автоматты түрде орындаса, мұндай сабақтарының тәрбиелік мәні болмайды. Егер білім алушы тек шебердің нұсқауларын орындаумен шектелмей, өзінің жасаған ісіне ойланып, өзінің еңбегіне жаңалықтар енгізіп, ақиқатқа жеткенше сұрақтар қойып, қызығып, өзінің пікірін айтып отырса, онда мұндай сабақтардың тәрбиелік нәтижесі жоғары болмақ.