Салт-дәстүр - болашақтың қолында [Казахская литература]
Салт-дәстүр-болашақтың санасында «Ел болам десең, бесігіңді түзе». (М.Әуезов)
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде мектептің атқаратын жұмысы ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды.Ұлттық тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Ұлттық тәрбиенің міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі - ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мысалы: «Отанды сүю - отбасынан басталады», «Кішіпейілділік-кісінің көркі» және т.б.осы сияқты көптеген асыл сөздер бала санасын ұлттық негізде тәрбиелеуде үлкен үлес қоспақ. Қазақ ұрпағына барлық тәрбиені отбасынан сіңірген. Халқымыз салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, ырым-тыйым сөздері арқылы баласын тәрбиелеген. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, береке-бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз. Баланың дүниеге келіп, ер жетіп өсуі, қалыптасуында отбасы үлкен рөл атқарады. Отбасындағы ата мен ана баланың қамқоршысы, әрі оған үлгі-өнеге көрсетуші. Бала солардан көргенін істеп, солардан үлгі алып өседі. Халқымыз «әкеге қарап, ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бекер айтпаған. Адам өзінде жоқ нәрсені даладан іздейді. Егер сол отбасынан үйренетіндей ештеңе таба алмаса баланың көше тәрбиесіне бой алдырып кетуі оңай-ақ. «Тәрбиесіз берген білім қауіпті», – деген екен Әл-Фараби. Технологияның дамып, әлемдік жаһандану үдерісі кезінде білім беру жүйесіне ұлттық инновацияны енгізу керектігін көпшілік мойындап отыр. Қоғамға қызмет ететін болашақ жеткіншектерге сапалы білім мен өнегелі ұлттық тәрбие беру – ұстаздар қауымының басты парызы. Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн. Қоғамның белгілі қайраткері, ақын М.Шахановтың: «Халықта ең бірінші ұлттық рух болуы керек», – дегенін әр кез есте сақтап, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысуымыз қажет. Ол үшін біз, оқушыларға салт-дәстүрлерді жай ғана үйретіп қана қоймай, олардың тәрбиелік түп-тамырын, мәнін, алтын діңгегін түсіндіре білуіміз керек. Ұлттық тәлім-тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай білу мұғалімдердің ата-аналармен қосылып жүргізген шараларына байланысты болмақ. Өйткені бірінші ұлттық тәрбиенің ошағы – отбасында, екінші – мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шартты нәрсе екені баршамызға аян.Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды». Яғни елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл бетбұрыс жасаған бүгінгі таңда адамзаттық игіліктерді, халқымыздың ғасырлар бойы армандаған мәдени-рухани мұрағаттары мен ұлттық тәлім-тәрбие саласындағы, білім жүйесіндегі ізденістерін көрсету – басты міндетіміз.Ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға біліммен қатар, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлерін оқып үйрену, өнеге тұту, жас ұрпақты ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ та, түгел айту мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше. Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». Ендеше, «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, «Ұлттық тәрбие» бастауын отбасы ошақ қасынан бастауымыз қажет деп есептеймін. Еліміздің болашағы , тәуелсіз мемлекеттің ұлттық болмысын сақтай алатын ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің негізгі мақсаты. Ал ол үшін болашақ ұрпақтың тұлғалық болмысын қалыптастырып, оның рухани – мәдениетін дамыту басты мәселе. Қазақта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген дана сөз бар. Сондықтан жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен оның ұлттық тәрбиесімен әдет-ғұрып, салт – дәстүрмен тереңірек танысу қажеттігі бірініші орынға қойылып отыр. Өйткені өз халқының, әрі бүкіл адамзаттың өткенін білу, рухани мұраларымен сусындау адамның жеке тұлғалық болмысын қалыптастырып, оны рухани тұрғыдан кемелдендіретін бірден — бір қажетті көрсеткіш болып табылады. Бүгінгі күні қазақ халқының ұлттық мәдениетін қайта өркендету жағдайында жас ұрпақты ұлттық дәстүрмен тәрбиелеудің қажеттілігі туды. Өйткені халықтық салт – дәстүрдің ішінде бүкіл халықтың мінез – құлқы, болмысы, дүниетанымы, мәдениеті, тілі мен діні, өмір сүру жолы, психологиясы топтасып жатыр. Бұл құндылықтар қазіргі қоғамның күрделі өзгерісі кезеңінде жас ұрпақты әлемдік деңгейде оқытып, біліммен қамтамасыз ете отырып, тәрбиесін ұлттық етуде ерекше тәрбие құралы болып саналмақ. Ұлттық тәрбие тек ұлттың салт – дәстүрі арқылы ғана берілмек. Бұл орайда еліміздің көптеген педагог ғалымдары құнды еңбектер жазып, оны іс – жүзіне асыруды мақсат етіп келеді.
Қазіргі күні мектепте оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрді пайдаланудың маңызы ең алдымен оның халықтың тәрбие саласындағы тәжірибесімен амал жолдарымен, педагогикалық мүмкіндіктерімен етене таныстыратындығында, екіншіден жеке тұлға бойында қасиеттер жауапкершілік, инабаттылық, белсенділік, іскерлік сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ауыз әдебиеті, ұлттық ойындары – ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына. Әр халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктің бірі – салт-дәстүрлер. Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұтқан. Сондықтан олар көшіп қонған кезден – ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән берген. Сонау «Жеті Жарғыдан» бастап салт-дәстүріміз бұған дейінгі талай ұрпақтың теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексі болды. Олай болса, жас ұрпақты салт дәстүрлер негізінде тәрбиелеу өзекті мәселелердің біріне саналады. Ұлтымыздың асыл қазынасы салт дәстүрлерімізді балаларға насихаттау арқылы адамгершілік асыл қасиеттерді бала бойына сіңірудің түрлі әдіс – тәсілдерін қолданудың жолдарын қарастыру басты мақсат болып саналады. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесін жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиімді тәсілдер болған. Олардың қай-қайсысының да педагогикалық мүмкіндіктері жоғары, өзіне тән мазмұны, ерекшеліктері бар. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі қайырымдылық пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандықты бір-біріне қарсы сипаттайды. Бұларды ажырата білуге үйрету үлкен ізденісті, түрлі тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Ендеше еліміз тәуелсіздікке қолы жеткен қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі негізгі міндет-ұлтымыздың таным құндылықтарын бойына сіңіріп,салт-дәстүр,әдет-ғұрып мәйегін ұрпақ санасына егу арқылы тәләм-тәрбие беру. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Заман талабына сай тәрбие беру-мұғалімнің басты міндеті. Қай заманда, қандай қоғамда болсын алдымызда тұрған зор міндеттердің бірі – болашақ ұрпақ тәрбиелеу. Жан – жақты жетілген, ақыл парасаты мен мәдениеті мол, саналы ұрпақ тәрбиелеуде әр халықтың салт – дәстүрі, ел дамуындағы бағалы байлықтың нәрін біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Салт-дәстүрді санасына сіңірген әр бала ертеңгі қоғамымыздың саналы азамат болуының жемісі болмақ.