Рухани-азаматтық тәрбиені оқушылардың бойында қалыптастыру [История Казахстана]

Автор статьи : Эльвира А.
Организация : Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Должность : Тарих пәнінің мұғалімі
Дата : 07.02.2018
Издатель : Алия Х., Автор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті.  Қазіргі таңдағы мақсатымыз жаңа кезеңде жас ұрпақты тәрбиелеудегі актуалды мәселелерді тиімді шешілуін ұйымдастыру.  Еліміздің болашағы - ұрпақ тәрбиесінде. Бүгінгі таңда оқушыға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетілдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен білімділігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады. Елбасының «Қазақстан-2030» басты стратегиялық жоспарында халықтың рухани жаңа-руына ерекше маңыз берілген. Сондықтан жан-жақты жетілген, дүниесі бай, белгілі дәреже-де ғылыми білім жүйесін игерген және оны бағалай, талдай алатын, өзге халықтардың тарихын, мәдениетін, тілін меңгерген, өздігігнен денсаулығын нығайтуға, адамгершілік қасиет-терін, эстетикалық талғамын дамытуға ынтызар, өмірдің қилы кезеңдерінде дербес еңбек етуге даяр ұрпақты тәрбиелеу- ең басты өзекті мәселе. ХХІ ғасырдың табалдырығынан аттаған Қазақстан әлемнің дамыған елдерінің қауымдас-тығына жалпы әлемдік, саяси-қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени құрылымдарға кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын биікке көтерер келер ұрпақтың білімді, білікті, ұлтжанды, жоғары мәдени, биік адамгершілік пен рухани қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу- адамзат алдындағы басты міндет. Қазақстан Республикасының  білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мем-лекеттік бағдарламасында оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеумет-тік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қаси-еттерді қалыптастыру басты назарға алынған. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, білім беру және мемлекеттік жастар саясаты туралы заңдардың қабылдануы жастар тәрбиесі мәселесіне жаңаша ойлаумен қарауды талап етеді. Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында «Тәрбие үрдісінде қазақстандық патриотизм, гуманизм, адамгершілік идеяларын қалыптастыру негізінде құру керек» деп баса көрсетті. Бала бойына адамгершілік тәрбиесін сіңіру мақсатында жалпы педагогтардың іс-тәжірибесінде қолданылып жүргені бәрімізге аян. Өздеріңізге белгілі қазіргі жаһандану үрдісінде елімізде бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу басты назарда болып отыр. Ал адамның жан қазынасын, адамгершілік болмысын қалыптастыру да, кей адамдардың түрлі жағдайлармен бір-бірін түсінбеуі де сіз бен бізді толғанырады.Өйткені біз сол қоғамның ішіндеміз, яғни оның мүшесіміз. Иә, бұның бәрі шындық десек артық болмас. Бәсекеге қабілетті ұрпақты жан-жақты қылып тәрбиелеу үшін алдымен жан қазынасының негіздерінің бірі, сенімділік пен шындықтың бастауына үңілу керек шығар. Оқыту, білім беру, тәрбиелеу - баланың ішкі жан – дүниесінің біртіндеп дамуына әсер ететін, түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртқы факторлар екені анық. Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау баршамыздың парызымыз.  Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты өркениетті елдердің қатарынан көріну, жер мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу.    Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет.  «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, келешекте оның өміріне опат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие» - деп Әл-Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі мәселелерінің бірі- тәрбие. Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі-тәрбие. Тәрбие- мәңгілік жә-не адамзаттық.. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып оты-рады. Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Тәрбиенің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана- сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.  Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен беріл-ген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз. Рух дегеніміз – мәңгі шексіз, махаббат пен мейірімнен тұратын, әр адамның ой, сөз, ниет, пиғыл, іс-әрекетіне, өмірлік рухани ұстанымдармен тікелей байланысты, таза сана мен ақыл, күш-қуат, бірлікке негізделген ғаламдық, өрістік- ақпараттық жүйе.     

Рухани-азаматтық тәрбие туралы ұлы ойшылдардың көзқарасы. Азаматтық, рухани-азаматтық тәрбиені оқушылардың бойына сіңіру қаншалықты маңыз-ды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды –құнды ой-пікірлерін қалдырды. Қазақ халқының арғы тарихымен байланысты жеткен жазбаша дерек-тердегі А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, еңбектеріндегі оқу, білім, рухани-адам-гершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов, Х.Досмұхамбетов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі ой-пікірлері, аса құнды еңбектері бар. Ғасырлар бойы рухани тазалық заңдарын дәстүрлі, шежірелік деңгейде сақтап келген халқымыздың ақыл-ой, есте сақтау қабілеті жоғары болып, сөз қадірін біліп, небір үлкен дастан, жырларды ауыз әдебиеті негізінде ұрпақтан ұрпаққа қағазға түсірмей жеткізе білген. Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек, Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, Я.А.Коменский, И.Г.Песталлоций, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.Г.Чер-нышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой сияқты ойшыл-оқымысты ғалымдардың бірде-бірі рухани-азаматтық құндылықтарды қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызына көңіл бөлмей өткен емес.  Аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қорықпаған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. -  Біріншісі балаларын бесікке бөлемеген, бесігі жоқ елден қорқамын. -  Екінші немересіне ертегі айтып беретін әженің азаюынан қорқамын. -  Үшінші, дәмді, дәстүрді сыйламайтын балалар өсіп келеді, содан қорқамын» деген. Атамыздың осы қорқынышын болдырмайтын, бесік жыры үнінің құдіретіне тәнті болып өсетін баланың тәрбиеленуіне, ертегіні құмарта тыңдап, оның қызығына тамсана білетін жеткіншектің көбеюіне, дәстүрімізді сыйлайтын намысты ұл мен қыздың өсуіне тірек болатын тәрбие ұлттық мінез, ұлттық қабілетіміздің ажарлануына жол ашады. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқында» еңбегіндегі «Мағжанның  жүрек тебірен-терлік мөп-мөлдір лирикасы, Мұхтардың эпикалық көркем прозасы, Шоқанның барша әлем-ді таңқалдырған жаңалықтары, ұлы Абайдың түпсіз терең философиялық толғаулары сияқты осынша мол ұлттық құндылықтарымыз әрбір адамның ішкі жан дүниесін рухани байытып, сана-сезімін шарықтата көтеретініне күмән келтіре алмайсың» деген салиқалы сөздер біз кө-теріп отырған мәселені шешуде ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану керектігін көрсе-теді. А.Байтұрсынұлы «Атадан балаға мирас болып екі ақ нәрсе қалады, бірінші – бай тіл, екін-ші - байтақ жер» – деп жазған. Патриотизмнің маңызды өлшемдерінің тіл қазақ зиялылары, әсіресе А.Байтұрсынұлы қазақ тілінің отансүйгіштікке тәрбиелеудегі роліне мән берген. Оның пікірінше, тіл адамның ұлттық ерекше белгісі, қоғамдық өмірдегі қарым-қатынаста қолданылатын ұтымды қарудың бірі. 2500 жыл бұрын өмір сүрген Конфуции «әр нәрсені өз кезінде орындау өміріңді рахатқа кенелтіп, барша тіршілікке тән өрлеу заңының жетілуіне әкеледі».  В.Г.Белинский: «Тәрбие- ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев; «Тәрбиесіз білім –есуастың қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің бо-лашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана адам болып қа-лыптасады.  Біздің мақсатымыз-оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз дұрыс тәрбиеге наннан да артық душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін- бірі тәрбие-лемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойында-мау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын.

Орта буын оқушыларының бойында рухани-азаматтық тәрбиені қалыптастыру жолдары. Рухани-азаматтық тәрбие сәбидің бойында ең алдымен, анасына, өз отбасына, үйіне, туған жеріне деген жылы сезімнен бастау алатын, тұлға өскен сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Мектеп қабырғасынан бастап, рухани адамгершілігі мол азаматты тәрбиелеу жұмысы өз алдына бірқатар міндеттер қойылады:

  1. Мемлекеттік тілді оқыту;
  2. Ұлттық мәдени мұраны игеру;
  3. Қазақстан Республикасы рәміздерін құрметтеу;
  4. Қазақ халқының тарихын терең меңгеру;
  5. Салт-дәстүрлерді қастерлеу, мәдени рәсімдерді орындай білу.
  6. Осы міндеттер жалпы адамзаттың және ұлттық мәдениетті бойына сіңіре білген рухы биік, жігерлі, нағыз отансүйгіш білімгер тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастыру мақсатына бағытталған.


Оқушы бойына рухани-азаматтық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақша-дан бастау алатыны айқын. Оқушы отбасында патриотизмге тәрбиелеу , ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт – дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту - ата - ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай - ақ туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби ша-ғында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе, әрі қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай ту-ғызады.   Халық педагогикасының негізгі қағидалары және оның ғылыми педагогика мен байланысына тоқтала келе, «сегіз қырлы, бір сырлы» толық адам тәрбиелеу қағидаларын төмендегі кесте түрінде жүйелейді:

  1. Ақылды, арлы, намысшыл азамат болуын қарастыру.
  2. Еңбексүйгіш, елгезек етіп тәрбиелеу
  3. Тән сұлулығын қарастыру, әсемділікке баулу.
  4. Адамгершілік қасиеттерге (ізгілікке, имандылыққа) баулу
  5. Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, бүкіл адам баласын сүюге тәрбиелеу
  6. «Жігітке жетпіс өнер де аз», «Өнер - өрге сүйрелейді» деп қарап, өнер мен білімді насихаттау.
  7. Табиғат пен қоршаған ортаны аялауға тәрбиелеу.
  8. Дене шынықтыруға тәрбиелеу.
  9. Бүгінгі таңдағы Қазақстан жайында оқушылардың рухани азаматтық сезімін қалыптас-тырудың, адамгершілікке негізделген ұлтаралық береке, бірлікті, ынтымақтастықты, бейбіт-шілікті нығайтудың маңызы зор. Осыған байланысты оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды отансүйгіштікке, ерлікке, адалдыққа, елін, жерін қорғауға, шыншылдыққа тәрбиелеу қажет. Қазіргі жағдайда рухани-азаматтық тәрбиенің өлшемдік көрсеткіштері:
  10. Өзін-өзі мемлекеттің азаматы ретінде сезінуі;
  11. Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің болуы;
  12. Мемлекеттік рәміздер мен халықтың дәстүрлерін білу;
  13. Халықтың өткен тарихын білудің қажеттілігі;
  14. Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын сақтау, мәдениеті мен дәстүрлерін зерделеу қажеттілігі болып табылады.


Тәрбиенің жалпы негізі рухани-азаматтық құндылықтары болуы керек. Рухани-азаматтық құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік рухани-азаматтық құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды рухани-адамгершілікке, азаматтық жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, рухани адамгершілік әдетке, азаматтық мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам - өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек: *еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру; *тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру; *өзіне-өзі қызмет ету   дағдыларына   үйрету; *отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету; *оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету; *оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу; *оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып,  шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу; *оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу; *оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету; * оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік мәнін оятуға бағдар беру. Тұлғаны рухани –азаматтыққа тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады. Ғасырлар бойы қалыптасқан салт-санамызға сәйкес, жан-жақты тазалық жүйесіне негіз-делген дүниетанымда тәрбие көрген ата-ана, ұстаздың ойы, сөзі, ісі берген тәлім-тәрбиесі мен білімі баланың пәк те таза жүрегіне бұлақтың мөлдір суындай сіңіп, өмірлік тура жол, рухани азық болары түсінікті. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу үлкен міндет. Олай болса, рухани байлыққа ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүр-лерімізді жатқызсақ, тіл- қазақ болуымыз үшін, дін- адам болуымыз үшін, салт-дәстүр ұлт болуымыз үшін қажет. Ұрпаққа берілетін ең өзекті идеясына халықтың адами қасиеттері тұғыр болуы тиіс. Қай ха-лық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі-тәрбие. Тәрбие- мәңгілік және адамзаттық. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады. Рухани-азаматтық тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, өзін-өзі заңды, әлеуметтік, ізгі және саяси әрекетке қабілетті сезіну мүм-кіндігін беретін тұлғалық интегративтік қасиетін, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және қалыптастыруды болжайды. Елбасы өз сөзінде: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, болашақты білімді ұрпақ айқындайды, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаз қолында» деп атап көрсетті. Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының рухани-азаматтық қасиеттерін қалыптастыру арқылы толыққанды жетілген адамзат тәрбиелеуге болады. Рухани қасиет пен білім беруде адам дамуының рухани үйлесімділігін түйсінуді қамтамасыз етеді. Сондықтан келер ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру өзегі ұлттық құндылықтар негізінде рухани-адамгершілік өсиетін қалыптастыруда жатыр деп түсінеміз және ол кезек күттірмейтін мәселе.