Рухани адамгершілік [Семейная психология]
Автор статьи : Назира Ж.
Организация : "№13 ЖОББМ"КММ
Должность : мұғалім
Дата : 20.09.2018
Номер журнала : 02-12-2021
Организация : "№13 ЖОББМ"КММ
Должность : мұғалім
Дата : 20.09.2018
Номер журнала : 02-12-2021
Семейная психология
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: «Біз әрбір адамның абыройын, адамгершілігі мен беделін бағалайтын, жоғары өнегелі, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет» деп баса айтты. Бұл талаптар өскелең ұрпақтың тәрбиесін және рухани-адамгершілік білім берудің артықшылығын күшейтуге бағытталған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы мақсатымен тоғысады. Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени және жеке құндылықтардың үйлесімділігіне бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз рөлін ұғынуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, өзін тануға және өзін-өзі жан-жақты жетілдіруге мүмкіндіктерін дамытады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Бүгінгі қоғамның өміріндегі рухани-адамгершілік дамудың проблемалары ең маңыздылардың бірі. Оны шешуде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының орны ерекше. Қазақстан Республикасының білім беру тәжірибесіне енгізілген «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мақсаты – білім беру процесінің міндетін өзгерту, бірінші орынға ақиқаттың, мейірімділіктің, махаббаттың, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарына тартылатын адам тұлғасын қалыптастыруды шығару болып табылады. Қоғамның жалпы ізгілендіруі оқу-тәрбие жүйесімен тікелей байланысты. Себебі білім беру мемлекеттің адамгершілік, интеллектілік, экономикалық және мәдени мәселелермен тікелей байланысты. Осы тұрғыдан келгенде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарлама өзектілігі арта түседі деп ойлаймын. Себебі қоғамның ілгері дамуы адамдардың сана-сезіміне, көзқарастары мен әрекеттеріне байланысты жүреді.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ол жайдан-жай емес, әрине. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы адамды ойлануға үйретуі. Әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, ой елегінен өткізіп, содан кейін барып қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі мәселе – мемлекетшілдік, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені, біздің қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлауымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу – бәрінен маңызды. Еліміздің егемендігі нығайып, ертеңіне сеніммен қадам басқан шағында заманына сай адамын тәрбиелеу – басты міндет. Осы өрелі жолда ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С. Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының алға қойған мақсатының өзі ерекше. Өйткені, бұл пән жасөспірімге рухани-адамгершілік білім беру, дамыту арқылы үйлесімді қалыптасуына ықпал етеді. Адам бойына кішіпейілділік, сыпайылық, рақымшылдық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесінде. Пәннің әр тарауы, әр тақырыбы болашақ ұрпақтың бойында рухани-адамгершілік қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тәрбиелеуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға қалыптастыруға негізделген. Өзін-өзі тануды оқытудың басты мақсаты – әр адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып табылады. Бұл мақсат өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесінің жалпыадамзаттық, ұлттық, тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуымен ерекшеленеді. Халқымыз еркіндікті аңсаған, ой еркіндігі бар, адал, арлы халық. Ұлт болашағы – балаларын отбасында адалдыққа, еңбексүйгіштікке, батырлыққа, бауырмалдылыққа, береке, бірлікке тәрбиелеген. Ел амандығы мен халықтың рухани саулығы көп жағдайда балалар мен жасөспірімдердің құндылықтары мен мұраттарына байланысты екендігін түсінгеніміз жөн. Отбасы – қоғам бөлшегі. Олай болса қоғамның көркеюі-отбасының ахуалы, тыныштығы, денсаулығы, қуаты деуге болады. Адам баласы ізгілік жолымен жүруіне жол сілтеуші, бағдар беруші ретінде қоғамның алатын орны мен ролі ерекше деген ойға келемін. Адамгершілік ұғымын кейбір педагог-ғалымдар ізгілік деп қарастырған. Мәселен професссор Ғ.М. Кертаева адамгершілік ұғымына төмендегідей анықтама береді: «… Қоғамдық сананың және қоғамдық қарым-қатынастардың ерекше түрі, адамның қоғамдағы әрекетін нормалар көмегімен реттеу жолдарының негізгісі; …мейірімділік, әділеттілік, көргенділік, ықыластық, көмекке келуге даярлық сияқты ізгіліктік құндылықтарға негізделген адамның ішкі құқықтарының жүйесі». Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс қылықтарынан, мінез–құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі, еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Олай болса бала жасынан бар игі істер мен бастамаларды көріп, үйреніп өседі деп сенуге болады.
Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты, әділдікті, қамқорлықты бойына сіңіріп тәрбиелеуді талап етеді. Рухани–адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адамның өмірінің әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде, рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады. Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мазмұнында ескеріліп, жүргізілген алуан түрлі іс-әрекеттер баланың адамгершілік-рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. «Өзін-өзі тану» бұл тек баланың өзін ғана танып, білуімен ғана шектеліп қоймайды, оның мазмұны тереңде. Сол себепті де «Өзін-өзі тану» курсының бүгінгі таңда қоғамның жалпы ізгілендіруінде маңыздылығы өте зор. Рухани-адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына қызмет етеді. Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады.
Елбасымыз: «Халқымыздың басты қағидасы қоғамдық келісім болуы тиіс, ата-бабамыздың дәстүрлерін сақтай отырып, біз – бірлік, толеранттылық пен отансүйгіштіктің үлгісін көрсете білуіміз қажет» деп айтқан болатын, бұл жерде біз, білім беру мен тәрбие мәселесінде, ел қауіпсіздігіне нұқсан келтірер барлық теріс ағымдар мен әрекеттермен күресте, жоспарларымызда жолдау қағидаларына ерекше мән беруіміз керек. Сонымен, бүгінгі рухани өмірімізде, қоғамдық сұранысқа сай өскелең жас ұрпақты игілікті, парасатты, елін, жерін сүйетін, ана тілін құрметтейтін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін азамат, жан-жақты дамыған мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу қажет. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени – ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу – біздің де қоғам алдындағы борышымыз.