Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы даму ерекшеліктері [Дошкольное образование]

Автор статьи : Наргиз С.
Организация : БҚО білім басқармасы Казталов ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Должность : олигофренопедагог
Дата : 05.02.2021
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Аннотация

Бұл мақалада мектепке дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері туралы мағлұмат берілді. Жалпы мақала ата-аналар мен мұғалімдерге, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған. Мақалада 1 жас және 6 жас аралығындағы балалардың даму ерекшеліктері туралы айтылады.

Бүгін өсіп келе жатқан сәбилер ертеңіміздің жалғасы. Әрбір психолог , педагог, әрбір ата-ана, бала дамуының психологиялық ерекшеліктерін білмесе, балаға үлгі өнеге көрсете алмаса, баланың өсуіне жағдай жасамаса, онда тәрбиелі жан-жақты дамыған бала тәрбиелеу екіталай. Бала сезімтал, байқағыш. Оларға дұрыс жауап беру, түсіндіру, тура жолға бағыт бағдар беріп отыру. Ой-өрісін ұштау баршамыздың парызымыз. Баланы тәрбиелеудің негізі 6 жасқа дейін қалыптасады. Балалардағы ашушаңдық (нервность), психикалық және физикалық зақымданулардан немесе дұрыс тәрбиелемеудің салдарынан болады. Балалардың үлкендермен қарым қатынасы 1,5-5 айға дейінгі аралықтағы даму кезеңінде орнайды. Мәселен, оның күлуі, аяқ-қолдарын ербеңдетуі үлкендермен қарым-қатынасқа жатады. 2-3,5 айлық бала төсекте жата бергенге қарсылық білдіріп, қолға алғанды қаласа, 3-6 ай аралығында ол қорқыныш, ашу сезімдерін көрсетеді. Осы уақыттан бастап бала шошу түріндегі невротикалық реакциялар байқатады. Сәби 5 айлығынан жақындары мен бөтен адамдарды дауыс ырғағын ажырата алады. Яғни, еркелетсең күледі, қатаң қабақ танытсаң, ол да сондай кейіп көрсетеді. 6-12 айында балалардың моторикасы қарқынды дамиды. Осы шақта олар еңбектеп, орнынан тұрады әрі жүруді бастайды. Олардың әрекет қимылдарынан темпераментін анықтауға болады. Мысалы, кей бала өте жылдам, енді бірі баяу, сақ қимылдайды. Өкініштісі, көп ата ана осыны ескермей, жай қимылдайтындардан тез әрекет етуді талап етеді. Соның өзі баланы ашушаңдыққа әкеп соқтырады. Бала осы шақта ересектердің бет әлпетін, мінез құлқын, ым- ишарасын, көңіл-күйін танып біледі.Сонымен қатар, ол өзіне де назар аударғанды талап етеді. 6 айдан 12 айға дейінгі аралықты алып отырғандықтан, осы жерде мына бір нақтылыққа тоқтала кетейік. Мысалы, бала 7 айында отырады, еңбектейді, тұрады, қолынан ұстап, демегенді қалайды. Баланы өз қалауынсыз қинап тамақтандырса немесе жуындырса, оның айқайлап қарсылық білдіретіні баршаға мәлім. Осы қарсыласудан баланың өз “мені” қалыптасады. Егер үлкендер оның қарсылығына көңіл бөлмей, қинап өз айтқанын істетсе баламен арадағы өзара қарым қатынастың бұзылуы болады. Сонымен қатар, оның мінез- құлқында алғашқы ашушаңдық сипаттар қалыптасады. 1 жаста бала анасының көңіл- күйін дұрыс бағдарлай бастайды. Егер де ол бұрын анасының кейбір қылықтарын түсінбей қорықса, осы жастан бастап анасының барлық мазасыздануларын аңғарады. Анасында өзіне сенімсіздік, қорқыныш, мазасыздық болса, онда баланың мінезінде де сондай қобалжу сезімдер қалыптасуы мүмкін. Яғни, ананың көңіл күйі балаға- міндетті түрде ықпал етеді.

Балалар 18-12 айында сөйлей бастайды. Ол үлкендердің іс-әрекетімен қатар құрдастарының да мінез-құлқын бақылайды. Ол осы шақты өзіне жақын адамдардың атын біледі. Ойын арқылы қарым-қатынас жасау кезеңі басталады. Мәселен, сұраған ойыншығын, қуыршағының көзін, аузын көрсетеді. Мақтағанға қуанып, ұрысқанға ренжиді. 1 жасқа қарай бала өз қатарластарымен қатынас жасауға ұмтылады. Балалармен ойыншыққа таласып төбелеседі, осындай сәтте қорқыныш, өзіне сенімсіздік сезімі де пайда болады.

Ал, 12-20-21 айға қарай сөз тіркестері қалыптасады. Сөз тіркестерінің өз уақытында пайда болуы, оның ақыл-ой дамуының дұрыс қалыптасуының маңызды көрсеткіші. Бала осы кезеңнің аяғында 300 ге дейін сөз қолданады. Соның ішінде 70 ке тартасы іс әрекетті білдіреді.Жанұядағы жайлы қарым қатынас баланың осы уақыттағы дамуының басты кезеңі болып табылады. Бала өз анасын басқа балалардан, адамдардан қызғанады. Бұл қызғаныш “Меннің” қалыптасуын бейнелейді.

Баланың 21-30 ай аралығындағы кезеңде өз қатарларымен қарым-қатынасқа түсуі дамиды. Бұл уақытта балалар бір-бірімен бірлесіп ойнайды, өздерінің эмоцияларын айқын көрсете бастайды. Осы уақытта балалардың бір-бірін өзара шеттетіп, ойынға қоспауы ашушаңдық реакциялардың басталуына себепші болады. Бір жасқа қарай бала 15 ке жуық адамның бет-әлпетін ажыратып таныса, 2 жасқа қарай 10 адамды анық таниды. Ойын барысында әр ай сайын 100 сөзден игере алады. Ол тек қана сөйлеуді емес, тыңдауды да үйренеді. Үш жасқа таяғанда балалармен таңдап араласу, яғни, жақтыру және жақтырмау сезімдері, бәсекелесу, басқалардың талпынысына қызғаныш сезімі ояна бастайды. Осы уақытта оның өзін-өзі бағалауы және басқа адамдарға деген қатынасы қалыптасады.

Баланың 2,5 жастан 4 жасқа дейінгі кезеңде жеке тұлғалық ерекшеліктері дамиды. Бұл кезеңде қырсықтық, қарсыласу, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі бағалау сипаттары көрінеді. Бұл уақытта сәтсіздіктерді уайымдау, жеңістеріне қуану сияқты қабілеттер пайда болады. Болған нәрселерді дұрыс бағалап, одан қорытынды шығаруға талпынады.

Балада 3 жасқа қарай ұялу сезімі пайда болады. Олар жақсылық пен жамандықты ажыратады. Жанашырлық сезімі оянады. Күлкілі нәрселерді қабылдап, өкпе ашуды ұзаққа сақтайды, сондай ақ, мазақтағанды түсініп, оған жылайды.

Бала 4 жасқа қарай қулықты үйренеді. Ол басқалардың ойыншығын тартып алу үшін алдап, өз ойыншығын ұсынуы мүмкін. Отбасындағы кімнің кім екенін, яғни, үйде кімнің қандай рөлі барлығын аңғарып, өзін қалай ұстау керектігін ажырата бастайды. Егер дәл осы кезеңде тәрбие дұрыс берілмесе, балада тәуелділік пен қобалжу сияқты невротикалық жағдайлар дамуы мүмкін. Соның салдарынан онда бір нәрсені қайта-қайта жасай беретін әдеттер пайда болуы мүмкін. Мысалы, (тырнақтарын тістеу, қолын жуа беру, ернін тістелеу).

1 жас пен 3 жас аралығында баланың жануарлардан шошып қалуы тұтығу, көздерін жыпылықтату, түнде кіші дәретін ұстай алмау секілді невротикалық көріністердің пайда болуына алып келеді.

Үлкен адамдардың да кейбір келеңсіз қылықтары да (ұрыс, төбелес, ата-анасын мас күйінде көру) балаға психикалық травма болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың неврозға ұшырауы сүйікті ойыншығын жоғалтып немесе одан тартып алған кезде де кездесуі мүмкін.

Балада 4-7 жас аралығында ұялу сезімі пайда болады. Олар шынайы өмірдің қиыншылығын түсініп, өз мүмкіншіліктерін көрсете бастайды. 5-6 жасқа қарай қандай да бір істі ұзақ жасай алады, мәселен, сурет салу, тігу кубиктер құрастыру, т.б. Бұл кезде қарқынды түрде мектепке дайындық қалыптасады. 4-5 жас аралығында сөйлеудің қорытынды кезеңі басталады. Бала 4 мыңнан астам сөзді түсініп қана қоймай, оған өз ойы мен эмоциясын да жеткізе алады. 4 жасқа қарай ол өзінің қай жынысқа жататынын, тегін, мекен-жайын қай көлікпен жүретінін анық біледі. Психологтардың тұжырымдауынша, 5 жасқа қарай балада ақыл-ой дамуының алғы шарттары қалыптасады. Егер балаға 7 жасқа дейін тәрбие дұрыс берілмесе онда невротикалық белгілер байқалады. Яғни, бала бойындығы мінез-құлықтың жағымсыз жақтары көрінеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Дьяконов Г.В., Психология педагогического общения.- Кировоград.,1992.
  2. Зимняя .А., Гализина И.Ф., Педагогическая психология.-М.,2000.
  3. Выготский Л.С. Собр. соч. Т.4. Детская психология. Москва,
  4. Педагогика, 1984.
  5. Рубинштейн С.Я. Экспериментальные методики патопсихологии
  6. и опыт применения их в клинике. Москва, 1970.