Робототехника – заман талабы [Робототехника]
Бүгінде «ақылды» ойыншық көліктер өмірімізге дендеп ене бастады. Сан салада медицинадан бастап космонавтикаға дейін адамдар роботтардың көмегіне жүгінеді. Төбеде қалықтап жүріп, мерекелік шараларды бейнеге түсіретін робот-дрондарға, күрделі механизмдерді көз ілеспес жылдамдықпен және асқан дәлдікпен құрастыратын роботқолдарға көз үйрене бастады. Оны айтасыз, сарапшылар алдағы 20 жылда адам істейтін жұмыстың тең жарымын роботтар атқаруы мүмкін деп отыр. Қысқасы, біздің заманымыз – робототехника заманы десек артық болмас. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Біздің мемлекетімізде осы бағытта дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. «Балаларға арналған технопарктер желісін» қалыптастыру арқылы әлемнің озық ғылымында бәсекелестікті арттыру қажеттілігі туындаған болатын. Осы бағыт-бағдарда оқушылардың интеллектісін дамытып, ой-өрісін кеңейту мақсатында инновациялық үйірмелер пайда бола бастады. Оның бір айғағы, Алматы қаласы бойынша бірнеше филиалдары бар «RobotX» робототехника мектебін айтуға болады. Бұл мектептің негізгі мақсаты командалық жұмысты және кеңістіктік ойлауды дамытып, балаларды шабыттандыру және интеллектуалдық әлеуетті ашу. Қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде робототехника ғылымы кең қолданыс тауып отыр. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады. Робототехника бағдарламалау және механика сияқты пәндерге сүйенеді. Робототехника механика және жаңа технологиялар проблемасын жасанды интеллект проблемаларымен ұштастырады. Орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері пәні енгізілуде. Робототехника бойынша түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда. Робототехника курстары – бірқатар қиын техникалық пәндерді оқушыларға үйретуде керемет құрал. Мұнда оқушылардың тек логикалық ойлау қабілеті жетіліп қана қоймай, сонымен қатар, математикалық, алгоритмдік жалпы қабілеттері мен электронды сызбаларды түсіну, өз ойын нақты және дұрыс жеткізу, проблемаларды түрлі жолдармен шешу, топпен жұмыс жасау секілді басқа да зерттеушілік біліктіліктерін де дамытады. Нәтижесінде оқушылар өз жобаларын жүзеге асыра алады. Курс барысында балаларға қосымша білім беру практикасында заманауи технологиялар арқылы балалар технопаркінің жұмысына балаларды тарту механизмдерін үйренді. Курс тыңдаушылары роботтарды модельдеу, бағдарламалауды, құрастыру дағдыларын меңгерді. Курсқа қатысушылар Астана қаласының Оқушылар сарайының құрылғыларымен және техникалық шығармашылық, робототехника, архитектура және дизайн, макет жасау, экологиялық-биологиялық зерттеулер, бағдарламалау, 3D-модельдеу және компьютерлік анимация, бейне-монтаждау сияқты арнайы бағдарламалармен, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығының жұмыс әдістерімен танысты. Бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот құрастырғанда бөлшектерінің мығымдығы мен беріктігі де оның шыдамдылығын арттырады. Күрделі бағдарлама роботты күшейтеді. 5 жасар баланың ойыншығы ретінде көрінетін бұл техника ересек адамның білімін қажет етеді екен. Робот жасау кез келген адамның ойлау қабілетіне дамытады, шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелейді. Роботтарды құрастыруда шыдамдылықты талап етеді, ой-өрісін дамытады және қызығушылығын арттырады. Ең бастысы мақсатқа жету үшін программасын дұрыс құрып, жұмысын орындата білу керек. Осы робототехника негіздерін қолдану арқылы оқушылардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылығы артады. Болашақта техникалық мамандықтарды таңдауға ықтары зор. Робототехниканы зерттеу оқушылардың болашақта ізденісін одан әрі дамытуына ықпал етеді. Оқушылар робот құрастыра отырып, өзінің автоматтандырылған құрылғыларын құрады, оларды қадағалайды және эксперимент жүргізеді, модельдің практикалық қолданылуын іздейді, ғылыми бағыттағы инженерлік мамандықтың іргетасын рухани байлықтарымен қалыптастырады. Оқушылар нақты мақсат қойып, оған жетуге үйренеді, өмірдегі проблемаларды шешу үшін сыни ойлайды және шығармашылық дағдыларын қолданады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- История робототехники [Электронный ресурс] - ttp://titok007.narod.ru/history.html]
- Образовательная робототехника [Электронный ресурс] - http://eldron.ru/catalog/robototekhnika/datchiki_lego/
- Откуда произошло слово РОБОТ? [Электронный ресурс] -