Рефлексия - оқу үдерісін жетілдіру құралы [Основы начального образования]

Автор статьи : Гулбаршын И.
Организация : Жаңақала ауданы №3 ЖОББМ
Должность : Бастауыш сынып мұғалімі
Дата : 21.07.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Рефлексия ұғымының шығуы. «Рефлексия» сөзі ежелгі латын тілінің «reflexio» сөзінен туындайды, аудармасы «кейінге үңілу» мағынасын білдіреді. Ожегов пен Шведовтың «Толковый словарі» аталған ұғымды өзін – өзі талдау, өзінің ішкі жағдайы туралы ойлану деп көрсетеді. Сонымен қатар, айтарлықтай таратылған көзқарас, ол рефлексия – адам жанының өзіне қарай бағытталуы. Сондай – ақ, рефлексия – сөз туралы сөз деген ұғым да кең таралған. Рефлексиялық қызмет – тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін ойланудың ішкі үдерісі (ішінен ойлау) 1 – сурет. Рефлексия жасаудағы ойланудың жылжу сызбасы Жалпы алғанда рефлексия зерттеу секілді: адам мұнда өзінің ішкі дүниесін жан – жақты қарастырады, яғни өзін – өзі зерттейді. Бұл зерттеудің басты тақырыбы адамның өзі болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы іспеттес: адам жасап жатқан әрекеттерін бір сәтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі әңгімелеседі, сырласады, әрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне «сырт көзбен» қарайды. Осыдан кейін әрекеттеріне өзгерістер енгізеді, кемшіліктерін түзетейді, оларды болдырмаудың жолдарын қарастырады, болашақта қандай істер жасайтындығын жоспарлайды. Жалпылама алғанда рефлексияның қадамдары мынадай болуы ықтимал:

  1. Аялдама жасау (тоқтау)
  2. Артқа қарау: түсіну, талдау, бағалау;
  3. Өзгерістер енгізу;
  4. Болашақты жоспарлау;


Рефлексия сыни ойлау арқылы жүзеге асырылады, өйткені мұнда дайын жауап жоқ, оны іздеу керек, іздену керек, жобалау мен жоспарлау қажет. Рефлексия күмәндану мен терең ойлануды қажет етеді. Өзіңе өзің толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап табуға ұмтылу. Бұл туралы Америкалық педагог Джон Дьюи «Егер пайда болған ой лезде қабылданатын болса, онда алдымызда сыни ойлау емес, мұнда рефлексия minimum түрінде болады» деп айтқан. Сонымен рефлексияда адам әрекеттерін бір мезетке тоқтатып, өзіне мынандай сұрақтар қояды: Мен кіммін? Қандаймын? Не істеп жатырмын? Осы әрекеттерімнің мақсаты қандай? Мен қалай әрекеттенудемін? Бұл маған не береді? Мен мұны қалай қолданамын? Маған мұны қалайша өзгертуге болады? Енді не істеймін? Осындай толассыз сұрақтарға шынайы жауап береді. Яғни адам өзінің жасаған әрекеттерін есіне түсіріп, қиындықтарды, оларды шешудің жолдарын, түрлерін, т.б. нақты айқындағанда ғана іске асырылады. Рефлексия арқылы проблема шешіледі, адам осындай тұжырымдау арқылы үйренеді. Үйрену – рефлексияның нәтижесі.  Оқу үдерісіндегі рефлексия (Тәжірибедегі рефлексия)

Оқушыларды әр сабақта рефлексия жасауға үйрету керек. Өйткені бала рефлексия жасай алмаған жағдайда, яғни өз әрекеттерін түсіндіріп, оларға талдау жасап, бағалай алмаса, онда оның берілген әрекеттерін ғана орындап, өзінің дамуындағы маңызын түсінбейтіндігі анық. Біздің тәжірибеміздегі кейбір қателіктерге үңілсек Сабақ соңында оқушылардың тақырыпты қандай деңгейде игергендігін білуге бағытталған қарапйым бекіту мен қорытындылау емес. Мысалы, біз бүгінгі сабақта не өттік/ білдік/ қарастырдық? Оқушы өзінің қалай үйренгендігін (үйренудің қадамдарын, әдіс - тәсілдерін) талдап оларды түсінуге тырысады. Ол өзінің атқарған әрекеттерін зерделеп, нәтижелерін нақтылайды.

  1. Рефлексияны дамытуға бағытталған әдістер, тәсілдер, жаттығулар,

Қызмет тұрғысынан келтірілетін рефлексия түрлері

  1. Әрекет рефлексиясы: өз әрекеттеріне баға беру («жасадым – жасамадым», «үлгердім – үлгермедім»), Әрекет рефлексиясын сабақ соңында қолдану әр оқушыың белсенділік деңгейін көрсетеді.

Тәсілдері: «Табыс баспалдағы», «Блоб ағашы», «Блоб көпірі», «Блоб сыныбы» Бұл тәсілдерді көбінесе математика сабақтарында қолданып жүрмін. Блоб баспалдағын әрбір тапсырманы орындаған соң, немесе сабақтың соңында беруге болады. Мысалы екі таңбалы санды 1 таңбалы санға көбейтуді үйренген соң рефлексия ретінде блоб көрсеткіштерін беруге болады.

  1. Сенсорлық/сезімдік рефлексия: Көңіл күй мен эмоциялық бағалауды білдіру («ұнады - ұнамады», «жайлы - жайсыз», «қажет – қажет емес») Сабақтан кейінгі көңіл күй мен эмоциялық ахуалды смайликтер, бас бармақты жоғары не төмен көрсету, Күн немесе бұлт суреттерін салу арқылы көрсету

фото Жаттығу әдісі Белгілі бір қимыл арқылы рефлексиялық баға беруді ұсыну. Келесі қимылдарды ұсынуға болады:

  1. Тізені бүгіп отыру – өте төмен баға, неготивті қатынас;
  2. Тізені сәл бүгіп отыру – баға өте жоғары емес, немқұрайлық қатынас
  3. Күнделікті тұратын түрі, қолдары төмен – баға қанағаттанарлық, сабырлы қатынас;
  4. Қолын шынтағымен көтеру – жақсы баға, позитивті қатынас;
  5. Шапалақтай отыра, қолдарын жоғары көтеру, аяқтың ұшымен тұру – өте жоғары баға, шаттанған қатынас

Фото

  1. Зияткерлік рефлексия: танымдық ұғымдар тұрғысынан сабаққа не өз түсінігіне баға беру («білдім - білмедім», «түсіндім - түсінбедім», «оңай болды – қиындық туғызды»). Дүниетану пәнінен «Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?» тақырыбындағы сабақта оқушылардың көпшілігі сабақта
Сабақты бағалау кестесіҚызық болдыБүгін мынаны түсіндімҚиын болды



«Үш М және Ә» Оқушыларға сабақ барысында жақсы орындағанүш мәселені атап, сабақта олардың жұмысын жақсартатын бір әрекетке ұсыныс жасау ұсынылады. Мысалы 3 сыныптың әдебиеттік оқу сабағының «Абай мен Әбіш» тақырыбы бойынша оқушының жазғанына назар аударайық.

  1. Ішкі әлем рефлексиясы: рухани мәселелер ауқымында өзін бағалау («өзгерді - өзгермедім», «жақсардым - нашарладым», «мен үшін құнды болды – мен үшін құнды болмады»)
«Плюс» +«Минус» -«Қызықты»



4.Қорытынды. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің өзгеруі сыныптағы оқушылармен өзара қарым қатынастың оқыту мен оқудағы тұлғалық бағыттылығына қарай көрінеді. Рефлексияны әрқалай жүзеге асырып отыруға болады.

  1. Сабақтың соңында
  2. Сабақтың кезеңдерінің арасында
  3. Тарау соңында


Өз тәжірибемде рефлексияны осындай кезеңдерде қолданып отырамын. Сол жұмысымның нәтижесін атап көрсетер болсам,

  1. Өз – өзіне есеп беруге үйренді
  2. Өзіндік көзқарасы қалыптасты
  3. Білім беру сапасы жақсарады
  4. Сыни көзқарас қалыптасты
  5. Өз – өзіне баға береді
  6. Білім алуға деген қызығушылығы артты
  7. Шығармашылыққа деген ынта – жігерің арта түседі
  8. Оқушы үніне құлақ түруді әдетке айналдырасың
  9. Пәндік білім сапаң артады
  10. Өзіңе сыни көзбен қарауға үйренесің
  11. Сы тұрғысынан ойлау қабілетің арта түседі