Қазақ тілі сабағында ойын түрлері арқылы оқушылардың қабілетін дамыту [Казахский язык]

Автор статьи : Сабит М.
Организация : Ақтөбе облысы,Алға ауданы, №4 Алға орта мектебі
Должность : Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Дата : 09.06.2022
Номер журнала : 17-2023

Аннотация: Бұл мақалада қазақ тілі пәнінен жүргізілетін сабақта ойын түрлерінің тиімділігі туралы мәлімет жинақталған. Қазақ тілі пәнінен жүргізілетін сабақтарда оқушының терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына назар аударылады.Демек, оқушының сабаққа деген қызығушылығы артады, соның негізінде атқарған жұмысының нәтижесін көреді. Берілген мақаладағы негізгі ой осы.

Түйінді сөздер: қазақ тілі, ойын түрлерінің тиімділігі, мәлімет, терең ойлауына, үздіксіз жұмыс,қызығушылығы артады, нәтижесін көреді,негізгі ой.

               «....Мұғалім қандай болса, мектеп hәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі білімді, педагогикадан, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім қажет» А. Байтұрсынов.

  

 Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде –ақ атақты ғұламалар ойшылдар философтар, педагог, психолог, ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған.Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты орын алып, оны баланы дамытудағы мәні анықталып отыр. Зерттеушілер ойын арқылы оқу міндеттерін тиімді шешеуге болатынын дәлелдейді. Ойын теориясы мен маңыздылығы туралы К. Ушинский мен П. Лесгафт, тәрбие және оқыту барысындағы ойынның алатын орны туралы В. Сухомлинский, С. Шацкий және Н. Крупская өз пікірлерін білдірген.

К. Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу үрдісін жеңілдететінін атап көрсетеді. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ көңілді , жеңіл келеді. Сондықтан ойынды іріктеп алуға нақтылы сабақтың мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескеру қажет. «Ой- ойыннан басталады» десек, баланың ойын жетілдіріп сабаққа қызығуын, белсенділігін арттыру үшін өзге ұлт өкілдері оқитын бастауыш сыныптарда мұғалімнің қолданылатын басты әдісі ойын болу керек. Ойын- оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады.Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейін негізгі әрекеті ойын болса, оқу- тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделеді.Ол сабақ барысында пайданланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын мен еңбектің бір- біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог- ғалымдар «жақсы ойын- жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырмашылығы шамалы деп көрсетеді. Өйткені, әрбір жас тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр-қайрат жұмсауды қажет етеді.Белсенді іс- әрекет пен күш- жігер жұмсалған ойын, жақсы ойын болып табылады.Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойынында да жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: Баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал ойын арқылы мақсатына жетуді көздейді. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезеңінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: Олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды,мұның бәрі оқушының шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды.

«Тауып әкел де, атын ата» ойыны. Мұнда оқушы белгілі заттарды әкеліп, аттарын айтады.

«Суреттер сөйлейді»ойыны. Бұл ойында оқушы суретте кім бейнеленгенін табады. Отырған оқушылар суретте бейнеленгенді затты іс- қимылмен көрсетеді.

«Ғажайып дорба» ойыны .Мұғаліммен бірге оқушы үстелдің үстінде жатқан заттарды көреді, атайды. Содан кейін оқушы көзін жұмады, ал мұғалім бір затты қоржынның ішіне салып қояды.Оқушы дорбаның сыртынан затты ұстап, атын дұрыс айту керек.

«Іздеп тап» ойыны. Ойын бірінші сыныпта кісі аттарының бас әріппен жазылуы тақырыбын өткенде қолданылады. Ойынға кісі аттарына сай әріппен жазылған бірнеше буындар дайындалады. Әрбір қалтаға кіші әріп кеспе буындары және кісі аттары жазылған карточкалар салынып қойылады.

«Домино» ойыны. Мұғалім оқушының тапсырманы орындағанын және дыбыстарды дұрыс анық айтқандығын қадағалап отырады. Ойын жұмыс түрлерін түрлендіруге және оқушылардың назарын аударуға көмектеседі. Олар әр сабақта өтіледі, сондықтан өтілетін материал сабақ мақсатына сай болу керек.

Ойын барысында оқушылар сөз ішінде дыбыстардың дұрыс жазылуын (егер сөздің бір дыбысы дұрыс жазылмаса), сөздің мағынасының өзі өзгеріп кеткеніне назар аударатын болады. Сол сияқты жуан, жіңішке дауысты дыбыстардың дұрыс жазылуына да көңіл бөлінеді.

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны. Қима қағазда сөйлемнің басы немесе аяғы жазулы тұрады. Бала сөйлемді аяқтау керек.

Мысалы: Бала кітап....... (оқыды), картоп, пияз  (көкөністер) , көктемде күн (жылыйды), күн өте (ыстық), балалар балық (аулады).

«Қай әріпті жоғалттым?» ойыны.....

Ойынға бір әріпі қалдырылып кеткен сөздер бар бірнеше карточкалар жасалынады. Карточкалардың суреттегі заттың атын білдіруге арналған түрлері төмендегідей болады.

Ал жеке сөздерге арналған карточкалар кіта...., б...лық, ...ғаш, о...ман, сә...келе, м...ктеп, ә...емі сияқты дайындалады. Жоғалған әріптер карточкаларын жасағанда сөздердің басынан, ортасынан, соңынан әріптер қалдырылады.

«Күннің бетін бұлттан ашу» ойыны. Мұнда әр бұлттың артында сұрақ бар соған оқушы жауап береді.

  1. Көктем мезгілінде неше ай бар?

2.Бүгін аптаның қай күні?

3.Атада неше күн бар?

  1. Қыс айларын ата.

Оқушылар бұлттағы сұрақтарға жауап беріп, ар жағынан күн шығады.

«Айна» ойыны. Бұл ойында тақтаға екі оқушы шақырылады. Бірінші оқушы қолын көтеріп шеңбер жасайды. Бұл дөңгелек айна екінші оқушы келіп айнаға ыммен жуынуды бейнелейді де айна болып тұрған оқушыға сұрақ қояды.

-Мен не істеп жатырмын?

-Сен жуынып жатырсың деп екінші оқушы жауап береді.бұл оқушының ауызекі сөйлеу қабілетін дамытуға ерекеше әсер етеді.

 Ұлы педагог Ушинскийдің сөзімен айтқанда «кімде – кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс».

Ойын- балалардың оқуға, еңбеккедеген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, түрлі дағдымен шеберлікті меңгерту, қиындықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Харламов И. Ф. Педагогика. Оқу құралдары , 4-бас,өнд. 2000 ж.
  2. Бондаревская Е. В. Педагогикалық мәдениет қоғамдық және тұлғалық құндылық. Педагогика – М. 2003.- №3.
  3. Подласый И. П. Бастауыш мектеп педагогикасы. М. Влады. 2000ж.
  4. Селевко Г. К. Заманауи білім беру технологиясы. Халықтық білім беру, 1998 ж.
  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті» Республикалық ғылыми-әдістемелік және педагогикалық журналы. 2014ж. №4.