Қазақ тілі пәні бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған жаттығулар жинағы [Казахский язык]

Автор статьи : Жазира Б.
Организация : ШҚО, Семей қаласы №29 орта мектебі
Должность : қазақ тілі мұғалімі
Дата : 28.12.2017
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Салалас құрмалас сөйлемді пысықтау жатттығулары

І деңгей

1.Әр сөйлемнен кейін тиісті тыныс белгісін қойып, олардың қандай тәсілмен құрмаласып тұрғанын көрсетіңіздер

2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз

3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса.

Өнер жастан шығады деген екен үлкендер ендігі жерде сол жас өренді оқыту керек (С.Қ.).

Жақсының жақсылығын айт нұры тассын, жаманның жамандығын айт құты қашсын (Мақал). Суретті төрге апарып ілді шүберекті столға апарып жайды содан кейін костюмінің төс қалтасынан блокнотын алды (Ғ.Мұст.). Көз алдындағы құбыла қабатқа ұйысқан шексіз қалың орман ортасындағы Аспанкөл оймақтай ғана жасылдана мөлдірейді (Ғ. Сл.). Ыбырайдың сөзінен кейін жұрт азды-көпті пікір алысты да екі жылдық ауылдық мектеп үшін үй салынсын деген тоқтамға келді (С.Қ.). Бір жол бар алыс алыс та болса жақын енді бір жол бар жақын жақын да болса алыс (Ғ.Сл.). Бұл күні мен рота, взвод командирлерімен таныстым ішкі тәртіп, әскерлік оқу ережелерін жасадым, шаруашылық түзеу жұмыстарымен шұғылдандым (А.Бек). Жастар еркін, әсем ән шырқады. Олар біресе бұлбұл нақысты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады біресе назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады (М.Ә.). Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай ештеңе айтқан жоқ сөйтсе де Зеренің күрсінуі күшті (М.Ә.). Осы кезде мұнда жоғары дәрежелі оқу орындары ашылған жаңадан екі театр қосылған. Осыдан біраз күннен кейін суға да үйреніп болдық биік жағаға тез жорғалап шығуға да үйреніп болдық (Ғ.М.). Содан кейін ауыз бөлмеге шығып еді манағы жігіт ауыз бөлмеде қолын сабындап жуып жатыр екен (С.М.). Осы бетімен олар ұйықтаған жоқ Өнер жастан шығады деген екен үлкендер ендігі жерде сол жас өренді оқыту керек (С.Қ.). Жақсының жақсылығын айт нұры тассын, жаманның жамандығын айт құты қашсын (Мақал). Суретті төрге апарып ілді шүберекті столға апарып жайды содан кейін костюмінің төс қалтасынан блокнотын алды (Ғ.Мұст.). Көз алдындағы құбыла қабатқа ұйысқан шексіз қалың орман ортасындағы Аспанкөл оймақтай ғана жасылдана мөлдірейді (Ғ. Сл.). Ыбырайдың сөзінен кейін жұрт азды-көпті пікір алысты да екі жылдық ауылдық мектеп үшін үй салынсын деген тоқтамға келді (С.Қ.). Бір жол бар алыс алыс та болса жақын енді бір жол бар жақын жақын да болса алыс (Ғ.Сл.). Бұл күні мен рота, взвод командирлерімен таныстым ішкі тәртіп, әскерлік оқу ережелерін жасадым, шаруашылық түзеу жұмыстарымен шұғылдандым (А.Бек). Жастар еркін, әсем ән шырқады. Олар біресе бұлбұл нақысты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады біресе назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады (М.Ә.). Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай ештеңе айтқан жоқ сөйтсе де Зеренің күрсінуі күшті (М.Ә.). Осы кезде мұнда жоғары дәрежелі оқу орындары ашылған жаңадан екі театр қосылған. Осыдан біраз күннен кейін суға да үйреніп болдық биік жағаға тез жорғалап шығуға да үйреніп болдық (Ғ.М.). Содан кейін ауыз бөлмеге шығып еді манағы жігіт ауыз бөлмеде қолын сабындап жуып жатыр екен (С.М.). Осы бетімен олар ұйықтаған жоқ жүруге қамдана бастады. Сөз басылған кезде қастарына келіп едім үшеуі ештеңе болмағандай жым-жырт тарап кете барды (Ғ.М.). Баласы ұйықтап жатқан көлеңкеге көз қиығын аудара беріп еді тоғай жақтан әлдене гүрс ете түсті. Қайырбек артына қарап еді жолдастары үнсіз тұр (Ғ. Сл.). І деңгей Жай сөйлемдерді жалғаулық шылаулармен байланыстырып салалас құрмаласқа айналдырыңыздар, тыныс белгілерінің ережелерін түсіндіріңіздер. Түлекте отырған құс өзінің кетік, кемтар қауырсындарын сақтап қалады. Мұндайда құсбегілер әлгі кетік қауырсынның түбірін қолдан түсіреді, оның орнына жаңа қауырсын шығаруға көмектеседі. Құсбегілердің бұл әдісі өте оңай, өте қарапайым. Бұл – ғылыми негізі бар ғажаптардың бірі. Өздігінен түспей тұрған түбірдің көбеге жақындау жерінен өткір пышақпен кеседі. Сол түбірдің қуысын шақтап жонылған ағаш, бұршақ, жүгері, бидай секілді заттардың бірімен саңылау қалдырмай тығындайды. Бірер жетіден кейін қауырсын ішіндегі құлық бұзылады. Түбіртек жансызданады. Құс табиғаты жансызданады. Сол бәледен құтылуға мәжбүр болады. Біраздан кейін әлгі түбірді ескі қауырсын ретінде түсіріп тастайды. Түскен түбірдің орнына көк соқта тебіндеп көтеріледі, жаңа қауырсын пайда болады. Құсбегілер алдын ала түлек кезінде түсірген қауырсындарды сақтап қояды, кейін оны жалғауға пайдаланады. Сынып түскен қауырсынның көбе жағындағы түбірдің жаншылмай, бүлінбей қалған жерінен шорт қия кеседі. Оған жалғанатын қауырсынның да сол жерінен кеседі. І деңгей Қарсылықты салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. І деңгей Мәтіндегі сөйлемдерді талдап, салаластың қай түрі екенін ажыратып, тыныс белгілерін жазыңыздар. Көгілдір үйрек шын мәнінде өжет еді бірақ әлі қауырсыны қатпаған жас болатын. Көгілдір үйрек қалың құрақ ішінен құрт-шабақ аулайды бір мезгіл жиекке шығады ұяластары жиекте күншуақтап жатыр көгілдір үйрек олардан аулақтау кетіп өзіне құмдақ жер таңдап алды. Көңілі жайланған көгілдір үйрек құмдаққа бауырын төсеп жата кетті бірақ аңдушы аяқ астында екен біреу оны терең түпсіз тұңғиыққа тастап кеп жіберді не болып не қойғанын білген жоқ. Балапанды ұстаған – Болаттың экскаваторшы ағайы еді әкелген көгілдір үйрегін ағасы Болатқа ұсынды. Көгілдір үйрек Болаттың сый-құрметінен бас тартпады бірақ бір күні үйден қашып кетті. Бір күні көгілдір үйрек оның алдынан қайта шықты қазан шұңқырда жүзіп жүрді Болат оны көріп қатты қуанды. Балалар жиекке қарай жиналып көгілдір үйректі ұстаудың амалын іздеді осы кезде мылтығын кезеніп Тоқтар да жетті мылтық гүрс етті. Үйректің маңайындағы су бұрқ ете түсті бірақ оқ үйрекке тимеген болып шықты. Тоқтар мылтығын екінші рет атты үйректің аунап түскенін бәрі де анық көрген еді бірақ үйрек өлмеді су бетін сызып жүзіп жүр. Тоқтар мылтықты үшінші рет атты сонда да үйрек өлмеді Балалар Тоқтарды мазақтап жатыр. Тоқтар мән-жайға енді толық түсінді күні бойы атқаны көгілдір үйрек емес қуыршақ үйрек болып шықты (С.Б.). І деңгей Ыңғайлас салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. ІІІ деңгей 1.Салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтысын бір бөлек, жалғаулықсызын бір бөлек теріп жазыңыздар, тыныс белгісінің ережесін түсіндіріңіздер. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Маржан біреулердің ісін біресе мұқатады, біресе олардың тұрмысын кемітеді (Н.Ғ.). Олар бұлақ жағасына қаздай тізілді де, беті-қолдарын жуды, кейбіреулері киімін кеудесіне дейін шешіп тастады. Адам сараң, табиғат мырза... Салқын су жуынған жанның денесін сергітеді, жанын жадырата түседі... Ол анадай жерде темекісін бұрқыратып тұр, сол қолын мықынына тірейді де, аздан соң торы бестінің үстіндегі Павелге қарап тұрған адамға қарай жылжиды. Аттан түсті, торы бестіні ағашқа байлады. Сол бетінде ат дүбірін естіді, артына жалт қарады да, күлімсірей қалды, кейінгі барлаушылар да штабқа жетіп үлгергенін көрді (Ә.Ш.). Ащылы шөптің тұқымы да күшті, мал тез семіреді және ащыға семірген малдың еті де, сүті де тұщыға семірген малдан күшті болады (С.М.). Сен жақсы жігітсің, бірақ кейде оңай лыпылдайтының бар. Рахмет те қойшы болуы керек еді, бірақ ғасырлар бойы қойшылықпен келе жатқан атаның заңын бірінші рет Рахмет бұзып-ақ жіберді. Рахмет есіктен шықты да, беті ауған жағына кетті (С.Е.). ІІІ деңгей Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, тыныс белгілерін қойыңыздар, қандай жолдармен құрмаласып тұрғанын айтыңыздар. Терезеден жібекше созылған күн нұры құбыла ойнайды да қыздың тәмпіш мұрнын қытықтай бастайды. Сүйрік саусағымен іліп тастағысы келіп еді күннің ерке нұры кеткісі келмеді оның томпиған бетіне шығып алды. Оянып кеткен қыз көзін ашты да тағы біраз жатты. Ою-өрнегі айқасып түскен қызыл көрпесін жаймен ысырып тұрып орнынан тұрды. Анасы Қалима шөп те шабатын қора салуға да қолғабыс жасайтын Қыста мал қораға барады әрі көң ояды... Раушан шкафтан үш-төрт шай кесені алды да біреуін еппен төбесіне қойды салалы саусақтарын былқылдатып билей бастады.Би ырғағын жеделдете беріп еді кеселер ұшып түсті де быт-шыты шықты (Ш.С.). Олжабек бәріне түсінген кісідей ыңылдады да қош айтысып жүріп кетті... Тәкен ызадан күліп те жіберді қызарып та кетті... Құрық ұстап бара жатқан бес жігіттің бірі малай өзгесі өнерін байқап жүрген ауылдың жігіттері... Мейрам күліп еді оған қосыла Қанабек те күлді. Тершең атты бізге бересің де терлемейтінін өзің мінесің (Ғ.Мұст.). Селдірлеу болып жайыла біткен сақалы ұзара түскен соңғы жылдар білінген бурыл талдар бар... Ақылы да дұрыс есті адам сияқты... Сол пілдің де белінде жаңағыдай екі қабат белбеу арқан бар екен... Аяулы ана жалынды ұлының қолында ойнаған домбыра күйлерін тыңдайды және оның кеудесінде ерекше күй ойналып жатқанын көреді. Бұл ой Абайға ең алғаш келген ой еді және өз ойы сияқты көрінді (М.Ә.). І деңгей Талғаулы салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. ІІІ деңгей Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді көшіріп жазып, тиісті жеріне тыныс белгілерін қойыңыздар. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Әбіш бұған қарсы сөз айтқан жоқ қайта үндемеді бас изеді. Бұл Абайдың да ойы еді бірақ ол іштегі рахат күйін бұл арада сөзбен айтып жеткізе алар емес (М.Ә.). Мұғалім күлімсірей бастыққа қарады бірақ қарт оған назар аударған жоқ. Ол оған қамшы үйіруге оқталды бірақ қолы қозғалмады. Дәл осы сәтте ол еш нәрсе ойлаған жоқ еді дегенмен әлденеге алаңдағандай болды (М.И.). Біз ұзақ жолдан сонша қажып келген едік сөйтсе де ауыл адамдарына сыр бермеуге тырыстық. Ол басында қатты қарсылық білдірген еді дегенмен көптеп-көмектеп көндірдік. Абайдың қиналғанын Ділдә сезді бірақ ол түк өкінген жоқ. Бұл сөз Салтанаттың да тосқан сөзі еді. Бұған оның жауабы да әзір еді бірақ тез шыға қоймады. Сыртынан қарағанда еш нәрсе өзгермеген сияқты: шаң басқан әйнектердің астындағы суреттер шамдардың маздаған жарығы да бұрынғысындай сиқты дегенмен бұрынғы тұрмыс жоқ. Бұлар асығыңқырап отыр еді сонда да Тәрбиенің дастархан жаюына, қымыз құюына қарсы болған жоқ (С.М.). І деңгей Сөйлемдердің қайсысы қарсылықты салалас сөйлем, қайсысы ыңғайлас салалас сөйлем екенін ажыратып, мағынасына қарай тыныс белгісін қойыңыздар. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Сәуле күлейін деп еді күле алмады. Ондағы ойы мына түріммен көрінбейін кете берсін дегендік еді ол дегені болмады. Мырқал үнсіз қадалып қалып еді Сафонов сөздің бетін бұрып әкетті. Топтың шетіне іліге бере бұлар да тың тыңдай қалып еді асқақтаған айбынды үн денені шымыр еткізді де жүректі өзіне тартып әкетті. (Ә.Әб.). Қамшы, белдік, қын, пышақ деген сияқты ұсақ бұйымдарға аса ұқыпты болатын және қайдағы бір көрікті сұлуына қызығатын (М.Ә.). Әзіл де жарасты мінез де үйлескендей болды. Ақиіс шығып бара жатыр еді алдынан Сағат қарсы шықты. Ән бітті сүйсінген жұрт ду қол соқты (Ғ.С.). Ақмоншақ Кертөбелге қамшы үйіруге оқталды бірақ қолы қозғалмады. Дәл осы сәтте ол еш нәрсе ойлаған жоқ еді дегенмен әлденеге алаңдағандай көңілі қобалжи берді. Ол орнынан тұрайын деп еді денесі икемге келмеді (М.И.). І деңгей Кезектес салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. ІІ деңгей Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, тыныс белгілердің ережелерін түсіндіріңіздер. Бұған жалғыз-ақ құрал бар: ол – жаңа жоспар жасау (С.М.). Сапардың сүйетін екі нәрсесі бар-ды: біріншісі – көгершін ұшыру, екіншісі – көл бетінде қайықпен жүзу болатын (М.И.). Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: бірі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі – зұлымдық (Абай). Бөтен арбада екі кісі қатар отыр: бірі – шал, екіншісі – бала (М.Ғ.). Үй толған адам: кемпір, шал, қыз-қырқын қалмастан жиналған, иін тіресіп отыр. Азамат та жұмысқа шын беріліп кетті: кеңсе жұмысын бақайшығына шейін талдап танысты, сезген кемшілігін бірігіп отырып түзеді, кеңседе бітіре алмаған жұмысын пәтеріне әкелетін болды. Көріп амандасқаннан көзімді ала алмадым: азаматта да сондай сұлу болады екен-ау, аққудың көгілдіріндей аппақ. Артынан ойланайын дедім: апырау, мені неге қуады, бір нәрсе айтады деп ойлады ма? (Б.Б.). Ол маған екі жаңалық айтты: бірінщіден, оларды менің тәжірибеммен таныстырмақ екен, екіншіден, анкеталарды толтырмақ екен. Жөн білетін, көңілі даңғыл, көкірегі ояу жан екенін осы бір бет алысында байқатып өтті: бөгетсіз суыт жөнеледі, артына қайтып қараған жоқ. Аман екеуі қатты ойнайды: кейде бірін-бірі қалжыңмен қағытады, кейде қол көтеруге дейін барады. Қарапайым адамдардың ғажап бір нәзік жері бар: қалжыңдары өрескел, мінездері қатал болып келеді. Қаралатын мәселе екеу, бірі – менің баяндамам, екіншісі - өндіріс күштерін қайта реттеу. Әр станокта екі адам: бірі –қазақ жасы, екіншісі – орыс жұмыскерлері, оңды-солды, алды-артты болжап болар емес: қалың бұлтты, қараңғы түн тәрізді. Төсек орындары, киім-кешектері тағы басқа тұрмыстары жұпыны: уақытында жуылмайды, тамақтары дәмсіз. І деңгей Түсіндірмелі салалас құрамалас сйлемдердің тыныс белгісін қойып жазыңдар: Үйірме мүшелері үшін мынадай бір тәртіп белгіленген еді әр оқушы өзі қалаған салада жұмыс жүргізуі керек, өсімдік дүниесінен тәжірибе жасайды, қандай нәтижеге жеткенін үйірме мүшелері алдында баяндайды, қорытады. Шынын айтқанда, оны екі нәрсе қинайды бірі - әкесі, екіншісі - отряд жиыны (М.И.). Оның мінезі де ақ жарқын еді өтірікті, көлгірлікті, екі жүзділікті білмейтін, ойына келген сөздерін айтып салатын, іске шебер, сөзге алғыр, уәдеге берік, досқа мейірімді, әр уақыт шындықты ғана сүйетін; ар-ұяты таза, намысқой адам еді. Бұл жігітті мен өткен қыс Омбыда көргенмін бізге есептен сабақ берген, Омбыдағы семинарияның соңғы курсында оқитын. Ер-тоқымдары сәнді зергерлері күмістеген, жалтылдап тұр. Орынбордан Жандос келді; Ақмоладан сен келдің екеуіңнің жасың да, жолың да үлкен сәлем беріп шықпады ғой. Шәкен ауылында адам бүгін күндегіден көп қонақтарға сойылған құлынның аңында шыбын быжынайды. Асқар таудай саялы, арыстандай айбынды көрінген ата-анасы бай ауылында байғұс екен бай ұрады, бай ұрсады, бұйырады, қорлайды, бәріне жақ ашуға дәрмендері жоқ. Мая салысы тым тамаша, қоян жон, су өтпейді, бір мінсіз. Үй иесін Бүркітбай білетін еді орта жаста, тоқ дәулетті, қонақ түскіш бір момын адам. Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлщерлері бір-біріне жақын Балтабек жиырма еіде, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Байжанның оны бірінші рет көруі еді бойы төртбақтау, толықша сарғылт өңділеу, қырықты алқымдап қалған жігіт екен. Оған әлі күнге шейін балаша еркелейді мойнына асылады, арқала деп сүйрелейді, бетінен сүйеді. І деңгей Кезектес салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. ІІ деңгей Себеп-салдар салалас құрмаластардың қалай құрмаласып тұрғанын түсіндіріңіздер, оларды тыныс белгілерімен ажыратып жазыңыздар. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Шөкенді мен құшақтап сүйіп жатырмын өйткені ол менен жеті жас кіші және жақсы көретін інім. Шалқая біткен қалың ерін қабынған ыза кернеп қайқаң-қайқаң етеді. Әлдекім хабардап қойғандай болуы керек қыз-бозбала дүркірей қашып шықты. Әрине, өзі жасаған тура келеді өйткені осы қорада Бекболаттың өзіне қараған бірталай жігіт бар. Қу тілді Таймастың қалжыңы, шыны аралас батыл сөйлеп жатыр. Шолпанды арқа тұтады. Бұл жолы інге кірген жалғыз-ақ тиіннің ізі барында еш күмән жоқ еді. Шу елі сақал-мұртқа ұстара тигізбейді екен жігіттердің сақалы кеудесіне түседі. Бүркітбайдың ыңғайын Асқар көріп келе жатыр баяғы қалжыңбастығынан басқа кеңес шығатын сықылды емес. Коммунистердің кім екенін мен жаңа ғана айқын түсіндім сондықтан бұл атқа ие болуымды өзіме бақыт деп санаймын. Мен музыка сабағын оқыған адам емеспін сондықтан оның теориясын білмеймін.Губернатордың Итбайдың үйіне түспей кеткенін Кузнецов Балтабектен естіген еді сол себепті Асқар мен Балтабекті көңілді кескінмен қарсы алған Кузнецов Балтабекке көзін қысып қойды. Додақтың шешесі біздің Сыбанның қызы сондықтан оны жақын тартамын. Еріксіз еріп еді өкінішсіз кері бұрылды. Жазғытұрым уақыт қой үнемі сарылып отыра беру ауырырақ тиеді. Кемпір-шалдың қолындағы мал таусылып барады көздеріңнің қиығын салатын уақыттарың жетті. ІІ деңгей Себеп-салдар салалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тыныс белгілерін қойыңыздар, жалғаулықтардың астын сызыңыздар. Бізге кешікпей жағаға түсуге тура келді өйткені қалың құздар әрі қарай жүргізбей қойды. Бұл міндеттеменің орындалатынына күмән жоқ себебі қазір мал күйлі, шөбі мол, қорасы жылы («ҚӘ»). Алдарындағы жаяуға жетіп қалған екен сондықтан Олжабек сөзін аяқтамай тоқтады. Маған мына бір кітаптың бір жері қатты ұнады сол себепті соны тағы бір оқып шығайын деп едім. Ойылдан кешірек шығып едім сондықтан кешігіп әрең жеттім (Ғ.М.). Ана төсегіне жатып та қалған сондықтан ол Николайдың бетін көрмеді (М.Горький). Перизат сұрап үлгере алмады өйткені машина гүр етті де сырғи жөнелді. Соғыс басталғалы барғаным жоқ сондықтан сабырым таусылып барады. Наташа, біз енді құтыла алмаймыз өйткені бұлар көп, біз азбыз (Ә.Ә.). Ойға түстім толғандым сондықтан өз мінімді қолға алдым (Абай). Тұңғиық қара теңізге қара дауыл соқты сондықтан теңіз шайқалып күңіренді. Бименде байдың әкесінің аты Сыдық еді сондықтан ауылды Сыдық ауылы дейтін (С.С.). Өгізіңді өрге сүйреме себебі қанатың талар жаманға жүзіңді салма өйткені сағың сынар (Мақал). І деңгей Кезектес салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. І деңгей Талғаулы салалас сөйлемдердің тыныс белгілерін қойып, жалғаулық шылаулардың астын сызыңдар. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Суық киіз үйде не таза жуынуға болмайды не таза тамақ жеуге болмайды (Ы.А.). Не сөйлеуге тілің жоқ не сөз ұғар білім жоқ (С.Тор.). Маған жолға жеткендей қаржы жіберсін болмаса мен бара алмаймын (А. Тоқм.). Шешем сырқат деуші еді әлде үй ішінде бір жайсыздық болып қалған жоқ па екен (С.Ш.). Сіз шапаныңызды аяйсыз ба әлде ақылды басыңызды кесуге мүмкіндік бергіңіз келе ме? Я алдымда ашу тұрды я көзінде бір үрей тұрды (М.И.). Ауылдағылар Рахметті не қасқыр жеп кетті не басқыншылар өлтіріп кетті деп ойлаған (С.Е.). Неге екенін кім білсін, не өнер жоқ – құры әйтеуір жүруші ек (Ж.Ж.). Ыбырай оның сөзін елемеді ме немесе естімеді ме? (С.Қ.).. Бұл мақаланың мақсаты пьесаны жер-көкке сыйғызбай мақтау да емес немесе пьесаны даттау да емес (Ш.А.). Кезек-кезек шелекті не машинамен айналдырып шығарады да не атпен тартып шығарады (С.С.). Малды не жерден сұрау керек не аққан терден сұрау керек (Абай). Өзі кетіп ұтылды әйтпесе өзім-ақ тастатқалы жүр едім (Б.М.). Не Төстік өлді деген күні ботала не Төстік келді деген күні ботала («Қазақ ертегілері»). Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар не құлағымен естіген айтар (Ә.Ә.). Әлде шайға құмартқан ба әлде Мария апайдың сөзі жылы тиді ме ана стақанды қолына алды. Ол кезде мен толқындай шапшыған сөздерді жақсы көруші ем я болмаса шапқан аттай шыңдатқан сөздерді жақсы көруші ем (Ғ.М.). ІІ деңгей Талғаулы салаластардың қалай құрмаласып тұрғандығын айтыңыздар, тыныс белгілерін жазыңыздар. Не мен жатырқаған шығармын не сен өзгерген шығарсың рас танымай тұрмын. Жеті ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірген олардың шексіз мехнат-бейнетін тартқан үй шаруасындағы әйел олған анамыз не қабағын шытқан емес не балаларды ұрып-соққан емес. «Басқа түссе, аспақшыл» ма әлде бұған дейін дағдыланғандары бар ма балташылар да, суретшілер де, арашылар да әйелдердің арасынан табылады. Қарағайдың биік басына жиі ұя салған қарғалар я жұмыртқасын ішетін я балапанын іліп әкететін. Әлде оны Итбайдың өзі алды ма, не біреуге зорлап берді ме? Келе жатқан Кенжетайды көріп ұялды ма болмаса басқа себептері болды ма Ботакөз Асқарға кеткісі келген қалпын білдірді. Бұл ғылымның бір маманы болады әйтпесе көрерсің, осыдан дыңдай академик шығады. Маған тура жетер я жетпес еді. Әлде күндегі әдеті ме әлде бізді көріп мазасызданды ма? Бетіне іркістене құм байланған жазық далада машина еркін жүре алмады ма әлде қашқан жануарлар жүйрік пе, киіктер ұзақ уақыт шалдырмады. Не мына Әбдіні қолымызға шығарып бер не болмаса кепіл бол. Дәулеткелді мұның не сөзінен қызық күтеді не бір мінезінен әлдеқандай қызық күтеді. Қалада жайланып жатып емделем бе болмаса доктордың рұқсатымен елге аман қайтам ба ақылыңыз керек болып отыр. Көзге ілінетін ұзын шидің басын, селдір қамысты талшық етеді немесе анда-санда кездесетін тікенді шеңгелді, қарағанның басын түйелер үзіп-жұлып талшық етеді. Күндіз ылғи жырлар жырланады немесе әредікте шешендер, ділмәрлар айтқан тақпақ, тартыс, билік, даулар айтылады. І деңгей Кезектес салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. ІІІ деңгей Кезектес салаластарды тыныс белгілерімен ажыратыңыздар, салаласу жолдарын түсіндіріңіздер. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Сезіміне қатты әсер еткен діңгекті ол ұмытпайтын кейде оның төбесіне шыққан мминуттары түсіне де кіретін. Желдің өтіне шыққан моторды да қарсы алдынан жарысып келген толқындар біресе биікке әкетеді біресе құлдырата ылдиға әкетеді. Жүректен ытқи тепкен қан біресе секіріп басына шықты біресе сарқылып төмен құйылды (С.М.). Біресе терезеден қараңғы түнге қадала қарайды біресе стол үстіндегі жаюлы жатқан картаға үңіледі. Бірде сөнеді бірде жануға бет алып шоқтанған темекінің ақшуланған түтіні үзіле дөңгеленеді бірде ол қоюлана бұрқырайды (А.Тоқм.). Келешегі біресе мына қараңғы түндей қап-қара секілденеді біресе жылтыраған бір жарық нәрсе бар сияқтанады. Қолын біресе артына ұстайды біресе бүйірін таянып келе жатқан адамның түріне енеді (Б.М.). Бірде ақырын күңкілдеген дауыстар ғана естіледі бірде тып-тыныш бола қалады. Қолы біресе мылтық ұстаған қолдарын жабысады, біресе мылтықты ұстаған қолдарын таласады. Шырқалған ән кейде аспанға өрлейді кейде ақырын үзіліп барып бітеді (С.С.). Көз алдымыздағы адамдар біресе жоқ боолып өтіп кеткен сияқтанады біресе бірінің үстіне бірі шығып кеткен сияқтанады. Бірде Африкаға барады бірде теңіз бетін торлайды. Біржан біресе бұлбұл нақысты, көп ырғақты «Жиырма бесті» созады бірде назды қоңыр, кең тынысты «Жанбота» шығады. Бұтаққа қыз кейде қолын артады кейде соның шырмауын жыртады. Ол кейде жылайды кейде әлдебір үрей туғызардық үнмен қарқылдап күледі. І деңгей Төмендегі жай сөйлемдерді мағыналарына қарай кезектес салалас сөйлем етіп құрыңыздар, олардың тыныс белгілерін қойып жазыңыздар. Ол теңіздің толқыған долы толқынына ұқсайды. Балақаз ашулы арыстанға қарайды. Бүйірін таянып келе жатқан адамның түріне келеді. Сол қолымен белбеуін ұстайды. Қолын артына ұстайды. Ол Қасенге қарайды. Қалқай қағазға қарайды. Солдан жүгіріп шығады. Құбылмалылығы ескен желдей. Бұлай да асығып жүгіреді. Екеуі апалақтап ойлай жүгіреді. Ол Аманбайға қарады. Нұрғали Жұманға қарады. Шырайлы күлім қағады. Қабағын тұнжыратады. Ойы шарқ ұрады. Қаңғыр-құңғыр естілген адам дауыстары үзіледі. Ол дауыстар тұтасып кетеді. Сейтжан оны қыста мұз айдынында көрді. Жазда еңбек даласында көрді. Қызыл бұйра тобылғылы, жасыл қоңыр қарағайлы шоқылар, таулар қалып жатыр. Желбіреген ақ селеулі дала қалып жатыр. І деңгей Ыңғайлас салалас сөйлемге бірнеше мысал ойлап жазыңыздар. Жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықтар арқылы да , жалғаулықсыз да құрмаласатын болсын, олардың тыныс белгісін түсіндіріңіздер. І деңгей Төмендегі салалас құрмалас сөйлемдерді тыныс белгілерімен бөліп жазып, олардың салаластың қай түріне жататынын көрсетіңіздер. 2. Асты сызылған сөйлемге синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз 3. Асты сызылған сөзге фонетикалық таллдау жаса. Ол кезде мен толқыған, шапшыған сөздерді жақсы көруші ем я болмаса шапқан аттай шаңдатқан сөздерді жақсы көруші ем. Жәкең ақсақал осылай деді де айналасындағыларға қарап алды (Ғ.М.). Шал оны сезді оған жылы шырай білдірді. Қара топырақты қолымен сығымдады сол күйде адымдай жүріп кетті. Ауылды жарып шыққан тас жол шекараға дейін барды да ар жағы жай жолға ұласты. Бетін шала-шарпы жуды содан іле-шала атқа қонды (С.С.) Курста менімен көңілдестей үш жігіт болушы еді біреуі менен жеті-сегіз жас үлкен, екіншісі – күні бүгінге дейін мұғалімдік қызмет атқаратын Нұрғалиев дейтін татар жігіт (С.М.). Оларға да айтар ақылым білімдері көп болсын ақылды болыңдар (Ә.Ә.). Антарктидада мұздың қалыңдығы соншалық ол бүкіл жер бетін 85 м қалыңдықта жабуға жетеді. Ұсыныс сол сөз өздеріңе берілсін (М.И.). Қарға қарқ етті ірімшік жерге салп етті (Крылов). Шешесінің даусы естілді-ақ қияңқы ұл жымиып отыра қалатын. Терезеден бір от жарқ етті кітап оқып отырған інім селк етті (Ө.Тұрм.). 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Көзін ауылға келгесін екі күннен кейін ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды. Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан шығып та кетті. Бөлек жатады, қасына не аяқ жағына көрпенің астына Көксерек жатады. Жаз ортасына жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп жонданғандай болды. Бірақ үлкейісі даладағыдай емес. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде бір-ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын төбеттер мұны талап та тастайды. Өзге көп иттер де ырылдап үріп, кейде тап беріп, әр жерінен тістеп тартып кетеді. Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді. Бірақ ержете бастаған сайын бұдан иесі көз жазып сала берді. Сондай кезде Көксерекке ылғи жау иттер кездеседі. Бір уақыт үлкен үйдің үлкен қара төбеті оңашада бұны алып соғып, көп езгіледі. Бұны талап жатқанын көріп, өзге иттер де келіп шабынан алып, борбайынан созғылап өлтіруге айналып еді. Шаң-шұңмен балалар, үлкендер жиналып кеп, иттерді ұрып, зорға айырып алды. Бірақ Көксерек әлі күнге ешбір уақытта «қыңқ» етіп ауырсынған дыбысын шығарған емес. Талаймын деп ит ұмтылса, жота жүні үрпиіп, үдірейіп тұрып алады. Тісі батып, қинап бара жатса, дыбыссыз ғана езуін ыржитады. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Жарық, айлы түн еді. Аспан бұлтсыз ашық. Мың сан жұлдыз тұңғиықтанған түн аспанында алыстағы оттай таласып, жылтылдап тұр. Июль жұлдызының аяғы болғандықтан, жайлаудағы шеткі қоныстарға өрістен барған ел енді күзекке таман қайта көшуге айналып, бір-бір қоныс кейін шегініп келіп отырған. Қайтқан елдің бес-алты ауылы Кеңөзекке кешелер қонған болатын. Кеңөзек жайлаудағы шалқар қоныстың бірі еді. Бұның жері биік, кең төскей болатын. Терісаққанның елі жиылып көшкенде, кез кездерде Кеңөзекте он бес-жиырма ауылдай ел сыйып кететін қоныс бар еді. Қойнын ашып, төсін керген жалпақ шалғанды өзектің ортасында Кеңөзектің жіңішке суы ағатын. Бұл қоныстың өзге жайлаулардағы қоныстардың ішіндегі ең ерекше жері – жаздың қандай ыстық күні болса да, өзге жерден ерекше бір салқыны болатын.Солтүстіктегі биік таулардан асып келіп, үзіліп-үзіліп майысып соғып тұратын қоңыр салқын желі болушы еді. Өзектің айналасындағы төбелер ылғи жасыл шөпке оранып, мәңгі жастық түсінен айырылмайтын сияқтанушы еді. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты. Өзек бойына шашырап қонған ақ шұбар ауылдан әр жерде тарғақтың, үйрек қаздың ұядағы жұмыртқасындай болып, өзінше бір жарастықпен дөңгеленіп, үймелей отыр еді. Ауылдардың көпшілігі жатқан. Түндіктері жабылған ақ үйлер ай сәулесі түсіп маңқиып, қара үйлер тұнжырай қарауытып, түн тыныштығына бойсұнып қалғығандай. Қотандағы мал тегіс жатқан – тегіс қалғыған ұйқыда. Өзек бойында бір-біріне сүйеу болғандай болып, анда-санда даланы жаңғыртып айқайлаған күзетшілердің айтағы естіледі. Әр жерде бірен-саран иттер үреді. Күзетші сарылған дауыспен дағдылы айғайын созып, зорайтып айтады. Ұйқы түніндегі күзетші айқай тұманды түс көргендей болып қалғыған Кеңөзекті әлдилеп тербеткендей еді. Күзетшінің айтағы ұйқыға, тыныштыққа, демалысқа шақырғандай болады. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Бір сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Ауыллдардың көпшілігі жатқан болса да, кейбірінде бірен-саран үйлердің оты бар еді. Кей жерошақтарда бірде үзіліп, бірде қайта қозданып, жалпылдап жанған оттар көрінеді. Түндігі жабылмаған үйлердің шаңырағынан қызғылттанған сәуле көрінеді. Қызғылт жарық тіршілік белгісіндей болып көзді тартады. Әр ауылда жатпаған үйлер – кешірек жататын байлар үйі еді.Ел жататын мезгіл болса да, бүгін бұл үйлер жата қойған жоқ-ты. Үлкен үйлердің арасындағы кермеде әрбір ауылда суып тұрған ерттеулі аттар бар. Араларында жарау бәйгелер, дәмелі жүйрік айғырлар да көрінеді. Бүгінгі күн бұл ауылдардың қалың жылқысындағы сәйгүліктің бәрі де кермеде болатын.Аттар әлдеқалай дыбыс шықса, сарылып тұрған тыныштықты ауырлағандай болып тықыршып, пысқырып, кебірі жер тарпып елеңдейді. Бұл аттар түстен бері тегіс мініліп, бусанып келіп, жаңадан байланған болатын. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Ақын 1931 жылы 73 жасында асыра сілтеудің құрбаны болды. Ақынның жазықсыз оққа ұшуын баян етуден бұрын, оның басынан кешкен өмір жолын қысқаша болса да, шолып өтуіміз қажет. Ақынның аты, еңбегі елге ерте әйгілі болғанмен, оның өмірбаяны зерттеліп, жазылған емес. Өмірбаяннан мағлұматымыз болмай тұрып, жалаң оймен ақын туралы айтқан пікір ешкімді де иландыра алмайды. Шәкәрім әкеден жетім қалды деген аты болмаса, жетімдік көрмеген. Құанабайдың ерке немересі болып өскен. «Қажы марқұм мені жетім деп аяп, қысып оқыта алмай, ғылымнан мақұрым қалып, жетімдікті сылтау қылып, ойыма не келсе соны істеп, әдепсіз, ғылымсыз өстім», - дейді. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Бұл , әрине, ойына не келсе соны істейтін, жеңіл мінезді, ақылдан ада, ойсыз ерке, шолжаң баланың істейтін ісі емес. Тумысынан талантты, табиғи дарынды, әр нәрсенің сырын білуге құштар, зерделі, зерек, қабілетті, талапты жасқа ғана тән ерекше мінез. Жас шағынан бастап, құштар болған жан-жақты өнерін Шәкәрім өмір бойы шыңдап, өркендетіп, өсіріп отырған. Абайдың: «Адамның адамдығы ісіт бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес», - дейтіні осы болады. Жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастаған Шәкәрім ғылым жолына ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды. Анық ақындық өнер жолына түскенде, он тоғыз жасында жазған өлеңін өзі құрбылас талапты жастарға арнап, оларды Абайдан үлгі-өнеге үйреніп, тәлім алуға шақырды. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Биылғы жайлау – жылдағы жайлау емес. Жаздың өзі күздей жабырқау, жүдеу болды.Күн райынан емес, халықтың көңіл шырайынан солай болған. Құнанбай сияқты атқамінерлер өз ауылдарына жылдағыдай топ жия бермейді. Бұрын Ырғызбай ішін кернеп жүретін қау-көрік сөздер ұркеппе желікті де саябыр. Қоныс, өріс ретінен таласатын жөн жоқ. Ырғызбай ортасы сияқты, Байдалы, Байсал, Сүйіндік, Қаратай сияқты азғана жұрт болмаса, көпшілікте мал аз. Сырттың қалың көгін аясын ба! Тұтып тұрған ақтығын аясын ба! Жайлау күндері аяқтап, жұрт күзекке қарай бет ала бастаған болатын. Бірер қоныс кейіндеп те көшкен. Сол уақытта айналасы бес күн ішінде Майбасар жылқысынан Жақып пен Ырсай жылқысынан және Құнанбайдың өзі отырған аулынан жиырма шақты семіз ат жоқ боп шықты. Бір ауылдан бір ауыл хабарланып, осы жоғалған мал жайы ен жайлауға тез тарап жатты. Азын-аулақ малы бар ауылдың бәрі де күзетін сақайтты. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Бірақ ұрылардан із-тоз жоқ. Бұл сияқты көп ел құлақтанған қауырт ұрлық ұзақ жатпаушы еді. Біреудің үйінен жас тері көрініпті. Біреуден мезгілсіз сойылған ірі қараның қан соқтысы көрініпті, баршасы байқалыпты десетін сыбыстар оп-оңай шыға қалушы еді. Қазір олай емес. Суға батқандай жым-жылас. Әуелде Құнанбай мен Жақыптар өзара ойласқанда: «Бұл жау көршілес Керейден шықты, немесе Найман, Сыбаннан келді», деп топшылаған. Әсіресе, қоныс аралары ұзарып, жайлау-жайлаудан қайтысатын кез келген соң: «Әдейі осы уақытта істеп отыр. Мойынды қашыққа салып кетеміз деп осылай етті» дескен. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Құнанбай көші-қонды бөгеп отырып, жаңағы үш-төрт рудың баршасына да жоқшылар жөнелтті. Ызғұтты, Майбасар, Ырсай бастаған топ-топ кісілер үрдіс жүріп, ат сабылтып, талай жерді аралады. Бірақ көрші елдің ешқайсысынан дерек білінбейді. Елсіз жерлерден қарауыл биіктерге, қиын-қиын шатқалдарға барып жер шалған Төлепберді, Бурахан, Қамысбай, Жұмағұл сияқты пысық, сергек жігіттер де де із-тоз білген жоқ. Құнанбайдың көп ауыл, көп жігіттері осылайшы өре түрегелген кездердің өзінде, дәл сол Ырғызбай ішінен тағы да бес жылқы жоқ болды. Тіпті жалғыз Ырғызбай емес, енді Байсал, Сүйіндіктен де төрт бие алынды. Аздан соң Көтібақ, Бөкенші де жоқ қарауға кірісті. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Бұл мейрам көктемде күн мен түн теңеліп, халық алты ай қыстың қыспағынан әзер шыққан. Жер-Ана иіп, мал-жанның жадырайтын шағында өтеді. Зеңгі бабаның арқасынан күн өткен, кейбір желіктері күлтөбені мүйіздеп, көктемге қалғып-шұлғып жеткендері суға сілейіп ап, күншуақ-күншуақта ораза ұстап тұратын кезі. Жылы жақты қыстап қайтқан тырналар да көген-көген болып келе бастайды. Шулап шүрегейі, қаңқылдап қазы келеді. Жерде насыбайға салатын қар қалмайды. Көде көжеленіп, қараған мен бүрген қызыл сары сырғаларын таға бастайды. Арық жағалауында тебіндеп, қаулап шыға бастаған көк мұраттарына тіс тиеді. Енесінен тамақ дәметкен сап-сары балапан құсап жауқазын бас жарады. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Жан-жануар, аң мен құстың жаңа тіршілігі басталады. Мал төлдеп, құс жұмыртқалайды, жеміс-жидек, жер мен ағаш көктейді. Былайша айтқанда, Жаңа жылда бәрі де жаңарып, жаңғырады. Бұл жер бетіндегі көктем әкелген бірінші жаңалық болса, екіншісі іле-шала көкек пен маусымда жер желкілдеп, көк жиденің жұпар иісі аңқиды. Бұл кезеңде туысқан ұйғыр халқы күйт кезі деп атайды. Жұрттың аузы аққа тиетін, күннің нұры шуақтана бастаған шақта келетін Наурыз мейрамы кезінде адамдар бір-біріне өте бір қайырымдылық танытып, өкпе-ренішін ұмытып, ізгі тілектер айтысып жатады. Наурыз көже ішіліп, бұдан былайғы күндер тоқшылық пен қуанышқа ұлассын деген ізгі тілекпен жұрт ойын-сауық құрады. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Өмірінде талай жау, талай барымташымен соқтығысып, қағысып көрген жырынды жылқышы бүгін қапысыздық пен сақтыққа түгелдей берілгендей еді. Ол өзге жылқышының бәрін анда-санда күлдіргі, көңілді әңгіме айтып сергітіп кетіп, ұйқыларын келтірмей еліртіп, өзі дамыл алмайжылқыны шыр айналып шығып отыратын. Жылқы күндегі дағдысынша тырағайлап, шашылып жайылуға айналып, айғыр үйірлері оқшау шыға бастаса, Қалбағай қайыртып, көп жылқыны топтап жайып келе жатты. Жылқы жатқан жер адырлы қабаты көп, жасырыны мол жер болатын. Сондықтан, көп ендетіп жаюға болмап еді. Жылқының шеті биікшелеу адырлардың тұсына келгенде, Қалбағай жылқыны тастай беріп, сыдыртып, ай сәулесінің астында қылаңмен жер шалатын. Ел жатар мезгілге тақалғаннан бері қарай, Қалбағай бұрынғыдан да күшті сақтыққа салып, ширап алып еді. Ол тыным алмай, жылқы құлап келе жатқан өзектің айналасын кезек-кезек сүзіп, жауды барлап жүрді. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Жылқыдан кейде жарты шақырым, кейде бір шақырымдай да шығып кетіп, қалғып тұрған сайларға келіп, жым-жырт болған түнмен бірге демін ішіне тартып, тымағын қолына алып, қатып қадалып тұрып қалатын. Бұл кезде боз айғыр да ұрпаққа көп мінілген дағдылы аттай болып, не бір пысқырып, не ер-тұрманын сылдырлатпай, Қалбағайдың тілін ұққандай болып мелшиіп, сарын тыңдап тұрып қалатын. Осымен ел жататын мезгіл әбден болғанда, Қалбағай жылқының күншығыс жағына шығып жер шалып, енді жылқыға қайта келгелі тақап қалғанда, күнбатыс жақтағы ай сәулесі түсіп тұрған бозтөбеден самаладай болып жаудың көп шоғыры шыға келді. Бұлар жеті түнде үркіп қиқулап ұшқан қаздардай болып: төбе басында бөгелместен сатырлатып сойыл қағып, қалың жылқыны үркіте қиқулап, өзекке қарай шапты.Жау қарасы көп еді. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Алғашқы төбе басына қара бұлттай, шоқтай болып үйіліп жау шыға келгенде-ақ, Қалбағай жүрегі селт етпестен жаудың санына көз салған.Бұлардың қарасы 30-40-кем емес екен. Жылқыдағы кісі 15 шамасында болатын. Сайды басына көшіріп сатырлап шулап шапқан жауды көргенде, қалың жылқы «шұр» етіп үркіп, қатты жел күнгі дүрілдеп жанған өрттей болып, Қалбағай жаққа жосып жөнелді. Жылқышылардың бірен-сараны шошынып, үркіп кеткен жылқымен бірге кетті. Жау қарсысына бір 12 кісі «қайт!қайт!» деп қарсы шапты. Аралары жақын болып қоян-қолтық келіп қалған жаулар ай сәулесімен шағылысқан ақ сойылдарды айдынмен көтерісіп, шапы-шұпыр араласып, ұрысып қалды. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Мүсіреп аңырап тұрған суық жер үйіне кірді. Қазандық аузы әлі опырайып жатыр. Күйдірмеген саз кірпіштен қаланған пештің мойны сөгіле келе, жарыла келе есік жаққа қарай құлағалы тұр. Төр бөлме дегені мұздап тұр. Таңертең жинамай кеткен төсегі сол күйінде жатыр. Ортан қазықта ілулі тұрған бестік шамын жағып еді, үйдің бұрыш-бұрышынан жылт-жылт еткен өрмекшінің өрмегі көзіне түсті. Көптен сүртілмеген шамы қара-көлеңке жанса да үй ішінің салақсып кеткенін жасыра алмай тұр. Жеңіп алған қырсыздықпен күресейін деген ой келген де жоқ. Суға малшынған киімдерін анда-мында іле тастап, аузы ашық тұрған үлкен қара сандықтан құрғақ киімдерін алып киді. Су болған киімдері өзі оралып келгенше сол күйінде тұра береді, әрине. Үй болған соң бір әйел керек екен-ау... – деп ойлады да қойды. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Қысқа қарай ең керегің қазандық қой! Ол иттің аузы неге опырайып қалған? Жазды күні төбеден тамшы аққан ба?Үйдің қабырғаларын бір сылатып алу керек еді. Әсірептің қолы тимей жүр-ау, сірә... Оқасы жоқ, мен қайтып келгенше бәрін де түзетіп қояды ғой. Көрпе жастықтар да кірлеген болар... Үй болған соң бір әйел керек-ақ екен! .. Үйішілік жұмыстарға Мүсірептің қыры жоқ адам. Оның опырып-жапырып жұмыс істейтін екі кезеңі бар. Таң атпай бастайды, түнделетіп тоқтайды. Бұл кезде ол екі адым жердегі үйіне де қайтпайды, жұмыс басына қонады. Ол кезеңдері – он күн жазғытұрым, жиырма күн жаз аяғында: айналасы бір ай...Егін салуға, шөп шабуға келгенде мұнымен ешкім теңдесе алмайды. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Екі үйдің егінін салатын да сол, шөбін шабатын да сол. Әсірепке соқаны да ұстатпайды, белорақты да ұстатпайды. Маусымы аяқталды, Мүсіреп жұмыс маңайына жоламайды. Оның қайда жүргенін аттары мен иттері ғана біледі. Жазғытұрым Әсірепке бір десе бидай егіп берді, өзіне бір десе сұлы салды. Жаз аяғында екі үйдің малына екі қысқа жететін шөп шапты. Егінді де орып берді. Сонымен оның маусымы да аяқталды. Егін мен шөпті жинап аларда маңына да барған жоқ. Оның бәрі Әсірептің мойнында...Әсіреп бидайын соғып қаптап-қамбалап алды. Мүсіреп сұлысын көктеу кезінде шауып тастайды да, соқтырмай, көк-ала сабағымен бірге үйдіреді. Бұ да шөп қой, ат жақсы көретін бидайық... 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Ауылға енді қайта бара алмайтынын біліп, зарлап еңіреп, әжесі мен атасының атын атап шақырып келе жатқанда, бұрыннан ойлап жүрген бір көмескі ниеті есіне түсті, ол ниеті – ел жайлаудан қайта оралып, қыстауға таман жақындаған соң, сол қыстау маңында зираты бар әке-шешелерінің басына бармақшы еді.Олардың бастарына мал сойып апарып, құран оқытамын дегенде алдында Иса мен Қадиша ұрсып, қабыл алмай, малды сойғызбай қойған. Қазіргі Қасымның ойы, енді баратын қорған жоқ болғандықтан, сол қораға барып, сол маңайда қалған жатақтарға жетіп, тау бөктеріндегі әке-шешесінің басына барып, қабірін құшақтап жылау еді. Тау асатын жолда жалғыз келе жатқан, зар еңіреген жетім бала Қасымды алып келе жатқан хал – осы. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Қасым жүгіре бастады. Шошынған қабақпен алды-артына қарай берді. Жетім көз белгісіз бірдемені күткендей болады. Пайдасыз күту, ішінен қатты қорқып келе жатса да көзіне көрінер тірі жан жоқ. Қап-қараңғы түн болды. Қасым тау ішінде келе жатыр. Бұдан кішірек күнінде көп естіген қараңғы сырлы әңгімелер болушы еді. Түнде кездесетін жын-шайтандар, қара түндей жалмауыздар... сау адамды қағып кететін перілер. Бұлардың талай рет түн жүргіншілерін шошытқан, жындандырған көзіне көрініп елестеген әңгімелері Кішкентай Қасымның көңіліне әбден қонып, онсыз да науқастың әлсіз қиялында мықты орын алып қалған... Бұл уақытқа шейін Қасымды қайғы, жазықсыздық ашу дедектетіп келіп еді. Бұдан бұрын қайта қайту, Исаның пішінін көруден де өлімді таңдап алатындай еді. Сол күй қорқынышты ойлатпай алып кетіп еді. Қазіргі уақытта қараңғы түннің қара желі қатайып, түн түсі суи бастаған сайын, Қасымның жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп келе жатты. Оның үстіне алыстағы бұлт жиі-жиі күркіреп, күн жарқылдайды. 1. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазып, түрін анықта. 2. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазып, синтаксистік талдау жаса. 3. Асты сызылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса. 4. Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жаса. Түнгі тау, ұара жартасалыстан перілер мекеніндей болып – жарқ етіп, қайта қараңғылыққа батып жоғалады. Түн қараңғылығы жалт еткен жарықты тездетіп, жалмауыздай басып қалды. Таудың қараңғы сырлы сайлары жартастың қалың көлеңке басқан қара күйедей, тұңғиық қап-қара беттері түндегі таудың қараңқы пәлелерін ішіне бүгіп жиып тұрғандай көрінеді.... Тоғайда да қалың жапырақтың арасында қара бірдеме жасырынып, әлде-нені күтіп тұрғандай. Әрбір түптің арасынан қара түннің тұңғиық, суық, терең, қара көздері мың сан болып қадалып қарап тұрғандай... Биік тау, мықты қара жартас, бұралған тоғай мен майысқан шалғын – барлығы да түн мезгілінде Қасымның көзіне жат болып кеткендей көрінеді. Тас қабақты, жұлдыз көзді, түндей қара түсті қара кемпір тау ішін құйындай құтырып, кезіп жүргендей. Қара желімен «әпсін» оқып үшкіріп тұрғандай. Дүниені тас қып қатырып, тылсым буғандай. Түн тыныштығын ұйқылы қанатын жалпылдатып қатып ұшқан жалғыз ғана қарақұс бұзады. Сондықтан оның атын жынды құс қойған. Осы ауыр мезгілде Қасымды тау ішінде жетімдік қайғысы жан ұшыртып алып келе жатты. Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Әй, жігіттер, мен десеңдер, өлтірмеңдер! М.О. Әуезов 6-том. 96 бет. Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Жә, бала, енді сен бер таман кел!- деді. М.О. Әуезов. 6 том. 83 бет. Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. -Жігіттер, сіздер ауданға жүресіздер ме? М.О. Әуезов. 6 том. 41- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Көтер қолыңды, Асқар! М.О. Әуезов. 6 том. 75- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. Шырағым, осыңа денем соқпайды. М.О. Әуезов. 6 том. 60 бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Жолдас, сіз судья Садыровсіз бе?- дегенде жирен атты міңгірлеп қана:- ия, Садыров,- деді. М.О. Әуезов. 6 том. 45- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Әке, жеттің бе, әйтеуір, арман жоқ. М.О. Әуезов. 6 том. 65- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Ата, қойшы, бала болмай... М.О. Әуезов. 6 том. 61- бет Берілген сөйлемдегі тыныс белгінің қойылуын түсіндір. Федор, Райхан, Есім жалт- жалт қарасады. М.О. Әуезов. 6 том. 58- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Шал, біз саған тимейік. М.О. Әуезов. 6 том. 21-бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. -Сатай, Берді, сендер мұнда қалыңдар... М.О. Әуезов. 6 том. 31- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. Е, жарайды, шырағым, мақұл,- деп отырған орнынан белін басып қозғала берді... М.О. Әуезов. 6 том. 20- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Ата, мен Сүгір балаңмын. М.О. Әуезов. 6 том. 21- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Айналайын- ай, бәсе сен жау болушы ма едің?.. М.О. Әуезов. 6 том. 40- бет Берілген сөйлемдегі үтірдің қойылуын түсіндір. Ол жауырыны жерге тигенше айла жасайтын әрі сайқал, әрі өтірікші. М.О. Әуезов. 6 том. 97- бет Берілген сөйлемдегі үтірдің қойылуын түсіндір. Бұлардың көз алдында аш сиырлар, көтерем, шолақ, жауыр жылқылар, қырылған қозылар елес беріп өтті. М.О. Әуезов. 6 том. 67- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Уа батыр, мен Дулатпын ғой. М.О. Әуезов. 6 том. 66- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Беке, тығылып жортқан аң ғана емес, жасанып жортқан Совет жауының да талайын тұмсыққа ұрып, ұстасып ең. М.О. Әуезов. 6 том. 79- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. - Тоқта, шырақ, мына бір көргені тағы келеді. М.О. Әуезов. 6 том. 87- бет Берілген сөйлемнен қаратпа сөзді тауып, тыныс белгісінің қойылуын түсіндір. -Сескенбе, азамат, сен де түс! М.О. Әуезов. 6 том. 93- бет Берілген сөйлемдегі үтірдің қойылуын түсіндір.