Қазақ халқының аса көрнекті әнші-күшілері мен композиторлары [Музыка]
Сабақ жоспары
Ашық сабақ тақырыбы:
«Қазақ халқының аса көрнекті әнші-күйшілері мен композиторлары»
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға қазақ халқының аса көрнекті әншілерін, күйшілері мен композиторларының өмір жолдары мен шығармашылығын кеңінен таныстыру.
- Білімділік:
оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғалары жайлы білімдерін толық жетілдіру;
- Дамытушылық:
оқушылардың шығармашылық және еркін ойлау қабілеттерін әртүрлі әдістерді пайдалана отырып, дамыту;
- Тәрбиелік:
оқушыларды жолдастарының ой-пікірін тыңдауға, сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың өтілу әдісі: жарыс түрінде, «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы бойынша сабақ жоспары 7 кезеңде жүзеге асырылады.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, Қазақстан Республикасының картасы, буклеттер, стикерлер, дидактикалық материалдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу
- Оқушыларды түгендеу
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үйге берген тапсырманы сұрау:
1-деңгей тапсырмасы: «Ой шақырту стратегиясы».
- Аңыз дегеніміз не?
- Жырау дегеніміз кім?
2-деңгей тапсырмасы: «Мағынаны ажырату сатысы». Инсерт әдісі.
№ | Атауы | «v» білемін | «+» жаңа мәлімет | «-» білмеймін |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
3-деңгей тапсырмасы: «Сәйкестендіру сатысы».
Жыраулардың қай ғасырда өмір сүргенің дәл анықтау қажет.
Бұхар жырау XVIII ғ.
Үмбетей жырау XVII а – XVIII б.
Сыпыра жырау XVI-XVII ғ.ғ.
Марғасқа жырау XIV ғ.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі.
Топты 3 топқа бөліп, топ аттарын қойып, өзара жарыс ұйымдастыру.
1-топ: Әншілер.
2-топ: Күйшілер.
3-топ: Композиторлар.
Өткізілу туралы:
1-тур: «Сіз танисыз ба?» интерактивті тақтадан қазақ халқының белгілі адамдардың суреті көрсетіледі, соны тану қажет. «Ия» немесе «Жоқ» деп жауап беру қажет.
2-тур: «Бұлар кімдер?» тақтаға әнші, күйші, композитор сөзі жазылған плакат ілінеді, оқушыларға ұлы тұлғалардың есімі жазылған карточка тапсырылады. Тұлғаларды кім екенің анықтап, тақтадағы плакатқа әкеліп іледі. Мысалы: Ш.Қалдаяқов – композитор.
Д.Нүрпейісова – күйші.
Р.Бағыланова – әнші.
3-тур: «Көр, тыңда, тап» экраннан күй әуені, ән орындалады. Әннің, күйдің орындаушысын, шығарманың композиторын табу қажет.
- Әсет Бейсеуов «Алтыным».
- К.Байсейітованың орындауында «Қыз Жібек» операсынан Жібектің «Гәкку» әні.
- Ш.Қалдаяқовтың әні «Арыс жағасында».
- Құрманғазының күйі «Адай».
- Динаның күйі «Жігер».
- Роза Бағыланованың орындауында «Ах, самара городок».
4-тур: «Кім біледі?» тақтағы Қазақстан Республикасының картасы ілінеді, ұлы тұлғалардың есімі аталады, о оқушылар ол кісілердің қай жерде туғанын тауып, картаға тұлғаның атын жапсыруы қажет.
- К.Байсейітова – Верный қаласы. Қазіргі Алматы қаласы.
- Р.Бағыланова – Қызылорда облысы.
- Ш.Қалдаяқов – Шымкент облысы, Отырар ауданы.
- Ә.Бейсеуов – Алматы облысы, Жамбыл ауданы.
- Қ.Сағырбайұлы – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы.
- Д.Нүрпейісова – Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы.
5-тур: «Бұл қай тұлға?» Өткен өмірден хат. 3 топқа тұлға жайлы мәлімет алынған мәтіннен үзінді беріледі, мәтіндегі тастап кеткен жақша ішіндегі сөздерді табады.
6-тур: «Кім тапқыр?» Топқа әр бөлікке бір тұлғаның суреті беріледі. Аз уақыт ішінде әр бөлікті дұрыс құрастырып, тұлғаның суретін жасау қажет.
7-тур: «Кім жылдам?». Ой толғаныс сатысы. Топқа танымдық сұрақтар қойылады.
1-топ: «Әншілер».
- К.Байсейітова қай жылы Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген әртісі деген атақ берілді? /1934 жыл/.
- Р.Бағыланова қандай оқу орнын бітірген? /Қызылорда педагогикалық институты/.
- К.Байсейітованың музыкалық дауысы қалай аталады? /Колоратуралық сопрана/.
- К.Байсейітова 1933 жылы Мемлекеттік музыкалық студия қойған қай комедияда басты ролде ойнайды? «Айман-Шолпан».
- Р.Бағыланова қай жылы өмірден озды? /2011 жылы, 8 қаңтарда, Алматы қаласында/.
2-топ: «Күйшілер».
- Құрманғазы Қазақстанның қай өңірінде дүниеге келді? «Батыс Қазақстан облысы».
- Қанша жасында Дина Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауда жеңіске жетеді? /83 жасында/.
- «Қайран шешем», «Түрмеден қашқан», «Кішкентай» күйлерінің авторы кім? /Құрманғазы Сағырбайұлы/.
- Құрманғазының ұстазы кім? /Күйші Ұзақ/.
- 1880 жылы күйші Динаның өмірінде қандай оқиға болды? /19 жасында тұрмысқа шықты/.
3-топ: «Композиторлар».
- Ш.Қалдаяқовтың қаншаға жуық әндері бар? /300-ге жуық/.
- «Маралдым», «Армандастар», «Шақырады көктем» әндерінің композиторы кім? /Әсет Бейсеуов/.
- «Ана туралы жыр» әні кімге арналған? /Ш.Қалдаяқовтың анасы Сақыпжамалға/.
- Ә.Бейсеуов қай жылы дүниеге келді? /1938 жылы/.
- Ш.Қалдаяқов қанша жасында дүниеден озды? /62 жасында/.
- Сабақты бекіту, қорытындылау:
- Инсерт әдісі
№ | Білдім | Білгім келеді | Жаңа мәлімет |
1 | |||
2 | |||
3 |
- Жеңімпаз топты анықтап, мақтау қағазымен марапатталады.
- Үйге тапсырма:Ұлы композиторлар, күйшілер мен әншілер жайлы эссе жазып келу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- Бексұлтан Нұржекеұлы. «Жүз тұңғыш». Жинақ. 2-кітап. Алматы, Жалын-2005, 246 б.
- Тынысбек Қоңыратбай. «Әлемдік музыка тарихы». Алматы, Өлке-2009, 274, 338, 348 беттер.
- Б.Аяған. Қазақстан. Ұлттық энциклопедиясы. «Қазақ энциклопедиясынан», Алматы-2004, 6-том.
- Т.Жаубасова. «Қазақтың күйшілері». Алматы. Аруна-2003.
- Т.Жаубасова. «ХХ ғасырдың қазақ өнер тарландары». Алматы. Аруна-2003.